Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 250 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3113

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.

      Төраға

"Ақпарат жеткiзушiлердiң      
ақпаратты беру тәртiбiне      
қойылатын шарттар мен ең      
төменгi талаптар туралы,     
кредиттiк тарих субъектiлерiнiң 
олар туралы ақпаратты кредиттiк 
бюроларға беруге келiсiмiн    
ресiмдеу, кредиттiк есептi    
беруге келiсiмдi ресiмдеу     
тәртiбi туралы және кредиттiк   
есеп беру шарттары мен тәртiбi  
туралы ереженi бекiту жөнiнде"  
Қазақстан Республикасының      
Қаржы нарығын және қаржы      
ұйымдарын реттеу мен қадағалау   
жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 
2004 жылғы 21 тамыздағы N 250    
қаулысымен бекiтiлдi       

  Ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне
қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар туралы,
кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк
бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы және кредиттiк есеп беру 
шарттары мен тәртiбi туралы
Ереже

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюро және кредиттiк тарихтың қалыптасуы туралы" (бұдан әрi - Кредиттiк бюро туралы заң) Қазақстан Республикасының  Заңына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және ақпарат жеткiзушiлердiң ақпаратты беру тәртiбiне қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптарды, кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбiн және кредиттiк есеп беру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
      Осы Ережеде Кpeдиттiк бюро туралы заңда анықталған ұғымдар мен терминдер пайдаланылады.

  1-тарау. Ақпаратты кредиттiк бюроларға беру тәртiбiне
қойылатын шарттар мен ең төменгi талаптар

      1. Кpeдиттiк бюроларға ақпаратты ұсыну талаптары мыналар болып табылады:
      1) кредиттiк бюромен ақпаратты ұсыну туралы шарт жасалғаннан кейiн екi күндiк мерзiмде жазбаша нысанда тiзiмдi және кредиттiк бюроларға ақпаратты ұсынуға жауапты және/немесе кредиттiк бюролармен жұмыс iстеуге уәкiлеттi өзiнiң қызметкерлерi туралы басқа да мәлiметтердi ұсыну;
      2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге олардың алған келiсiмдерiнiң тiзiлiмiн және кредиттiк тарих субъектiлерi туралы кредиттiк бюроға өз сұратуларының тiзiлiмiн электрондық нысанда жүргiзедi.

      2. Ақпаратты жеткiзушiнiң кредиттiк бюроға ақпаратты беруiнiң негiзгi шарты кредиттiк бюроға ол туралы ақпаратты беруге кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсiмiн алу болып табылады.

      3. Жеке немесе заңды тұлғада кредиттiк тарих болмаған жағдайда, кредиттiк тарихтың деректер базасына сәйкес, ақпаратты жеткiзушi кредиттiк тарихтың субъектiсi ретiнде бұл тұлға туралы бастапқы ақпаратты қалыптастырады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

      4. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы бастапқы ақпаратты кредиттiк тарихтың деректер базасына енгiзу үшiн ақпаратты жеткiзушi оны электрондық нысанда кредиттiк бюроға жiбередi.

      5. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредит беру туралы жасалған шарт талаптарының не өзге мiндеттемелердiң орындалуы туралы қосымша ақпаратты оны қалыптастыру шарасы бойынша және кредиттiк бюро анықтаған нысанда ақпаратты жеткiзушi кредиттiк бюроға бередi.

  2-тарау. Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң олар туралы 
ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келiсiмiн ресiмдеу,
кредиттiк есептi беруге келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi

      6. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюроға олар туралы ақпаратты беру туралы келісімі осы Ереженің  1-қосымшасына сәйкес ресімделеді.
       Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

      7. <*>
       Ескерту: 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен .

      8. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті беруге келісімі осы Ереженің  2-қосымшасына сәйкес ресімделеді. Кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алуға берген келісімін алғандығы туралы растама кредиттік бюромен анықталған тәртіппен кредиттік бюроға алушымен ұсынылады.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

      9. Осы Ереженің 6 және 8-тармағында көрсетілген кредиттік тарих субъектілерінің келісімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және құжаттардың сақталу тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарға сәйкес ақпаратты жеткізушілермен және алушылармен сақталуға жатады.
      Егер кредиттік тарих субъектісі өзінің келісімінде ол барлық мүмкін дерек көздерінен ақпаратты алуға және (немесе) беруге қатысты екендігін көрсеткен жағдайда, онда осы келісімнің нотариатта куәландырылған көшірмесі соңынан келісім бойынша кредиттік бюроға онымен келіскен мерзімде сондай субъект туралы ақпаратты жинау мүмкіндігі болу үшін ұсынылады.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

  3-тарау. Кредиттiк есеп берудiң шарттары мен тәртiбi

      10. Кредиттiк бюро туралы заңның  29-бабының 1-тармағында көзделген негiздер бойынша оны алуға құқығы бар тұлғаның сұратуы бойынша, Кредиттiк бюро туралы заңның  24-бабында көрсетiлген ақпараты бар электрондық немесе қағаз нысанында кредиттiк есептi кредиттiк бюро бередi.

      11. Кредиттiк бюро Кредиттiк бюро туралы заңға сәйкес кредиттiк есептер мен оны алушылардың тiзiлiмiн беруге байланысты құжаттарды есепке алады.

  4-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған тәртiппен шешiледi.

                                       Ақпарат жеткiзушiлердiң
                                      ақпаратты беру тәртiбiне
                                      қойылатын шарттар мен ең
                                      төменгi талаптар туралы,
                                   кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
                                   олар туралы ақпаратты кредиттiк
                                      бюроларға беруге келiсiмiн
                                  ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
                                  келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
                                       және кредиттiк есеп беру
                                     шарттары мен тәртiбi туралы
                                        ереженiң 1-қосымшасы

        Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

            Кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы
           ақпаратты кредиттік бюроларға беру келісімі

____жылғы "__"_______          жергілікті уақыт ___  сағат __ минут

Жеке тұлға үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөні (бар болса), туған күні және жері, тұратын
мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)

Заңды тұлға үшін 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(толық атауы, тұратын орны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі немесе оның мемлекеттік
тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша заңды тұлғаны бірегейлендіру
үшін ресми қолданылатын басқа бірегейлендіру нөмірі)

барлық кредиттік бюроларға 
(осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро
туралы Заңның  23-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес Қазақстан
Республикасының аумағындағы барлық кредиттік бюроларға жібереді)

немесе
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(осы келісімді ресімдеп отырған ақпаратты жеткізуші Кредиттік бюро
туралы Заңның 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы
барлық кредиттік бюроларға жіберуге міндетті емес болса, кредиттік
бюроның атауын көрсетуі керек).

кредиттік бюроға
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ақпарат көз(дер)інің атауын көрсету. Егер ақпарат берудің барлық
мүмкін дерек көздерінен ұсынуға келісім берілген жағдайда бұл
туралы белгі қою қажет),

болып отырған
 
  және болашақта аталған дерек көз(дер)іне келіп түсетін
__________________________________________________________________
(болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім болған жағдайда
қол қойылуы қажет; болашақта келіп түсетін ақпаратты ашуға келісім
болмаған жағдайда сызықша қойылуы қажет),

мүліктік сипаттағы оның қаржылық және басқа міндеттемелеріне қатысты
ақпаратты беруге осы келісімді береді
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен фамилиясы, аты-жөні (егер бар
болса), жеке қолы қойылады;

Заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды
тұлғаның атынан сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын болса,
сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса
беріп, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы
қойылады)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(осы келісімді қабылдаған ұйым атауы; осы келісімді қабылдауға
уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты-жөні және қолы) жібереді.

                                       Ақпарат жеткiзушiлердiң
                                      ақпаратты беру тәртiбiне
                                      қойылатын шарттар мен ең
                                      төменгi талаптар туралы,
                                   кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
                                   олар туралы ақпаратты кредиттiк
                                      бюроларға беруге келiсiмiн
                                  ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
                                  келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
                                       және кредиттiк есеп беру
                                     шарттары мен тәртiбi туралы
                                        ереженiң 2-қосымшасы

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

                  Кредиттік тарих субъектілерінің
              кредиттік есепті алушыға кредиттік
                  есепті беруге келісімі

____жылғы "__"________        жергілікті уақыт ___  сағат ___ минут

Жеке тұлға үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөні (бар болса), туған күні және жері, тұратын
мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)

Заңды тұлға үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(толық атауы, тұратын орны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы куәлікке сәйкес тіркеу нөмірі немесе оның мемлекеттік
тіркелуі жөніндегі заңнама бойынша заңды тұлғаны бірегейлендіру
үшін ресми қолданылатын басқа бірегейлендіру нөмірі)

кредиттік бюродағы оның мүліктік сипаттағы қаржылық және басқа
міндеттемелеріне қатысты ақпарат және келешекте кредиттік бюроға
түсетін ақпарат осы келісімді қабылдаған ақпаратты алушыға кредиттік
бюродан ашылатындығы жөнінде осы келісімді береді.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін: өз жеке қолымен фамилиясы, аты-жөні (егер бар
болса), жеке қолы қойылады; 
Заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, егер тұлға заңды
тұлғаның атынан сенімхат негізінде іс-қимыл жасайтын болса,
сенімхаттың деректемелерін көрсете отырып, сенімхат түпнұсқасын қоса
беріп, осы келісімге қол қоятын заңды уәкілетті тұлғаның қолы
қойылады)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(осы келісімді қабылдаған ұйым атауы; осы келісімді қабылдауға
уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты-жөні және қолы).

                                       Ақпарат жеткiзушiлердiң
                                      ақпаратты беру тәртiбiне
                                      қойылатын шарттар мен ең
                                      төменгi талаптар туралы,
                                   кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
                                   олар туралы ақпаратты кредиттiк
                                      бюроларға беруге келiсiмiн
                                  ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
                                  келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
                                       және кредиттiк есеп беру
                                     шарттары мен тәртiбi туралы
                                        ереженiң 3-қосымшасы

      Ескерту: 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

                                       Ақпарат жеткiзушiлердiң
                                      ақпаратты беру тәртiбiне
                                      қойылатын шарттар мен ең
                                      төменгi талаптар туралы,
                                   кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
                                   олар туралы ақпаратты кредиттiк
                                      бюроларға беруге келiсiмiн
                                  ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
                                  келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
                                       және кредиттiк есеп беру
                                     шарттары мен тәртiбi туралы
                                        ереженiң 4-қосымшасы

      Ескерту: 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.

                                       Ақпарат жеткiзушiлердiң
                                      ақпаратты беру тәртiбiне
                                      қойылатын шарттар мен ең
                                      төменгi талаптар туралы,
                                   кредиттiк тарих субъектiлерiнiң
                                   олар туралы ақпаратты кредиттiк
                                      бюроларға беруге келiсiмiн
                                  ресiмдеу, кредиттiк есептi беруге
                                  келiсiмдi ресiмдеу тәртiбi туралы
                                       және кредиттiк есеп беру
                                     шарттары мен тәртiбi туралы
                                        ереженiң 5-қосымшасы

      Ескерту: 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жыл 23 ақпандағы  N 38 қаулысымен.