Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 630 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3075

Жаңартылған

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 10) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) "Сыра мен алкогольсiз сусындарды өндiру жөнiндегi объектiлерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
      2) "Физио- және инерефлекстерапиясы бөлiмшелерiн (кабинеттерiн) ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
      3) "Хирургиялық бейiндi ауруханалық ұйымдарға (бөлiмшелерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Әкiмшiлiк департаментiнiң директоры (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жiберсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Министрдiң
      міндетін атқарушы

"Эпидемиология және тағам гигиенасы
санитарлық-эпидемиологиялық    
ереже мен нормаларды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау министрдің         
міндетін атқарушының        
2004 жылғы 18 тамыздағы      
N 630 бұйрығымен бекітілген    

  "Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. "Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ереже) санитарлық-эпидемиологиялық ереже меншік түріне қарамастан сыра және алкогольсіз сусындарды өндіріп және сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.

      2. Осы санитарлық ереженің талаптарын орындауды және ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

      3. Осы санитарлық ережеде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:

      1) полиэтилентерефталаттан жасалған бөтелкелер (бұдан әрі - ПЭТФ) - құрамында алкоголі жоқ сусындарды құю үшін керекті бөтелкелерді өндіретін преформа (дайындама);

      2) жарма - ұсатылған арпа дәні;

      3) кегтер - ішіне ауа өтпейтіндей етіліп металдан жасалған цилиндр тәрізді сыйымдылықтар;

      4) купаждау орны - арнайы құрамдағы, түрдегі өнімді алу және өнімнің сапасын жақсарту үшін әртүрлі тағам өнімдерін белгілі бір қатынаста араластыруға арналған сыйымдылық;

      4-1) шағын өндіріс объектісі - қуаттылығы тәулігіне 10000 литрден аспайтын сыра және алкогольсіз сусындарды өндіретін объект;

      5) шайырлау - сыйымдылықтардан сұйық ақпауы үшін арнайы заттармен өңдеу;

      6) "жылжымалы қатар" - арпа дәнін өсіруге арналған арнайы құрал-жабдық;

      7) тағамдық қоспалар - тағамдарды дайындау және өндіру үдерісі барысында белгілі бір қасиет беру немесе оның сапасын сақтау үшін тағам өнімдеріне қосатын табиғи және жасанды заттар немесе оның қосындылары;

      8) уыт - дақылдардың дәнін өсіру арқылы алатын өнім;

      9) сатуратор -сұйықты көмір қышқыл газымен байытуға арналған аппарат;

      10) сыра ашытқысы - ашытуға қойылған уыттың сулы ерітіндісі;

      11) трансмиссия - қозғалтқыштың айналуын жұмысшы мәшинелерге (ұсатқыштарға) беретін құрылым немесе жүйе;

      12) тығындағыш қалпақша (кронендік тығын)- газдың шығуына кедергі жасайтын, бөтелкені берік тығындауға арналған арнайы тығын;

      13) фитинг - сұйық келетін тұрбамен жалғасқан кегтің түбіне дейін жетіп, оны жууға, толтыруға және босатуға керекті түтік.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

  2. Объектілерді орналастыратын аумаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Сыра және алкогольсіз сусындарды шығаратын объектілер (бұдан әрі - объектілер) орналастыру, оларға жер учаскелерін беру, құрылысын және қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда жүргізіледі.

      5. Сыра және алкогольсіз сусындарды шығаратын объектілер бөлек аумақта орналасады. Құрылысы салынып немесе жобаланып жатқан өндірістер тұрғын үйлерден кем дегенде 50 м қашықтықта шағын өндіріс объектісінен басқасы орналасуы керек. Оларды тұрғын үйлердің ішінде орналастыруға рұқсат етілмейді.
      Шағын кәсіпкерлік объектілерін бос ғимараттарда және әкімшілік ғимараттарында орналасқан, тиісті алаңдары сәйкес келген жағдайда сыра барларында, кафелерінде, мейрамханаларда орналастыруға рұқсат етіледі.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      6. Өндіріс орнының аумағы жарықтандырылып, қоршалып және оған кіретін бөлек екі есік болуы керек, шағын өндіріс объектілерінен басқасы. 
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      7. Ұрықтары шашылып, талшықтары салбырап тұратын ағаштар мен бұтақтарды отырғызуға, тұрғын үйлерді, үй жануарлары мен құстарға жем беретін орындарды орналастыруға рұқсат етілмейді.

      8. Аумақ өндірістік және шаруашылық аумаққа бөлінеді. Өндірістік аумақта: өндірістік ғимарат, шикі заттар мен дайын өнімдерді сақтауға арналған қоймалық үй-жайлар, тұрмыстық үй-жайлар, сауықтыру пункттері орналасады. Шаруашылық аумақта: жөндейтін шеберханалар, ыдыстар мен жанар-жағар май қоймасы, қазандық, гараж, қоқыстарды жинайтын контейнерге арналған алаң, аулалық дәретханалар орналасады.
      Шағын өндіріс объектісінің шаруашылық мақсаттағы үй-жайлары (қоймалары, жөндеу шеберханалары, қазандығы, гаражы, медициналық пункті) шағын өндіріс субъектісі белгілеген өндірістік қажеттілігіне байланысты анықталады және оның аумағында орналастырылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      9. Объектінің аумағында жерасты суларының көзі болмауы керек. Учаске аумағында ғимараттардан және басқа иммараттардан ағатын атмосфералық сулар су жинағышқа ағып кететіндей еңістер қарастырылуы керек. Су жинағыштар тұрақты түрде тазаланып, уақытында жөнделіп отырылуы керек. Аумақты күнделікті тазартып отыру керек, жаз уақытында суғарылып, қыс кезінде қар мен мұздан тазартылып, құм себіп отырылуы керек.

      10. Сыра және квас жармасын жинап, сақтау үшін су өткізбейтін материалдардан жасалған жәшіктермен немесе бункерлермен жабдықталуы керек. Жарма жинауға арналған жинағыштар асфальтталған немесе бетондалған алаңдарда орналасады. Алаңның траптарға бағытталған еңістері болуы керек.

      11. Жармаларды темірден жасалған су өткізбейтін жабық кузовы бар автомашиналармен немесе арнайы цистерналармен, бактармен, кузовтары тығыздалған арнайы жабдықталған өздігінен түсіретін немесе кузовы ағаштан жасалып қаңылтырмен қапталған мәшинелермен тасымалдау керек.

      12. Шаруашылық аумақ өндірістік аумақтың ық жағынан орналасып, ені 3 м кем болмайтындай етіп көгалдандырылуы (ағаштармен, бұталармен) керек. Шаруашылық аймағының жолдары мен өтетін жерлері қатты жабындармен жабылуы тиіс.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      13. Ыдыстар, құрылыстық және шаруашылық материалдар қоймада сақталынуы керек. Ыдыстарды қалқаның астына асфальтталған алаңға жинап және оларды уақытша сақтауға рұқсат етіледі.

      14. Сынған шынылар мен қоқыстарды жинау үшін асфальт төселген алаңда орнатылған темір контейнерлер қолданылады, олардың көлемі контейнердің түбінен 3 есе үлкен, өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 15 метрден кем емес қашықтықта орналасуы керек.

      15. Қоқыстар мен қалдықтар контейнер сыйымдылығының 2/3 бөлігі толған кезде шығарылады, бірақ аптасына кем дегенде бір рет тазаланылып отырылуы керек. Босаған контейнерлер жуылып, Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген жуғыш заттармен зараpсыздандырылады.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      16. Қоқыс шығару арнайы көлікпен жүргізіледі.

      17. Жеке тұрған дәретханалар өндірістік және қоймалық үй-жайлардан кем 25 м ара қашықтықта орналасуы керек. Дәретханалар күнделікті тазартылып, зарарсыздандырылып отыруға тиіс.

  3. Сумен жабдықтау және канализация жүйелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      18. Орталықтандырылған шаруашылықты ауыз сумен қамтамасыз етуші су көзін таңдағанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың негізінде қолданыстағы стандартқа сай жүргізілуі керек.

      19. Ұйымдарды сумен қамтамасыз ету құрылыс нормалары мен ережелердің талаптарына сай болуы керек.

      20. Қолданылып жүрген нормативті құжаттарға сәйкес артезиан ұңғымалары мен су қоймасының резервуарларының санитарлық қорғау аумақтары болуы керек.

      21. Технологиялық, шаруашылық-тұрмыстық, ауыз суға пайдаланылатын су қолданылып жүрген нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес болуы керек.

      22. Компрессорлық қондырғыны салқындатуға және аумақтарды суғаруға, дәретханалардағы ағын бачоктарын толтыру және писсуарларды шаюға техникалық суды қолдануға рұқсат етіледі. Ауыз су мен техникалық суды қамтамасыз ететін жүйелер бөлек болып, су құбырлары айыра алатындай бояумен боялуы керек.

      23. Шаруашылық-ауыз суға және өртке қарсы қажеттілікке суды сақтау үшін кем дегенде екі жинақтаушы сыйымдылық болуы керек. Сыйымдылықтардағы суды ауыстыру уақыты 48 сағаттан аспауы керек. Сыйымдылықтардың қапсырмалары, сатылары болып және люктің қақпағы құлыппен жабылып, пломбылануы керек.

      24. Сыйымдылықтарды тазалау және зарарсыздандыру жұмыстары олар босаған сайын жүргізіліп, бірақ жылына 1 рет кем жүргізілмеуі керек; ал апатты жағдай орын алғанда жөндеу жұмыстарының соңынан жүргізіліп, атқарылған жұмыстар арнайы жорналға тіркелуі керек.

      25. Сыйымдылықтарға және өндірістік цехтарға берілетін судың сапасы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сай өндірістік зертхана арқылы бақылануы керек.

      26. Өндірістік үй-жайларға: суық және ыстық су кіргізіліп, технологиялық қажеттілікке су алу үшін ыстық және суық суды араластырғыш қондырғы орнатылады; ал цехтарда тазалауға арналған ағызатын шүмектер 500 шаршы метрге (бұдан әрі - м 2 ) бір шүмек есебінен орнатылады, бірақ бір үй-жайға кем дегенде бір шүмек. Цехтарда қол жууға арналған раковиналар араластырғышпен, сабынмен, бір рет қолдануға арналған орамалмен жабдықталады немесе, электрлі кептіргіштер болуы керек. Қол жуатын раковиналар әрбір өндірістік цехтардың кіреберістерінде орналасып, жұмыс орнынан 15 м. аспайтын жерде орналасуы керек.

      27. Технологиялық үдерістерге, құрал-жабдықтар мен үй-жайларға санитарлық өңдеу жүргізу үшін жылыту жүйесінен алынған ыстық суларды қолдануға болмайды.

      28. Жұмыскерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету фонтандар немесе сатураторлар арқылы жүргізіледі. Сатураторлы қондырғылардың стакандарын механикалық жолмен жуатын құрылғылары болуы керек.

      29. Канализация жүйесі санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сай жүргізілуі керек.

      30. Ғимараттар қалалық канализация жүйесіне қосылып немесе олардың жергілікті канализациясы және тазарту орындары болуы керек. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларға арналған канализацияның ішкі желілері бөлек болуы керек.

      31. Орталықтандырылған канализация жүйелері жоқ елді мекендерде жергілікті канализация жүйесі болуы керек. Ағынды суларды жинауға арналған бетондалған шұңқырдың аузы тығыз жабылатын қақпағы болып, шұңқырдың 2/3 көлемінде толуына қарай тазалануы керек.

      32. Тиісті тазалаудан өтпеген өндірістік және тұрмыстық суларды ашық су айдындарына және арнайы құрылымы жоқ су сіңіретін құдықтарға жіберуге болмайды.

  4. Жарықтандыруға, желдетуге және жылу беруге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      33. Сыра және алкогольсіз сусындар шығаратын объектінің өндірістік, қосымша және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес сорып шығаратын механикалық желдеткіш қондырғысымен жабдықталуы керек. Ашыту және ашытқылар бөлімдері, ауаны 1,5 м жерден жоғары аумақтан сорып шығаратын желдеткіш болуға тиіс.
       Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      34. Жылытатын құралдар шаңнан тазартуға оңтайлы болуы керек.

      35. Барлық өндірістік және қосымша үй-жайлар табиғи және жасанды жарықпен құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі керек.
      Жарық түсетін тесіктер үй-жайлардың сырт немесе іш жағынан жарық түсуіне бөгет болатын заттармен толтырылмауы керек. Терезенің, шамның жарық түсетін ойықтары шаңнан және күйеден тоқсанына 1 рет тазартылып, сынған әйнектер ауыстырылып отыруы керек. Терезелерге жамалған әйнектерді салуға және әйнектің орнына фанераны, картонды қоюға болмайды.

      36. Өндірістік цехтар мен қоймалардағы жарық беру көздері арнайы арматураға орнатылады: түріне қарай - люминесцентті, қыздыратын шамдар - жабық плафондарда.

      37. Аппараттар мен сыйымдылықтардың ішкі беттерін қарау үшін кернеулігі 12 ваттан аспайтын жылжымалы шамдарды пайдалануға болады. Электршамдар қорғаныс торларының ішінде орналасуы керек.

      38. Өндірістік үй-жайлардағы микроклиматтың көрсеткіштері (температура, ауаның салыстырмалы ылғалдығы және қозғалу жылдамдығы) қолданып жүрген нормативті құжаттарға сәйкес болуы керек.

      39. Технологиялық жабдықтардың дірілді төмендететін құрылғылары болуы керек. Шудың деңгейін төмендету үшін желдету жүйелерін дыбыс сіңіретін материалдармен жабу керек. Өндірістік үй-жайлардағы шудың деңгейі қолданып жүрген нормативті құжаттарға сәйкес болуы керек.

  5. Өндірістік үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      40. Өндірістік цехтарды ашытатын-лагерлік бөлімшелерден басқаларды жертөлелерде және жартылай жертөлелерде орналастыруға болмайды.

      41. Барлық үй-жайлардың төбесі және қосымша үй-жайлардың қабырғалары ақталуы керек, құю, ашыту, сыра ашытқысы, ашытқы, лагерлік және сүзу бөлімшесінің панелін 1,8 м биіктікке дейін, ал пісіру бөлімшесінде төбеге дейін тақтайшамен қапталуы керек немесе ашық түсті майлы сырмен сырлануы керек.

      42. Жабдықтардан ағынды су канализацияға жабық түрде құйылуы керек. Ағын суларды еденге ағызуға, ашық науаларды құруға рұқсат етілмейді.

      43. Жабдықтардың өніммен жанасатын барлық бөліктері Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалуы керек. Жабдықтардың және керек-жарақтардың беттері тегіс болып, жууға және зарарсыздандыруға оңтайлы болуы керек.

      44. Аппаратура мен құбырлардың оқшаулағыштары түрлі-түсті майлы бояумен боялуы керек.

      45. Сыртқа ашылатын барлық ойықтарға (терезелер, желқағарлар, есіктер) жылдың жылы кездерінде тор қағылуы керек.

      46. Өндірістік және қосымша үй-жайлар, жабдықтар және керек-жарақтар тазалықта ұсталуы керек. Өндірістік цехтардың кіре берістерінде зарарсыздандырғыш ерітіндіге малынған кілемшелер төселуі керек.

      47. Өндірістік, қосымша үй-жайларды жинауды тазалаушы адам жүргізіп, жұмыс орындары және жабдықтарды жұмысшылардың өздері немесе осы жұмысқа бекітілген адам жүргізіп тазалауы керек.

      48. Барлық жинайтын керек-жарақтар белгіленіп жеке шкафтарда сақталады, оларды басқа мақсатта қолдануға болмайды.

      49. Өндірістік үй-жайлардағы едендерді жұмыс уақытында және аяқталғаннан кейін жуу керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық үй-жайларға, жабдықтарға және керек-жарақтарға ылғалды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Алдымен есіктерді, панелдерді, карниздарды, терезенің алдын, жылыту құралдарын, құбырларды ылғалды шүберекпен сүртеді, содан кейін едендерді жуады. Ылғалды үй-жайларды құрғатылғанға дейін сүртеді. Баспалдақтар кірлеуіне қарай жуылады. Терезе шынылары, ішкі жақтаулары және олардың аралықтарын жуу айына 1 реттен кем болмауы керек.

      50. Барлық үй-жайларды ақтау және сырлау кір болған сайын жүргізіліп және ол жылына 1 реттен кем болмауы керек. Қабырғада, төбеде, бұрышты зең пайда болса, әктеу алдында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген, арнайы дәрі-дәрмектермен өңделеді. Сылағы түскен жерлер тез арада сыланады содан соң ақталады немесе сырланады.

      51. Көтергіштердің кабиналары күнделікті тазаланып, сүртілуі керек, қорғаныс қоршаулары, трансмиссиялар, желдеткіш камералар мен каналдар кем дегенде тоқсанына 1 рет тазалануы керек.

      52. Бөгде адамдардың өндірістік үй-жайларға, қоймаларға кіруі әкімшіліктің рұқсатымен тек санитарлық киім кигенде ғана рұқсат етіледі.

      53. Өндірістік үй-жайларда қосалқы бөлшектерді, ұсақ бөлшектерді, шегелерді сақтауға рұқсат етілмейді. Слесарлардың және басқа жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың керек-жарақтары тасымалдамалы керек-жарақ жәшігінде сақталады.

      54. Шағын жөндеу жұмыстарын, өнімге бөтен зат түспейтіндей етіп, қоршағаннан кейін өндірісті тоқтатпай жүргізуге болады.

  6. Шикізаттарды сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      55. Барлық түсетін шикізаттар, қосымша және орап түюге керекті материалдар қолданылып жүрген нормативті құжаттарға сәйкес болуы керек. Шикізаттарды сақтау оларды сақтау ерекшеліктерін сақтай отырып, арнайы орындарда бөлек сақтайды. Қоймадан жіберілетін шикізаттардың әрбір партиясынан үлгілері алынып, өндірістік зертханада тексерістен өтуі керек.

      56. Алкогольсіз сусындарды өндіру барысында белгіленген тәртіпке сай қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспалар (бояғыштар, иіс берушілер, мөлдірлікті жоятындар, тағамдық қышқылдарды) қолданылады. Тағамдық қоспалардың қолдануға рұқсат етілген сертификаты болып, зауыт шығарған қорапта сақталуы керек. Бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып салуға, болмаса құюға болмайды. Оларды материалдық қоймаларда арнайы шкафтарда сақтайды.

      57. Тағамдық өнімдерді сақтауға арналған қоймаларда тағамдық өнімдерге жатпайтын материалдарды, қалдықтарды, дәнді дақылдарды, қантты сақтауға болмайды.

      58. Тағам өнімдерін сақтауға арналған қоймалардағы желдеткіш және басқа да тесіктер тормен торланып, терезелер шынылануы керек.

      59. Шикізаттарды сақтауға арналған қоймалар құрғақ болып, жақсы желдетілуі керек, температуралық-ылғалдылық режимін өлшеп отыруға психрометрмен, еденнен 25-30 см жоғары, қабырғадан кем дегенде 70 см қашықтықта орналасқан сөрелермен жабдықталуы керек, олардың арасы 1 м кем болмауы керек. Уыт пен арпаны сақтайтын қойма суырып-тартатын желдеткіш жүйесімен, термометрлермен, психрометрлермен жабдықталуы керек.
      Құндақ құрғақ және салқындатылатын бөлмеде сақталуға тиіс. Түріне және сапасына қарамай құндақты сақтау үшін  о С-тан 2 о С-қа дейінгі аралықтағы температура болуы керек. Құндақ пен арпаның жаңа тұқымын қоймаға қабылдаудан бұрын қойма жөндеуден өтіп, зарарсыздандырылуы керек.

      60. Қаптар мен жәшіктерге салынған шикізаттар еденнен 25-30 см жоғары, қабырғадан кем дегенде 70 см қашықтықта орналасқан сөрелерде сақталады, олардың арасы 0,5 м болып, негізгі жүретін жолдың ені 1,5 м кем болмауы керек.

      61. Шикізаттар мен дайын өнімдерді сақтайтын қойманың қабырғалары мен төбесін әктеу жылына кем дегенде 1 рет жүргізілуі керек.

      62. Қойманың ішінде қойма қызметкеріне арналған киім ілетін шкафтармен, қолжуғышпен жабдықталған, жылытылатын бөлме болуы керек шағын өндіріс объектісінен басқасы. Қойма қызметкерлері объект үшін ортақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды, оның ішінде жылуды пайдаланады.
       Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      63. Қоймалық үй-жайларды (қабырғасын, төбесін, еденін) жинастыру жетісіне кем дегенде 1 рет, ал еденді жуу кірленуіне қарай жүргізіледі.

      64. Қораптар мен орау материалдары нормативті құжаттардың талаптарына сай болып, дайын өнімнің тұтастығын қамтамасыз етуі керек.

  7. Өндірістегі технологиялық үдерістерге
қойылатын талаптар

      65. Сыра өндіру жұмысы белгіленген тәртіп бойынша, қолданыстағы стандарттарға сай жүргізіледі. Сыра өндірудің технологиялық үдерісі сатылап жүргізілетін бірнеше кезеңнен тұрады: арпаны өңдеу, уытты өсіру, оны кептіру, сыра ашытқысын дайындау, сыраны ашытуды аяғына дейін жеткізу, сыраны ыдыстарға құю.

      66. Сыра өндірудің өндірістік үй-жайларына элеватор және уыт шығаратын бөлімшелері, оны кептіріп ұнтақтайтын бөлімше, сыра ашытқысын қайнататын және суытатын және сыраны ашытын бөлімдер болып, таза ашытқыны сақтайтын, сүзу және сыраны ыдыстарға құятын цехтардан тұрады.
      Алкогольсіз сусындарды өндіретін үй-жайларға: су дайындайтын бөлімше, шәрбат қайнату бөлімшесі, сүзу орны бар купаждау бөлімшесі, сыраны ыдыстарға құятын цех жатады.
      Шағын өндіріс объектісінің өндірістік үй-жайларының жиынтығы өндіріс процесін реттейтін бойынша нормативтік-техникалық құжаттамамен айқындалады.
       Ескерту. 66-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      67. Барлық технологиялық құрал-жабдықтар, аппараттар, сыйымдылықтар және керек-жарақтар тағамдық азық-түліктермен жанасуға рұқсат етілген материалдардан дайындалуы керек.

  8. Элеватор, уытхана және қайнату цехының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      68. Дәнді өңдеу және уытты дайындау элеватор және уытхана үй-жайларында жүргізіледі.

      69. Дән және уытты тазалауға арналған үй-жайлар сорып-шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткішпен немесе сорғыш қондырғылармен жабдықталуы керек. Дән тазалағыш жабдықтар желдету жүйесіне ауа өтпейтіндей тығыз жалғанып, қызмет көрсететін жапқыштары мен люктары дұрыс жұмыс істеуі керек.

      70. Арпа уытын өндіру сыраның нақты сортына және технологиялық талаптарға сай жүргізіледі.
      Жібітуге қабылданатын арпа алдымен жуылады, зарарсыздандырылады, содан кейін 100 килограмм (бұдан әрі - кг) жібітілетін арпаға 150-300 грамм (бұдан әрі - г) сөндірілмеген әк (СаО) есебінен әк сүті түрінде ертіндіге жібітіледі немесе әрбір 100 г жібітілетін арпаға 15-30 г хлорлы әк деген есеппен немесе Қазақстан Республикасының тамақ өндірісі саласында қолдануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қосу арқылы сумен жібітіледі.
      Шылау күбілері, уытты өсіруге арналған жәшіктер, барабандар, жәшіктің сүзгілері, сүзгінің астындағы орындар, дәндерге арналған аударғыштар жұмыстың әрбір циклынан кейін тазаланады, жуылады және хлорлы 2 сағат бойы немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген басқа зарарсыздандырғыш заттармен зарарсыздандырылады. Босаған әрбір жәшікті тазалайды, жуады және әктің 2%-ды ерітіндісімен ақтайды.

      71. "Жылжымалы жүйекшелерді" пайдаланғанда алдыңғы партияның дәні уыт араластыратын ожауларда және тізбектеп өткізгіш жүйелерінде қалмауы керек. Шикі уытқа арналған ішектерді, тасымалдаушыларды, элеваторларды, бункерлерді күнделікті тазалау керек.

      72. Арпаны шылау күбісіне жіберетін науа немесе құбырдың аяқ жағынан шаңды басуға арналған судың бетіне дейін ең аз ара қашықтық болуы керек.

      73. Уытты әрбір түсіргеннен кейін торлар тазаланып, есік және терезелер сыпырылуы керек. Кептіретін үй-жайларды және оның жанында орналасқан құрғақ үй-жайлар аптасына кем дегенде бір рет сыпырылады, тоқсанына бір рет ақталады. Терезе және есіктерді ылғалды шүберекпен сүртеді. Көлденең және тігінен орналасқан құрғатқыштар, сонымен бірге үзіліссіз жұмыс істейтін құрғатқыштар кем дегенде аптасына бір рет механикалық жолмен тазартылуы (сүзгілерді тазарту) керек.

      74. Құрғатқыштың шатыры мен сорғыш құбыры кем дегенде айына бір рет тазаланады және зарарсыздандырылады, жылуескіш бөлімшесі өскіндерден кем дегенде тәулігіне бір рет тазаланады.

      75. Жарма бөлімшесіндегі диірмен үй-жайының төбесі мен қабырғалары аптасына кем дегенде бір тазаланып, тоқсан сайын бір рет ақталып отыруы керек.

      76. Қайнату цехы арнайы мәшинелер және қазандықтарды пайдалана отырып дәнді қайнатуға дайындық жүргізілетін және сыра ашытқысы шығарылатын дәнді жаратын және қайнататын бөлімшелерден тұрады. Қайнату цехы жабдықтарының ішкі беттері әрбір қайнатудан кейін мұқият жуылып және тазалануы керек.

      77. Сыра ашытқыларының барлық құбырлары әрбір сыра айдағаннан кейін суық сумен жуылады, 15-20 минөт бойы булап, қайта жуылуы керек. Жылу сақтайтын шыныдан жасалған құбырларды қолданғанда коммуникациялар және арматура булағанда буды сыртқа шығармайтындай болуы керек.

      78. Уытты және құлмақты жармалар жуылғаннан кейін цехта арнайы жинағыштарға апарылуы керек. Жармаға арналған шнектер мен жәшіктер босағаннан кейін аптасына бір рет жуылып, буланып, зарарсыздандырылуы керек.

      79. Шикізаттарды (уыт және құлмақты, қантты және басқа да материалдарды) қайнату үй-жайларында сақтауға рұқсат етілмейді.

  9. Ашыту цехының жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      80. Сыра ашытқысының таза культураларын пайдалана отырып ашыту цехында сыра ашытқысын қайнату (ашыту) жүргізіледі.

      81. Сыра ашытқыларын ашыту ашық немесе жабық күбі аппараттарында (тарелка сықылды) немесе цилиндрлі конус тәрізді танктарда жүргізіледі.

      82. Тарелкелер мен күбілерді жуу үшін су беретін резеңке шлангтар арнайы ілгіштерде ілінген күйде сақталуы керек. Шлангтардың ұштарын едендерде қалдыруға болмайды. Тарелкалар мен тұндыратын күбілердің беттері тегіс, ойықсыз, ағызатын трапқа қарай еңіс болуы керек.

      83. Ауа кіруі үшін төбедегі және қабырғалардағы жалюздер шыбын кіруінен қорғайтын тормен қапталуы керек.

      84. Итарқа мен жоғарғы жалюздер шаңнан тазартылады және керек болған жағдайда жуылуы керек.

      85. Жабық мұздатқыш аппараттар (түтік және жалпақ түрдегілері) күнделікті жуылады және сілтінің бір пайызды ыстық (60 о ) ерітіндісімен 15 минөт бойы өңделеді де, жылы және суық сумен шайылады.

      86. Ашыту бөлімшесінің үй-жайлары сырттан салқындататын желдеткішпен жабдықталуы керек. Оның ішіндегі температура тұрақты түрде +5 - +8 о С аралығында ұсталуы керек.

      87. Ашыту күбілерін сыра шайырымен немесе канифолды лакпен жылына кем дегенде 1 рет шайырлау керек. Шайырлаудың бір бөлігінің зақымдалуы анықталса, оны жөндеу керек.
      Темірден жасалған заттарды шайырлауға лактарды, эмальдарды және белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген басқа да материалдарды пайдалануға болады.

      88. Алюминийден жасалған немесе беті эмальданған ашыту күбілерінің ішкі беттеріне қорғайтын заттар жағылмайды. Темір және алюминийден жасалған ашыту күбілерінің сыртын суда ерімейтін бояулармен сырлайды.

      89. Ашыту күбілері босағаннан кейін олардың ішкі беттері механикалық жолмен шөтке арқылы тазаланады, сумен жуылып, 30 минөт бойы зарарсыздандырылады, содан соң мұқият сумен шайылады. Алюминийден жасалған сыйымдылықтарда ылғалдың қалдықтары болмауы керек. Оның түбінде қалған суларды шүберекпен сүртіп алуға болмайды.

      90. Жуатын құрылғылар бар болған жағдайда, ашыту сыйымдылықтарын ашытқылардан және декидің қалдықтарынан алдын ала тазалау 6-8 атмосфералық қысым күші бар сумен 20 минөт бойы жүргізіледі. Содан соң қысым күшімен зарарсыздандырғыш ерітінді шашылады. Бұл ерітіндіні қысым күші бар сумен 3 минөт бойы шаяды. Лагерлік цехтың сыйымдылықтары осы тәртіппен өңделеді.

      91. Ашыту сыйымдылықтарын зарарсыздандыру үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген дәрмектік заттар қолданылады.

      92. Алюминийден жасалған ашыту күбілерінің беттерінде кездесетін сыра тастары азот қышқылының 17-19%-ды ерітіндісін немесе сульфаминді қышқылын (10 л суға 0,5-1,5 кг есебінен) қолдану арқылы жойылады.

      93. Ашытқыға арналған ағаш ванналардың ішкі беттері тағамдық парафинмен, лакпен немесе шайырмен қапталуы керек. Ванналар толтырылардың алдында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттармен зарарсыздандырылады.

      94. Ұсақ керек-жарақтар (сыраның дәмін татуға алатын сынамаларды алуға сыра ашытқысының дәмін көруге арналған стакан, өлшегіш цилиндрлер, термометрлер, қантын өлшегіштер) қолданылғанға дейін және одан кейін жуылып, шкафта сақталуы керек.

      95. Мұздатқыш аппараттар мен ашыту күбісінің арасындағы сыра ашытқысын өткізгіш суық сумен жуылады және технологиялық талаптарға сай буландырылады.

      96. Ашыту күбілерін лагерлік бөліммен байланыстыратын сыра өткізгішті әрбір ашыған сыраны құйып болғаннан кейін суық сумен жуады, содан соң аптасына кем дегенде 1 рет булап, артынан суық сумен шаяды.

      97. Ашыту және лагерлік бөлімшелердегі барлық резеңке шлангтар жұмыс басталардың алдында және аяқталғаннан кейін сумен жуылады және кем дегенде аптасына 1 рет антиформинмен зарарсыздандырылып артынан сумен шайылуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін шлангтар тұрақта сақталуы керек, ал жұмыс арасындағы үзілістерде шлангтардың ұштары тірегіштерге немесе ұстағыштарға ілінуі керек.

      98. Ашыту және лагерлік бөлімшелерінің коммуникацияларын зарарсыздандыру мәжбүр тәсілмен жабық жүйеде жүргізілуі керек.

      99. Едендер мен көпірлерді күнделікті зарарсыздандырғыш заттарды қолдана отырып шөткемен сүртіп және сумен жуу керек.

      100. Цехтарда аппаратура және жабдықтарды булау және зарарсыздандырудың уақыты тіркелетін жорнал ашу керек.

      101. Таза культуралар бөлімшесінің барлық аппаратурасына асептикалық жағдайларда жұмыс істеуді қамтамасыз етуі керек.

      102. Стерилизаторға және ашытуға арналған цилиндрлерге келетін ауа оның толық стерилдігін қамтамасыз ететін ауа сүзгіштері арқылы өтуі керек.

      103. Әртүрлі жүйедегі ашытқы өсіретін аппараттарды жұмыс басталардың алдында 0,5-1,0 атм. қысым күші бар бумен 45 минөт бойы стерилденеді.

      104. Ашытқы өсіретін аппараттардың барлық сыйымдылықтары тұнбадан қысым күші бар су арқылы айына кем дегенде 1 рет (жиі культураларды ауыстырғанда) босатылады, беттері механикалық жолмен тазаланады және сумен мұқият шайылады.

      105. Ашытқылардың таза культуралар бөлімшесінің үй-жайлары әрбір ауысымың соңында мұқият жиналады, судың ағынымен сыра ашытқысының қалдықтары еденнен тазаланады. Қабырғалар, еден және есіктер апта сайын зарарсыздандырғыш ерітінділермен өңделеді.

      106. Лагерлік цех құрғақ, сорып шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткішпен жабдықталуы керек. Сырттан салқындату қолданылатын лагерлік үй-жайларда +3 о С-ден аспайтын температура болуы керек. Іштен салқындатылатын жабдықтар үшін үй-жайдағы ауаның температурасы нормаланбайды. Танктар мен бөшкелердің сыртқы беттерін санитарлық өңдеуден өткізу аптасына 1 реттен кем болмауы керек.

      107. Лагер бөшкелері мен темір банкаларды сыра шайырымен шайырлау канифолды лакпен немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген қаптағыштардың басқа да түрлері арқылы, кем дегенде жылына 1 рет жүргізіледі; егер шайырлаудың аздап зақымдалғандығы анықталса оны жөндеу жүргізіледі.

      108. Лагерлік танктер босаған сайын таза сумен және шөткемен жуады, зарарсыздандырып, судың ағынымен шайылады.

      109. Лагер бөшкелері мен танктерді механикалық жолмен 6-8 атм. қысым күші бар судың ағынымен 3 минөт бойы ашытқылардың қалдықтарынан жуып, оның беттерін зарарсыздандырғыш ерітінділермен 30 минөт өңдегеннен кейін 3 минөт бойы сумен шаяды.

      110. Лагерлік цех пен құю цехінің арасындағы құбырларды сыраны құярдың алдында және құйған соң 10 минөт бойы сумен шаяды.

      111. Сүзгіш бөлімге сыра жіберетін құбырлар жеті сайын бір рет сумен жуылып, артынан 10 минөт бойы ыстық бумен булау керек.

      112. Сүзуден өткен сыраны жинайтын сыйымдылықтар суытылатын үй-жайда орналасуы керек.

      113. Сүзгіш құралдардың металлдан, эбониттен жасалған жақтауларын аппаратты жұмысқа қосардың алдында сумен щеткалап жуады, жетісіне кем дегенде 1 рет зарарсыздандырады.

      114. Сыраны мөлдірлейтін айырғышты жұмыс біткеннен соң сілті және су қосылған айналдыру арқылы жуатын жуғышқа қосылуы керек; бірақ оларды аптасына кем дегенде 1 рет бөлшектеп, каустикалық соданың 1-2%-ды ерітіндісін қолдана отырып жұмсақ шөткемен жуып, содан соң ыстық және суық сумен шаяды.

      115. Диатомитті немесе кизельгурлы сүзгілерді пайдаланғанда күнделікті сүзу аяқталғаннан кейін және сүзгі элементтерінен тұнбаны алып тастағаннан кейін, оны алдымен суық сумен содан соң температурасы 85-90 о С ыстық сумен 15-20 минөт бойы жуады. Ыстық суды суық сумен алмастырып жұмыстың келесі циклына дейін қалдырады.

      116. Сүзгі жүйесін аптасына 1 рет 60 о С температурадағы каустикалық соданың 1%-ды ерітіндісімен толтырады, жабық циклде 15 минөт бойы айналады. Содан соң сүзгіні ыстық және суық сумен жуып, зарарсыздандырғыш ерітіндімен (антиформин) өңдеп артынан суық сумен шаяды.

      117. Тор көзді сүзгілерді айына 1 рет азот қышқылының 1%-ды ерітіндісімен жуады. Стерилді сүзу жүргізілгенде сүзгінің пластиналарын айырмашылығы 0,5 атм. қысым күші бар бумен өңдейді.

      118. Ұйымда күнделікті зарарсыздандырудан басқа, үй-жайларды, жабдықтарды, аппаратураларды және керек-жарақтарды өндірісті тоқтатып жалпы зарарсыздандырудан өткізу керек. Жалпы зарарсыздандыру кем дегенде айына 2 рет жүргізіледі. Зарарсыздандырудың алдында жабдықтар мен аппаратураны механикалық жолмен тазалап, жуады.

      119. Зарарсыздандыруға Қазақстан Респуликасының аумағында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттар пайдаланылады. Зарарсыздандыруға технологиялық талаптарға сәйкес, тек жаңа дайындалған ерітінділер ғана қолданылады.

      120. Зарарсыздандырғыш заттар жеке жабық үй-жайларда сақталуы керек. Зарарсыздандыру аяқталғаннан кейін барлық жабдықтар, аппаратура зарарсыздандырғыш ерітінді толық кеткенге дейін сумен мұқият шайылады. Шайынды сулар микробиологиялық бақылауға (айына 1-2 рет) алынады.

  10. Алкогольсіз сусындарды өндіруге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      121. Алкогольсіз сусындарды шығару үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген технологиялық жабдықтар пайдаланылады.

      122. Алкогольсіз сусындар өндірісін орналастыру үшін купаждау және құю цехтеріне жеке үй-жайлар бөлінуі керек. Алкогольсіз сусындар өндірісіне концентраттар қолданылған жағдайда, шағын өндіріс объектісінде купаждау және құю цехтардың бөлмелерін бірлесіп қолдануға рұқсат етіледі|.
       Ескерту. 122-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      123. Алкогольсіз сусындарды дайындауға берілетін суды салқындатуға арналған бак күнделікті жуылады. Алдын ала су мен шәрбәтті салқындатпай алкогольсыз сусындарды дайындауға болмайды. Су сатураторға берілер алдында сүзгіден өткізіліп, +4 о С температураға дейін салқындатылады. Сүзгілер қажеттілігіне қарай тазартылып және дайындалады, бірақ айына 2 реттен кем емес.

      124. Мәшинелер, аппараттар, араластырғыштар, шикізаттарға, жартылай дайындалғандар және дайын өнімдерге сыйымдылықтар, сонымен бірге цех керек-жарақтары ауысым басталардың алдында және жұмыс аяқталғаннан кейін мұқият жуылып, зарарсыздандырылып, механикалық ақаулары жөнделуі керек.

      125. Купаждаушы орын, шәрбәт өткізгіштер кем дегенде аптасына 1 рет бөлшектеніп, механикалық тазалаудан өтеді, ыстық сумен жуылып, зарарсыздандырылады да сумен шайылады.

      126. Купажерлердің аузы тығыз жабылып, сырттары күнделікті тазалануы керек. Шәрбәт қайнататын қазандарды әрбір шәрбәт қайнатқанға дейін және одан кейін ішкі бетін ыстық сумен жуып, сыртын күнделікті тазалайды. Шәрбәт қайнатуға ішкі беті тегіс емес (бірақ айнадай жылтыр) қазандарды қолдануға болады.

      127. Хош иісті тұнбаларды, органикалық қышқылдарды, қант алмастырғыштарды, толтырғыштарды, хош иісті заттарды, бояғыштарды, қосымша материалдарды, жуғыш заттарды сақталу жағдайын және температурасын қадағалай отырып, бөтен заттардың түсуін және өзіне тән емес иіс және дәмді сіңіру мүмкіндігін болдырмайтындай етіп, бөлек сақтайды.

  11. Нан квасын өндіруге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      128. Нан квасы керекті жабдықтармен, аппаратурамен және керек-жарақтармен жабдықталған дайындалуы керек.
      Объектінің жұмысы маусымдық сипатта болған жағдайда уыт пен дайын өнімдер пісіп жетілдіру мақсатында оларды ашық алаңда саңылаусыз тағамдық изотермиялы сыйымдылықтарда сақтауға жол беріледі.
       Ескерту. 128-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      129. Квас ашытқысының қанықпасын сақтауға арналған сыйымдылық босағаннан кейін және жаңа үлестерді қабылдардың алдында ыстық сумен жуылады, зарарсыздандырылып, көп мәрте сумен шайылады немесе бумен өңделеді.

      130. Нан ұсататын бөлімшенің жабдықтары (квас нандарын ұсатқыш, қара бидай және арпа уытын ұсатқыш) және берілетін механизмдер (элеваторлар, транспортерлер, тұндыру күбілеріне қоспаларды айдайтын сорғылар) аптасына 1 рет шикі зат қалдықтарынан тазаланып, зарарсыздандырылады.

      131. Суда қанықпаны ерітуге арналған араластырғышы бар күбі мен ашытқыны қантпен купаждауға арналған купаждау күбісі жұмыстың әрбір циклынан кейін жуылып, бумен өңделеді, аптасына 2 рет зарарсыздандырады.

      132. Тығындау және тұндыру күбілері квас ашытқысын әрбір қайнатқаннан кейін қалған қоюларын толық кетіргенше сумен шайылады.

      133. Ұйым тәулік бойы жұмыс істейтін болса, тұнған квас ашытқысына, ашытылған ашытқыны салқындатуға, квасты салқындатуға арналған жылуалмастырғыштар, ашытқы өткізгіштерді аптасына 1 рет 5-6 сағат бойы зарарсыздандырады.

      134. Кезеңді (екі ауысымдық) жұмыста жұмыс күнінің аяғында ашытқы өткізгіштегі және жылу алмастырғыштағы барлық ашытқы тығындалған күбіге түсіріледі. Ашытқы өткізгішті ыстық сумен жуады. Қазақстан Республикасында рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттармен ашытқы өткізгіш жетісіне 1 рет зарарсыздандырылады.

      135. Ашық ашыту күбілері мен купаждау күбілерін жұмыстың әрбір циклынан кейін сумен шайып, аптасына 2 рет зарарсыздандыру керек.

      136. Нан квасын дайындау үшін ашытқылар мен сүтқышқылды бактериялардың таза культуралары пайдаланылуы керек.

      137. Таза культуралар өсіретін үй-жайларда жұмыс басталардың алдында ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді, содан соң бактерия жоятын шамды қосады. Грейнер қондырғысының барлық сыйымдылықтары (ашытқылардың таза культураларын өсіруге арналған) бу арқылы стерилизациядан өткізілу керек.

  12. Сыра және алкогольсіз сусындарды құюға арналған бөтелкелерді дайындауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      138. Бөтелкелерді жуу ванналарына салардың алдында қайта сұрыпталуы керек. Аузы зақымдалған, тырналған, көпіршіктері бар немесе бөтен иісі бар бөтелкелер жарамайды.

      139. Бөтелке жууға каустикалық, кальциленген соданың және үшнатрийфосфаттың ерітінділері әдістемелік нұсқауға сәйкес қолданылады, өндірістің зертханасы ауысым сайын ерітінділердің қанықпаларын тексереді.

      140. Әр түрлі белгідегі бөтелке жуатын мәшинелерде бөтелке жуу мәшинеге берілетін нұсқауларға сай қатаң түрде жүргізілуі керек. Бөтелкелерді шаю 1,5 атм. қысым күші бар су арқылы жүргізіледі.

      141. Қатты кірлеген бөтелкелер алдын ала кальциленген соданың 5 %-ды ерітіндісімен немесе техникалық тұз қышқылының 2-3%-ды ерітіндісімен жуылады. Алдын ала жуылған бөтелкелер сол күні немесе келесі күннен қалмай соңғы жууға жіберілуі керек.

      142. Жуу мәшинелерін кірлеген сайын тазалайды, бірақ ол аптасына 2 реттен кем болмауы керек. Жуғыш ерітіндіні канализацияға ағызғаннан кейін жуатын ванналар зат белгісінен, шыныдан және басқа қоқыстардан тазартылады. Жуу ванналарының ішкі беттерін хлорлы әктің 2%-ды ерітіндісімен өңдеп, 1 сағаттан кейін сумен шаяды. Жуылған ванналар жаңа жуғыш ерітіндімен толтырылады.

      143. Бөтелке жуатын мәшинелердің жұмыс істеу режиміне техникалық және зертханалық бақылау жүргізілуі керек.

      144. Бөтелкелерді қолмен жуғанда жуатын ваннадағы су ауысымына кем дегенде 2 рет ауыстырылуы керек. Ауысым аяқталған соң жуу ванналарын механикалық жолмен тазалап, сумен шаяды.

      145. Жуылған бөтелкелер жарықтану экранының бақылауынан өткізілуі керек. Шала жуылған бөтелкелер қайта жуылуға жіберіледі.

      146. Сынған шыныларды жинауға арналған арнайы бункер болуы керек. Бункердегі қоқыс өзінің ағынымен мәшиненің кузовына төгілетіндей болуы керек.

      147. Квас және сыра құюға арналған цистерналарды жуу үшін ыстық және суық су, бу жүргізілген эстакадамен жабдықталуы керек. Цистерналарды жуу қолданып жүрген технологиялық талаптарға сәйкес жүргізілуі керек.

  13. Сыра және алкогольсіз сусындарды құюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      148. Сыра және алкогольсіз сусындарды құю үшін түрі, қалпы және тығындау тәсілдері әр түрлі сыйымдылықтарды қолданады: бір рет пайдаланылатын шыны бөтелкелер, айналымда көп уақыт жүретін шыны бөтелкелер, ПЭТФ-тен жасалған бөтелкелер, шыны банкелер.
      ПЭТФ-тен жасалған бөтелкелерді Республика аумағында сыра құю үшін қолдануға болмайды.

      149. Құярдың алдында қабылданатын бөтелкелерге, олардың жуылуы мен тексерілуіне, ақауына бақылау жүргізіледі. Бөтелкелер толтырылып, аузы тығындалғаннан кейін қайта бақылаудан өткізіледі.

      150. Кег бөшкелеріне сыра құярдың алдында сыртын сумен және сілтілі ерітіндімен өңдеп, содан кейін таза сумен шаяды. Ішкі беттері сумен шайылады, қалған су ауа арқылы құрғатылады, ыстық сумен түбін және қабырғаларын жуады, бумен буланып, қалған су стерилды ауамен құрғатылады.

      151. Құюдың барлық жүйелері және бір мезгілде сыра ағызатын бактар мен купаждау бөлімінің барлық аппаратурасы аптасына 1 рет механикалық тазалаудан өткізіледі, бумен немесе антиформинмен зарарсыздандырылады, содан соң таза сумен шайылады.

      152. Қазіргі заманғы өнімділігі жоғары жабдықтарды жуу және зарарсыздандыру үшін жабық түрдегі СИР стансаларын пайдаланады.
      Аталған тармақтың талаптары шағын өндіріс объектілеріне қолданылмайды.
       Ескерту. 152-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      153. Құю блогын шаю 80-95 С температурасындағы ыстық су арқылы әрбір 2 сағат сайын жүргізіледі. Ашыту-лагерлік бөлімшенің сыйымдылықтарын шаю механикалық жолмен немесе жуатын қондырғы арқылы жүргізе алады.

      154. Құятын аппараттар өнімді құйғанға дейін және құйып болған соң таза сумен шайылуы керек.

      155. Барлық аппараттарды толық бөлшектеу, тазалау және зарарсыздандыру аптасына 1 рет жүргізілуі керек.

      156. Сүзетін бөлімше мен құю агрегатының арасындағы сыра өткізгіш аптасына 1 рет 15 минөт бойы булануы керек.

      157. Кронентығын және тығындайтын қалпақтар техникалық жағдайларға сай болып, науаларда немесе 15 С температурадағы құрғақ үй-жайларда жәшіктерде сақталады. Қаптарға салынған бөтелкелерді тығындайтын материалдар сөрелерде сақталуы керек.

      158. Сыра немесе квас құйылған бөшкелердің тесіктері таза шкантпен тығыз тығындалуы керек.

      159. Сырамен немесе кваспен толтырылған және аузы тығындалған бөтелкелерді бақылау үшін мынадай іс-қимылдар жүргізіледі: толтырылу деңгейін бақылау, тығындар мен басқа қосындылардың болуын бақылау. Дайын өнімді сұрыптау зат белгісі жапсырылған деңгейге дейін құйылғаннан кейін жүргізіледі. Өнімнің сапасын тексеру құйылу кезінде және экспедицияда жүргізілуі керек.

  14. Дайын өнімдерді тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      160. Дайын өнімдерді тасымалдау белгілі үлгіде дайындалған автокөлікке берілетін санитарлық төлқұжаты бар арнайы көлік арқылы жүргізіледі. Мұндай көлікпен тағам өнімдеріне жатпайтын заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      161. Автоцистерналарды толтырардан бұрын қабырғаларында қалған қалдықтарды шөткемен тазартып, ағынды сумен жуып, қақпағы жабылған күйде 5-6 мин. бойы ыстық бумен өңдейді.
      Квасты өндіру, сақтау және тасымалдауға арналған сыйымдылықтардың люктері жұмысшы құрамының қол щеткаларымен іш жағына ішкі беттерін шаю мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
       Ескерту. 161-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

      162. Ашық кузовы бар тасымалдаушы автокөліктер тасылатын өнімдерді тазалықта ұстау үшін брезентпен немесе басқадай тығыз жабқышпен жабдықталуы керек.

      163. Сыра мен алкогольсіз сусындарды тиеп, түсіргенде қауіпсіздік шараларын қарастыру керек.

      164. Алкогольсіз сусындарды өндіретін бөлімдегі аппараттар мен құбыр жолдарын зарарсыздандыру жұмысы қолданыстағы технологиялық талаптарға сай, кем дегенде жетісіне 1 рет жүргізілуі керек.

  15. Үй-жайларға және медициналық қамсыздандыруға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      165. Объектілерде тұрмыстық үй-жайлар қолданыстағы нормативтік құжаттарды талаптарына сай болуы керек.

      166. Тұрмыстық үй-жайлардың құрамында сыртқы жұмысшы киімдерді ілетін және санитарлық киімдерін және ішкі таза киімдерді беретін және жұмыс бабында пайдаланылған санитарлық киімдерді қабылдайтын бөлме, себезгі бөлмесі, дәретханалар, әйелдің жеке басының тазалығын сақтайтын үй-жай қарастырылуы керек. Санитарлық киімдер үй киімдерінен бөлек сақталады.

      167. Жұмысшылар жұмыс басталардың алдында жұмыс істеуге арналған таза жұмыс киімдерін алулары керек. Егер жұмыс барысында жұмыскерлерге дәнді дақылдардың үстімен жүру керек болса, олар керекті аяқ киіммен (резеңке етік болмаса аяқ киімнің сыртынан киетін брезенттен жасалған шұлықпен) жабдықталуы керек.

      168. Резеңке етіктерді жұмыс бабында қолданардың алдында 2%-ды хлорлы әктің ерітіндісімен зарарсыздандырып, ал брезент шұлықтарды сумен жуу керек. Аяқ киімдер арнайы шкафтарда сақталуы керек. Токқа кірер жердің алдында зарарсыздандыру ерітіндісіне малынған кілемше жатуы керек.

      169. Тұрмыстық үй-жайларда тамақ ішуге, болмаса оларды басқа мақсатқа пайдалануға болмайды. Тамақ ішу асханада немесе арнайы бөлмеде жүргізілуі керек.

      170. Дәретханалардың алдындағы шлюздерде санитариялық киімдерді ілетін ілгіштер, қолжуғыштар қарастырылуы керек.

      171. Тұрмыстық үй-жайлар ауысым сайын арнайы персонал арқылы 1 рет жуылып отырылуы керек.

      172. Санитарлық жүйелерді жинау үшін белгі салынған арнайы керек-жарақ бөлінуі керек. Дәретханаларды жинау әрбір 2 сағат сайын, арнайы персонал арқылы жүргізілуі керек.

      173. Сыра және алкогольсіз сусындарды шығарумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын объектінің қызметкерлері, сонымен бірге арнайы оқу орындарының оқушылары өндірістік тәжірибеден өтер алдында, міндетті түрде жұмысқа қабылданар алдында және кезеңді медициналық тексеруден өтуі керек, денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы бекіткен тәртіпте гигиеналық дайындықтан өтуі керек.

      174. Әрбір қызметкердің барлық медициналық тексерулердің қорытындысы және гигиеналық оқудан өткендігі жазылған жеке басының медициналық кітапшасы болуы керек.

      175. Ұйымның барлық қызметкерлері қол тазалығын сақтап, арнайы таза киімдерді киіп жұмыс істеулері керек, объектіден шығар және дәретханаға барадың алдында санитарлық киімді шешіп, жұмыс басталардың алдында және дәретханадан шыққан соң, сонымен бірге әрбір үзілістен және лас заттарды ұстағаннан кейін сабынды жылы сумен қолын жууы керек.

      176. Күнделікті жұмыс басталардың алдында персоналдарға тексеру жүргізілуі керек. Іріңдеу ауруларының, терінің жарақат алған күйген жерлері бар, жұқпалы аурудың белгісі бар адамдар жұмысқа жіберілмеуі керек. Бекітілген түрдегі жорналға тексерулердің қорытындысы жазылады, осы санитарлық ережеге қосымша.

      177. Әрбір объектінің алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектердің жиынтығы бар қобдиша болуы керек.

      178. Слесарьлар, электрмонтерлер және объектінің өндірістік, қойма үй-жайларындағы жөндеу жұмыстарымен шұғылданатын басқа да жұмыскерлер арнайы киіммен жұмыс істеулері керек.

      179. Ұйымдарда шыбындармен, тарақандармен және кеміргіштермен күресу шаралары қолданылып жүрген нормативті құжаттарға сәйкес жүргізілуі керек.

      180. Кеміргіштердің таралуынан сақтану үшін мыналарды іске асыру керек:
      1) үй-жайлардың есігі мен табалдырығын жалпақ темірмен, темір тормен жабу керек;
      2) үй-жайдың астыңғы жер төлесіндегі терезелер мен желдеткіш каналдардың тесіктерін шыбын-шіркейден қорғайтын тормен жабу керек;
      3) қабырғалардағы, едендердегі, құбырлар мен радиаторлардың айналасындағы тесіктерді темір жаңқасы қосылған цементпен жабу керек.

      181. Зарарсыздандыруды объектінің оқыған қызметкері жүргізеді. Объектіге дезинсекция мен дератизацияны зарарсыздандыру жұмыстарымен айналысатын ұйымдар жүргізеді.
       Ескерту. 181-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2008.05.30.  N 314  бұйрығымен.

"Сыра және алкогольсіз     
сусындарды өндіру жөніндегі  
объектілерге қойылатын    
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар"          
санитарлық-эпидемиологиялық 
ереже мен нормаларына қосымша

Объект қызметкерлеріне жүргізілген медициналық
тексерістердің қорытындысы тіркелетін жорнал

Цех (бригада)____________________________________________________
_________________________________________________________________

Бастық (бригадир)__________________________________________
                         (фамилиясы, аты-жөні)

___________________________________________________________________
N |Фамилиясы,|ЦЕХ, |                 Айы/күні
  |аты, жөні |лауа.|_______________________________________________
  |          |зымы |  1   |   2   |  3   |  4   |   7  | ... |30
__|__________|_____|______|_______|______|______|______|_____|_____
1.                  дені   кезек.  Ауыр. Демалыс. жұмыс. ...   дені
                    сау    ті дем  ған   та       тан          сау
                           алыста  күн.           боса.
                                   дері           тылған
                                                  күндері
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________

"Эпидемиология және тағам гигиенасы
санитарлық-эпидемиологиялық    
ереже мен нормаларды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау министрдің         
міндетін атқарушының        
2004 жылғы 18 тамыздағы      
N 630 бұйрығымен бекітілген    

  "Физио- және инерефлексотерапиясы бөлімшелерін
(кабинеттерін) ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Физио- және инерефлексотерапиясы бөлімшелерін (кабинеттерін) ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік түріне қарамастан электр-жарығымен емдеу, электрмен ұйықтату, ультрадыбыспен, аэроионды-аэрозолды және электрлі-аэрозольмен, электро-форезбен, жылумен емдеу, массаж жасау, инерефлексотерапиямен емдеу қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      2. Осы санитарлық ереже талаптарының орындалуын ұйымдардың басшылары және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

      3. Осы санитарлық ережені дайындауда төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) физиотерапия - емдеу мақсатында табиғи және физикалық (электрмагниттің, жарықтың, лазердің, жылу көздерінің сәулесімен, ультрадыбыстық толқынмен және басқа да әсерлермен) факторларды қолдану;
      2) аэроионды-аэрозольмен емдеу және электрлі-аэрозольмен емдеу-ауаға аэрозоль түрінде шашылған сұйық және қатты дәрмектік заттармен дем алу арқылы емдеу;
      3) дарсонвализация - жоғары жиіліктегі (110 килогерц), жоғары кернеудегі (20 киловатт) және аз күші (0,02 мегаампер) бар айнымалы импульсты токты қолдану арқылы электрмен емдеу әдісі;
      4) индуктотермия - емдеу мақсатында науқастың денесінен жоғары жиіліктегі (13,56 мегагерц) индукциялық құйынды токты өткізу;
      5) инемен емдеу, инерефлексотерапия, акупунктура - әр түрлі ауруларды адам денесінің белгілі нүктелеріне ине (арнайы инелермен және лазер сәулесімен) шаншу арқылы рефлекторлы әдіспен емдеу;
      6) уқалау-денені немесе белгілі бір мүшені емдеу немесе аурудан айықтыру мақсатымен қолмен, кейде арнайы құралдармен механикалық әсер ету;
      7) микротолқынды емдеу (бұдан әрі - ӨЖЖ-емдеу) - емдеу мақсатында өте жоғары жиіліктегі электрмагнитті өрісті қолдану;
      8) магнитпен емдеу - емдеу мақсатында тұрақты магнит өрісін (бұдан әрі - ТМӨ) немесе төменгі жиіліктегі ауыспалы магнит өрісін (бұдан әрі - АтжМӨ) қолдану;
      9) озокеритпен, парафинмен (жылумен емдеу) емдеу - емдеу мақсатында медициналық озокерит пен парафинді қолдану;
      10) озокерит - "органолиттердің" минералды класқа жататын тау балауызы;
      11) жарықпен емдеу (фототерапия) - емдеу мақсатында инфра-қызыл, көрінетін және ультракүлгін сәулелерден тұратын жарықтың қуатын қолдану;
      12) соллюкс - емдік мақсатқа, үстел үстіне қойылатын қыздыру шамының инфрақызыл сәулелерін пайдалану;
      13) ультражоғарыжиіліктегі ем (бұдан әрі - УЖЖ-ем) - емдеу мақсатында айнымалы электрмагнитті өрістің жоғары және ультражоғары жиіліктегі электр қуатын қолдану;
      14) ультрадыбыспен емдеу - емдеу мақсатында 500 кГц жиіліктегі және одан да көп жиіліктегі серіппелі механикалық толқындарды қолдану;
      15) фотарий - аурудың алдын алу мақсатында адамдар тобын ультракүлгін сәуле соққысының әсеріне ұшырату арқылы емдеуге арналған үй-жай;
      16) электрмен емдеу - емдеу мақсатында әр түрлі электр тогын, магнитті электр өрістерін қолдану. Электр әдісімен емдеуге: УЖЖ-мен, (ӨЖЖ) микротолқынмен, магнитпен емдеу, индуктотермия, дарсонвализация, тұрақты, айнымалы және импульсты токтар арқылы емдеу, электр арқылы ұйықтату, электрофорез жатады;
      17) электрофорез - тұрақты электр тогының әсері және оның көмегімен ағзаларға дәрмектік заттарды жіберу арқылы әсер ету;
      18) электрмен ұйықтату - импульсты токтың бас миының құрылымына емдік әсер етуі;
      19) экрандалған кабина - электромагниттік сәуле көзінен қорғану үшін арнайы материалмен (темір тормен, микроөткізгіші бар матамен) жабылған үй-жай немесе оның бір бөлігі.

  2. Үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар

      4. Физиотерапиялық қызмет көрсететін ұйымдар (бөлімшелер, кабинеттер) жеке ғимараттарда орналасады немесе ауруханалық ұйымдардың құрамында болады.

      5. Бөлімшелер (кабинеттер) үй-жайларының жиынтығы және аудандары, олардың әрленуі мен жабдықталуы бойынша қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан әрі - ҚНжЕ) және осы санитарлық ережеге қосымшаға сәйкес болуы керек.

      6. Құрғақ тәртіпте жұмыс істейтін үй-жайлардың қабырғасын ашық түсті силикатты бояумен сырланады. Ылғалды тәртіпте жұмыс істейтін үй-жайлардың қабырғасын төбеге дейін глазурленген тақтайшалармен немесе басқа да ылғалға төзімді материалдармен қаптау керек.

      7. Үй-жайдың едендеріне төсеуге және емшара кабиналарының шымылдықтарына синтетикалық материалдарды қолдануға болмайды.

      8. Үй-жайды жылыту, желдету, жарықтандыру жүйелерінің, микроклиматы мен ауа ортасын қамтамасыз ететін қондырғылар Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің реестерінен N 1913 тіркеуден өткен, "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 23  бұйрығымен  бекітілген "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар" туралы қолданыстағы санитарлық ереже мен нормаларының талаптарына сай болуы керек. Үй-жайдың микроклиматы және ауаның ауысу жиілігі қолданыстағы ҚНжЕ-ның талаптарына сай болуы керек.

      9. Желдететін құрылғыларды орнатқанда шудан қорғайтын шаралар қарастырылуға тиіс; жабдықтарды орналастыру және пайдалану барысында электрқондырғыларының құрылымы бойынша арнайы ережелер мен нұсқаулардың талаптары орындалуы керек.

      10. Емдеудің әрбір түрі бойынша емшара жүргізуге оңаша үй-жайлар жабдықталады. Стационарлық УЖЖ және ӨЖЖ генераторлары экрандалған кабиналарда орналасуы керек. Бір үй-жайда электрмен және жарықпен емдеуге арналған жабдықтарды орналастыруға рұқсат етіледі.

      11. Физиотерапиялық емдеу шараларын жүргізуге арналған кабиналардың қаңқасын пластмассадан немесе ағаштан жасау керек.

      12. Орталықтандырылған жылыту жүйелерінің жылыту құралдары, су құбырлары және канализациялық жүйелер емшара жүргізгенде науқастар мен персоналдар жанаспау үшін ағаш қаптамамен жабылып, барлық ұзындығы мен биіктігі бойынша майлы бояумен сырлануға тиіс.

      13. Кабиналар атқаратын қызметіне қарай, нөмірленіп Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тығыз матадан, клеенкадан немесе пластиктен жасалған шымылдықпен бөлінуі керек.

      14. Бөлімшелер, кабинеттерді жабдықтау үшін мемлекеттік тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасында медицинада қолдануға рұқсат етілген және медициналық техника бұйымдарына тиісті нормативтік-техникалық құжаты бар құрал-жабдықтар қолданылады.

      15. Медициналық керек-жарақтарды зарарсыздандыру және стерилизациядан өткізу қолданыстағы құқықтық нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Гидрофильды аралық төсеніштерді өңдеу электростерилизаторларда жуу, қайнату арқылы жүргізіледі.

      16. Физиотерапиялық бөлімшені пайдалану барысында персоналға физикалық, қауіпті химиялық және зиянды өндірістік факторлардың ықпалы болуы мүмкін:
      1) жоғарғы температура, ылғалдық, ауаның иондалуы;
      2) шудың, дірілдің, ультра және инфрадыбыстардың, статистикалық электрдің, барлық диапазондағы электромагнитттік сәуле бөлудің, инфрақызыл, ультракүлгін, лазерлі және сыртқы гамма сәуле көзінің деңгейлерінің жоғарылауы;
      3) электр өрісінің, магнит өрісінің жоғарғы кернеулігі;
      4) радонның және оған еншілес өнімдердің құрамының көбеюі;
      5) күкіртсутегінің, көмірқышқыл газының, скипидардың, озонның, азоттың, йодтың, бромның, метанның және хлордың ауаның құрамында көбеюі.

      17. Жұмысшы үй-жайдың ауасындағы зиянды заттардың құрамы қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес қанықпаның рұқсат етілген шегінен аспауға тиіс.

      18. Бөлімшелердегі (кабинеттердегі) жұмыс орнында шудың деңгейі қолданыстағы стандарттың және нормативті құқықтық актілердің талаптарымен белгіленген мәннен аспауға тиіс.

      19. Электростатистикалық өрістегі кернеудің деңгейі қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес болуға тиіс. Қондырғылармен жұмыс істейтін персоналдың жұмыс орнындағы пайдаланылатын диапазондардың жиілігіндегі электромагниттік қуат ағынының кернеуі мен тығыздығы, оларды бақылау әдісі, қорғанудың негізгі әдістері мен құралдары қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек.

      20. Жұмыс орнындағы магнит өрістерінің деңгейі, ауаның иондалуы және лазер сәулесінің соққысына ұшырау деңгейі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен белгіленген, рұқсат етілген деңгейлердің шегіне сәйкес болуға тиіс.

  3. Электрмен, жарықпен және ультрадыбыспен емдеу бөлімшелеріндегі (кабинеттеріндегі) жұмыс жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      21. Кабинаның ауданы 1 тұрақты жұмыс істейтін аппаратқа 6 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ) кем болмауы керек. Балалар бөлімшесінде (кабинеттерде) оңаша кабиналар қарастырылмайды, барлық емшаралар мейірбикенің бақылауымен жүргізіледі. Бір кабинаға бір тұрақты физиотерапиялық аппарат орнатылып, бас жағы көтерілетін және жергілікті жарықтандыру құрылғысы орнатылған ағаш төсек қойылады.

      22. Қашықтықтан басқарылатын аппараттар және қуаты 50 Вт-тан жоғары аппараттар оңаша үй-жайларда немесе темір өткізілген маталармен (микроөткізгішпен) экрандалған кабиналарда орналастырылады.

      23. УЖЖ-нің бірнеше портативті аппараттарын және микротолқынмен емдеу аппараттарын бір бөлмеде орналастырғанда, персоналдардың жұмыс орнындағы электрмагниттік қауіпсіздік талаптары қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес сақталуға тиіс.

      24. Электрмен ұйықтату кабинеттерін жүретін аумақтан тыс, дыбыстан оқшауланған, терезелерінің тыныш аумаққа бағытталуын есепке ала отырып орналастыру керек. Кабинеттің, дыбыстан қорғайтын шлюздің рөлін атқаратын, бақылау жасауға арналған терезесі бар, аппаратқа тіке баратын өткел жолы болуы керек. Жарықтан және дыбыстан қорғайтын перде қарастырылуға тиіс.

      25. Топтарды профилактикалық ультракүлгін сәулемен емдеу үшін фотариилер қолданылады (күн сәулесі тікелей түсетін орын). Фотаридің жанында аурулар шешінетін және пультпен басқару орындары (медициналық мейірбикенің жұмыс орындары) қарастырылады. Сәуле қабылдаушыларды бақылау алаңы кем дегенде 0,5 м 2  болатын шыны терезе арқылы жүргізіледі. Пультпен басқаратын орынға емшара жүргізетін бөлме арқылы барады.

  4. Жылумен емдеу және ингаляция бөлімшелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      26. Жылумен емдейтін кабинет парафинмен және озокеритпен емшара жүргізуге арналған.

      27. Еденнің бетіне төсеу үшін су өткізбейтін материал қолданылады. Парафин мен озокеритті қыздырып, ыдысқа құюға арналған қосымша бөлменің еденіне метлах тақтайшалары төселеді. Үй-жайдың қабырғалары 1,8 метр (бұдан әрі - м) биіктікке дейін глазурленген тақтайшалармен қапталып, үстелдердің беті ыстыққа шыдамды материалдармен жабылып, үй-жай сорып-шығаратын шкафпен жабдықталуға тиіс.

      28. Парафин мен озокеритті арнайы қыздырғышта немесе су құйылған ыдыстың ішіне ыдысқа салып қыздырады. Бұл жағдайда ашық жанатын отты қолдануға рұқсат етілмейді.

      29. Топтарды ингаляция арқылы емдеу бөлмесі оқшау болуға тиіс. Жеке ингаляциялық аппаратқа қосылатын компрессорды олардың қасына немесе көршілес үй-жайға орналастыруға болады. Емшара алатын бірнеше ингаляциялық қондырғылар үшін компрессорлар жерасты немесе жартылай жерасты қабаттарында орналастырылады.

      30. Ингаляториде ауаны өз алдына сорып-шығаратын желдеткіш қарастырылуы керек. Жеке инголяторидегі ауаның алмасуы сағатына кем дегенде 4 есе, топтық бөлмеде кем дегенде - 10 есе болуға тиіс.

      31. Бетперде мен ұштықтарды қайнату сору шкафтарында немесе жеке бөлмелерде жүргізіледі.

  5. Емдік массажды ұйымдастыратын бөлмелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      32. Емдік массаж жүргізуге арналған үй-жайлар төмендегілерден тұрады: массаж жасауға арналған кабинет, дәрігер кабинеті, персоналға арналған жуынатын себезгі бөлмесі (массаж жасайтын тахта 4 және одан көп болған жағдайда), персоналға арналған бөлме. Массаж жасауға арналған кабинеттің ең шағын көлемі - бір тахтаға кем дегенде 6 шаршы метр болуға тиіс.

      33. Қабырғалары 2 м биіктікке дейін сулы эмульсиямен немесе ашық түсті майлы сырмен боялады, қабырғаның қалған бөлігі мен төбесі әктеледі ( желімді әкпен), еденіне ағаш немесе линолеум төселеді.

      34. Массаж жүргізілетін кабинеттер сағатына ауаның алмасуын 5 есе қамтамасыз ететін сорып-шығаратын желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.

      35. Кабинет қол жуғышпен, арнайы жиһазбен, қажеттілігіне қарай ауруларды тасымалдау үшін мүгедектерге арналған арбамен, аурулардың киімін ілетін ілгішпен, айна және шымылдықпен жабдықталады. Персоналдың кабинетінде медициналық персоналдың киімін ілетін жеке шкафтар, айна, киім ауыстыратын кабина, ыстық және суық су қосылған қолжуғышпен жабдықталады.

      36. Қолға массаж жасау үшін биіктігі 70-80 сантиметр (бұдан әрі - см) мүмкіндігінше биіктігін реттеуге келетін), бетінің жартылай жұмсақ қабаты бар, ұзындығы - 55 см, ені - 35 см болатын үстел жабдықталады. Бір массаж жасайтын орында есеп бойынша мыналар болуға тиіс: жастық, 2 төсек жаймасы, клеенка, 2 қол орамалы, құм сағат немесе электр сағаты.

      37. Инерефлекстерапия бөлімшесінде төмендегідей үй-жайдың жиынтығы болуы керек: дәрігер кабинеті, ауруларды қабылдайтын кабинет (есеп бойынша үш тахтадан он тақтаға дейін), емшара жүргізетін кабинет, аурулардың демалыс бөлмесі және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар. Ауруларды қабылдауға арналған кабинеттің алаңы бір тахтаға 6 шаршы метрден деген есеппен алынып, бірақ 12 шаршы метрден кем болмауы керек.

      38. Инерефлекстерапия жүргізу барысында қолданылған медициналық құралдар мен бұйымдарды тазарту қолданыстағы нормативтік актілердің талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.

  6. Физиотерапиялық бөлімшелердегі (кабинеттерде) жұмыс жағдайларына және жүргізілетін емшара қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      39. Бөлімшедегі жұмыс қауіпсіздігі төмендегідей қамтамасыз етіледі:
      1) электр қондырғыларды, коммуникацияларды және жабдықтарды пайдалану ережесін сақтаумен;
      2) аппараттардың және қорғаушы жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етумен;
      3) персоналды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйретумен;
      4) персоналдың қорғану құралдарын қолдануымен.

      40. Бөлімшеде, кабинетте техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау дайындалып, персоналға көрінетін жерге ілініп қойылады. Бөлімшеге, кабинетке жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерге техника қауіпсіздігі жайлы алғашқы және кезеңмен нұсқаулар беріледі.

      41. Бөлімшенің әр үй-жайында және кабинеттерінде дәрі-дәрмек қобдишасы жасақталып және электр тогімен және электромагнит сәулесімен жарақат алғанда алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде нұсқаулар болуы керек.

      42. Электрмен емдеу емшараларын алу кезінде ауру темір заттармен жанаспауы керек. Темір жиһаздарды (үстел, кереует) үш-төрт қабат резеңкелі матамен, жүн көрпемен, сондай көлемдегі жаймамен, ернеуінің шеттері салбырап тұратындай етіп, жабады. Тақтайшадан жасалған едені болған жағдайда қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс орны 1 шаршы метрден кем емес көлемде оқшаулаушы материалмен жабылуы керек.

      43. Терапевтік контурды генератор резонансымен күйге келтірмей УЖЖ емшарасын жүргізуге, сол сияқты бір мейірбикенің бір мезгілде физиотерапевтік және лазерлік емшара жүргізуіне тиым салынады.

      44. Бөлімшелерде төмендегідей ұжымдық қорғану құралдарын қолданады: аппараттардың құрылымдық қорғанысы, стационарлық қорғаныс қоршауы, техникалық қорғаушы жабдықтар, жабдықтардың қорғану үшін жерге қосылуы, ауаны желдету және тазарту.

      45. Персонал төмендегідей жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс:
      1) су астында ультрадыбыспен емшара жүргізгенде - (арнайы қыш ваннада) шүберек және резеңке қолғаптармен (резеңке қолғап шүберек қолғаптың үстінен киіледі);
      2) ультракүлгін сәулешығарушы көзді қолданғанда (бұдан әрі - УКС) - қорғану мақсатында (персонал және ауруларға арналған) қара әйнекті және бүйірден қорғайтын көзілдірікпен;
      3) инфрақызыл сәуле көзін қолданғанда - қалың теріден немесе қатты қағаздан бет перде кию (аурулар үшін).

      46. Емдеу шараларының арасында УКС-нің рефлекторлары және оның шамдары өздеріндегі қалқан жапқыштармен жабылады, ал олар болмаған жағдайда УКС рефлекторларының жиегіне ақ астары бар тығыз қара шүберектен жасалған, ұзындығы 40 см болатын юбкалар кигізіледі. Токқа қосылған, бірақ әлі қолданылмайтын шам тахтаның деңгейіне дейін төмен түсірілуі керек.

      47. Инфрақызыл сәуле көздері шамдарының және соллюкстердің 4-5 мм болатын тор көзді сымды әйнектен сақтандырғышы болады, олар рефлекторлардың жарық шығатын тесігіне, ауруға қарай үшін бұрыштап орнатылады.

      48. Физиотерапевтік емшараны кіші медицина персоналының жүргізуіне тиым салынады. Жасы 18-ге толмаған адамдар және екіқабат әйелдер УЖЖ және ӨЖЖ өндіргіштерімен жұмыс істейтін электромедициналық аппаратураларда жұмыс істеуге жіберілмейді.

      49. Бөлімшелердің (кабинеттердің) медициналық және техникалық персоналдары міндетті түрде жұмысқа қабылданар алдында және кезеңмен медициналық тексерістерден өтеді.

"Физио- және инерефлексотерапиясы
бөлімшелерін (кабинеттерін)  
ұстап-күтуге және пайдалануға  
қойылатын санитарлық-     
эпидемиологиялық талаптар"  
санитарлық ереже мен     
нормаларына қосымша     

Физиотерапия бөлімшелері (кабинеттері)
үй-жайларының ауданы

____________________________________________________________________
 N  |     Үй-жайлардың атауы                         | Ауданы м 2
____|________________________________________________|______________
1   Бір төсектік электр және жарықпен емдеу
    кабинеті, қосымша төсеніштерді өңдеуге арналған         6
    үй-жай қаралады                                         8
2   Ультражоғарыжиіліктегі терапия кабинеті                 6
    (бір төсектік)                                     12 кем емес
3   Электрмен ұйықтату арқылы емдеу кабинеті
    (аппараттық және шлюзімен кіре берісте)              6 (6+2)
4   Гинекологиялық емшараларға арналған кабинет             9
    (гинекологиялық креслосымен)                       18 кем емес
5   Шешінуге арналған кабина                                2
                                                        16 кем емес
6   Ректальды емшараларға арналған кабинет                  6
    (керек-жарақтарға арналған жуғышымен)              18 кем емес
7   Кабинет ішіндегі дәретхана                              3
8   Шешінуге арналған кабина                                2
9   Фотарий: сәуле соққысына ұшыратуға арналған           
    үй-жай (бір орынға)                                     2
10  Шешінетін бөлме                                         10
11  Басқару пульті орналасқан бөлме                         4
12  Емшаралық бөлме (бір орынға)                        18 кем емес
13  Ингаляциялау кабинеті (бір орынға)                      4
14  Мейірбикенің және ұштықтарды стерилизациялау
    бөлмесі                                                 8
15  Компрессор бөлмесі (бір емшаралық орынға)               1,5
16  Топталып инголяция алу бөлмесі (аэрозолдер және
    электроаэрозолдер бір орынға)                    4 (24 кем емес)
17  Компрессорлық                                           4
18  Пульттік                                                8
19  Жеке аэроионотерапия жүргізу кабинеті            4 (12 кем емес)
20  Топталып аэроионотерапия жүргізу кабинеті               12
21  Мейірбике бөлмесі                                       8
22  Оттегімен емдеу кабинеті (бір орынға)                   4
23  Жылумен емдеу кабинеті (бір төсектік)             6, бірақ 12+8
                                                         кем емес
24  Парафин және озокеритті жылытуға арналған үй-жай        8
25  Массаж жасау кабинеті (бір төсектік)                    8
26  Бөлімше меңгерушісінің кабинеті                         12
27  Дәрігер кабинеті                                        10
28  Әдіскер кабинеті                                        10
29  Таза төсек әбзелдерін қоятын бөлме                      4
30  Тазалағыш заттарды және лас төсек әбзелдерін
    қоятын бөлме                                            6
31  Науқастар және персоналға арналған дәретхана
    (1 унитазға)                                            3
32  Күту орны (келушілерге)                                 1,2
33  Жыжымалы аппараттарды қоятын бөлме                      12
34  Көміртегі бар баллондарды сақтайтын үй-жай              10
35  Персоналдың жеке басының тазалығын сақтау кабинасы      3
36  Науқастардың дем алатын бөлмесі (1 орынға)              3,2
____________________________________________________________________      

"Эпидемиология және тағам гигиенасы
санитарлық-эпидемиологиялық    
ереже мен нормаларды бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау министрдің         
міндетін атқарушының        
2004 жылғы 18 тамыздағы      
N 630 бұйрығымен бекітілген    

  "Хирургиялық бейінді ауруханалық ұйымдарға (бөлімшелерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар

1. Жалпы ережелер

      1. "Хирургиялық бейінді ауруханалық ұйымдарға (бөлімшелерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ереже мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік түріне қарамастан жобалаумен, құрылысын жүргізумен, қайта жаңартумен және ұйымды (бөлімшені) пайдаланумен айналысатын, халыққа хирургиялық көмек көрсететін ауруханалық ұйымдар (бөлімшелерге) және жеке тұлғаларға таралады.

      2. Осы санитарлық ереже талаптарын орындауды ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

      3. Осы санитарлық ережеде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) операциядан кейінгі іріңді асқынулар - операция жасау барысында, ауруды анықтау үшін жүргізілген тексерістердің және басқа да емшараларды жүргізу барысында терінің және шырышты қабаттың бұзылуы салдарынан кейін болатын жұқпалы үдеріс;
      2) биологиялық қалдықтар - хирургиялық операция барысында алынып тасталған адам ағзалары мен тіндері;
      3) хирургиялық бағыттағы ауруханалық ұйымдар - бұл, ауруларға хирургиялық көмек көрсететін барлық меншік түріндегі денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары;
      4) аурухана ішіндегі жұқпа - стационардағы ауруларды тексеру және емдеу кезінде пайда болатын жұқпалы аурулар;
      5) кварцтеу - ультракүлгін сәуленің әсерімен заттар мен ауаны зарарсыздандыру;
      6) операция жасайтын блок - ауруханадағы операция жасауға арналған оқшауланған кешенді үй-жай;
      7) санитарлық тазалау - ауруды себезгімен немесе ванна жуындыру және шашы мен тырнағын алу;
      8) қабылдау бөлімшесі - аурухана ұйымының, ауруды қабылдайтын және тиісті бөлімшелерге жіберетін қызметтік бөлімшесі;
      9) санитарлық-індетке қарсы тазалық сақтау тәртібі - аурухана ұйымдардың ішінде және олардан тыс жерде жұқпалы, паразитарлы аурулардың таралуын бодырмау үшін жүргізілетін іс-шаралар кешені.

  2. Аумаққа, ғимараттарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Хирургиялық бағыттағы аурухананың учаскесі (бұдан әрі - аурухана), оны ұстау және көгалдандыру, ғимараттар мен үй-жайлардың архитектуралық жоспарлау шешімдері, үй-жайдың ішін әрлеуі Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің реестерінен N 1913 тіркеуден өткен, "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 23  бұйрығына  сәйкес жүргізілуі керек.

      5. Жылыту, сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелері қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелерінің талаптарына (бұдан әрі - ҚНжЕ) сай болуға тиіс.

      6. Желдету, микроклимат, аурухана үй-жайларын жасанды және табиғи жарықтандыру Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің реестерінен N 1913 тіркеуден өткен, "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 23  бұйрығына  сәйкес жүргізілуі керек.

      7. Ауруханада міндетті түрде мынандай үй-жайлар жиынтығы болуы керек: жедел түрде хирургиялық араласуды талап ететін операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесі, палаталық бөлімшелер (септикалық, және асептикалық), байлап-таңатын (іріңді және таза), операция жасайтын блок, жедел қорытынды алу үшін зертханалар (төсек орны 300-ден артық ауруханалар үшін) реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесі, орталықтандырылған стерилизациялау бөлімшесі.

      8. Жалпы хирургия бағытындағы үй-жайлардың, сол сияқты арнайы мамандандырылған операциялық блоктардың құрамына септикалық, асептикалық бөлімшелер (қосымша және қызметтік үй-жайларымен операциялық палаталар) кіреді. Бұл жағдайда операциялық блоктардың қосымша үй-жайлары асептикалық және септикалық операция жүргізетін палаталарға бөлек қаралады. Операциялық блоктың құрамында арнайы мамандандырылған операцияларға арналған кеңейтілген үлкен залдар болуға тиіс.

      9. Анестезиология және реанимация, реанимация және қарқынды емдеу терапиясы бөлімшелері, көп бағыттағы ауруханаларда төсек саны 500 және одан да көп болғанда, ондағы хирургиялық бағыттағы төсек саны кем дегенде 70-100 болғанда, ал балалар ауруханасында төсек саны 300 болып, ондағы хирургиялық төсек саны кем дегенде 50 болса ғана, құрылады. Бөлімшедегі төсек саны 25-тен аспайды. Төсек саны 70-тен асқанда қарқынды емдеу бөлімшесі қарастырылады.

      10. Анестезиология және реанимация, реанимация және қарқынды емдеу терапиясы бөлімшелерінің үй-жайларының құрамы ауруханалық ұйымдардың үлгісі мен қуатына және оның құрылымдық бөлімшелеріне байланысты қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

      11. Аурухананың құрылысын, қайта жаңартуды жобалау, санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға жатады.

      12. Аурухананың жобада қаралған қуатынан тыс бөлімшелер ашуға және төсектер қоюға рұқсат етілмейді.

      13. Әрбір палаталық бөлімшелерде эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жұқпалы ауруларға күдікті деп саналатын ауруларды уақытша ұстауға арналған изоляторлар болуы керек.

      14. Операциялық блокты, таңып байлайтын, емдейтін палаталарды сорып-шығаратын бактерицидті сүзгіші бар желдету қондырғыларымен жабдықтау керек.

  3. Қабылдау бөлімшесіндегі медициналық қабдықтауларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      15. Қабылдау бөлімшесіне түскен барлық аурулар іріңді-сепсис, жұқпалы және паразитарлы ауруларға тексерілінеді. Бөлімшеге түскен ауруға өзінің киімдерін киюге рұқсат етіледі.

      16. Қолданылған жөке, ұстара, сақал, шаш қиятын құралдар, қайшылар, ұштықтар және ауру жуынған ванна зарарсыздандыруға жатады.

      17. Қабылдау бөлімшесіндегі кезекші бригаданың әрбір мүшесіне жеке қол орамалы беріледі, ол кірленуіне байланысты ауыстырылады, бірақ тәулігінде 1 рет кем емес.

      18. Іріңдеген жарақатты тазарту барысында медициналық персонал клеенкадан жасалған алжапқыш киеді, ол жұмыстан кейін зарарсыздандырылады.

      19. Ауруды әрбір қарап, жарасын тексеріп және байлап бинтін ауыстырғаннан кейін персонал қолын сабындап жуып, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, антисептикалық заттармен тазартуы керек.

      20. Қабылдау бөлімшесінің үй-жайларында күніне кем дегенде 2 рет тазалау жұмыстарын, әрбір іріңді және жұқпалы аурудан кейін зарарсыздандырғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жұмысын жүргізеді. Тазалау жұмыстары біткеннен кейін үй-жайды 30 минөт ультракүлгін сәулесімен зарарсыздандырады.

      21. Тазалау жұмыстарының керек-жарақтарына және жуғыш шүберектерге белгі салынып, қатаң түрде белгіленуі бойынша қолданады. Қолданыстан кейін тазалау жұмыстарының керек-жарақтары зарарсыздандырылып, арнайы белгіленген орында сақталады.

  4. Бөлімшелерді күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      22. Палатадағы ауруға жеке кереует және оған тиісті керек-жарақтар жиынтығы толық беріледі. Ауруларды дәлізде, болмаса бөлімшенің қосалқы үй жайларында орналастыруға болмайды.

      23. Ауруларды жатқызғанда палаталарды толтыру оралымы сақталуға тиіс (үш күн ішінде). Жаңадан түскен ауруларды сауығып келе жатқан аурулармен бірге жатқызуға болмайды. Іріңді жұқпалы аурулар іріңді хирургия бөлімшесіне жатқызылады, ол болмаған жағдайда, оқшауланған жеке палатаға жатқызылады.

      24. Ауруда іріңнің қанға таралу үдерісі пайда болған жағдайда, ол хирургиялық жұқпалар бөлімшесіне ауыстырылады, ол бөлімше болмаған жағдайда, оқшауланған жеке палатаға жатқызылуы керек. Ауруға түкіргіш, астына қоятын түбек беріледі, оларды пайдаланудан кейін жинап алып зарарсыздандырады. Ауру ауруханадан шыққаннан кейін, төсек әбзелдері камералық зарарсыздандыруға жатады. Кереуетке ауру орналасар алдында ғана камералық зарарсыздандырудан өткен төсек әбзелдерін төсейді.

      25. Бөлімшелерде жұмсақ ойыншықтар, жасанды гүлдер, кілем төсеніштерін, күнперде, матамен тысталған жұмсақ жиһаздарды ұстауға тиым салынады.

      26. Төсек әбзелдері және іш киімдері кір болуына қарай ауыстырылады, бірақ жеті күнде бір реттен кем емес.

      27. Кірлеген төсек әбзелдерін клеенкадан немесе полиэтиленнен жасалған, кір жинауға арналған арбаға жабдықталған қапшықтарға жинау керек. Кір киімдерді бөлімшеде түгендеуге, еденге тастауға тиым салынады. Кір киімдерді бөлімшеде уақытша сақтау арнайы бөлінген бөлмеде жүргізілуге тиіс (12 сағаттан көп емес). Кір заттарды алып кеткеннен кейін бөлмеде зарарсыздандыру жүргізіледі.

      28. Кір заттармен жұмыс істейтін персонал арнайы киіммен (халат, орамал, қолғап, бетперде) қамтамасыз етілуге тиіс.

      29. Таза заттар арнайы бөлінген үй-жайда шкафтарда сақталынуы керек. Бөлімшеде таза заттардың тәуліктік қоры сақталуға тиіс. Таза төсек әбзелдерін сақтайтын үй-жайларда есептен шығарылған жабдықтарды, керек-жарақтарды, жаймаларды сақтауға рұқсат етілмейді.

      30. Төсек әбзелдерін шылау, зарарсыздандыру және жуу аурухананың кір жуатын орнында жүргізіледі.

      31. Бөлімшелерде күніне 2 рет жуғыш заттарды қолданып, тазалау жұмыстары жүргізіледі. Іріңді-сепсис жұқпасы бар аурулардың палатасына күнделікті тазалау жұмыстарын зарарсыздандырғыш заттарды қолдана отырып жүргізеді.

      32. Үй-жайға күрделі тазалау жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуге тиіс, бірақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша айына бір реттен кем болмауы керек.

      33. Зарарсыздандырғыш заттарды қаптау және зарарсыздандырғыш ерітінділерді дайындау желдеткіші бар жеке үй-жайларда жүргізіледі. Ерітінділерді сақтау және оларда өңдейтін заттарды керекті уақыт бойы ұстау жабық сыйымдылықтарда жүргізіледі.

      34. Зарарсыздандырғыш заттармен жүргізілетін жұмыстар арнайы киімді (халат, резеңке қолғап, қорғағыш көзілдірік пен бет перде немесе әмбебап шантұтқыш, алжапқыш) киіп істелінеді. Жұмыс біткен соң қолды жуып, жұмсартатын крем жағу қажет.

      35. Емшара жүргізетін, байлап-таңатын бөлмелерде, палаталарда ауаны зарарсыздандыру үшін, тұрақты немесе жылжымалы бактерицидті шамдарды қолданады. Басқа үй-жайларға жылжымалы бактерицидті шамдарды қолдануға рұқсат етіледі. Шамның жұмыс істеген уақытына арнайы жорналда есеп жүргізіледі.

      36. Байлап-таңатын кабинетте стерилденген үстел күнделікті дайын болуға тиіс.

      37. Іріңді-септикалық ауруларға арналған палаталарда персонал халатпен, бетпердемен және бас киіммен жұмыс істеуі керек.

  5. Операция жасайтын блокты, реанимация және қарқынды
терапия бөлімшелерін күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      38. Аурухананың медициналық қызметкерлері медициналық емшара (егу, қанды тексеріске алу, қан құю, қан тамырларына катетеризация жүргізу) жүргізгенде резеңке қолғап киюі керек. Қолданылған инелерге қалпақ кигізуге, оларды майыстырып немесе сындыруға тиым салынады: инені айырбастау керек.

      39. Биологиялық материалмен қол ластанған кезде олар тез арада зарарсыздандырғыш ерітінді сіңірілген тампонмен сүртілуі керек.

      40. Операция жасайтын блок хирургиялық бөлімшенің қалған үй-жайларынан бактерия жоятын ультракүлгін сәулесінің көзімен жабдықталған тамбурмен бөлініп тұруы керек. Операция жасайтын блоктың есігі тұрақты жабық тұруға тиіс.

      41. Операция жасайтын блок бактерицидті сәуле көзі бар шаммен және ауаның шығуынан келуі басым болатын желдеткіш жүйесімен жабдықталуы керек. Ауаны келтіру және желдету, жүйесіне бактерияны жоятын сүзгіш қою керек, оларды ауыстыру техникалық паспортта көрсетілген мерзімде жүргізілуге тиіс. Сорып-шығару желдету жүйесіне тексеру 6 айда бір рет жүргізіледі.

      42. Таза және іріңді операцияларға арналған операциялық блоктар бөлек болуы керек. Осы талаптарды орындауға жағдай болмаса, іріңді операцияларды арнайы бөлінген күндері жүргізеді, соңынан операциялық блок пен барлық жабдықтарды зарарсыздандырудан өткізеді.

      43. Хирургтер, операциялық мейірбикелер және операцияға қатысатын басқа адамдар операцияның алдында себезгі қабылдап, таза санитарлық киімдер (пижама, бас киім, халат, тәпішке) киюлері керек. Операциялық блокқа кірер алдында қолдарын зарарсыздандырып, стерилденген халат, қолғап, бахила және бет перде киеді.

      44. Ауру операция блогына бөлімшенің арбасымен әкелініп, операция блогының алдында ол операция блогының арбасына ауыстырылады, сол арбамен операция үстеліне әкелінеді.

      45. Операция блогына кіргізілетін және алып келінетін барлық құралдар, аппараттар және басқа да заттар, кірер алдында зарарсыздандырғыш ерітінді сіңірілген шүберекпен сүртіледі.

      46. Стерилденген құрал-саймандарға арналған үстелдің үстіне стерилденген жайма жабылады, оның үстіне стерилденген құрал-саймандарды қойып, бетін стерилденген жаймамен жабады.

      47. Операция кезінде қолданылған таңғыш заттар мен құрал-саймандар арнайы бөлінген сыйымдылыққа салынады.

      48. Операция залында операция кезінде қолданылмайтын заттарды сақтауға рұқсат етілмейді.

      49. Байлап-таңатын, реанимациялық және қарқынды түрде ем жасайтын бөлімшелердің қызметкерлері күнделікті жұмыс алдында таза халат, бас киім және бет перде киеді.

      50. Байлап-таңатын бөлмелердің есігіне "таза аурулар үшін" және "іріңді аурулар үшін" деп жазылған табло ілінеді. Бір ғана таңатын бөлме болған жағдайда, іріңді жараларды өңдеу таза жараларды өңдегеннен кейін жүргізіліп, бөлменің іші және жабдықтар зарарсыздандырылады.

      51. Іріңді жаралары бар науқастарды таңып-байлау барысында мейірбике клеенкадан жасалған алжапқыш киюі керек, әрбір таңудан кейін алжапқыш зарарсыздандырылып, қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы қажет.

      52. Таңу жұмыстарын жүргізіп және арнайы бөлінген беті жабылатын сыйымдылыққа таңғыш материалды жинағаннан кейін зарарсыздандырғыш ерітінділерді қолдана отырып, үй-жайға ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Жұқпасы бар таңғыш материал сол жерде зарарсыздандыруға жатады.

      53. Медициналық құрал-саймандарды стерилизациялау алдындағы өңдеу, зарарсыздандыру және стерилизациядан өткізу қолданыстағы санитарлық ереже мен нормаларға талаптарына сәйкес жүргізіледі: арнайы медициналық жабдықтар мен құралдарды оларға қосылып берілетін нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

      54. Үй-жайға жүргізілетін ылғалды тазалау жұмыстары (еденді жуу, жиһаздарды, жабдықтарды, есік пен терезелерді сүрту) сөткесіне бір реттен кем емес жүргізілуге тиіс, қажет болған жағдайда жуғыш және зарарсыздандырғыш заттар қолданылады. Барлық тазартуға қажетті керек-жарақтарға (шелек, кірлен, шүберек) үй-жайлары мен жұмыс түрі көрсетіліп, белгі салынады қатаң түрде белгіленуі бойынша қолданылады және бөлек сақталады.

      55. Операциялық блокта, реанимацияның байлап-таңатын, емшара жүргізетін үй-жайларында күрделі тазалау жұмыстары аптасына 1 рет жүргізіледі. Тазалау барысында зарарсыздандырғыш заттар қолданылады, онымен үй-жайлар мен жабдықтардың бетін мұқият бүркейді. Содан кейін үй-жайды 1 сағатқа жауып қояды, уақыты өткен соң стерилденген шүберекпен жуады. Тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін бактерицидті шамды 2 сағатқа қосады. Тазалайтын шүберектерді автоклавта немесе зарарсыздандырғыш ерітіндімен зарарсыздандырады.

      56. Биологиялық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және жою қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  6. Операция жасалатын аумақты және медициналық
персоналдың қолдарын тазартуға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      57. Операция жасалатын аумақтың терісін 5-7 мл йодонат немесе бос йодопиронның (1 үлестік (бұдан әрі - %) йодтың мөлшерімен) ертіндісімен, хлоргексидиннің, биглюконаттың және басқа белгіленген тәртіпте рұқсат етілген дәрі-дәрмектердің ерітіндісіне батырылған стерилденген тампонмен екі қайтара сүртіп тазартылады. Жұмысшы ерітіндісін жедел түрде алғашқы ерітіндіні 5 еселік стерилденген сумен араластыру арқылы дайындайды. Операция жасалатын аумақтың терісін йодтың тұнбасымен тазартуға тыйым салынады.

      58. Қолды тазартуға осы санитарлық ережеге 1 қосымшасына сәйкес 2,4 %-ды "С-4" рецептурасының ерітіндісін және басқа да Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дәрмектерді қолданылады.

  7. Анаэробты жұқпасы бар ауруларға арналған бөлмелеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      59. Газ гангренасының кез келген түрімен ауыратын ауруларды емдеу, сорып-шығаратын желдеткішпен жабдықталған, басқа бөлімшелерімен қатынасы жоқ, оңаша операция жасайтын және таңып-байлайтын бөлмесі бар арнайы бөлінген үй-жайда жүргізіледі. Мұндай үй-жайлар болмаған жағдайда ауруға оңаша палата беріледі де барлық емшаралар сол жерде (палатада) жүргізіледі.

      60. Газ гангренасымен ауыратын ауруларға арналған үй-жайлардың қабырғасы кем дегенде 2 м. биіктікке дейін кафель тақтайшасымен қапталады, ал еденге пластик немесе линолеум төселеді. Жиһаздардың, аппаратуралардың және жабдықтардың бетін механикалық жолмен оңай тазаланатын және зарарсыздандырылатын, беті тегіс, шаң өткізбейтін материалмен жабылады.

      61. Анаэробты жұқпасы бар ауруларға арналған барлық үй-жайларды қабырғадан немесе төбеден түсетін бактерия жойғыш сәуле көздерімен жабдықтайды.

      62. Ауру ауруханадан шыққаннан кейін кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы, аурудың астына салатын түбекке арналған табандықты 6%-ды сутегінің асқын тотығына 0,5%-ды жуғыш зат қосылған ерітіндіге әбден шыланған шүберекпен сүртеді. Кір киімдер, төсек әбзелдерін жуардың алдында 2%-ды кальций содасының ерітіндісінде (жуғыш заттардың) салып шылап, 120 минөт бойы қайнатып, зарарсыздандырады.

      63. Палаталарда 6%-ды сутегінің асқын тотығына 0,5%-ды жуғыш заттардың ерітіндісі қосып, күніне кем дегенде 2 рет ылғалды тазалау жұмыстары жүргізеді.

      64. Кереуеттерге спора түріндегі бактерияларға арналған тәртіп бойынша камералық зарарсыздандырудан өткізілген төсек әбзелдерін төсейді.

      65. Тазалауға қажетті керек-жарақтарға (шелектер, тегештер, шүберектер) арнайы белгі қойып, оларды тек осы категориядағы ауруларға арналған үй-жайларда ғана пайдаланады. Пайдаланғаннан кейін 2 секундына километр шаршы сантиметрге (бұдан әрі - кгс/см 2 ) қысымда (қосу 132 градус (бұдан әрі -  о С қосу-алу 2  о С) 20 минут бойы автоклавта зарарсыздандырылады, олар арнайы бөлінген орында сақтайды.

      66. Хирург және мейірбике таңу бөлмесіне кірердің алдында бет перде және бахилаларын киеді. Операция жасау немесе таңу кезінде клеенкадан жасалған алжапқыш киіп, оны әрбір операциядан және таңудан кейін 6%-ды сутегінің асқын тотығына 0,5%-ды жуғыш заттар қосылған ерітіндіге әбден шыланған шүберекпен сүртеді.

      67. Медицинада қолданылатын бұйымдарды стерилизацияның алдындағы өңдеуден өткізу бөлімшеде (емшара, ем), ал стерилизация орталықтандырылған бөлімшелерде жүргізіледі.

      68. Операциядан кейін немесе байлап-таңудан кейін барлық құрал-саймандар, шприцтер, инелер 6%-ды сутегінің асқын тотығына 0,5%-ды жуғыш заттар қосылған ерітіндіге батырылып 60 минөт ұсталынады немесе 90 минөт қайнатылады немесе автоклавтан өткізіледі.

      69. Таңғыш материалдарды арнайы бөлінген бикске жинайды, 2 кгс/см 2  қысымда (қосу 132 о С ) автоклавта 20 минөт бойы автоклавтан өткізеді және артынан жояды. Пайдаланылған материалдарды зарарсыздандырудан өткізбей тастауға тиым салынады.

      70. Операция жасайтын және таңу-байлау бөлмесіне 6 %-ды сутегінің асқын тотығына 0,5%-ды жуғыш заттар қосылған ерітіндіні қолданып, күніне кем дегенде 2 рет, жеке қорғаныс заттарын киіп, тазарту жұмыстарын жүргізеді. Зарарсыздандыру біткеннен кейін үй-жайды ыстық сумен жуып, бактерия жоятын сәуле көздерін 2 сағатқа қосып қояды.

      71. Гипербариялық оттегімен байыту сеанстарын жүргізу үшін арнайы бөлінген барозалда орналастырылған бір орындық баромер қолданылады.

      72. Аурудың гипербариялық оттегімен байыту сеанстарын қабылдау уақытына оған жеке матрац және тысталған жастық беріледі. Жұқпаның таралу қаупін азайту үшін әрбір сеанстан кейін тыстарды ауыстырады.

      73. Барокамераның ішін зарарсыздандыру әрбір оттегімен байыту сеансынан кейін 6%-ды сутегінің асқын тотығына 0,5%-ды жуғыш заттар қосылған ерітіндіге шыланған шүберекпен сүрту арқылы жүргізіледі. Содан соң стерилденген жаялық немесе жаймамен құрғатып сүртеді.

      74. Барозалды тәулігіне кем дегенде 2 рет 6 %-ды сутегінің асқын тотығына 0,5%-ды жуғыш заттар қосылған ерітіндіні қосып тазалайды. Ол кезде барлық заттар мен аппараттураны зарарсыздандырғыш ерітіндіге шыланған шүберекпен сүртіп, артынан құрғатады. Гипербариялық оттегімен байыту сеанстарының арасындағы үзілістерде бактерицидті шамдарды қосады.

"Хирургиялық бейінді ауруханалық 
ұйымдарға (бөлімшелерге) қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық   
талаптар" туралы санитарлық-  
эпидемиологиялық ереже     
мен нормаларына 1 қосымша   

  Хирургиялық бағыттағы ауруханалық ұйымдардың
(бөлімшелердің) әртүрлі нысандарында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу тәртібі

      1. Қолды тазартуға төмендегідей ерітінділер мен заттарды қолданады: С-4, хлоргексидин, АХД-2000 және азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен рұқсат етілген басқа заттар.
      2. С-4 ерітіндісі сутегінің асқын тотығы мен құмырсқа қышқылының төмендегідей қатынасы бойынша дайындалады:
____________________________________________________________________
  Жұмысшы    |  30-33%    |    100%      |    85%       |  Су
 ерітіндінің | Сутегінің  |   Құмырсқа   |  Құмырсқа    |  (л)
 көлемі (л)  |   асқын    |  қышқылы (мл)| қышқылы (мл) |
             | тотығы (мл)|              |              |
____________________________________________________________________
   1              17.1         6.9            8.1       1-ге дейін
   2              34.2         13.8           16.2      2-ге дейін
   5              85.5         34.2           40.5      5-ке дейін
   10             171.0        69.0           81.0      10-ға дейін
____________________________________________________________________

      1) С-4 рецептурасын шыны ыдыста сутегінің асқын тотығы мен құмырсқа қышқылын араластыру арқылы дайындап, әрбір 1-1,5 сағат бойы суық суға салып қояды. Алынған ерітіндіні аузы тығыз жабылатын шыны ыдыста, тоңазытқышта 1 сөткеге дейін сақтауға болады;
      2) ерітіндіні операция жасайтын күні дайындап, сол күні қолданады. Қолды тазарту алдында сабындап, ағынды сумен 1 минөт бойы жуады (шөткесіз), одан кейін шайып, стерилизациядан өткен сулық орамалмен құрғатып сүртеді және эмалды шылапшында С-4 ерітіндісімен 1 минөт бойы тазартып, стерилизациядан өткен сулық орамалмен құрғатып сүртеді, одан кейін стерилизациядан өткен қолғап киеді;
      3) хлоргексидин сыйымдылығы 500 мл. шөлмек шыны ыдыста 20% су ерітіндісі түрінде шығарылады. Қолды тазарту үшін препараттың 0,5% спирт ерітіндісі қолданылады. Оны алу үшін препаратты 70% спиртте 1:40 қатынаста еселейді;
      4) АХД-2000 - қолды тазартуға арналған, дайын асептикалық зат;
      5) зарарсыздандыруға жататын зат қорғалмаған тері бетіне тиген жағдайда кідіріссіз ол жерді таза сумен немесе формальдегидпен - 5% мүсәтір спиртінің ерітіндісімен жуу керек;
      6) дем алу жолдары арқылы уланған адамға көрсетілетін алғашқы көмек - уланған адамды кідіріссіз үйдің ішінен таза ауаға немесе жақсы желдетілетін үй-жайға шығарылуы керек. Адамның ауызын, мұрын-жұтқыншақ, көмей қуысын сумен шаю керек.
      Формальдегидпен уланған жағдайда бірнеше тамшы мүсәтір спирті тамызылған судың буымен дем алдыру ұсынылады.
      Барлық жағдайда ас содасы қосылған жылы сүт немесе боржоми ішу керек. Көрсеткіштеріне қарай жүрегіне, тыныштандыратын, жөтелге қарсы дәрі-дәрмектерді қолданып, оттегімен дем алғызады, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызады;
      7) кез-келген препарат көзге түскен жағдайда кідіріссіз ағынды сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен бірнеше минөт бойы жуу және көз дәрігеріне қаралу керек;
      8) асқазанға белсенді хлорлы препараттар түскен жағдайда - оны 2% гипосульфат ерітіндісімен жуады және 5-15 тамшы мүсәтір спирті қосылған су, сүт, ас содасын, магнезия жүзбесін (бір стакан суға - 1-2 ас қасықпен) ішкізеді. Формальдегидпен уланған жағдайда асқазанды суға мүсәтір спиртін немесе 3% карбонат ерітіндісі немесе натрий ацетатын (аммоний) араластырып, жуады. Жуып біткеннен кейін шикі жұмыртқа, белокты су, сүт береді.

"Хирургиялық бейінді ауруханалық 
ұйымдарға (бөлімшелерге) қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық   
талаптар" туралы санитарлық-  
эпидемиологиялық ереже     
мен нормаларына 2 қосымша   

Ауаны аспирациялық әдіспен тексергенде ондағы микробтардың өсуін бағалайтын критерилер

____________________________________________________________________
Сынама    |Жұмыс жағдайы| 1 м 3  ауадағы|    Рұқсат етілген саны
алынған   |             |    КОЕ-нің  |_____________________________
орын      |             |    рұқсат   |  Алтын түсті | Гемолитикалық
          |             | етілген саны|  стафилакокк | стрептококк
__________|_____________|_____________|______________|______________
Операция   Жұмыс бастал.  500 көп емес  Болмауы керек
жасайтын   ғанға дейін
және оның  Жұмыс кезінде
алдындағы
бөлме                                    4 көп бомауы
                          1000 көп емес  керек         Болмауы керек

Операция.  Жұмыс бастал.  750 көп емес   Болмауы керек Болмауы керек
лық блок.  ғанға дейін
тың        Жұмыс кезінде
стерилдеу
бөлігі
                          1500 көп емес

ОСБ-ның    Жұмыс бастал.  500 көп емес   Болмауы керек Болмауы керек
стерилді   ғанға дейін
бөлімі     Жұмыс кезінде
                          700 көп емес

ОСБ-ның    Жұмыс бастал.  750 көп емес   -             -
стерилден. ғанға дейін
беген      Жұмыс кезінде
бөлімі
                          1500 көп емес

Ем шара.   Жұмыс бастал.  500 көп емес  Болмауы керек  Болмауы керек
ларды      ғанға дейін
жүргізе.   Жұмыс кезінде
тін бөлме
                          2000 көп емес

Реанимация Жұмыс бастал.  1000 көп емес  4 көп болмауы Болмауы керек
бөлімі     ғанға дейін                   керек
           Жұмыс кезінде

Жақ-бет    Жұмыс бастал.  500 көп емес   Болмауы керек Болмауы керек
хирургия.  ғанға дейін
сының      Жұмыс кезінде
бөлімі
                          1500 көп емес  4 көп болмауы 4 көп болмауы
                                          керек        керек
____________________________________________________________________

       Ескерту:
      Ауа соратын аспираттар болмағанда, 1 шаршы метрлік ауадан түскен тозаңнан өскен колонияны Омелянский әдісін қолдана отырып, оның көрсеткішін аспирациялық әдістің көрсеткішіне теңеу арқылы жүргізілетін седиментациялық (ауада түсетін тозаң) әдісті