"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Темiр жол көлiгiндегi экспедиторлар қызметiнiң ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Темiр жол көлiгi комитетi (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Ю.И.Лавриненкоға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
"Экспедиторлардың темiр
жол көлігінде қызмет ету
ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң 2004 жылғы
28 шілдедегі N 296-І
бұйрығымен бекiтiлген
Экспедиторлардың темiр жол көлiгiнде қызмет ету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Экспедиторлардың темiр жол көлiгiнде қызмет ету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және темiр жол көлiгi саласындағы өзге нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген, экспедиторлардың темiр жол көлiгiнде қызмет ету тәртiбiн бекiтедi және экспедиторлық қызметтердi тұтынушы - экспедиторларға, тасымалдаушылар мен клиенттерге таралады.
2. Ережеде мынадай түсiнiктер қолданылады:
1) темiр жол көлiгiндегi экспедиторлық қызмет - тасымалдауға байланысты қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
2) экспедиторлық құжаттар - клиенттiң құқықтары мен мiндеттерiн экспедиторға тапсырғанын растайтын құжаттар, сондай-ақ халықаралық құжаттар, соның iшiнде Халықаралық Экспедиторлық қауымдастықтар федерациясы қабылдаған, Халықаралық Сауда-өнеркәсiп палатасы таныған құжаттар.
Осы Ережеде қолданылатын өзге түсiнiктер Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамамен анықталған ұғымдарда пайдаланылады.
2. Экспедитор мен клиенттiң өзара қарым-қатынасы
3. Экспедитор мен клиенттiң қарым-қатынастары жазбаша нысанда жасасатын көлiктiк экспедиция шартының ережелерi негiзiнде құрылады.
4. Темiр жол көлiгiндегi экспедиторлық қызмет мынадай қызметтердi көрсету арқылы жүзеге асырылады:
1) клиент атынан немесе өзiнiң атынан тасымалдау шартын жасасу;
2) жүк тасымалын жөнелту орнынан жеткiзу орнына дейiн ұйымдастыру;
3) көлiктiк темiр жол жүкқұжатын және (немесе) тасымалдау құжаттарының жинағын, соның iшiнде бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарын ресiмдеу;
4) жүктi басқа мекен-жайға жiберуге өтiнiмдi ресiмдеу;
5) жүктi тасымалдауға беру;
6) жүктi қабылдау;
7) жүктi клиенттiң қоймасынан темiр жол станциясына дейiн және темiр жол станциясынан клиенттiң қоймасына дейiн жеткiзу;
8) темiр жол станциясында және клиенттiң қоймаларында жүктi тиеудi (түсiрудi), қайта тиеудi ұйымдастыру;
9) жүктi сорттау;
10) жөнелтулердi жинақтау (жүктi шоғырландыру/тарату);
11) жүктi таңбалау, қайта таңбалау, орау;
12) көлiктiк ыдыс пен орамды жөндеу;
13) жүктiң жөнелтiлуi, қозғалысы (соның iшiнде жүктiң шекарадан өтуi), келуi және берiлуi туралы, сондай-ақ жүк аудару пункттерiнде жүктiң басқа көлiк құралдарына қайта тиелуi туралы клиенттерге хабарлау;
14) жүктiң жол бойымен қозғалысын бақылау;
15) клиенттердi алмалы-салмалы жабдықтармен және жүктi тасымалдауға қажеттi контейнерлермен қамтамасыз ету;
16) клиенттер мен тасымалдаушыға бекiту-пломбылау құрылғыларын беру;
17) тасымалдау төлемдерiн, алымдар мен айыппұлды, тиеу-түсiру, қоймалық және өзге жұмыстарды есептеу және төлеу;
18) коммерциялық актiге қол қою;
19) коммерциялық актiлер және өзге құжаттардың негiзiнде талап-арыздарды ресiмдеу;
20) жүктi тиеу және бекiтудiң техникалық шарттарын әзiрлеу және тасымалдаушымен келiсу;
21) жүктердi сақтау, қоймалау;
22) жүкке жол бойында iлесiп жүру және/немесе күзетудi ұйымдастыру;
23) жеткiзу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жоғалған жүктi iздеу;
24) жүктi тасымалдау саласындағы консультациялық қызметтер көрсету;
25) кедендiк құжаттарды ресiмдеу;
26) жүктi тасымалдауға байланысты өзге қызметтер көрсету.
5. Егер көлiктiк экспедиция шартында өзгесi көзделмесе, экспедитор клиенттiң нұсқаулықтарынан, қажет болған жағдайда және ол клиенттен iс жағдайлары бойынша осындай ауытқуға келiсiмiн сұрай алмағанда немесе өз сұрауына тәулiк iшiнде жауап алмағанда, ауытқиды.
Егер клиенттiң нұсқаулары дәл емес, толық емес немесе шындыққа сай емес, не шартқа сәйкес емес болса және экспедитордың iс жағдайлары бойынша клиенттiң нұсқауларын нақтылауға мүмкiндiк болмаса, экспедитор клиенттiң мүдделерi тұрғысынан әрекет етедi.
6. Егер шартта өзгесi көзделмесе, экспедитop клиенттiң мүдделерi тұрғысынан, өз пайымдауынша, тасымалдың көлiгiн және маршрутын, жүктi тасымалдау тәртiбiн, сондай-ақ экспедиторлық қызметтердiң көрсетiлу тәртiбiн таңдайды немесе өзгертедi.
7. Экспедитор клиент тапсырған құжаттардың, сондай-ақ жүктiң қасиеттерi туралы ақпараттың, оны тасымалдау жағдайлары мен экспедитордың көлiктiк экспедиция шартында көзделген мiндеттемелерiн орындауы үшiн қажет өзге ақпараттың шынайылығын тексередi.
8. Көлiк экспедициясы шартының талаптарымен экспедитордың клиент атынан үшiншi тұлғалармен шарт жасасуы, сондай-ақ клиент атынан көлiк экспедициясы шартын орындауға байланысты басқа да мiндеттердi орындауы көзделген жағдайда клиент экспедиторға сенiмхат бередi.
Көлiк экспедициясының шартын орындау бойынша немесе оны орындағанға дейiн көлiк экспедициясы шартын тоқтату кезiнде экспедитор қолдану мерзiмi өтпеген сенiмхатты клиентке қайтарады.
9. Экспедитор клиент атынан оның берген сенiмхаты негiзiнде экспедитор жасаған шарттардың түпнұсқаларын клиентке ұсынады.
10. Егер көлiк экспедициясы шартынан экспедитор өз мiндеттерiн жеке орындауға тиiстiлiгi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тарта алады.
11. Көлiктiк экспедиция шартында жүктердiң жүйелi тасымалдарымен байланысты экспедиторлық қызмет көрсету көзделуi мүмкiн.
12. Халықаралық қатынаста тасымалдарды ұйымдастыру барысында көлiктiк экспедиция шартына қосымша ретiнде экспедиторлық құжаттар қолданылуы мүмкiн.
3. Экспедитор мен тасымалдаушының өзара қарым-қатынасы
13. Экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн экспедитор тасымалдаушымен мынадай шарттарды жасасады:
облысаралық және/немесе халықаралық қатынаста (транзиттi қоспағанда) тасымалдарды ұйымдастыру туралы шарт;
халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасы арқылы жүктердi транзитпен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт.
14. Экспедитор тасымалдаушымен қарым-қатынаста:
1) тасымалдаушыға тиесiлi барлық тасымалдау төлемдерi мен алымдарының уақытында және толық төленуiн қамтамасыз етедi;
2) тасымалдау құжаттарына төлеушi туралы деректердi енгiзудi қамтамасыз етедi;
3) жүкке және тасымалдау құжаттарына қойылатын тасымалдаушының талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;
4) жүкке және iлеспе құжаттарға кедендiк органдар, фитосанитарлық, карантиндiк, шекаралық және өзге де бақылау тарапынан қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етедi;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тасымалдау туралы шартта өзгесi көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиiстi орындамауы салдарынан тасымалдаушыға келтiрiлген шығындарды өтейдi.
15. Тасымалдаушы экспедитормен қарым-қатынаста:
1) егер шартта өзгесi көзделмесе, тасымалдау төлемi мен алымын алғанға дейiн жүктi тасымалдауға қабылдамайды;
2) мемлекеттiк органдардың (кеден, шекара, фитосанитарлық және басқаларының) бақылауымен жүктi кедергiсiз тасымалдау үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдегенге дейiн тасымалдауға жүк қабылдамайды;
3) экспедитор баратын станциясында, ал транзиттiк тасымал кезiнде жүру жолында тасымалдау төлемдерi мен алымдарын төлемеген жағдайда жүктi ұстап қалады;
4) жүктi тасымалдау кезiнде кедергiлер туындаған жағдайда экспедиторды хабардар етедi;
5) экспедиторды Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң (халықаралық шарттарға сәйкес) теңiз көлiгiмен жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң өзгеруi туралы, соның iшiнде тасымалдардың тарифтерi мен шарттарының өзгеруi туралы, темiр жол станциясының ашылуы, жабылуы және қайта аталуы туралы хабардар етедi;
6) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгесi көзделмесе, тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартты орындамау немесе тиесiлi орындамау салдарынан экспедиторға келтiрiлген шығындарды өтейдi.
16. Тасымалдарды ұйымдастыру туралы шарт жасасу үшiн экспедитор тасымалдаушыға мыналарды ұсынады:
1) тасымалдаушының атына өтiнiштi;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң не жеке тұлға куәлiгiнiң нотариалды расталған көшiрмелерiн.
17. Осы Ереженiң 16-тармағында белгiленген барлық құжаттар бар болған кезде, тасымалдаушы отыз күнтiзбелiк күн iшiнде тасымалдарды ұйымдастыру туралы шартқа қол қояды.