Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін " Инвестициялық қорлар туралы " және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялық қорлар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 528 тіркелген, 2002 жылы Нормативтік құқықтық актілер және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, 5 том, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1074 тіркелген), 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1254 тіркелген), 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1515 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауында "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидаларын," деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидалары," деген сөздер алынып тасталсын;
"Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау
қағидалары
" қосымшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 529 тіркелген) алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптарды бекiту туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы N 90 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 380 тіркелген, 2001 жылы Нормативтік құқықтық актілер және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, IV том) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.