Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 375-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3092

Жаңартылған

     Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

     "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 6) тармақшасына және 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
     1. Қоса беріліп отырған Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі бекітілсін.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .
     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Е.С. Жусанбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
     1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
     2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төрағаның міндетін атқарушы

     Келісілді:
     Қазақстан Республикасының
     Көлік және коммуникациялар министрі
    
     2004 ж. 16 қыркүйек

     Келісілді:
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлігі
     Салық комитетінің төрағасы
    
     2004 ж. 16 қыркүйек

Қазақстан Республикасының    
Табиғи монополияларды реттеу   
және бәсекелестікті қорғау    
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының       
2004 жылғы 8 қыркүйектегі    
N 375-НҚ бұйрығымен бекітілген

Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
ережесі

     Ескерту: Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген" деген сөздермен ауыстырылды;
     тақырыбында, 1-тармақта "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

1. Жалпы ереже

     1. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.

     2. Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

     3. Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:
     өтеу кестесі - тұтынушы мен магистралдық темір жол желісінің операторы басшысының қолдарымен куәландырылған магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушының магистралдық темір жол желісі операторының алдындағы берешегін өтеу кестесі;
     жүкайналымы (жолаушылар айналымы) - тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жүктерді (жолаушыларды) жеткізу бойынша тасымалдау жұмысының орындалған көлемі;
     мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы) тұтынушының уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланған жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
     құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
     тұтынушы - магистралдық темір жол желісінің қызметтерін пайдаланушы жеке не заңды тұлға;
     салалық мемлекеттік органдар - өз құзыретінің күшімен магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің желісі қызметтерінің тарифтеріне бағаларына, алым ставкаларына уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге қатысатын, уәкілетті және құзыретті органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
     уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган.
     Осы Ережелерде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
     Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

2. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына,
алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін
бекіту қағидаттары мен өлшемдері

     Ескерту: 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

     4. Уақытша төмендету коэффициенті мемлекет, магистралдық темір жол желісінің операторы мен тұтынушы үшін осы шараның экономикалық тиімділігі есебінің және мақсаттылығының негізінде белгіленеді.
     Уақытша төмендету коэффициентін белгілеудің экономикалық тиімділігі қызметтер көрсету, магистралдық темір жол желісінің операторы мен тұтынушыға түсетін кірістер көлемінің арттыруымен, мемлекет бюджетіне түсу көлемімен айқындалады.

     5. Уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсеткен кезінде, магистралдық темір жол желісінің операторына түсетін кірістер магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету үшін қажетті шығындарды жабуға тиіс.
     Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .      

     6. Уақытша төмендету коэффициенті белгілі кезеңге белгіленеді, бірақ бір күнтізбелік жылдан аспауға тиіс.

     7. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттер бекіту мақсаттылығының өлшемдері:
     1) мәлімделген жүкайналымы өткен жылдың тиісті кезеңі үшін нақты жүкайналымынан артқан (сақтаған);
     Жүкайналымын сақтаған жағдайда, өндірістің көлемін одан әрі арттыру мүмкін емес туралы тиісті салалық мемлекеттік органның қорытындысы ұсынылады.
     2) магистралдық темір жол желісінің жұмыс істемейтін немесе әлсіз жұмыс істейтін учаскелерін пайдалану мүмкіндігі;
     Магистралдық темір жол желісінің жұмыс істемейтін немесе әлсіз жұмыс істейтін учаскелері құзыретті органның қорытындысымен расталуға тиіс.
     3) өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі.
     Өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысымен расталуға тиіс. Уақытша төмендету коэффициенттерін осы тармақта көрсетілген өлшемге сәйкес бекіту Ереженің осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген өлшемдерді сақтаған кезде ғана жүргізіледі.
     4) магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу бойынша тең тарифтік шарттарды қамтамасыз ету;
     5) жолаушылар тасымалының әлеуметтік мәнділігі болып табылады.
     Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

3. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына,
алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін
бекіту тәртібі

     Ескерту: 3-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

     8. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуді Ереженің 1-3-қосымшаларына сәйкес негіздеуші құжаттардың қосымшаларымен тұтынушының өтінімі бойынша мынадай талаптарды сақтай отырып, уәкілетті орган жүргізеді:
     1) негіздеуші құжаттардың әрбір бетіне растайтын құжаттардың қосымшасымен тұтынушының бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер қол қояды.
     2) алдыңғы кезең үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері, сондай-ақ оларды белгілеудің сұратылған кезеңіне уақытша төмендету коэффициенттерін қолданудан болжамды нәтижелері бойынша нақты деректер ұсынылады.

     9. Уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеуге мүдделі тұтынушы бекіту қажеттілігі туралы өтінімді бір уақытта магистралдық темір жол желісінің операторына, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті және уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне ұсынады.
     Бұл ретте, көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді жариялағаны үшін жауапкершілік арқалайды.

     10. Ережелерге сәйкес талап етілетін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынбау немесе толық көлемде ұсынбау, сондай-ақ ұсынылған материалдар Ереженің 8-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, өтінімді қараудан бас тарту үшін негіз бола алады.

     11. Магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті және уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтінімді қарауға қабылдағаны туралы не оны қабылдаудан дәлелді бас тартқаны туралы тұтынушыны жазбаша нысанда хабардар етеді.
     Сонымен бірге, магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті бір уақытта бас тарту салдарларын көрсете отырып, өтінімді қарауға қабылдағаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
     Магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өтінімді қарауға қабылдағаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы растайтын құжаттарды бекітілген мерзімде уәкілетті органға ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарауды жеті жұмыс күнге тоқтата тұрады.
     Мұндай бұзушылықтар жойылған жағдайда, өтінімді қарау Ереженің 16-тармағында көзделген мерзімдерді ескере отырып, жаңартылады.
     Аталған бұзушылықтар өтінімді қарау тоқтатыла тұрған сәттен бастап жеті жұмыс күннің ішінде жойылмаса, өтінімнен бас тартуға негіз болып табылады.

     12. Магистралдық темір жол желісінің операторы және (немесе) салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті тұтынушының өтінімін қабылдамаған жағдайда, уәкілетті органда өтінімді қарау он жұмыс күн мерзімге тоқтатыла тұрады. Тұтынушылар ескерпелерді жойған кезде, магистралдық темір жол желісінің операторы және (немесе) салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Ереженің 11-тармағының бірінші абзацында бекітілген мерзімде уәкілетті органды өтінімді қарауға қабылдағаны туралы хабардар етеді.
     Тұтынушы ескертпелерді өтінімді қарау тоқтатыла тұрған сәттен бастап он жұмыс күннің ішінде жоймаса, өтінімнен бас тартуға негіз болып табылады.
     Осындай бас тарту болған жағдайда, тұтынушы Ереженің 8-тармағына сәйкес ресімделінген өтініммен отыз күнтізбелік күннен ерте емес жүгінуге құқылы.

     13. Қажет болуына қарай, магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті және уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті тұтынушыдан қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
     Тұтынушы сұрату алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде сұратылған ақпаратты ұсынбаған кезде, уәкілетті орган магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдардың, құзыретті органның, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің бұл туралы жазбаша өтінішімен уақытша төмендету коэффициентін белгілеуден бас тартуға құқылы.

     14. Магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өтінімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күннің ішінде уақытша төмендету коэффициентін белгілеудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті орган мен тұтынушыға ұсынады.
     Бұл ретте, магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдардың, құзыретті органның, қорытындыларында уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі не оны бекіту мақсатсыздығының негіздемелері көрсетілуге тиіс.
     Көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларды бекітілген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның өтінімді қарау мерзімі тиісті қорытындыларды алғанға дейін бес жұмыс күнге тоқтатыла тұрады.
     Мұндай бұзушылықтарды жойған кезде, өтінімді қарау Ереженің 16-тармағында көзделген мерзімдерді ескере отырып, жаңартылады.
     Көрсетілген ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қорытындыларын өтінімді қарау тоқтатыла тұрған сәттен бастап, бес жұмыс күннің ішінде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган тұтынушының дәлелді жазбаша өтінішімен осы себеппен өтінімнен бас тартуға не дербес шешім қабылдауға құқылы.
     Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

     15. Тұтынушының, магистралдық темір жол желісі операторының бастамасы бойынша не мүдделі мемлекеттік органдардың өтінімі бойынша ұсынылған қосымша ақпаратты алған кезде, уәкілетті орган өтінімді қарауды бес жұмыс күнге ұзартуға құқылы.

     16. Уәкілетті орган магистралдық темір жол желісі операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті ұсынған қорытындылардың негізінде тұтынушы ұсынған негіздеуші құжаттардың сараптамасын ескере отырып, өтінімді қарауға қабылданған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды.
     Егер магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті уақытша төмендету коэффициентін беруге келіспегені (келіскені) туралы қорытынды шығарса, түпкілікті шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

     17. Уәкілетті орган магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдары, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, тұтынушы мен сарапшылар өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізуге құқылы.

     18. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы шешім уәкілетті орган бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде қабылданады.
     Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы бұйрық магистралдық темір жол желісі операторына, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізген күніне дейін он бес күннен кешіктірмей жолданады, ал магистралдық темір жол желісінің операторы ол қолданысқа енгізілген күніне дейін он күннен кешіктірмей тұтынушылардың назарына жеткізеді.

     19. Уақытша төмендету коэффициентін белгілеуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган тиісті делелдеуші қорытындылар шығарады, ол магистралдық темір жол желісінің операторына, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне бес жұмыс күннің ішінде жолданады.

     20. Тұтынушы бас тартылғаны туралы тиісті дәлелдеуші қорытынды алған өтініммен жүкайналымының (жолаушылар айналымының) жоспарланған кезеңінде арттырған жағдайларды қоспағанда, осындай өтінімде көрсетілген уақыт кезеңі өткенге дейін қайта жүгіне алмайды.

4. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына,
алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін
қолдану тәртібі

     Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

     21. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану магистралдық темір жол желісінің қызметтері тұтынушының магистралдық темір жол желісі операторының алдында берешегі болмаған жағдайда немесе оны өтеу кестесіне сәйкес өтеген, мәлімделген жүкайналымын (жолаушылар айналымын) орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

     22. Магистралдық темір жол желісінің операторы уақытша төмендету коэффициенттерін магистралдық темір жол желісінің операторы мен тұтынушының арасында жасасылған шарттың негізінде қолданады. Осы шарт бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданыс кезеңін және тұтынушының тиісті уақыт кезеңі үшін уақытша төмендету коэффициенттерін қолданбай, көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемін нақты орындауға тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қайта есептеу түрінде магистралдық темір жол желісінің қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін орындамағаны үшін жауапкершілігін көздейді.
     Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

     23. Магистралдық темір жол желісінің операторы мен тұтынушының арасындағы шарт уәкілетті орган бекіткен магистралдық темір жол желісінің операторына уақытша төмендету коэффициентін қолдану туралы шарт жасасу үшін тұтынушы өтінімді берген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жасасылуға тиіс.
     Шартта мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы) көрсетіледі.

     24. Магистралдық темір жол желісінің операторы келесі есептік тоқсан үшін айдың жиырмасыншы күніне тоқсан сайын уәкілетті органға әрбір тұтынушы бойынша Ереженің 4-қосымшасына сәйкес уақытша төмендету коэффициенттерін қолдана отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты ұсынылған көлемдері туралы материалдар ұсынады.
     Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

5. Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициенттерін алып тастау тәртібі

     25. Уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданысы бекітілген мерзім өткеннен кейін, сондай-ақ уәкілетті орган магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жаңа тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіткен сәттен бастап тоқтатылады.
     Ескерту: 25-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

     26. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін бекітілген мерзім өткенге дейін мынадай жағдайлардың біреуі болғанда уәкілетті орган алып тастауы мүмкін:
     1) уақытша төмендету коэффициентін одан әрі қолданудың экономикалық тиімсіздігі;
     2) өтеу кестесін орындамаған;
     3) Ереженің 7-тармағында бекітілген өлшемдердің біреуіне сәйкес келмеуі;
     4) Ереженің 22-тармағына сәйкес жасалған шартпен көзделген талаптар орындалмаған.
     Осы тармақта көрсетілген талаптар пайда болған жағдайда, магистралдық темір жол желісінің операторы бұл туралы ақпаратты анықталған сәттен бастап бес күн мерзім ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

     27. Тұтынушы, магистралдық темір жол желісінің операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, уәкілетті органға уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы қажеттігін негіздейтін құжаттар мен ақпаратты ұсынып, оны алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
     Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган қорытынды алу үшін магистралдық темір жол желісінің операторына, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жүгінуге, сондай-ақ тұтынушыдан ақпарат алуға құқылы.
     Магистралдық темір жол желісінің операторының, салалық мемлекеттік органдарының, құзыретті органның және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің қорытындыларының сауалдарын жолдаған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде ұсынбаса, уәкілетті орган қорытындыларды қолда бар қорытындыларды ескеріп, бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау жөніндегі негіздеуші материалдарға сараптама жүргізеді.

     28. Уәкілетті орган ұсынылған магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдардың, құзыретті органның, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің қорытындыларын ескере отырып, отыз күнтізбелік күн ішінде негіздеуші құжаттарды және ақпаратты қарайды және оларға сараптама жүргізеді.
     Ереженің 26-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган бұйрық түрінде магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдарының, құзыретті органның, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің өтінішімен бес жұмыс күн ішінде бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешім бұйрық түрінде қабылдайды.

     29. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы бұйрық уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес күннің ішінде магистралдық темір жол желісінің операторына, салалық мемлекеттік органдарына, құзыретті органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жолданады, ал магистралдық темір жол желісінің операторы қолданысқа енгізілген күніне дейін он күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.
     Уақытша төмендету коэффициенттерін қолданыстан алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, уәкілетті орган осындай ұсыныс жасаған өтініш берушіге дәлелдеуші қорытынды шығарады.

Қазақстан Республикасының     
Табиғи монополияларды реттеу    
және бәсекелестікті қорғау     
жөніндегі агенттігі төрағасының  
міндетін атқарушының        
2004 жылғы 8 қыркүйектегі     
N 375-НҚ бұйрығымен бекітілген   
Магистральдық темір жол желісінің
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым  
ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту     
ережесіне 1-қосымша      

     Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .  

Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту үшін тұтынушы
ұсынатын материалдар

     1) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін және оның болжамды қолданысының кезеңін, бағыт қатысының түрін, тасымалдау (жолаушылар, жүк), вагонның (жүк, салтаң) пайдалану жағдайының түрін, жүктің түрін көрсете отырып, уақытша төмендету коэффициентін (еркін түрде) белгілеуге өтінім;
     2) тұтынушының (заңды тұлға) толық атауы, тегі, аты-жөні (жеке тұлға), клиентті (заңды тұлға) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, патенттің (жеке тұлға) көшірмесі;
     3) экономикалық мақсаттылығының есептері мен сұратылған деңгейінің есептерін қамтитын уақытша төмендету коэффициентін бекіту қажеттілігінің анықтама-негіздемесі;
     4) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджет алдында уақытша төмендету коэффициентін белгілеуді ескеріп және ескермей, салық міндеттемелер арттыруының (сақтауының) есебі;
     5) қаржылық міндеттеме (бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп, ақша қаражаттарының құбылуы туралы есеп, түсіндірме жазба) және өткен кезең (тоқсан, жарты жылдық, 9 ай, жыл) үшін қаржылық-шаруашылық қызметін мәтін нысанда талдау;
     6) тарифтік топтың кодтарын және жүктердің 1 Бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы бойынша ұстанымды көрсете отырып, уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, тасымалдауға жоспарланған жүктердің номенклатурасы;
______________________
     1 егер тұтынушы жүк тасымалдаушысы болған жағдайда толтырылады

     7) жүкті тасымалдауға арналған темір жол тарифі (бағасы, алым ставкасы), оның ішінде магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жеке тарифі (бағасы, алым ставкасы), тұтынушылардың жалпы шығыстарындағы оның үлестес салмағы (өндірістік және толық өзіндік құны);
     8) өндірістің бағалар (өндірістік және толық өзіндік құны) және ай сайын 1 бірлікке шығындар баптары бөлінісінде жылдық өнімді (сұратылған бағыт бойынша) сату серпіні;
     9) магистралдық темір жол желісі операторының алдында берешегінің жай-күйі (ағымдағы айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуды салыстыру актісі және тұтынушының және магистралдық темір жол желісінің операторы бірінші басшысының қолдарымен расталған тұтынушының магистралдық темір жол желісі операторының алдында берешегін өтеу кестесі);
     10) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша айларға бөле отырып, алдыңғы жыл үшін жүкайналымының (жолаушылар айналымының) серпіні;
     11) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша айлар сайын ағымдағы жыл үшін жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
     12) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескермей, айларға бөле отырып, мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
     13) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескеріп, айларға бөле отырып, мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
     14) жүк (жолаушылар) тасымалдауға болжанып отырған жылжымалы құрамның тиемелдік үлгісі;
     15) тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар, сатып алушы (алушы) - толық атауы 1 .

______________________
     1 жылжымалы құрамның пайдалану жай-күйін ескере отырып, тасымалдау бағыттары бойынша толтырылады

                                      Қазақстан Республикасының
                                     Табиғи монополияларды реттеу
                                      және бәсекелестікті қорғау
                                  жөніндегі агенттігі төрағасының
                                        міндетін атқарушының
                                      2004 жылғы 8 қыркүйектегі
                                   N 375-НҚ бұйрығымен бекітілген
                                  Магистральдық темір жол желісінің
                                реттеліп көрсетілетін қызметтерінің
                                    тарифтеріне (бағаларына, алым
                                   ставкаларына) уақытша төмендету
                                      коэффициенттерін бекіту
                                        ережесіне 2-қосымша

           Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау
        /жүкайналымының көлемі, мың тонн/мың тонна-км

___________________________________________________________________
Рет.| Жүк |Жылына |қаң.|ақ.|нау.|сә.|ма.|мау.|шілде|та.|қыр.|қазан
тік |атауы|тасы.  |тар |пан|рыз |уір|мыр|сым |     |мыз|кү. |
N  |     |малдау |    |   |    |   |   |    |     |   |йек |
   |     |/жүк.  |    |   |    |   |   |    |     |   |    |
   |     |айналы.|    |   |    |   |   |    |     |   |    |
   |     |мының  |    |   |    |   |   |    |     |   |    |
   |     |көлемі,|    |   |    |   |   |    |     |   |    |
   |     |оның   |    |   |    |   |   |    |     |   |    |
   |     |ішінде |    |   |    |   |   |    |     |   |    |
   |     |айлар  |    |   |    |   |   |    |     |   |    |
   |     |бойынша|    |   |    |   |   |    |     |   |    |
___________________________________________________________________
1      2     3      4   5    6    7   8   9    10   11   12   13
___________________________________________________________________
республикалық
қатынас
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
халықаралық (экспорттық,
импорттық) қатынас
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
қа. |жел.|Жө.  |Межелі|Жөнелту  |Тасымал.|Өзіндік құны|Табыстар/
раша|тоқ.|нелту|стан. |станция. |дауға   |/шығыс став.|табыс
   |сан |стан.|циясы |сынан    |арналған|касы, теңге |ставкасы,
   |    |циясы|      |межелі   |тариф,  |            |теңге
   |    |     |      |станцияға| теңге  |            |
   |    |     |      |дейінгі  |        |            |
   |    |     |      |(өту) қа.|        |            |
   |    |     |      |шықтығы, |        |            |
   |    |     |      |   км    |        |            |
___________________________________________________________________
14   15    16    17      18         19         20          21
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                      Қазақстан Республикасының
                                     Табиғи монополияларды реттеу
                                      және бәсекелестікті қорғау
                                  жөніндегі агенттігі төрағасының
                                        міндетін атқарушының
                                      2004 жылғы 8 қыркүйектегі
                                   N 375-НҚ бұйрығымен бекітілген
                                  Магистральдық темір жол желісінің
                                реттеліп көрсетілетін қызметтерінің
                                    тарифтеріне (бағаларына, алым
                                   ставкаларына) уақытша төмендету
                                      коэффициенттерін бекіту
                                        ережесіне 3-қосымша

   Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау/жолаушылар
   айналымының көлемі, мың жолаушылар/мың жолаушылар-км

___________________________________________________________________
Рет.| Бағыт |Жылына |қаң.|ақ.|нау.|сә.|ма.|мау.|шіл.|та.|қыр.|қазан
тік |(атауы,|жолау. |тар |пан|рыз |уір|мыр|сым |де  |мыз|кү. |
 N |қашық. |шылар  |    |   |    |   |   |    |    |   |йек |
   |тығы)  |айналы.|    |   |    |   |   |    |    |   |    |
   |       |мының  |    |   |    |   |   |    |    |   |    |
   |       |көлемі,|    |   |    |   |   |    |    |   |    |
   |       |оның   |    |   |    |   |   |    |    |   |    |
   |       |ішінде |    |   |    |   |   |    |    |   |    |
   |       |айлар  |    |   |    |   |   |    |    |   |    |
   |       |бойынша|    |   |    |   |   |    |    |   |    |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
1      2     3      4   5    6    7   8   9    10   11   12   13
___________________________________________________________________
республикалық
қатынас
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
облысаралық қатынас
және т.б.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
қа. |жел.|Құрам.|Курирлеудің|Вагон.|Тариф,|Жолаушылар-км|Табыстар/
раша|тоқ.|дағы  |кезеңділігі|дар   |теңге |өзіндік құны/|табыс
   |сан |вагон.|/вагон үл. |жүрі. |      |шығыс ставка.|ставкасы,
   |    |дардың|гісі/құрам.|сі,   |      |сы, теңге    |теңге
   |    | саны |дағы вагон.|вагон |      |             |
   |    |      |дардың саны|-км   |      |             |
   |    |      |           |      |      |             |
   |    |      |           |      |      |             |
   |    |      |           |      |      |             |
___________________________________________________________________
14   15    16         17      18      19         20          21
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының     
Табиғи монополияларды реттеу    
және бәсекелестікті қорғау     
жөніндегі агенттігі төрағасының  
міндетін атқарушының        
2004 жылғы 8 қыркүйектегі     
N 375-НҚ бұйрығымен бекітілген   
Магистральдық темір жол желісінің
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым  
ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту     
ережесіне 4-қосымша      

     Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .

Магистралдық темір жол желісі реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту кезінде магистралдық темір жол желісінің операторы ұсынатын материалдар

     1. Уақытша төмендету коэффициенті бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша тұтынушымен бірге жасасылған шарттар (қызметтер көлемі, шарттың нөмірі мен күні, тұтынушының атауы, қолданыс мерзімі, бағыты, жүктің түрі (коды)) туралы ақпарат.
     2. Әрбір тұтынушының бөлінісінде уақытша төмендету коэффиенті  бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі.
     3. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту нәтижесінде, оның ішінде әрбір тұтынушының бөлінісінде алынған реттеліп көрсетілетін қызметтерден магистралдық темір жол желісінің операторы табыстарының көлемі.