"Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 8 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1913. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.07.23 № 533 Бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сүйене отырып төмендегі көрсетілген тармақтарды орындауды, бұйырамын: Қараныз K090193
     1. Қосымша берілген "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларды 2002 жылғы 24 маусымдағы 3.01.083.02 тіркелу номерімен бекітілсін.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

     Министр

     Келісілген                            Бекітілген
     Қазақстан Республикасы Экономика      Қазақстан Республикасы
     және сауда министрлігінің             Мемлекеттік санитарлық
     құрылыс істері жөніндегі              Бас дәрігерінің бұйрығымен
     Комитеттің төрағасы 
     2002 жылғы 25 маусым                  2002 жылғы 24 маусым N 23

АУРУХАНАЛЫҚ, АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Санитарлық ережелер мен нормалар

     1. Жалпы ереже

      1. Осы санитарлық ережелер денсаулық сақтау саласындағы атқарушы органдарға, бақылаушы органдарға, барлық салалардағы аурухана ұйымдарына, арнайы стационарларға, ана мен баланы қорғау ұйымдарына (перинатальдық орталық, перзентхана үйі, перзентхана бөлімшесі) өз басшылығында стационары бар ұйымдарға (әрі қарай - ауруханалар) арналған.

      2. Осы ереже жаңадан салынып жатқан, қайта жаңартылған, сондай-ақ меншік түріне қарамастан, жұмыс істеп жатқан ауруханаларға таратылады.

      3. Санитарлық ережелер мен нормаларды орындау жауапкершілігі, меншік түріне қарамастан, ауруханалардың басшыларына жүктеледі.

      4. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда төмендегі терминдер пайдаланылған:
      1) ауруханалық ұйымдар - стационарлық қадағалау, тексеру, емдеу және ауруларды оқшаулауға байланысты жұмыстарды іс жүзіне асырушы денсаулық сақтау жүйесіндегі шаруашылық субъектілері;

      2) ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдары - бұл денсаулық сақтау мекемелерінің, меншік түріне қарамастан, акушерлік және гинекологиялық көмек көрсететін (перзентхана үйі, перзентханалық және гинекологиялық бөлімше, перинатальдық орталық) және педиатриялық көмек көрсететін (балалар ауруханасы, клиникалар, бөлімшелер) әйелдерді босандыратын бөлімшелерге арналған жүйесі;

      3) септикалық бөлімше - іріңді жұқпамен ауырған ауруларға медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар;

      4) асептикалық бөлімше - ауруда іріңді жұқпа болмаған жағдайда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар;

      5) обсервациялық бөлімше - жұқпалы аурулардың белгісі бар босанатын әйелдерді жатқызуға арналған перзентхананың, перинатальдық орталық бөлмелері;

      6) тұрғылықты халық тұратын аймақ - елді мекендердегі тұрғын және қоғамдық құрылыстар, жалпы пайдаланымдағы көшелер, алаңдар мен ағаштары бар жер учаскесі;

      7) санитарлық өткізгіш - адамдарды, олардың киімдері мен аяқ киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу үшін арнайы жабдықталған немесе бейімделген үй-жай;

      8) шлюз - аурухананың палатасы, бөлімшесі және жалпы дәлізі арасындағы үй-жайдың бөлігі;

      9) эпидемияға қарсы режим - ауруханада жұқпалы және паразиттік аурулардың жұғуы мен таралуының алдын алуға бағытталған шаралар кешені;

      10) зарарсыздандырушы дәрмектер - қоршаған ортадағы, адамдар мен жануарлардың инфекциялық (паразитарлық) ауру қоздырғыштарын жоятын зат;

      11) операциялық блок - аурухананың операция жүргізуге арналған үй-жайының оқшауланған кешені;

      12) физиологиялық бөлімше - жұқпалы аурулары жоқ босанатын әйелдерді жатқызуға арналған перзентхананың үй-жайы;

      13) аурухана ішіндегі жұқпа - ауруды тексеру мен емдеу кезінде стационарда табылған жұқпалы аурулар;

      14) эпидемиологиялық тексеру - эпидемиологтардың, бактериологтардың, санитарлық дәрігерлердің аурухана ішіндегі жұқпаның пайда болу себебін тексеру кезінде жүргізген іс-әрекеттері;

      15) биологиялық қалдықтар - хирургиялық операция және босанған кезде алынған мүшелер мен тіндер;

      16) қызыл сызық - көше мен аурухана аумағының арасындағы шекара;

      17) дефлектор - желдің бағытына қарамастан қолдануға икемделген әр түрлі конструкциялық қалыптағы желдеткіш жүйесінің тарту күшін арттыратын желдеткіш қондырғыларының бөлігі;

      18) перинатальдық орталық - жоғарғы және орта перинатальдық қауіп төнген әйелдерге және олардың жаңа туған балаларына, жүкті болуын жоспарлау кезеңінен бастап босанғаннан кейін, қайта оңалтуға дейін жоғарғы біліктілік, мамандандырылған көмек көрсететін консультативтік, ұйымдық-тәсілдік оқу мекемесі болып табылады.

2. Емдеу мекемелеріне бөлінген жер бөлігіне
және аумағына қойылатын талаптар

      
      5. Елді мекендерді жоспарлаудың бекітілген бас жоспарына және жобасына сай ауруханалар тұрғылықты халық тұратын, көгалдандырылған аймақта немесе қала шетінде орналасуы тиіс. Елді мекендер орналасқан жерлерде ауруханаларды орналастыру үшін емдеу және палаталы корпустарды құрылыстың қызыл сызығынан 30 метр және ауруханалар мен перзетханалар ғимаратының қабатына байланысты тұрғын үйлерден кем дегенде 50 метр алыс орналастыру қажет.
      Арнайы ауруханалар немесе сыйымдылығы 1000 орыннан артық кешендер, аурулар ұзақ уақыт жататын, сондай-ақ ерекше тәртіппен жұмыс жасайтын (туберкулездік, психиатриялық) стационарлар қала шетінде немесе шет аудандарда, көгалдандырылған жерлерде (орман, тоғай), тұрғылықты халық тұратын жерлерден 1000 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.

      1) аурухана ғимаратын орналастыру, ғимараттары мен үй-жайларын қайта жаңарту мен қайта жабдықтау (қайта жобалау) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдармен Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының негізінде міндетті түрде келісілуі қажет. Қараныз K090193

      2) жер бөлігін таңдаған кезде желдің бас бағытын есепке алу керек. Аурухананы бұрын қоқыс орны болған жерге, ассенизация алаңына, бейіт және мал молалары болған жерлерге, сонымен қатар органикалық, химиялық заттармен бүлінген жерлерге салуға рұқсат етілмейді.

      3) ауруханалардың учаскелері темір жолдардан, аэропорттан, автомагистралдардан және қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған физикалық факторларға әсер етудің басқа да қуат көздерінен алыс орналасуы қажет.

      4) ауруханаларға бөлінген жер бөлігінің көлемін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қабылдау керек. Ауруханалардың аумағы көркейтіліп, көгалдандырылуы қажет. Жасыл желектер мен газондардың учаскелерінің жалпы ауданының 60% құрауы керек, ал бау-бақша алаңының ауданы бір науқасқа есептегенде 25 метр квадрат (әрі қарай - м2) болуы керек. Елді мекеннің, тұрғын үй құрылысының аумағына орналасқан аурухананың жер бөлігінде, екі қатарлы биік ағаштар мен бұталар қатарынан жасыл желектер отырғызылған жолақтың ені 15 метрден кем болмауға тиіс. Үлкен көлеңке беретін ағаштарды отырғызған кезде, олар стационар ғимаратынан 10 метр артық жақын болмауы керек.
      Ауруханалардың жер бөлігі биіктігі 1,6 метрден кем емес қоршаулармен, ал психиатриялық аурулар ауруханасы биіктігі 2,5 метр қоршаумен қоршалуы қажет.

      5) аурухана аумағында қатты заттармен жабылған, тегіс, кіріп-шығуға қолайлы жолдар болуы керек. Жаяу адамдар жүретін жолдар мен ішкі жолдар да сол сияқты тегіс, қатты заттармен жабылуы керек. Жеке автокөлік иелерінің тұрақ орны аурухана аумағынан 40 метр қашықтықта орналасуы қажет.

      6) аурухана аумағы мынандай аймақтарға бөлінуге тиіс: емхана, патологоанатомиялық корпус; шаруашылық жұмыстар, инженерлік және бау-бақша ғимараттары; климатотерапияға, денешынықтыруға арналған алаңдар болуы тиіс. Вивари тұрмыстық үйлерден 100 метр қашықтықта және палатадан 50 метр қашықтықта орналасуы керек.

      7) патологоанатомиялық ғимарат рәсім жасайтын орындармен бірге палаталы корпустан алшақ орналасып, емдеу және босануға қосалқы үй-жайлар, сондай-ақ аурухана учаскесіне жақын орналасқан тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеуі қажет. Патологоанатомиялық корпустың палаталық ғимараттардан, ас дайындау блогінің арақашықтығы 30 метрден кем болмауы керек. Рәсім жасайтын орынның бөлек кіріп-шығу жолдары болуы керек.

      8) көп салалы аурухана құрамына кіретін жұқпалы, психосоматикалық, тері-венерология және балалар бөлімі бөлек ғимаратта орналасуы тиіс. Егер ауруханаға бөлінген жер бөлігінде емхана ғимараты орналасқан болса, онда емхана жер бөлігінің шетінде орналасып, кіріп-шығу есігі бөлек болуы керек.

      9) аурухананың аумағында ауруханаға қатысы жоқ тұрғын үй, құрлыстар мен ғимараттарды салуға рұқсат етілмейді.

      10) жұқпалы аурулар ауруханасының аумағы "таза" және "лас" деген бөлікке бөлініп, олар бір-бірінен жасыл желектер қатарымен бөлінуі қажет. "Лас" бөліктен шығар жолда автокөліктерді зарарсыздандырудан өткізетін жабық алаң болуы керек.

      11) аурухана учаскесінде орналасқан ғимараттар мен басқа үй-жайлардың аралығы күн сәулесінің, жарықтың жақсы түсуін қамтамасыз ететін болып, шудан қорғалып, жақсы желдетілуі қажет. Емдеу мекемелері үй-жайларының терезелерін орналастырғанда қолданылып жүрген нормативті құжаттарға сай болуы керек. Ғимараттардағы палата терезесінің ара қашықтығы қолданыстағы нормативтік актілерге, құрылыс нормаларына және ережелерінің талаптарына сай (әрі қарай - ҚНжЕ) негізінде қарсы орналасқан ғимараттың 2,5 биіктігіне тең болуы керек, бірақ 24 метрден кем болмауы тиіс.

      6. Ауланы тазарту жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырылуы тиіс. Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс жинауға полиэтиленді қаптарға салынған қоқыс жинағыштар пайдаланылады. Қоқыс жинағыштардың қақпағы болу керек және арнайы бөлінген бетондалған немесе асфальтталынған, тазалауға және зарарсыздандыруға ыңғайлы алаңда орналасуы қажет. Қоқыс жинағыш орналасқан алаң қоршалуға тиіс. Қоқыс жәшігі орналасқан жердің палаталы және емдеу-диагностикалық корпусқа дейінгі аралығы 25 метрден кем болмауы керек. Жиналған қоқысты және тамақ қалдықтарын күн сайын шығарып тұру қажет.

      1) күнделікті қоқыс жинауға арналған жәшіктер ғимараттың есік алдында, демалу орындарында және аулада (әрбір 50 метр сайын) орналасуы керек, олар күнде тазаланып отырылуға тиіс. Қоқыс жәшіктерін қойған кезде, емдеу мекемесінің ағаш отырғызылған ауласының әрбір 700 шаршы метрге бір жәшіктен қойылады. Негізгі аллеяларда қоқыс жәшіктерінің арасы 10 метр болуы керек.

      2) тері-венерологиялық, жұқпалы, онкологиялық, хирургиялық (оның ішінде акушерлік-гинекологиялық) бөлмелердің қалдықтарын бетінде тығыз жабылатын қақпағы бар, саңылауы жоқ қоқыс жинағышқа жинау қажет. Осы ауруханалардың қалдықтары қатты тұрмыс қалдықтарына (қоқысқа) арналған орындарда жойылады.

      3) әрбір аурухана аумағында тиісті нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес, бекітілген тәртіппен қалдықтарды өртеп жіберуге арналған қондырғы орналастыруға жол беріледі.

      4) қалдықтарды жағуға арналған пештер сағатына 100 килограмм өнімділігіне дейінгілер аурухананың шаруашылық аумағында 50 метр аралығында, ал сағатына 100 килограмнан өнімділігі жоғарылары тұрғын үйлерден - 100 метр қашықтықта және корпустан 50 метр қашықтықта орналасады. Мемлекеттік санитарлық қадағалаудың аумақтық органдарының талаптары бойынша белгіленген арақашықтық желдің бағытын, пештің қуаттылығын және басқа да жергілікті шарттарды ескере отырып, үлкейтілуі мүмкін. Қалдықтарды жою үшін тиісті қалалық ұйымдар мен кәсіпорындар (крематорийлер) қатысуы мүмкін.

      5) радиоактивті заттары бар қалдықтарды жинау, сақтау және көму жұмыстары, тиісті нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес, бекітілген тәртіппен іске асырылуы қажет.

3. Үй-жайлардың, имараттар мен жеке
ғимараттардың жоспарлы-сәулеттік және
құрылымдық шешімдеріне қойылатын талаптар

       7. Аурухана үй-жайларының және ғимараттарының жоспарлы-сәулеттік және құрылымдық шешімдері санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді, науқастардың ауруханада болған уақытында жанға жайлы қызмет көрсететін қызметкерлердің, еңбек және демалыс уақытын қамтамасыз етуі тиіс.

      8. Негізгі және қосалқы ғимараттардың ауданы мен құрамы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес жоспарлауға арналған тапсырмалармен белгіленеді.

      9. Медициналық жоғарғы оқу орындарының, колледждердің оқу базасы, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесі ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми базалары болып табылатын ауруханаларда, перзентханаларда міндетті түрде студенттерге, курсанттарға арналған оқу бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі және қосымша бөлмелер (киім шешетін бөлме, әжетхана, қосалқы бөлмелер) болуы керек.

      10. Ғимарат палаталары терезелерінің астыңғы қабатына автокөлік көп келетін травматология пунктін, қабылдау боксын, қабылдау бөліміне кіріп-шығатын есіктерді, ыдыс-аяқ қоятын, жүк тиейтін бөлмелерді орналастыруға рұқсат етілмейді.

      11. Емдеу және диагностикалық ғимараттардың ең төменгі және цоколды қабатында мына бөлмелер орналасуына рұқсат етіледі: қойма бөлмесі (шаруашылық заттарын сақтайтын қойма), қызметкерлердің санитарлық-тұрмыс бөлмелері (шешіну орны, себезгі), санитарлық өткізгіш, науқастардың заттарын сақтайтын бөлме, буфет және асхана қызметкерлері үшін, орталық кір жинау және сорттау бөлмесі, төсек орнын және клеенкаларды зарарсыздандыру және зарарсыздандыру дәрмектерін сақтау бөлмесі.
      Ауруханалардың төменгі және цоколь қабатында мына бөлмелер орналасуға рұқсат етілмейді: шеберхана, улы, қатты әсер ететін, тез жанатын сұйықтар мен жанар май, аккумулятор сақтайтын бөлмелер, қабылдау бөлмесі.

      12. Желдеткіш жабдықтарын, жылу тораптарына арналған бөлмелерді, машина бөлімшесімен бірге орналастырылған салқындататын камераларды, электрқалқанды машина бөлімшелері мен лифт шахтасын, шуыл мен дірілдің көзі болып табылатын басқа да үй-жайларды, сондай-ақ автоклавтар мен дезкамераларды, палаталармен, емдеу және ем қабылдау кабинеттерімен араластырып, сондай-ақ олардың үсті мен астыңғы қабаттарына орналастыруға рұқсат етілмейді.

      13. Рентген бөлмесін, радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған бөлмелерді орналастыру қолданылып жүрген нормативтік актілерге сәйкес іске асырылады.

      14. Науқастардың төсек орнын кеңейтуге және науқастарды секциялар немесе басқа да үй-жайлар палаталарының коридорларына орналастыруға, сондай-ақ қосымша жоспарда көрсетілген орыннан артық төсек орнын көбейтуге тыйым салынады.

      15. Операция жасайтын бөліктер жеке орналасқан қосымша бөлікте (стационар мен коридор арқылы байланысқан бөлек ғимаратта немесе жеке секцияда) орналасуы қажет және барынша тікелей коммуникациядан алыс (лифт, шахта, қоқыс құбыры) орналасқаны жөн. Операция бөлмелеріне персоналдар санитарлық өткізгіш арқылы, ал науқастар шлюз арқылы кіргізілуі қажет.
      Операциялық блок бөлек орналасқан, өтуге рұқсат етілмейтін екі бөлімшеден - ішкі бөлмелері қатаң сақталған, септикалық және асептикалық бөлімдерден тұрады. Операциялық бөліктерді орналастырғанда, септикалық операция жасау блогын асептикалықтан жоғары орналастыру қажет. Операция бөлмелеріндегі ағын, негізінен: хирург пен операцияға қатысатын мейірбикеге арналған есікте - "стерильденген", науқасты жеткізетін, анестезиологтің, кіші және техникалық персоналдар жүретін есікте "таза" және қалдықтарды тастайтын, пайдаланылған төсек әбзелдері мен іш киімдерді қоюға арналған есікте - "лас" - деп бөлінуі тиіс. Ағындар тоқтатылмауы немесе жанаспауы керек.

      16. Перзентханалардың (бөлімдердің) қабылдау бөлімшелерінде босанатын және жүкті әйелдерді санитарлық тексеру екі түрлі жекешеленген ағын арқылы жүргізіледі: физиологиялық бөлімшеде, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі мен обсервациялық бөлімшеде.

      17. Обсервация бөлімі 1 қабатта орналасады және мүмкіндігінше негізгі ғимаратта (қосымша құрылыста), жүкті әйелдер патологиясы, гинекологиялық және физиологиялық бөлімшелердің үстіңгі қабатына орналастырылады. Вестибюль мен сүзгіштен басқа, барлық үй-жайларды физиологиялық және обсервациялық бөлімдер үшін бөлек орналастыру қажет.

4. Үй-жайлардың ішін әрлеуге қойылатын талаптар

       18. Үй-жайлардың ішкі бетін әрлеу олардың функционалдық тағайындауларына сәйкес орындалуы тиіс. Қабырғалардың, арақабырғалар мен төбе беттері тегіс, ылғалды тазалау мен зарарсыздандыру үшін қолайлы болуы керек.

      19. Үй-жайлардың ішкі беттерін әрлеу үшін, ауа арнасы, желдету жүйелері, сондай-ақ сүзгі үшін қолданылатын барлық материалдарға Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсаты керек.

      20. Палаталар, дәрігерлер бөлмесі, холл, вестибюль, асхана, физиотерапевтік және басқа емдеу кабинеттерінің қабырғаларын силикаттық бояумен (керек болғанда майлы сырмен) құрғақ режимде бояу ұсынылады. Нитробояуларды қолдануға тыйым салынады.
      Осы үй-жайлардың төбелерін әрлеу үшін әкті немесе сулы эмульсияны қолдануға болады; еденінде жылуоқшаулағыш заттар (паркет, паркет тақтасы, майлы сырмен сырланған ағаш еден) төселуі керек. Вестибюльде еденге механикалық әсерге төзімді заттар (мрамор қиқымы, мрамор, таскесте (мозайка) еден) төсеу қажет.

      21. Ылғалды тазалық жұмысын жүргізетін, сондай-ақ ылғалды ағымдағы зарарсыздандыруды (операция, таңып-байлау, операцияға дейінгі бөлме, сонымен бірге ванна, себезгі, әжетхана, клизма жасайтын бөлме, таза емес төсек әбзелдерін, іш киімдер сақтайтын үй-жайлар) үй-жайларда қабырғаларын толығымен глазурленген тақтайшамен (плиткамен) және басқа да ылғалға төзімді материалдармен қаптаған жөн. Еденді жабу үшін су өткізбейтін құрылыс материалдарын қолдану қажет. Операция жасайтын, наркоз беретін, босануға арналған бөлменің едендері (жырығы, тесігі болмай) тегіс, жымы барынша толық жабысуы керек.
      Линолеумнің бір-біріне жалғасатын жымы мінсіз тегіс болуы керек. Линолеум шеті қабырға бетіндегі, еденкемерінің (плинтус) астына кіргізіліп, тегіс етіп бекітілуі керек.

      22. Қол жуғышты және басқа да санитарлық-техникалық қондырғыларды, жабдықтарды орналастыратын жерлерде, қабырғалар мен арақабырғаларының ылғалдануына байланысты, қабырғаларда еденнен есептегенде биіктігі 1,6 метр болатын глазурленген тақтайшалармен немесе ылғалға төзімді құрылыс материалдарынан жасалуы қажет және әрбір жабдықтың екі жағында ені 20 сантиметр ашық жер болуға тиіс.

      23. Радиоактивті заттармен және рентгенкабинеттердің иондық сәуле көздерімен жұмыс істеуге арналған үй-жайларды, сондай-ақ электр жарығымен емдеу, тіс жөндеу, офтальмологиялық кабинеттерді, клиникалық және биохимиялық лабораторияларды және басқа қызмет істеуге арналған кабинеттерді әрлеу нормативтік актілерге сәйкес орындалады.

      24. Әртүрлі құрылымдардағы аспалы төбелерді қолдану вестибюльдерде, дәліздерде, холлдарда және операциялық, босанатын, таңып-байлайтын, ем жасайтын үй-жайларға жанаспайтын басқа да қосалқы үй-жайларда қолдануға болады. Құрылымдар мен аспалы төбелерге қажетті материалдар, оларды жинау, тазалау және зарарсыздандыру жүргізу үшін ыңғайлы болуы керек.

5. Санитарлық-техникалық, медициналық,
технологиялық жабдықтарға, жиһаздарға,
керек-жарақтарға қойылатын талаптар

       25. Жаңадан салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған ауруханалар су құбырымен, канализациямен, орталықтандырылған ыстық сумен, жылумен, желдеткішпен (керек болған жағдайда ауаны кондициялау жүйесiмен) жабдықталуы керек. Биіктігі екі және одан да жоғары қабаттан тұратын ғимараттар лифтпен, қоқыс өткiзгiш жолдармен бірге қоқыс жинайтын камерамен, көтеру құрылғыларымен жабдықталуға тиіс.

      26. Ауруханалардан шыққан ағынды суларды тазалау және зарарсыздандыру жалпы қалалық канализациялық тазартқыш имараттарда жүргізілуі керек. Жұқпалы аурулар ауруханасының жергілікті тазартатын имараттары болуы керек. Жалпы қалалық тазартқыш имараттар болмаған жағдайда, ауруханалардың ағынды сулары жергілікті тазарту имараттарында тазартылып және зарарсыздандырылуы қажет.

      27. Жаңадан салынып жатқан ауруханалар, сондай-ақ істен шығып қайта жаңартуға жататын немесе алдын-ала жөндеу жұмыстарын қажет ететін ысты сумен қамтамасыз ету жүйелері үшiн резервте (апаттық) ыстық сумен қамтамасыз ету қарастырылуы қажет; апатты жағдайда қамтамасыз ету үшiн, жұмыс істеп жатқан мекемелерге - санитарлық кіріп-шығуға рұқсат беретін пункттерге, операция алдындағы және босану залдарына, емшара жүргiзетiн, жаңа туған нәрестелер және 1 жасқа дейінгі балалар бөлiмшелерiне, санитарлық-тұрмыстық бөлмелерге, жуатын бөлмелерге, буфеттерге, тарататын бөлмелерге, ас блоктарына және басқа да ерекше санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді қажет ететін қызметтiк үй-жайларға су жылыту үшiн үзiлiссiз жұмыс істейтiн электр қондырғылары орнатылады.

      28. Ауруханадағы барлық технологиялық, санитарлық-техникалық, инженерлік және басқа да жабдықтар, жиһаздар және құралдар қолданылып жүрген актiлерге сәйкес келiп, дұрыс жұмыс қалпында болуы керек.

      29. Науқастарға арналған палатада (балалар және жаңа туған нәрестелер палатасында) дәрігерлер кабинеттерiнде, персоналдың бөлмелерi мен кабинеттерiнде, дәретханаларда, бокс және жартылай бокс шлюздерiнде, балалар бөлімшесiндегі аналар бөлмесінде, емшара жүргiзетiн, таңып-байлау және қосымша үй-жайларда ыстық және салқын суды араластырғышпен жабдықталған қол жуғыш орнатылуы керек.

      1) операцияға дейінгі, байлап-таңу, босану залдары, емшара жүргiзетiн кабинеттер, нәрестелер палатасының қасына орналасқан мейiрбикелер посттары және басқа да қызмет жасайтын медицина қызметкерлерінен қолдарының ерекше тәртіп пен тазалықта болуын талап ететiн үй-жайларды шынтақ шүмектерi орнатылған араластырғышы бар қолжуғышпен жабдықтау қажет. Аталған үй-жайлармен қатар жұқпалы аурулар, туберкулез, тері - мерез аурулары бөлімшелерінде, бокстар, жартылай бокстар шлюздерiнде және персоналға арналған дәретханаларда шынтақ шүмектерi орнатылған араластырғышы бар қолжуғыштар орнатып, сол сияқты барлық дәретханалардың шаю бачоктарын аяқпен басып су ағызатын педальмен жабдықтау керек.

      2) нәрестелер палатасында, балаларды жуындыруға жағдай туғызатын астауы кең және араластырғышы бар раковина орнатылуы тиіс.

      3) палаталы бөлімшелердің санитарлық бөлмелерiнде судналар мен клеенкаларды кептіру мен тазарту үшін кішігірім механикаландырылған құралмен жабдықталуы тиіс.

      4) соматикалық ауруханадағы палаталы бөлімшелердің науқастарына арналған санитарлық құралдардың санын мына есеппен алу керек - ерлер дәретханасында 15 адамға бір құрал, ал әйелдер дәретханасында 10 адамға бір құрал. Ерлер дәретханасындағы кіші дәрет орынының саны, унитаз санына тең болуы тиіс.

      5) қызмет көрсететін персоналдарға арналған санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда: санитарлық құралдар саны екі құралдан кем емес және жуынатын себезгi орнатылған әйелдердiң гигиеналық кабинасы және ерлерге арналған бір құрал болуы тиiс; жуынатын себезгiсi бар кабина саны мына есеппен алынады: - жұқпалы аурулар және туберкулез аурулары бөлімшелерінде 10 адамға бір жуынатын себезгi кабинасы, басқа бөлімшелерде кезекпен жұмыс істеуі басым орта және төменгі персоналдардың 15 адамына бір жуынатын себезгi кабинасы. Егер персонал саны аз болған жағдайда бір бөлімшеге бір жуынатын себезгi кабинасы қарастырылады. Операция блогындағы персоналдарға (ерлер және әйелдерге) арналған санитарлық өткізгіштердiң әрқайсысының құрамына жеке үй киiмдерiн және арнайы киiмдерiн сақтау үшiн жапсарлас екі бөлме жоспарлануы керек. Жуынатын себезгi кабиналары (әр санитарлық өткізгіште 2-4 операция жасайтын бригадаға бір жуынатын себезгi кабинасы есебінен) шығатын есік жақта орналастырылып, "Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар", негiзiнде iшке солар арқылы өту керек.

      30. Палатадағы аурухана төсектері ҚНжЕ талаптарында көрсетілген көлемге сәйкес, бірақ 4 төсектен артық болмауға тиіс. Бір жасқа дейінгі балалар палатасында, сонымен қатар обсервациялық акушерлік бөлімшелердің нәрестелер палатасының орны екi төсектен артық болмауы керек. Палатадағы төсекті терезе қабырғасына паралель орналастыру қажет. Терезесі бар қабырғадан төсекке дейiнгi ара қашықтығы 0,9 метрден кем болмауы керек. Төрт орынды палатадағы төсектердің ортасы, төсек пен қабырға арасы, 2-3 орынды палатада 1,2 метрден болмауы тиіс. Төсектiң жан-жағының арасы 0,8 метр, ал балаларды жеделдетiп емдеу палатасында 1,2 метрден аз болмауы керек.
      Әрбір бөлімше кішігiрм механикаландырылған құралдармен (каталка, дәрі-дәрмек, тамақ, төсек тасымалдайтын арба) қамтамасыз етiлуге тиіс.

      31. Бөлімшедегі киім, төсек әбзелдерін сақтайтын қойма, ылғалды тазалау және зарарсыздандыруға ыңғайлы гигиеналық жолмен жабылған сөрелермен жабдықталуы тиіс. Жалпы киім, төсек әбзелдері стеллажбен, сорттау және қабылдау үшiн столдармен жабдықталуы қажет.

6. Үй-жайды жылытуға, желдетуге және оның
      микроклиматы мен ауа ортасына қойылатын талаптар

      32. Жылу беру, желдету жүйелерi және ауаны кондиционерлеу үй-жайлардағы микроклимат пен ауа ортасындағы жағдайларды гигиеналық нормалардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуi тиiс. Жылу беру, желдету жүйелерi және ауаны кондициялау құрылыстарын жобалауда, салуда (қайта жаңарту) және пайдалануда қолданылып жүрген нормативті құжаттардың ҚНжЕ негізгі ережелерін басшылыққа алу керек.

      1) аурухана ғимараттарының жұқпалы аурулар бөлiмшесiнен басқаларында механикалық қоздырғышпен жалғасқан сору-желдету жүйелерi жабдықталуы керек. Жұқпалы аурулар ауруханасында (бөлімшесiнің) бокс және жартылай боксты бөлмелерiнде сору желдеткіші, ал әрбір палаталық секцияларында дефлектор қою арқылы гравитациялық қоздырғышпен қосылуы тиiс. Палатадан сору-желдету және жеке каналдар арқылы жүзеге асырылып, тiк шығатын ауаның ауысуын болдырмауы керек.
      Операция жасайтын бөлмелерден басқа үй-жайлардың барлығында сорып-шығаратын механикалық қондырғышпен қосылған желдеткiштен басқа табиғи желдету болуы тиiс. Терезенiң фрамугалары, форточкалары қолдануға жарамды (бұзық емес), дұрыс болуы керек.

      2) желдету және кондициялау жүйелерi үшiн сырттан сорылатын ауа кем дегенде жерден 1,0-2,0 метр биіктікте, таза зонадан алынады. Сырттан қондырғы арқылы iшке берiлетiн ауа сүзгi арқылы тазалануға тиiс.
      Операция жасайтын, наркоз беретiн, әйелдердi босандыратын, реанимациялық, операциядан кейінгі, қарқынды терапиямен емдеу, тері күйігі науқастарының палаталарына берілетін ауа бактерицидтік сүзгіш арқылы тазартылып, берілуге тиіс.

      3) операция жасайтын, қарқынды терапиямен емдеу палаталары, реанимация, әйелдердi босандыратын, емшара жүргiзетiн және басқа бөлмелерде жүргiзiлген медициналық-технологиялық үдерiстер барысында ауаға бөлінiп шығатын зиянды заттарды сору үшiн қажеттiлiгiне қарай жергiлiктi сорғыш құралдармен немесе сору шкафтарымен жабдықталуы тиіс.

      4) ауруханалардың операция жасайтын, қарқынды терапиямен емдеу палаталарында, реанимация, әйелдердi босандыратын, емшара жүргiзетiн және басқа бөлмелерiндегi ауаның құрамындағы зиянды заттар 1-ші қосымшада көрсетiлген рұқсат етiлген қанықпа мөлшерінен аспауы керек.

      5) операция жасайтын, наркоз беретiн, әйелдердi босандыратын, операциядан кейінгі, қарқынды терапиямен емдеу, реанимациялық палаталарда, тері күйігі ауруларына арналған бiр және екi орындық бөлмелерде, жаңа туған, шала туған және жарақат алған балалар палатасында ауаны кондициялау қажет. Кювезбен жабдықталған палаталарда ауаны кондициялау қарастырылмайды.

      6) үй-жайлардағы ауаны алмастыру еселiгi нормативті құжаттарға сәйкес есепке алынуы тиiс, бұл жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-60% аралығында болып, ал ауа қозғалысының жылдамдылығы 0,15 метр секундтан аспауы керек.

      7) ауа жүргізетiн, тарататын торлар, желдеткіш камералар, желдеткіш қондырғылар және басқа құрылғылар таза күйінде ұсталынып, механикалық зақымдануына, таттануына, герметикалық қабатының бұзылуына жол берiлмеуi тиiс.
      Барлық дросселдермен жұмыс iстейтiн құрылғылар жеңiл қозғалатын және олардың жабылу дәрежесiн анықтайтын көрсеткiштер болуы керек.

      8) жұмыс iстеп тұрған желдеткіштер мен электрлі қозғалтқышы реттелген, ырғақты жүрiсi бар, жайсыз шу шығармайтын, қондырғының дiрiлiн туғызбауы керек.

      9) бөлiмшелер мен палаталардағы ауаны алмастыру барысында палаталық бөлiмшелер, палаталар арасында, жапсарлас қабаттар арасында ауаның ауысуын барынша шектеу қажет.

      10) палатада ауаның оқшауланған тәртiбiмен қамтамасыз етудi жасау үшiн, оларды сыртқа шығару мүмкiндiгi басым келетiн санитарлық тораппен қатысы бар шлюзбен қосып жобалау керек.

      11) баспалдақты-лифт қораптарынан палаталық бөлімшелерге ауаның соғуын болдыртпау үшін олардың аралығында ауаны ұстайтын орталық зонаны қалыптастыру қажет (желдеткіштер дыбысвибрациялық қорғану есебімен, талаптарға сәйкес орнатылуы керек).
      Баспалдақтар торы, лифт шахтасы, көтергіш дiңгектерi, кiрлеген төсек-жабдықтарын, киiм-кешектердi жинау үшiн қаралған орталықтандырылған бөлме сыртқа сорып шығару қызметi басым ауа алмастыратын автономды сорып-шығару желдеткішімен жабдықталуы қажет.

      12) сәулеттiк-жоспарлау шешімдерi және ауаны алмастыру жүйелерi палаталық бөлімшелерден және басқа үй-жайлардан операция блогына және ерекше тазалықты талап ететiн басқа да бөлмелерге, жұқпаның тасымалдануын болдырмауы тиіс.

      13) баспалдақты-лифт торабынан, палаталық бөлімшелерден, және басқа бөлмелерден операция блогына ауа массасының соғуын болдырмау үшін, аталған үй-жайлар мен операция блогының аралығында ауаны ұстайтын құрылғы - шлюз орнатылуы керек.

      14) ауа ағысының қозғалысы операция жасайтын бөлмеден оған жалғасып жатқан бөлмеге (операцияға дейінгi, наркоз беретiн), ол жерден коридорға шығуы қамтамасыз етiлуi керек. Дәлiзде сорып, сыртқа шығаратын желдеткіш құрылғысын орналастыру қажет.

      15) операция жасайтын бөлменiң төменгі зонасынан шығарылатын ауаның көлемi 60%, ал жоғарғы зонадан 40% болуы тиіс. Таза ауа жоғарғы зона арқылы берiледi. Бұл жағдайда кiретiн таза ауаның көлемi шығатын ауаның көлемiнен 20%-ке артық болуы керек.

      16) таза және іріңдi операциялар жасайтын бөлмелерде, әйелдердi босандыру блоктарында, реанимация бөлімшесінде, таңу-байлау, палаталық секциялар бөлімшелерінде, рентгенге түсiретiн және басқа да арнайы кабинеттерде өз алдына оқшауланған (бөлек) желдеткіштер жүйесiнiң болуын қарастыру қажет.

      17) әрбір мекемеде ауаны кондициялау және желдету жүйелерiн пайдалану барысына жауапты адам мекеме бұйрығымен белгiленуi тиiс.

      18) ауаны кондициялау, оны өткiзу және желдету жүйелерiне алдын-ала тексеру, жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуі тиіс, бiрақ жылына екi реттен кем емес. Iстен шыққан жарамсыз тетiктер мен ақаулар кiдiрiссiз жойылып, тез арада жөнделуі қажет. Айына бір рет сүзгішті қарап, тазалап, ауыстыру жұмыстарын жүргізу керек.

      19) операция жасайтын, операциядан кейiнгi палаталар, әйелдердi босандыратын, қарқынды терапиямен, физиотерапиямен емдеу палаталарында, қатты әсерi бар улы заттарды сақтайтын бөлмелерде, дәрi-дәрмектiк қоймаларда, дәрi-дәрмектердi дайындайтын бөлмелерде, лабораторияларда, тiс емдеу бөлiмшелерiнде, амальгам дайындайтын, радиологиялық бөлiмшелердiң арнайы үй-жайларында және басқа жайлардағы температураны, ылғалдықты және ауа ортасының химиялық заттармен ластануын, желдету жүйелерiнiң жұмысын бақылап және ауа алмасуының еселiгiне тексеру жүргiзiлуi тиiс. Сонымен қатар химиялық және басқа заттар мен қосылыстарды қолдану арқылы адамдардың денсаулығына зиянды әсерi бар үй-жайларда 3 айда бір рет; жұқпалы аурулар және туберкулездi емдейтiн ауруханаларда (бөлiмшелерде), вирусологиялық лабораторияларда, рентген кабинеттерiн 6 айда бір рет, ал қалған үй-жайларда 12 айда бір рет тексеру жүргiзiп, оның қорытындысы актiмен рәсiмделiп, мекемеде сақталуы керек.

      33. Аурухана, перзентхана үй-жайлары мен басқа да стационарлар температураларының есептеу параметрлері нормативтік актілерге сәйкес алынуы керек.

      34. Емдеу мекемелерінде жылу жүйесi үй-жайлардың iшiндегi ауаның бір қалыпты жылытылуын барлық жылу беру кезеңiнде қамтамасыз етуі тиіс, зиянды заттармен және иiспен ауаның ластануын болдырмай, шуды рұқсат етiлген деңгейден асырмай, ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын реттеп отыратын ыңғайлы құрылғымен қамтамасыз етiлуi керек.

      1) жылу беретiн қондырығылар сыртқа қарайтын қабырғаға, терезенiң астына, қоршаусыз орналастырылады, әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайларында, балалар ауруханасында және басқа да мамандандырылған бөлiмшелерде орналасқан жылу қондырғылары өрнектелген ағашпен, тормен, немесе жылу шығаратын тесiгi бар материалмен қапталады. Көрсетілген қорғаушы қондырғыларды орнатқанда жылу қондырғысының бетін 15%-тен артық үлкейту қажеттiлiгi тумауы тиiс. Бұл күнделікті жұмыста қолдануда және қондырғыларды тазалауда еркiн өту мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi керек. Қондырғылардың беті тегіс, сырланған, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргiзуге қолайлы болып және таза ұсталынуы керек.

      2) ауруханалар мен перзентханалардың орталықтандырылған жылу жүйесiнде жылу тасымалдаушы болып, қыздыру құралындағы температурасының шегi 85 С су пайдаланылады. Емдеу және әйелдердi босандыруға көмектесетiн мекемелерде, жылу жүйесiнiң ашық түрiнде жылу тасымалдауға әртүрлі сұйықтарды және ертiндiлердi (антифриз) қолдану ҚНжЕ сәйкес тыйым салынады.

7. Табиғи және жасанды жарықтандыруға
қойылатын гигиеналық талаптар

      35. Аурухананың барлық үй-жайлары табиғи және жасанды жарықпен ҚНжЕ-ге сәйкес қамтамасыз етiлуi тиіс.

      1) екінші жарық немесе жасанды жарықты пайдалану технологиясы мен ережесі табиғи жарықты талап етпейтін қоймалық үй-жайларда, палаталардағы санитарлық тораптарда, гигиеналық ваннада, клизма жасау, жеке бастың тазалығына арналған бөлмелерде, қызметкерлерге арналған жуынатын себезгi және киiм шешетiн бөлмелерiнде, термостаттық, операцияға дейінгі және операция жасайтын, аппараттық, наркоз беретiн бөлмелерде, сурет лабораториясы және кейбiр басқа үй-жайларда қолдануға рұқсат етiледi.

      2) палаталық секциялардың (бөлімше) дәліздерін табиғи жарықпен қамтамасыз ету ғимараттың шеткi қабырғаларына және жарық қалтасына орналасқан (холл) терезелер арқылы жүзеге асырылады. Жарық берушi қалталар арасы 24 метрден және қалтаға дейін 36 метрден аспауы керек. Емдеу диагностикалық және қосымша бөлiмшелердiң дәлiздерiнiң шет жағынан немесе қапталынан түсетiн жарығы болуы тиіс.

      3) жазғы уақытта тікелей түскен күн сәулесінiң көз қарықтырар әсерiнен және қызып кетуден сақтану үшiн, 3 және 4 климаттық аудандарда орналасқан ауруханалардың жарық түсiретiн ойықтары көкжиектiң солтүстiк кеңдiктегi 70-290 градус секторына бағытталған жағдайда, күн сәулесінен қорғану құралдарымен (күнқағар, жалюзи) жабдықталуы керек.

      4) жасанды жарық жеткілікті көлемде, реттелетiн, қауіпсiз, көз шағылыстырмайтын және адамға басқалай зияны болмауы керек.

      5) жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда, қарастырылуы керек. Сонымен қатар жекеленген қызметтiк жұмыс зонасы мен жұмыс орны жергiлiктi жарықтандырумен қамтамасыз етілуге тиiс.

      6) үй-жайларға жасанды жарық люминесценттік шамдар және жай шамдар арқылы жүзеге асырылады. Ұсынылатын жарықтандыру түрi, жарық көзі, шамның түрлерi қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес алынады. Орнатуға және қолдануға қарастырылған люминесценттi шамдар шу шығаруы ерекше төменгi деңгейде, қосып-ажырататын реттеу аппаратымен жабдықталуы керек.

      7) үй-жайдың төбесiне орнатылған жалпы жарықтандырушы шамдар жарықты тұтас (жабық), шашыратып беруi керек. Палатаға жарық беру үшiн (балалар мен психиатрия бөлімшесінен басқа) қабырғаға еденнен 1.7 метр биiктiкте, әр төсектiң тұсында орнатылған ыңғайлы шамдар (жалпы және жергiлiктi) қолданылуы тиiс.

      8) әр палатада одан басқа түнде жарық беретiн арнайы шамдар болуы тиiс. Дәрігерлердiң ауруды қабылдайтын кабинетіне науқастарды қарау үшiн қабырғалық шамдар орнатылуы қажет.

8. Ауруханада жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң
еңбек және тұрмыс жағдайларына қойылатын
гигиеналық талаптар

     36. Негiзгi қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайларда және жұмыс орындарында қызмет көрсетушi медициналық және басқа қызметкерлер микроклиматтың және ауа ортасының нормативтi параметрлерiмен, сол сияқты ауаның алмасуы және акустикалық тәртіппен ҚНжЕ-ге сәйкес қамтамасыз етiлуi керек.
      Палаталар, операция жасайтын бөлмелер, дәрiгерлер кабинеттерiнде дыбыс деңгейі сағат 7-мен 23 аралығында шамамен 35 децибел A (әрі қарай - дБА), ал сағат 23.00 пен 7.00 аралығында шамамен 25 дБА болуы тиіс.

      37. Жабдықтарды орналастыру және пайдалану қатаң түрде еңбектi қорғау мен техника қауіпсіздігінiң ережесіне сәйкес жүргiзiлуi керек.

      1) операция жасайтын, әйелдердi босандыратын блоктарда наркоз беретiн және басқа аппараттарды дем алатын ауа кеңiстiгiне түсетiн есiрткi буларын сiңiретiн және шығаратын құрылғыларсыз, сол сияқты газ беру жүйесiнiң герметизациясы бұзылған жағдайда қолдануға рұқсат етiлмейдi.

      2) емшара жүргiзетiн, аэрозольдi-ингаляциялық кабинеттерде, таңып-байлау, стерилизациялау бөлімшелерінде уыттылығы жоғары дәрi-дәрмектердi қолдануға байланысты манипуляция жасау үшiн раковинамен және канализациямен жабдықталған сору шкафтары қарастырылуы қажет.

      38. қызмет етушi персоналдарға арналған санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар ҚНжЕ-ге сәйкес жабдықталуға тиіс.
      1) қызмет көрсететiн персоналдарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшiн асхана немесе буфет қарастырылуы қажет. Асхана немесе буфеттегi тамақтанатын орын 100 жұмыскерге шаққанда 10-12 орын есебiнен қарастырылуға тиiс.

      2) әрбір құрылымдық бөлімшеде персоналдарға арналған ауданы 12 шаршы метрден кем емес, тоңазытқыш, су жылытатын қондырғы және қол жуатын раковинамен жабдықталған бөлмелер қарастырылуы керек.

      3) жекеленген мамандандырылған бөлімшелер және кабинеттердiң (дәрiхана, клиникалық, микробиологиялық және вирусологиялық лабораториялар, орталық стерилизациялау бөлімшесі, физиотерапевтiк бөлімшелер, рентген кабинеттер, ас блогы, кiр жуатын бөлме, зарарсыздандыру камералары) жұмысы жағдайына қойылатын нақты санитарлық-гигиеналық талаптар Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметімен анықталады.

      39. Медициналық персоналдар, оның iшiнде зиянды химиялық заттармен жұмыс iстейтiн немесе жағымсыз өндiрiстiк факторлардың әсері ұшырайтын қызметкерлер міндетті түрде алдын-ала және кезең-кезеңмен қараудан арнайы медициналық тексеруден бекітілген тәртіпке сай өтiп отырулары тиіс.

9. Үй-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандардың
санитарлық жағдайын қалыптастыру

      40. Барлық үй-жайлар, жабдықтар, медициналық құрал-саймандар таза ұсталуы тиiс. Бөлмелерде ылғалды тазарту жұмыстары (едендердi жуу, жиҺаздарды, жабдықтарды, терезенiң алдын, есіктердiң шаңын сүрту) тәулігіне екi рет, қажет болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен рұқсат етiлген жуғыш және зарарсыздандыратын заттарды қолдана отырып, жиiрек жүргiзiледi. Терезенiң әйнегiн айына бір рет iшкi жағынан және сырт жағынан ластануына қарай, бiрақ кем дегенде 4-6 айда бір рет жуылып тұрылуы керек. Барлық тазарту жұмыстарына қажеттi керек-жарақтар (шелек, леген, жуатын, сүртетiн шүберек, швабра) болып, қолданылатын үй-жайы, қатысатын жұмысының түрi көрсетiлген нақты таңбалары болып, қатаң түрде белгiленген мақсатқа қолданылуы және бөлек сақталуы керек.

      41. Кабинеттерде, операция жасайтын блоктарда жалпы тазарту жұмыстары аптасына бiр рет жүргiзiледi. Үй-жайдың (еден, панелдер) iшi зарарсыздандыратын препараттардың тиiмдi әсерi болуы мақсатында алдын-ала сабынды-содалы ертiндiмен жуылып, артынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен рұқсат етiлген зарарсыздандыратын дәрмектермен зарарсыздандырылады. Белгiленген экспозициядан кейiн үй-жайды таза сумен бір рет қолданылатын шүберектермен жуып, және ультракүлгiн сәулесiмен екі сағат бойы (тiкелей немесе шағылыстырып) өңдейдi.
      Тазарту жұмыстарын жүргiзу үшiн персонал таза халат, аяқ киiм, бет перде, немесе қажет болған жағдайда шаңтұтқыш, қорғаушы көзәйнек, клеенкадан тiгiлген алжапқыш, резеңке қолғап киедi. Басқа кабинеттерде жалпы тазарту жұмыстары эпидемиологиялық көрсеткiштерге сәйкес айына бір рет жүргiзiледi.

      42. Операция жасайтын блоктарда, таңып-байлайтын, әйелдердi босандыратын залдар, реанимациялық палаталар, жаңа туған және шала туған және бір жасқа дейiнгi балалар палаталары, емшара жүргiзетiн бөлмелер, жұқпалы аурулар бокстары, сүт бөлмелерiндегi ауаны зарарсыздандыру үшiн әрбiр тазарту жұмыстарынан кейiн, сол сияқты күнделiктi пайдалану барысында ультракүлгiн сәулелi шамдармен 30 минут бойы сәулелеу керек.

      1) экрандалмаған бактерицидтік шам мынандай есеппен: үй-жайдың бір текше метр көлемiне қуаты 2,0-2,5 ватт жұмсайды.

      2) экрандалған бактерицидтік шам мынандай есеппен: үй-жайдың 1 текше метр көлемiне қуаты 1 вт болатын сәуле жұмсап, еденнен 1,8-2,0 м биiктiкте орналастырылып және сәуле бөлме iшiндегi адамдарға тiкелей бағытталмауы керек. Шамның жұмысын есепке алу арнайы журналда жүргiзiледi. Шамның сөндіргiштерi бөлмеге кiретiн жерде орналасып, "Кіруге болмайды, бактерицидті шам iске қосылған" деген жарықтандырылған көрсеткiш тақтаға қосылуы тиiс. Бөлмеге персоналдың кiруiне УҚС шамы өшiрiлiп, желдетiлгеннен кейiн 30 мин өткен соң рұқсат етiледi. Ерекше жағдайда УҚС шамы қосылып тұрғанда персонал мiндеттi түрде көз әйнек киiп, аз уақытқа кіріп шығуына болады.

      43. Аурухана әкiмшiлiгi стационарлардың үй-жайларында жәндіктер мен кемiргiштерге қарсы алдын-алу, тазарту жұмыстарын тұрақты жүргiзiп отыруы керек.

      44. Ауруханалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 128 қаулысына және басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес төсек әбзелдері және киім-кешекпен қамтамасыз етілуі керек.

      1) аурулардың киім-кешегi ластануына байланысты ауыстырылып тұру керек, бiрақ 7 күнде бір реттен сирек емес. Науқастардың жұғындысымен былғанған төсек әбзелдерi, киiм-кешектер кiдiрiссiз ауыстыруға жатады. Жаңадан босанған әйелдердiң төсек әбзелдерiн әр 3 күн сайын, iш киiмi мен сүлгілерін, салып қолданатын салфетканы күн сайын қажеттiлiгiне қарай ауыстырып отыру керек.

      2) акушерлік стационарларда (әйелдердi босандыру блогында және асептикалық тәртіптегi жаңа туған балаларға арналған үй-жайларда) стерильденген төсек әбзелдері мен киім-кешектер қолданылуы керек.

      3) бөлімшелердегі аурулардың кiрлеген киімдерi мен төсек әбзелдері арнайы жабық ыдысқа (клеенкадан немесе полиэтиоленнен жасалған қаптар, арнайы кiрлеген киiм-кешектi жинауға жабдықталған арбалар) жиналып, кiрлеген төсек әбзелдері мен киiмдердi жинақтайтын орталыққа тапсырылуы керек. Бөлімшеде жиналған кiр жабдықтары мен киімдердi талдауға рұқсат етiлмейдi.

      4) бөлімшеде жиналған кiр жабдықтары мен iш киімдердi уақытша (12 сағаттан артық емес) санитарлық бөлмеде немесе арнайы белгiленген жерде жабық ыдыста (зарарсыздандыруға болатын темір, пластмасса күбiшелер, жабық жәшіктер және басқа ыдыстарда) сақтау керек.
      Кiрлеген төсек әбзелдері және киім-кешекпен жұмыс iстеу үшiн персонал ауыстырып киетiн санитарлық киіммен қамтамасыз етілуге тиіс (халат, орамал, қолғап, бет перде).

      5) таза киім-кешек пен төсек әбзелдері арнайы бөлінген үй-жайда сақталуы тиіс. Бөлімшеде бір күнге жететiн таза төсек әбзелдері, киім-кешектiң қоры арнайы бөлiнген шкафтарда сақталуы керек. Үй-жайларда арнайы оларды сақтау үшiн бейiмделген орындар немесе кәдiмгi шкафтарда сақталуы тиiс.
      Төсек әбзелдері мен киім-кешектер және оларды салатын ыдыстар таңбалануы керек.

      6) аурулардың төсек әбзелдері мен киім-кешектерi ауруханадағы кір жуатын орнында жуылуы тиіс. Аурухананың төсек әбзелдері мен киiм-кешектерiн қалалық коммуналдық кiр жуатын жерлерде жуу, ауруханалық емес кiр заттармен араласуына жол бермейтiн, арнайы технологиялық желiлер бөлiнген жағдайда рұқсат етiледi. Жұқпалы аурулар, обсервациялық және iрiңдi-хирургиялық бөлiмшелердiң төсек әбзелдері мен киiм-кешектерi жуудың алдында зарарсыздандырылуы керек.

      7) таза және кiрлеген төсек әбзелдері мен киім-кешектер арнайы бөлiнген көлiкпен, кiр жуатын жерге, оралған күйiнде, тығыз матадан жасалған қаптарға немесе контейнерлерге салынып тасымалданады. Аталған жабдықтарды тасымалдау кезінде былғанбас үшiн ыдыстың ақаулары болмауы керек, және оның сыртында мекеменiң атауы, "таза" немесе "кiрлеген төсек әбзелдері мен киім-кешектер" деп жазылған таңбасы болуы тиiс.

      8) емделiп шыққан немесе қайтыс болған әрбiр аурудан кейін, сол сияқты кiрлеуiне байланысты матрас, жастық, көрпені ауыстырып, одан кейiн зарарсыздандыруға жатады.

      45. Стационарға түскен аурулар қабылдау бөлімшесінде арнайы санитарлық тазалаудан өтедi. Санитарлық тазалаудан өткеннен кейiн ауруға таза iш киiм комплектiсi, пижама, аяқ киiм (тапочка) беріледі. Аурудың өзiнiң киiмдерi мен аяқ киiмi iлгiшiмен, арнайы ыдысқа салынып сақтауға, немесе iлесiп келген адамға сақтауға берiледi. Стационарда ауруларға және жүкті әйелдерге өзiнiң киімін пайдалануға рұқсат етiледi.

      46. Бөлімшеде әр ауруға жеке қолдану құралдары бөлiнедi: палатада жеке басының тазалығы үшiн қолданылатын заттарды пайдалануына рұқсат етiледi. Ауруларды гигиеналық жуындыру 7 күнде 1 рет жүргiзiледi.

      47. Медициналық көмек көрсететiн қызметкерлер күнделiктi жұмыс бабында ауыстыратын санитарлық жұмыс киімінiң комплектiсiмен: халат, қалпақ немесе орамал, ауыстырып киетiн аяқ киіммен (тапочкамен) жеткiлiктi көлемде қамтамасыз етiлуi қажет. Олар жеке шкафтарда сақталуға тиiс. Қажет болған жағдайда тез ауыстыру үшiн санитарлық киiмнiң таза комплектiсi дайын тұруы керек. Санитарлық киімдер орталықтандырылған кiр жуатын жерде, аурулардың киiмдерiнен бөлек жуылуы керек.

      48. Басқа бөлiмшелердегi кеңес беретiн немесе басқалай көмек көрсететiн медициналық персоналдар, стационарлық бөлімшелерде техникалық, әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсетушi (оның iшiнде уақытша) персоналдар ауыстырып киетiн жұмыс киiмi және аяқ киімiмен қамтамасыз етiлуi тиіс.

      1) қызметкерлердiң жұмыстағы халатымен және аяқ киімiмен емдеу немесе әйелдердi босандыру мекемелерiнен сырт жерлерге шығуына тиым салынады.

      2) жұқпалы аурулар, әйелдердi босандыратын бөлiмшелер, операция жасайтын блоктарда практикадан өтушi студенттер емдеу мекемесiнiң арнайы ауыстыратын киімдерiмен қамтамасыз етiлуi керек.

      49. Дәрігерлер, акушерлер, мейiрбикелер әрбiр ауруды (босанатын, босанған әйелдер) қарар немесе емшара жүргiзер алдында, сол сияқты "кiр шараларды" (бөлменi тазалау, аурулардың төсек-жабдықтарын ауыстыру, дәретханаға барып-шығу) атқарғаннан кейiн қолдарын екі рет сабындап жууы керек. Хирургиялық операцияға қатысатын және жараны байлап-таңатын персоналдың, акушерлiк стационардағы персоналдың және басқа асептика және антисептика қатаң сақталатын жағдайда жұмыс iстейтiн медицина қызметкерлерiнiң қолын тазартып жууы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жүргiзiледi.

  10. Ас блогына және буфеттiк бөлiмшелерге
қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

      50. Ас блогы, жұқпалы аурулар бөлiмiнен басқа корпустармен және бас корпуспен ыңғайлы жер асты және жер үстi көлiк қатынасы бар, бөлек тұрған ғимаратта орналасуы тиіс.

      51. Ас блогының қолданылуына, құрылымына, жабдықтарға, буфеттiк бөлімшелерге, тағам өнiмдерiн кулинарлық өңдеуден өткiзуге және сатуға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сай қойылады.

      1) тамақ өнiмдерiн дайындаған кезде, өндірістiң үздiксiз үдерiсiн қатаң сақтау керек. Дайын өнімдер мен шикізаттардың бірдей өңделуiне орын бермеу керек.

      2) барлық ыдыс жуғыштарда (буфеттік бөлімшелерде) ыстық суы құбырмен келіп, ыдыс жуатын ваннаға қосылған және резерв ретінде электрлі титан орнатылуы қажет. Барлық жуғыш ванналар канализация жүйесiне қосылып, су ағысы мен оны қабылдайтын жоғарғы құйығының арасы 20 милиметр болу керек.

      3) ас блогына келiп түсетiн азық-түлiк өнімдері қолданылып жүрген нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес болып, өнімнің сапасын растайтын iлеспе құжаты бiрге жүруi керек. Тағам өнімдерінiң iлеспе құжаты жоқ, сақтау мерзімі өткен, бұзылған белгiлерi болған жағдайда Қазақстан Республикасының "Сертификаттау туралы" Заңының негiзiнде оларды қолдануға рұқсат етiлмейдi. Қараныз Z040000603

      52. Тамақ түрлерiнiң мәзiрiн жасағанда белгiленген тәртiп бойынша жасалған тамақтану нормасы есепке алынуы қажет. Аурулардың тағамы әртүрлі болып, химиялық құрамы, энергиялық құндылығы, азық-түлiк түрлерi, тамақтану тәртiбi жағынан емдеу көрсеткішіне сәйкес болуы керек.
      Тамақ түрлерiнiң мәзiрiн жоспарлау барысында, сол сияқты азық-түлiк түрлерiн ауыстыратын күндерi олардың химиялық құрамы мен нәрлiлiгi есепке алынуы керек.

      53. Бөлiмшелерге тағамды таратар алдында оның сапасы тамақты дайындаған аспазшымен, сонымен қатар сапасыз өнiмдi iрiктеушi комиссиямен тексерiлуi тиiс. Сапасыз өнiмдi iрiктеушi комиссияның құрамына дәрігер-диетолог (дәрiгер болмаған жағдайда - диетбике), өндіріс меңгерушiсi (бас аспазшы) ауруханадағы кезекші дәрігер кiредi.

      54. Күнделiктi ас блогында пiсiрiлген тамақтың тәуліктік сынамасы қалдырылуы керек.

      55. Тамақты таратар кезде, бірінші тамақтың және ыстық сусындардың температурасы 75 С, екінші - 65 С төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындар 7 С-тан 14 С дейiн болуы керек. Таратарға дейiн бірінші және екінші тағамдардың ыстық плитада екi сағатқа дейін тұруына болады. Күнi бұрын дайындалған тамақтың қалдықтарын сол күнi жаңа пiскен тамаққа араластыруға тыйым салынады.

      56. Ас блогында бөлімшелерден түскен ыдыстарды, құралдарды жууға рұқсат етiлмейдi.

      57. Ас блогының қоймалық үй-жайларында айналымдағы ыдыстар мен тағам таситын контейнер - арбаларды жуатын бөлме қарастырылуы тиiс. Ішiнде жүргiзiледi, ол жерде шайынды суы канализацияға қосылған алаң қарастырылуы қажет.

      58. Дайын тамақты буфеттік бөлімшелерге тасығанда термостар, арнайы арбалар немесе қақпағы қатты жабылатын ыдыстар пайдаланылады. Ас блогы мен буфеттік бөлімшелерде зақымданған (эмалi түскен) эмальды ыдыстарда (шелек, кастрюль) дайын тамақ пен азық-түлікті тасымалдауға және сақтауға тыйым салынады.

      59. Нанды полиэтиленді және пленкалы қаптарға салып тасу керек, бірақ оларда нанды сақтауға рұқсат етілмейді.

      60. Ас блогында жууға және зарарсыздандыруға қолданатын заттар мен тазартуға қажеттi құралдарды сақтайтын бөлме болу тиiс. Тазартуға қолданылатын құралдар таңбаланып, ал жуғыш және зарарсыздандыратын заттар таңбаланған ыдыстарда сақталуға тиiс.

      61. Ас блогы мен буфет бөлімшелерінiң арнайы жұмыс киімдерi тек кір жуатын орындарда жуылуы керек. Киімдерді ас блогының үй-жайларында немесе үйде жууға тыйым салынады.

      62. Буфеттік бөлімшелерде бөлек екі бөлме (9 шаршы метрден кем емес) және ыдыс жуатын үш ұялы ванна орнатылған бөлме (6 шаршы метрден кем емес) қарастырылуы керек.

      63. Ауруларға тағамды буфетші немесе бөлімшенің кезекші мейірбикелері тағамды пiсiрiп, бөлімшелерге әкелгеннен кейiн, екi сағат ішінде таратуы қажет.

      64. Тағамның белгiленген емдәмге сәйкес таратылуына аға мейірбике бақылау жүргізеді. Тағамды кіші медициналық қызмет атқарушы персоналға таратуға рұқсат етілмейді.

      65. Бөлiмшелердегi ауруларға арналған сәлемдеменi қабылдайтын жерлерде рұқсат етiлетiн және тыйым салынатын азық-түлiк түрлерiнiң тiзбесi (көлемi, саны көрсетiлiп) iлiнiп қойылуы керек. Бөлімшедегi кезекші мейірбике күнделікті тоңазытқыштар мен тумбалардағы тағамдардың сақталу мерзiмiнiң орындалуын тексерiп отыруы керек.

      1) ауруларға арналған үйiнен келетiн тамақ түрлерi целлофан пакеттерге салынып, сыртында науқастың аты-жөні, берiлген күнi жазылып, берілуi керек. Сақтау мерзімі өткен, целлофан пакетке салынбаған (тоңазытқыштардағы), науқастың аты-жөні көрсетілмеген, бұзыла бастаған тамақтар анықталған жағдайда, олар алынып, тамақтың қалдықтарына тасталады.

      2) үйден келген тамақтың сақталу ережесімен ауру бөлімшеге келген уақытта таныстырылуы тиiс. Бөлімшелердегі кезекші мейірбикелер үйден әкелінген тамақтың емдәмге сәйкестігін, оның санын, сапасын тексерулерi керек.

11. Аурухананың ішіндегі жұқпаны
бақылауды ұйымдастыру

      66. Ауруханада ауырудың пайда болу жағдайларын анықтау мен тіркеу, оларға эпидемиологиялық зерттеу жүргізу, жұғудың механизімі мен себебін, қоздырғыштарды анықтау, оларды жоюға арналған шараларды дайындау кiретiн аурухана ішіндегі жұқпаларға жұқпаны бақылау жүйесі енгізілуі керек.

      67. Аурухана ішіндегі жұқпанының (3 және одан да көп жағдайлар) бір топ жағдайларын және әрбір сепсис жағдайын эпидемиологиялық тексеру Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірге жүргізіледі.

      68. Паталогоанатомиялық қызмет ай сайын тұрғылықты жердегi амбулаториялық-емханалық мекемелерге аурухана ішіндегі жұқпа талдауындағы пациенттердiң ауруы және жұқпадан қайтыс болған аурулар туралы мәліметтерді жiберiп отырады.

      69. Аурухананың персоналдары жұқпаны бақылау бойынша дайындығы болып және бұл салада өзінің біліктілігін тұрақты арттырып отыру керек.

      70. Ауруханалар өзінiң құрамында микробиологиялық лабораториялары болуы керек және тiкелей "аурудан" зерттеу жүргізу мақсатында зарарсыздандыру, стерилизацилау тәртібінiң сапасын сақтауға мониторинг жүргізуі қажет.

      71. Ауруханаға өзiнiң бактериологиялық лабораториясы жығынды әдісімен ай сайын, хирургиялық және таңғыш заттарға жетісіне бір рет бақылау жүргiзiп отырады.

      72. Медицина қызметкерлері медициналық емшаралар (ине егу, қан алу және тексеру, құю, тамырға түтік сүңгі қою) жүргізу кезінде қолғаптар киюі керек. Қолданылған инелерге қайтадан қалпағын кигізуге; инені майыстыруға және сындыруға, инені ауыстырып емшара жасауға тыйым салынады. Қолданылған шприцтердi, инелерді, системаларды арнайы, төзімді ыдысқа салып, күйдiру арқылы немесе өндірістік өңдеуден өткiзу арқылы пайдаға асыру жүргiзiледi.

      73. Әр науқасқа емшара жүргізгеннен кейін қолды сабынмен жылы суға екі рет жуып, қолғапты шешіп қолды қайта жуу керек. Қол сүртуге күнде ауыстырылатын орамал немесе бір рет қолданатын салфетка қолданылуы тиiс. Қол қанмен, сілекеймен былғанған жағдайда, оны Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары рұқсат еткен зарарсыздандыратын ерітінділердің біріне малынған тампонмен кiдiрiссiз тазалау қажет.

      74. Лабораториялық тексерулердің номенклатурасы 1, 2, 3қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.

                                "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын
                                  қорғау ұйымдарының құрылымына және
                                  оларды пайдалану барысына қойылатын
                                  талаптар туралы" санитарлық ережелер
                                  мен нормаларға
                                  1-қосымша
 

      Емдеу-профилактикалық ұйымдарының ауасының құрамын бақылауды
     қажет ететін заттардың тізімі және олардың жіберілетін шеткі
   концентрациясы (әрі қарай - ЖШК әсер ететін шамадағы қауіпсіздік
                       деңгейі (әрі қарай - ӘШҚД)
__________________________________________________________________________
N  |       Заттардың      |Жұмыс аумағын. |Елді мекендердегі| Қауіпсіздік
   |         атауы        |дағы ауаға қой.|атмосфералық ауа.|     тобы   
   |                      |ылатын жалпы   |ны ластайтын зат.|
   |                      |санитарлық-    |тардың шекті жі. |
   |                      |гигиеналық     |берілген концен. |
   |                      |Талаптар       |трациясы (N 3086-|
   |                      |(кубтік мили.  |84 мг/м3)        |
   |                      |грамм әрі қарай|                 |
   |                      |- мг/м3))      |                 |
___|______________________|_______________|_________________|_____________
1 |          2           |       3       |       4         |       5     
___|______________________|_______________|_________________|_____________
1    Азот диоксиді              2,0              0,085          III/III
2    Азот оксиді                5,0              0,6              III
     (N02 арн. қайта
     есептеу)
3    Ампициллин                 0,1              0,005 (ӘШҚД)      II
4    Аминазин (Диметил-         0,3                                II
     аминопропил-) 3-
     хлорфенотиазин-
     хлоргидрат)
5    Аммиак                    20,0              0,2               IV
6    Ацетон                   200,0              0,35              IV
7    Бензилпенициллин           0,1                                II
8    Бензол                    15,0              1,5               II
9    Сутегі хлориді             5,0              0,2               II
10   Диэтильді эфир           300,0                                IV
11   Ингалан (1,1-дифтор-     200,0                                IV
     2,2-дахлорэтилмети-
     ловый эфир)
12   Күкірт қышқылы             1,0              0,3               II
13   Сірке қышқылы              5,0              0,2               III
14   Ксилол                    50,0              0,2               III
15   Меркаптандар               0,8             9.10.6             II
16   Метилметакрилат           10,0              0,1               III
17   Озон                       0,1              0,16              I
18   Тотығу                 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                            министрлігінің 1997 жылғы 18 тамыздағы N
                            408 бұйрығымен бекітілген методикалық
                            ұсыныстарға сәйкес
19   Оксациллин                 0,05                               I
20   Шаң                        6.0              0,5               IV
21   Сынап                      0,01             0,0003            I
22   Қорғасын                   0,01             0,0003            I
23   Күкіртсутек               10,0              0,008             II
24   Стирол                    30,0              0,04            III/II
25   Стрептомицин               0,1              0,005 (ОБУВ)       I
26   Тетрациклин                0,1              0,01              II
27   Толуол                   150,0              0,6               III
28   Трихлорэтилен             10,0              4,0               III
29   Көмірсутек диоксині    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                            министрлігінің 1997 жылғы 18 тамыздағы N
                            408 бұйрығымен бекітілген методикалық
                            ұсыныстарға сәйкес
30   Фторотан (1,11-           20,0                                III
     Трифтор-
     2-хлорбромэтан)
31   Флоримицин                 0,1                                II
32   Формальдегид               0,5              0,035             II
33.  Фенол                      0,3              0,01              II
34.  Хлорлы этил               50,0                                IV
35.  Күйдіргіш сілтілер         0,5              0,01(ӘШҚД)        II
     (NaOH қайта есептеу)

___________________________________________________________________________

                                 "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын  
                                  қорғау ұйымдарының құрылымына және      
                                  оларды пайдалану барысына қойылатын     
                                  талаптар туралы" санитарлық ережелер
                                  мен нормаларға
                                  2-қосымша

      Аурухана үй-жайларына санитариялық-гигиеналық тексеру жүргізу
___________________________________________________________________________
  !Бөлімше. !                 Анықталатын көрсеткіштер
  !лер      !______________________________________________________________
  !         !Ауа  !              Химиялық зиянды заттар       
  !         !ауы- !________________________________________________________
  !         !судың!Көмі!Тоты.!ан. !Сынап!ОЗО !То.  !Шаң !Көмір!Қорға.!Ам. !
  !         !микро!р-  !ғу   !ти. !     !    !тық. !    !сутек!сын   !миак!
  !         !клима!қыш.!     !био.!     !    !қан  !    !-ң   !      !    !
  !         !ты,  !қыл !     !тик !     !    !азот !    !ОККГ-!      !    !
  !         !есе. !газы!     !    !     !    !     !    !і    !      !    !
  !         !лігі !    !     !    !     !    !     !    !     !      !    !
  !         !     !    !     !    !     !    !     !    !     !      !    !
  !         !     !    !     !    !     !    !     !    !     !      !    !
__!_________!_____!____!_____!____!_____!____!_____!____!_____!______!____!
1  Опера.      +    -     -    -     -     +    +     -    -      -     -
   циялық  
2  Операция    +    +     +    -     -     +    +     -    -      -     -
   жасар алды
3  Стерили.    +    +     +    -     -     +    +     -    -      -     -
   зациялық 
4  Ақылы       -    +     +    -     -     +    +     -    -      -     +
   бөлімшелер
   (палаталар,
   ем қолданатын
   бөлмелер)
5  Реанима.    +    +     +    -     -     +    +     -    -      -     +
   циялық,  
   операция.
   дан кейінгі,
   күйгендерге
   арналған
   палаталар
6  Клиника.    +    +     -    -     -     +    +     -    +      -     +
   лық-
   диагнос.
   тикалық 
   лаборато.
   риялар
7  Патолого.   +    +     +    -     -     -    -     -    -      -     +
   анатомиялық
   бөлімшелер
   (лаборато.
   риялар)
8  Рентген     +    -     -    -     -     +    +     -    -      +     -
   кабинеттер
9  Функциональ.+    +     +    -     -     +    +     -    -      -     -
   диагнос.
   тика
10 Физиоте.    +    +     +    -     +     +    +     -    -      -     -
   рапевтикалық
   кабинет
___________________________________________________________________________

таблицаның жалғасы:
__________________________________________________    
  !Бөлімше. !                                     !
  !лер      !_____________________________________!
  !         !                                     !
  !         !_____________________________________!
  !         !Көмірсутек !Меркаптаны!Сілті қышқыл. !
  !         !           !          !дары, органи. !
  !         !           !          !калық еріткіш.!
  !         !           !          !тер           !
__!_________!___________!__________!______________!
1  Опера.         -          -           -    
   циялық  
2  Операция       -          -           -    
   жасар алды
3  Стерили.       -          -           -    
   зациялық 
4  Ақылы          -          -           -    
   бөлімшелер
   (палаталар,
   ем қолданатын
   бөлмелер)
5  Реанима.       +          +           -
   циялық,  
   операция.
   дан кейінгі,
   күйгендерге
   арналған
   палаталар
6  Клиника.       -          -           +
   лық-
   диагнос.
   тикалық 
   лаборато.
   риялар
7  Патолого.      -          +           -
   анатомиялық
   бөлімшелер
   (лаборато.
   риялар)
8  Рентген        -          -           -    
   кабинеттер
9  Функциональ.   -          -           -    
   диагнос.
   тика
10 Физиоте.       +          -           -
   рапевтикалық
   кабинет
__________________________________________________

                                 "Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын  
                                  қорғау ұйымдарының құрылымына және      
                                  оларды пайдалану барысына қойылатын     
                                  талаптар туралы" санитарлық ережелер
                                  мен нормаларға
                                  3-қосымша
 

            Аурухана үй-жайларындағы физикалық және радиациялық
                         факторлардың өлшемдері
___________________________________________________________________________
N  ! Бөлімшелері     !   Анықталатын көрсеткіштер физикалық және
   !                 !          радиациялық факторлар
   !                 !_____________________________________________________
   !                 !шуыл!эл. стат !   Электрлі-магниттік өріс   !
   !                 !    !өрістің  !_____________________________!________
   !                 !    !кернеуі  !0,06-300  !ӨЖЖ ағын.!лазерлік!Рентген.
   !                 !    !         !МГц       !ның тығыз!сәуленің!дік сәу.
   !                 !    !         !диап. ЖЖ  !дығы     !деңгейі !ленің  
   !                 !    !         !деңгейі   !         !        !деңгейі
   !                 !    !         !          !         !        !   
___!_________________!____!_________!__________!_________!________!________
1.   Операциялық       -       -         -          -        +        +
2.   Операция алдында  -       -         -          -        -        -
3.   Стерилизациялан.
     ғандар            +       -         -          -        -        -
4.   Палаталы бөлім    +       -         -          -        -        -
     (палата, емдеу
     бөлмелері)
5.   Реанимациялық,    +       -         -          -        -        -
     операциядан кейі.
     нгі, күйгендерге
     арналған пала.
     талар
6.   Лабораториялар     +       +         +          -        -        -
7.   Рентген-кабинеті  +       -                    -        -        +
8.   Функционалдық     +       +         +          +        +        +
     диогностика  
     бөлімшесі
9.   Физиотерапевтік   -       +         +          +        +        +
     кабинет
________________________________________________________________________

      Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Қасымбеков Б.А.