"Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 1712 тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы N 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеттің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 55-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3100. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.12 № 81 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зияткерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  және "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 244-ө  өкіміне  сәйкес бұйырамын:

      1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы N 69  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1712 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2002 жылғы 15-ші нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықтың кіріспесінде "1999 жылғы 16 шілдедегі", "1999 жылғы 26 шілдедегі" деген сөздер алып тасталсын, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын " деген сөздерден кейін ", Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын " деген сөздермен толықтырылсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу мен тіркеуге байланысты қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібі туралы ережеде:
      1-тармақта "1999 жылғы 16 шілдедегі", "1999 жылғы 26 шілдедегі" деген сөздер алып тасталсын, "41-бабына" деген сөздерден кейін ", "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Селекциялық жетістіктер туралы заң)  8-бабының  5-тармағына,  10-бабының  5-тармағына,  21-бабының  2-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың екінші абзацында:
      "Тауар таңбалары туралы заңмен" деген сөздерден кейін ", Селекциялық жетістіктер туралы заңмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазпатент" деген сөз алып тасталсын;
      "Қазақстан патенттік сараптама институты" деген сөздер "Ұлттық санаткерлік меншік институты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(әрі қарай - Институт)" деген сөздер "(бұдан әрі - сараптама жасау ұйымы)" деген сөздермен ауыстырылсын";

      2-тармақтың 1) тармақшасында "жерлердің атаулары;" деген сөздерден кейін ", селекциялық жетістіктер;" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында "құқығына куәлік" деген сөздерден кейін ", селекциялық жетістіктерге патент" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 3) тармақшасында ", өнеркәсіптік үлгіге" деген сөздерден кейін ", селекциялық жетістіктерге," деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салаларда қызметтерді (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауар шығарылған жерлердің атауларын, селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызмет көрсету) жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы ұйым.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Апелляциялық кеңеске мынадай қарсылықтар берілуі мүмкін:
      1) өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент, өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы Комитеттің шешіміне (сараптама жасау ұйымының қорытындысына);
      2) тауар таңбасын тіркеуден бас тарту, соның ішінде Мадрид келісімінің 5-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген белгілеуді сараптау нәтижесі бойынша қабылданған тауар таңбасын тіркеуден бас тарту туралы Комитеттің шешіміне (сараптама жасау ұйымының қорытындысына);
      3) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден бас тарту туралы Комитеттің шешіміне;
      4) Комитеттің селекциялық жетістікке патент беруге өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы, селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
      5) өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент, өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге патент беруге;
      6) тауар таңбасын тіркеуге, соның ішінде Мадрид келісімінің 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге қарсы;
      7) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге қарсы;
      8) пайдаланылмауына байланысты тауар таңбасын тіркеу әрекетіне қарсы;
      9) селекциялық жетістікке патент беруге қарсы.";

      5-тармақта "3), 4-7)" деген сандар тиісінше " 4), 5)-9)" деген сандармен ауыстырылсын;

      7-тармақта "белгіленген" деген сөздің алдынан ", Селекциялық жетістіктер туралы заңда;" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтың екінші абзацында "3)" деген сан "4)" деген санмен ауыстырылсын;
      7-тармақтың екінші абзацында "Патент заңына" деген сөздерден кейін "немесе" деген сөз "," тыныс белгісімен ауыстырылсын, "заңға" деген сөздің алдынан "және Селекциялық жетістіктер туралы заңға;" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта:
      "3)" деген сан "4)" деген санмен ауыстырылсын;
      "дау тудырған" деген сөздерден кейін "қорытындыға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      "шығарылған" деген сөзден кейін "қорытындыға" деген сөзбен толықтырылсын;

      11-тармақта "немесе" деген сөз "," тыныс белгісімен ауыстырылсын; "заңмен" деген сөзден кейін "немесе Селекциялық жетістіктер туралы заңмен;" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақтың 3) тармақшасында:
      "патентті иеленушіге" деген сөздер "қорғау құжатының иесіне" деген сөздермен ауыстырылсын";
      "4) тармақшасында" деген сөздер "5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта "алынуы мүмкін" деген сөздер "алынады" деген сөздермен ауыстырылсын";

      14-тармақта "патентті иеленушіге" деген сөздер "қорғау құжатының иесіне" деген сөздермен ауыстырылсын";

      16-тармақ "заңмен" деген сөзден кейін ", Селекциялық жетістіктер туралы заңмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      20, 21, 23-тармақтарда және 5 тараудың тақырыбында "алқасының", "алқасында" деген сөздер алып тасталсын;

      21-тармақ "заңмен" деген сөзден кейін ", Селекциялық жетістіктер туралы заңмен" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-тармақ "өтініші" деген сөзден кейін ", Апелляциялық коллегияның шешімі" деген сөздермен толықтырылсын;

      24-тармақта "алқаның құрамы Апелляциялық кеңес төрағасының немесе оның орынбасарының бұйрығымен тағайындалады" деген сөздер "алқаның құрамын Апелляциялық кеңестің төрағасы немесе оның орынбасары тағайындайды" деген сөздермен ауыстырылсын";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Апелляциялық алқа Комитет және Сараптама жасау ұйымы қызметкерлерінің қатарынан құрылады. Қажетті жағдайларда Апелляциялық алқаның құрамына, сондай-ақ дау нысанасына қатысты салада арнайы білімі бар, шақырылған адамдар кіре алады.
      Шақырылатын адамдардың кандидатураларын Апелляциялық кеңестің төрағасы немесе оның орынбасары бекітеді.";

      26-тармақ "даулы" деген сөзден кейін "қорытындылар және" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақ "болдырмау мақсатында" деген сөздерден кейін "Апелляциялық алқаның шешімі, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      29, 34, 50, 51-тармақтарда "Институт" деген сөз тиісті септіктегі "сараптама жасау ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Апелляциялық алқа отырысты өткізу мерзімдерін мынадай жағдайларда:
      1) қарсылықты қарауға қатысу құқығы бар тұлғалардың біреуі келмегендіктен қарсылықты бұл отырыста қарау мүмкін болмаған жағдайда;
      2) мәні бойынша шешім қабылдау үшін жетіспейтін қосымша құжаттарды (дәлелдемелерді) тараптар ұсынуы қажет болғанда;
      3) тараптардың өтініші бойынша;
      4) Апелляциялық алқаның шешімі бойынша өзге де жағдайларда кейінге қалдыруға құқылы;";

      37-тармақта:
      2) тармақшада "күні" деген сөзден кейін "және орны" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "сараптау шешімінде" деген сөздер "сараптама жасау ұйымының қорытындысында, Комитеттің шешімінде;" деген сөздермен ауыстырылсын";

      45-тармақта "3)" деген сан "4)" деген санмен ауыстырылсын;

      46-тармақта "өздері шешім алған" деген сөздер "шешім жарияланған" деген сөздермен ауыстырылсын";.

      2. Өнеркәсіптік меншік саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөніндегі басқарма осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының орынбасары А.Х.Әмірғалиевқа жүктелсін.

      4. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның міндетін атқарушы