Бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
1. "Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" N 2068 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы N 172 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 598 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылы N 3 771-құжат) бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуі тиіс:
1) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) айқындалатын құнның түрі;
4) есеп жасау күні және бағалау күні;
5) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері мен сипаттамасы;
6) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау тәсілдері мен бағалау әдістері;
7) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары;
8) олардың алу көздері көрсетілген, бағалау кезінде пайдаланылатын нақты деректер;
9) есеп негіздемесі;
10) бағалау нәтижесі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бағалау туралы есеп тапсырыс берушінің талаптарымен белгіленген не бағалаудың нәтижесіне толықтай немесе бір жақты түсінік беру үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.";
9-тармақта:
бірінші абзацта "Толық нысанда жасалған" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"4) есеп жасау күні.";
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"4) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары және басқа нормативтік құқықтық актілер.";