Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 80-НҚ, өзгерту енгізілді - 2010.04.01 N 98-НҚ бұйрықтарымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 6) тармақшасына және 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.13 N 41-НҚ Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі бекітілсін.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 80-НҚ, 2010.04.01 N 98-НҚ бұйрықтарымен.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Е.С. Жусанбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар министрі
2004 ж. 16 қыркүйек
Ескерту: Төменгі сол жаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының
2004 жылғы 8 қыркүйектегі
N 375-НҚ бұйрығымен бекітілген
Магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту
ережесі
Ескерту: Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген" деген сөздермен ауыстырылды;
тақырыбында, 1-тармақта "желісі қызметтерінің" деген сөздер "желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен.
Тақырыпта және барлық мәтін бойынша «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің», «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін», «магистралдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне» деген сөздер тиісінше «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің», «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін», «магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ бұйрығымен.
Барлық мәтін бойынша «магистралдық темір жол желісінің операторы», «магистралдық темір жол желісінің оператормен», «магистралдық темір жол желісінің операторына», «магистралдық темір жол желісі операторының», «магистралдық темір жол желісі операторына» деген сөздерден кейін тиісінше «және концессионер», «және конценсионермен», «және концессионерге», «және концессионердің» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ бұйрығымен.
Барлық мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетін», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті» деген сөздер алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ бұйрығымен.
Барлық мәтін бойынша «тұтынушы», «тұтынушымен», «тұтынушыдан», «тұтынушыға», «тұтынушының», «тұтынушылардың» деген сөздерден кейін тиісінше «және/немесе концессионер,», «және/немесе концессионермен», «және/немесе концессионерден», «және/немесе концессионерге», «және/немесе концессионердің», «және/немесе концессионерлердің» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ бұйрығымен.
1. Жалпы ереже
1. Магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.13 N 41-НҚ Бұйрығымен.
2. Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
3. Ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:
өтеу кестесі - тұтынушы және/немесе концессионер мен магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер басшысының қолдарымен куәландырылған магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушының және/немесе концессионердің магистралдық темір жол желісі операторының алдындағы берешегін өтеу кестесі;
жүкайналымы (жолаушылар айналымы) - тасымалдау қашықтығын ескере отырып, жүктерді (жолаушыларды) жеткізу бойынша тасымалдау жұмысының орындалған көлемі;
мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы) тұтынушының және/немесе концессионердің уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімінде көрсетілген жоспарланған жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі;
тұтынушы және/немесе концессионер - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке және заңды тұлға;
салалық мемлекеттік органдар - өз құзыретінің күшімен магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің желісі қызметтерінің тарифтеріне бағаларына, алым ставкаларына уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге қатысатын, уәкілетті және құзыретті органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
уәкілетті орган- табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға және/немесе концессионерге белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне анықталған тауарды беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
Осы Ережелерде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 80-НҚ , 2009.02.13 N 41-НҚ Бұйрықтарымен .
2. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына,
алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін
бекіту қағидаттары мен өлшемдері
Ескерту: 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .
4. Уақытша төмендету коэффициенті мемлекет, магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер мен тұтынушы үшін осы шараның экономикалық тиімділігі есебінің және мақсаттылығының негізінде белгіленеді.
Уақытша төмендету коэффициентін белгілеудің экономикалық тиімділігі магистралдық темір жол желісінің оператормен, тұтынушымен және/немесе концессионермен түсумен кірістер мемлекет бюджетіне түсу көлемімен айқындалады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.13. N 41-НҚ Бұйрығымен.
5. Уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсеткен кезінде, магистралдық темір жол желісінің операторына және концессионерге түсетін кірістер магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету үшін қажетті шығындарды жабуға тиіс.
Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .
6. Уақытша төмендету коэффициенті белгілі кезеңге белгіленеді, бірақ бір күнтізбелік жылдан аспауға тиіс.
7. Магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттер бекіту мақсаттылығының өлшемдері:
1) мәлімделген жүкайналымы өткен жылдың тиісті кезеңі үшін нақты жүкайналымынан артқан (сақтаған);
Жүкайналымын сақтаған жағдайда, өндірістің көлемін одан әрі арттыру мүмкін емес туралы тиісті салалық мемлекеттік органның қорытындысы ұсынылады.
2) магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың жұмыс істемейтін немесе әлсіз жұмыс істейтін учаскелерін пайдалану мүмкіндігі;
Магистралдық темір жол желісінің жұмыс істемейтін немесе әлсіз жұмыс істейтін учаскелері құзыретті органның қорытындысымен расталуға тиіс.
3) өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі.
Өнеркәсіптік өндірістің қосымша өнімінің экологиялық қауіптілігі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысымен расталуға тиіс. Уақытша төмендету коэффициенттерін осы тармақта көрсетілген өлшемге сәйкес бекіту Ереженің осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген өлшемдерді сақтаған кезде ғана жүргізіледі.
4) магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу бойынша тең тарифтік шарттарды қамтамасыз ету;
5) жолаушылар тасымалының әлеуметтік мәнділігі болып табылады.
Жолаушылар тасымалының әлеуметтік маңыздылығын темір жолмен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыны көрсете отырып, бағытын, құрамдылығын, субсидиялардың сомасын көрсетіп құзыретті орган растауға тиіс;
6) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің көліктік жүйелерінің көліктік қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
7) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
8) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің темір жолдары арқылы бұрын жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту;
9) жүк ағындарын жүктерді тасымалдаудың баламалы бағдарларына қайта бағдарлау мүмкіндігі болып табылады.
Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 80-НҚ , 2008.10.14 N 315-НҚ, 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрықтарымен.
3. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына,
алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін
бекіту тәртібі
Ескерту: 3-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .
8. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуді Ереженің 1-3-қосымшаларына сәйкес негіздеуші құжаттардың қосымшаларымен тұтынушының және/немесе концессионердің өтінімі бойынша мынадай талаптарды сақтай отырып, уәкілетті орган жүргізеді:
1) негіздеуші құжаттардың әрбір бетіне растайтын құжаттардың қосымшасымен тұтынушының және/немесе концессионердің бірінші басшы не оның міндетін атқарушы тұлға, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер қол қояды.
2) алдыңғы кезең үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері, сондай-ақ оларды белгілеудің сұратылған кезеңіне уақытша төмендету коэффициенттерін қолданудан болжамды нәтижелері бойынша нақты деректер ұсынылады.
9. Уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеуге мүдделі тұтынушы және/немесе концессионер бекіту қажеттілігі туралы өтінімді бір уақытта магистралдық темір жол желісінің операторына және концессионерге, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті және уәкілетті органдарға ұсынады.
Бұл ретте, көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді жариялағаны үшін жауапкершілік арқалайды.
Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрығымен.
10. Ережелерге сәйкес талап етілетін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынбау немесе толық көлемде ұсынбау, сондай-ақ ұсынылған материалдар Ереженің 8-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, өтінімді қараудан бас тарту үшін негіз бола алады.
11. Магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті және уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өтінімді қарауға қабылдағаны туралы не оны қабылдаудан дәлелді бас тартқаны туралы тұтынушыны және/немесе концессионерді жазбаша нысанда хабардар етеді.
Сонымен бірге, магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті бір уақытта бас тарту салдарларын көрсете отырып, өтінімді қарауға қабылдағаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өтінімді қарауға қабылдағаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы растайтын құжаттарды бекітілген мерзімде уәкілетті органға ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарауды жеті жұмыс күнге тоқтата тұрады.
Мұндай бұзушылықтар жойылған жағдайда, өтінімді қарау Ереженің 16-тармағында көзделген мерзімдерді ескере отырып, жаңартылады.
Аталған бұзушылықтар өтінімді қарау тоқтатыла тұрған сәттен бастап жеті жұмыс күннің ішінде жойылмаса, өтінімнен бас тартуға негіз болып табылады.
12. Магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионержәне (немесе) салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті тұтынушының және/немесе концессионердің өтінімін қабылдамаған жағдайда, уәкілетті органда өтінімді қарау он жұмыс күн мерзімге тоқтатыла тұрады. Тұтынушылар және/немесе концессионерлер ескерпелерді жойған кезде, магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер және (немесе) салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган Ереженің 11-тармағының бірінші абзацында бекітілген мерзімде уәкілетті органды өтінімді қарауға қабылдағаны туралы хабардар етеді.
Тұтынушы және/немесе концессионер ескертпелерді өтінімді қарау тоқтатыла тұрған сәттен бастап он жұмыс күннің ішінде жоймаса, өтінімнен бас тартуға негіз болып табылады.
Осындай бас тарту болған жағдайда, тұтынушы және/немесе концессионер Ереженің 8-тармағына сәйкес ресімделінген өтініммен отыз күнтізбелік күннен ерте емес жүгінуге құқылы.
13. Қажет болуына қарай, магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті және уәкілетті органдар тұтынушыдан және/немесе концессионерден қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
Тұтынушы және/немесе концессионер сұрату алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде сұратылған ақпаратты ұсынбаған кезде, уәкілетті орган магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдардың, құзыретті органның бұл туралы жазбаша өтінішімен уақытша төмендету коэффициентін белгілеуден бас тартуға құқылы.
14. Магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті өтінімді қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күннің ішінде уақытша төмендету коэффициентін белгілеудің мақсаттылығы не мақсатсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті орган мен тұтынушыға және/немесе концессионерге ұсынады.
Бұл ретте, магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдардың, құзыретті органның, қорытындыларында уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі не оны бекіту мақсатсыздығының негіздемелері көрсетілуге тиіс.
Көрсетілген ұйымдар мен мемлекеттік органдар қорытындыларды бекітілген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның өтінімді қарау мерзімі тиісті қорытындыларды алғанға дейін бес жұмыс күнге тоқтатыла тұрады.
Мұндай бұзушылықтарды жойған кезде, өтінімді қарау Ереженің 16-тармағында көзделген мерзімдерді ескере отырып, жаңартылады.
Көрсетілген ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қорытындыларын өтінімді қарау тоқтатыла тұрған сәттен бастап, бес жұмыс күннің ішінде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган тұтынушының және/немесе концессионердің дәлелді жазбаша өтінішімен осы себеппен өтінімнен бас тартуға не дербес шешім қабылдауға құқылы.
Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 80-НҚ, 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрықтарымен.
15. Тұтынушының және/немесе концессионердің, магистралдық темір жол желісі операторының бастамасы бойынша не мүдделі мемлекеттік органдардың өтінімі бойынша ұсынылған қосымша ақпаратты алған кезде, уәкілетті орган өтінімді қарауды бес жұмыс күнге ұзартуға құқылы.
16. Уәкілетті орган магистралдық темір жол желісі операторы, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті ұсынған қорытындылардың негізінде тұтынушы және/немесе концессионер ұсынған негіздеуші құжаттардың сараптамасын ескере отырып, өтінімді қарауға қабылданған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды.
Егер магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті уақытша төмендету коэффициентін беруге келіспегені (келіскені) туралы қорытынды шығарса, түпкілікті шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
17. Уәкілетті орган магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдары, құзыретті орган тұтынушы және/немесе концессионер мен сарапшылар өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізуге құқылы.
18. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы шешім уәкілетті орган бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде қабылданады.
Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы бұйрық магистралдық темір жол желісі операторына, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті органға уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізген күніне дейін он күннен кешіктірмей жолданады, ал магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер ол қолданысқа енгізілген күніне дейін бес күннен кешіктірмей тұтынушылардың және/немесе концессионерлердің назарына жеткізеді.
Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрығымен.
19. Уақытша төмендету коэффициентін белгілеуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган тиісті делелдеуші қорытындылар шығарады, ол магистралдық темір жол желісінің операторына және концессионерге, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті органға бес жұмыс күннің ішінде жолданады.
20. Тұтынушы және/немесе концессионер бас тартылғаны туралы тиісті дәлелдеуші қорытынды алған өтініммен жүкайналымының жоспарланған кезеңінде арттырған жағдайларды қоспағанда, осындай өтінімде көрсетілген уақыт кезеңі өткенге дейін қайта жүгіне алмайды.
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.10.14 N 315-НҚ Бұйрығымен.
4. Магистралдық темір жол желісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына,
алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін
қолдану тәртібі
Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .
21. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану магистралдық темір жол желісінің қызметтері тұтынушының және/немесе концессионердің магистралдық темір жол желісі операторының алдында берешегі болмаған жағдайда немесе оны өтеу кестесіне сәйкес өтеген, мәлімделген жүкайналымын орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.10.14 N 315-НҚ Бұйрығымен.
22. Магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер уақытша төмендету коэффициенттерін магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер мен тұтынушының арасында жасасылған шарттың негізінде қолданады. Осы шарт бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданыс кезеңін және тұтынушының және/немесе концессионердің тиісті уақыт кезеңі үшін уақытша төмендету коэффициенттерін қолданбай, көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемін нақты орындауға тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қайта есептеу түрінде Ереженің 7-тармағында көзделген қағидаттарын орындамағаны үшін жауапкершілігін көздейді.
Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ , ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.13. N 41-НҚ Бұйрықтарымен.
23. Магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер мен тұтынушының арасындағы шарт уәкілетті орган бекіткен магистралдық темір жол желісінің операторына және концессионерге уақытша төмендету коэффициентін қолдану туралы шарт жасасу үшін тұтынушы және/немесе концессионер өтінімді берген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жасасылуға тиіс.
Шартта мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы) көрсетіледі.
Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.10.14 N 315-НҚ Бұйрығымен.
24. Магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер келесі есептік тоқсан үшін айдың жиырмасыншы күніне тоқсан сайын уәкілетті органға әрбір тұтынушы және/немесе концессионер бойынша Ереженің 4-қосымшасына сәйкес уақытша төмендету коэффициенттерін қолдана отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты ұсынылған көлемдері туралы материалдар ұсынады.
Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .
5. Магистралдық темір жол желісі қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициенттерін алып тастау тәртібі
25. Уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданысы бекітілген мерзім өткеннен кейін, сондай-ақ уәкілетті орган магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жаңа тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіткен сәттен бастап тоқтатылады.
Ескерту: 25-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен .
26. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін бекітілген мерзім өткенге дейін мынадай жағдайлардың біреуі болғанда уәкілетті орган алып тастауы мүмкін:
1) уақытша төмендету коэффициентін одан әрі қолданудың экономикалық тиімсіздігі;
2) өтеу кестесін орындамаған;
3) Ереженің 7-тармағында бекітілген өлшемдердің біреуіне сәйкес келмеуі;
4) Ереженің 22-тармағына сәйкес жасалған шартпен көзделген талаптар орындалмаған.
Осы тармақта көрсетілген талаптар пайда болған жағдайда, магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер бұл туралы ақпаратты анықталған сәттен бастап бес күн мерзім ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
27. Тұтынушы және/немесе концессионер, магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер, салалық мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, уәкілетті органға уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы қажеттігін негіздейтін құжаттар мен ақпаратты ұсынып, оны алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган қорытынды алу үшін магистралдық темір жол желісінің операторына және концессионерге, салалық мемлекеттік органдарға, құзыретті органға жүгінуге, сондай-ақ тұтынушыдан және/немесе концессионерден ақпарат алуға құқылы.
Магистралдық темір жол желісінің операторының және концессионердің, салалық мемлекеттік органдарының, құзыретті органның қорытындыларының сауалдарын жолдаған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде ұсынбаса, уәкілетті орган қорытындыларды қолда бар қорытындыларды ескеріп, бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау жөніндегі негіздеуші материалдарға сараптама жүргізеді.
28. Уәкілетті орган ұсынылған магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдардың, құзыретті органның қорытындыларын ескере отырып, отыз күнтізбелік күн ішінде негіздеуші құжаттарды және ақпаратты қарайды және оларға сараптама жүргізеді.
Ереженің 26-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган бұйрық түрінде магистралдық темір жол желісі операторының, салалық мемлекеттік органдарының, құзыретті органның өтінішімен бес жұмыс күн ішінде бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы шешім бұйрық түрінде қабылдайды.
29. Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы бұйрық уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізілген күнге дейін он бес күннің ішінде магистралдық темір жол желісінің операторына және концессионерге, салалық мемлекеттік органдарына, құзыретті органға жолданады, ал магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер қолданысқа енгізілген күніне дейін он күннен кешіктірмей тұтынушының және/немесе концессионердің назарына жеткізеді.
Уақытша төмендету коэффициенттерін қолданыстан алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, уәкілетті орган осындай ұсыныс жасаған өтініш берушіге дәлелдеуші қорытынды шығарады.
Магистральдық темір жол желісінің
және концессия шарттары бойынша
темір жол көлігінің объектілері
бар темір жолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым
ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту ережесіне
1-қосымша
Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 80-НҚ , ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.13. N 41-НҚ, 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрықтарымен.
Магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту үшін тұтынушы және/немесе концессионер
ұсынатын материалдар
1) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін және оның болжамды қолданысының кезеңін, бағыт қатысының түрін, тасымалдау (жолаушылар, жүк), вагонның (жүк, салтаң) пайдалану жағдайының түрін, жүктің түрін көрсете отырып, уақытша төмендету коэффициентін (еркін түрде) белгілеуге өтінім;
2) тұтынушының және/немесе концессионердің (заңды тұлға) толық атауы, тегі, аты-жөні (жеке тұлға), клиентті (заңды тұлға) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, патенттің (жеке тұлға) көшірмесі;
3) экономикалық мақсаттылығының есептері мен сұратылған деңгейінің есептерін қамтитын уақытша төмендету коэффициентін бекіту қажеттілігінің анықтама-негіздемесі;
4) өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджет алдында уақытша төмендету коэффициентін белгілеуді ескеріп және ескермей, салық міндеттемелер арттыруының (сақтауының) есебі;
5) қаржылық міндеттеме (бухгалтерлік баланс, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп, ақша қаражаттарының құбылуы туралы есеп, түсіндірме жазба, еңбек бойынша есеп) және өткен кезең (тоқсан, жарты жылдық, 9 ай, жыл) үшін қаржылық-шаруашылық қызметін мәтін нысанда талдау;
6) тарифтік топтың кодтарын және жүктердің 1 Бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы бойынша ұстанымды көрсете отырып, уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып, тасымалдауға жоспарланған жүктердің номенклатурасы;
7) жүкті тасымалдауға арналған темір жол тарифі (бағасы, алым ставкасы), оның ішінде магистралдық темір жол желісінің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жеке тарифі (бағасы, алым ставкасы), тұтынушылардың және/немесе концессионерлердің жалпы шығыстарындағы оның үлестес салмағы (өндірістік және толық өзіндік құны);
8) өндірістің бағалар (өндірістік және толық өзіндік құны) және ай сайын 1 бірлікке шығындар баптары бөлінісінде жылдық өнімді (сұратылған бағыт бойынша) сату серпіні;
9) магистралдық темір жол желісі және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың операторының алдында берешегінің жай-күйі (ағымдағы айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуды салыстыру актісі және тұтынушының және/немесе концессионердің және магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер бірінші басшысының қолдарымен расталған тұтынушының және/немесе концессионер, магистралдық темір жол желісі операторының алдында берешегін өтеу кестесі);
10) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша айларға бөле отырып, алдыңғы жыл үшін жүкайналымының (жолаушылар айналымының) серпіні;
11) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша айлар сайын ағымдағы жыл үшін жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
12) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескермей, айларға бөле отырып, мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
13) Ереженің 2 2-3-қосымшаларына сәйкес уақытша төмендету коэффициентін қолдануды ескеріп, айларға бөле отырып, мәлімделген жүкайналымы (жолаушылар айналымы);
14) жүк (жолаушылар) тасымалдауға болжанып отырған жылжымалы құрамның тиемелдік үлгісі;
15) тұтынушылардың және/немесе концессионерлердің реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар, сатып алушы (алушы) - толық атауы 1 .
______________________
1 егер тұтынушы және/немесе концессионер жүк тасымалдаушысы болған жағдайда толтырылады
2 жылжымалы құрамның пайдалану жай-күйін ескере отырып, тасымалдау бағыттары бойынша толтырылады
Магистральдық темір жол желісінің
және концессия шарттары бойынша
темір жол көлігінің объектілері
бар темір жолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым
ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту ережесіне
2-қосымша
Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрығымен.
Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау
/жүкайналымының көлемі, мың тонн/мың тонна-км
___________________________________________________________________
Рет.| Жүк |Жылына |қаң.|ақ.|нау.|сә.|ма.|мау.|шілде|та.|қыр.|қазан
тік |атауы|тасы. |тар |пан|рыз |уір|мыр|сым | |мыз|кү. |
N | |малдау | | | | | | | | |йек |
| |/жүк. | | | | | | | | | |
| |айналы.| | | | | | | | | |
| |мының | | | | | | | | | |
| |көлемі,| | | | | | | | | |
| |оның | | | | | | | | | |
| |ішінде | | | | | | | | | |
| |айлар | | | | | | | | | |
| |бойынша| | | | | | | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
___________________________________________________________________
республикалық
қатынас
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
халықаралық (экспорттық,
импорттық) қатынас
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
қа. |жел.|Жө. |Межелі|Жөнелту |Тасымал.|Өзіндік құны|Табыстар/
раша|тоқ.|нелту|стан. |станция. |дауға |/шығыс став.|табыс
|сан |стан.|циясы |сынан |арналған|касы, теңге |ставкасы,
| |циясы| |межелі |тариф, | |теңге
| | | |станцияға| теңге | |
| | | |дейінгі | | |
| | | |(өту) қа.| | |
| | | |шықтығы, | | |
| | | | км | | |
___________________________________________________________________
14 15 16 17 18 19 20 21
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Магистральдық темір жол желісінің
және концессия шарттары бойынша
темір жол көлігінің объектілері
бар темір жолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым
ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту ережесіне
3-қосымша
Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрығымен.
Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау/жолаушылар
айналымының көлемі, мың жолаушылар/мың жолаушылар-км
___________________________________________________________________
Рет.| Бағыт |Жылына |қаң.|ақ.|нау.|сә.|ма.|мау.|шіл.|та.|қыр.|қазан
тік |(атауы,|жолау. |тар |пан|рыз |уір|мыр|сым |де |мыз|кү. |
N |қашық. |шылар | | | | | | | | |йек |
|тығы) |айналы.| | | | | | | | | |
| |мының | | | | | | | | | |
| |көлемі,| | | | | | | | | |
| |оның | | | | | | | | | |
| |ішінде | | | | | | | | | |
| |айлар | | | | | | | | | |
| |бойынша| | | | | | | | | |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
___________________________________________________________________
республикалық
қатынас
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
облысаралық қатынас
және т.б.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
қа. |жел.|Құрам.|Курирлеудің|Вагон.|Тариф,|Жолаушылар-км|Табыстар/
раша|тоқ.|дағы |кезеңділігі|дар |теңге |өзіндік құны/|табыс
|сан |вагон.|/вагон үл. |жүрі. | |шығыс ставка.|ставкасы,
| |дардың|гісі/құрам.|сі, | |сы, теңге |теңге
| | саны |дағы вагон.|вагон | | |
| | |дардың саны|-км | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
___________________________________________________________________
14 15 16 17 18 19 20 21
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Магистральдық темір жол желісінің
және концессия шарттары бойынша
темір жол көлігінің объектілері
бар темір жолдардың реттеліп
көрсетілетін қызметтерінің
тарифтеріне (бағаларына, алым
ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту ережесіне
4-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 80-НҚ, 2010.04.01 N 98-НҚ Бұйрықтарымен.
Магистралдық темір жол желісі және концессия шарттары бойынша темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту кезінде магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер ұсынатын материалдар
1. Уақытша төмендету коэффициенті бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша тұтынушымен бірге жасасылған шарттар (қызметтер көлемі, шарттың нөмірі мен күні, тұтынушының атауы, қолданыс мерзімі, бағыты, жүктің түрі (коды)) туралы ақпарат.
2. Әрбір тұтынушының бөлінісінде уақытша төмендету коэффиенті бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі.
3. Уақытша төмендету коэффициентін бекіту нәтижесінде, оның ішінде әрбір тұтынушының бөлінісінде алынған реттеліп көрсетілетін қызметтерден магистралдық темір жол желісінің операторы және концессионер табыстарының көлемі.