2003 жылғы 13 қарашада N 2558 Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығымен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге өзгеріс енгізу туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 тамыздағы N 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3029. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Халықаралық және ішкі авиабағыттарда азаматтық әуе кемелерінің тұрақты емес ұшуларды орындауына арналған рұқсаттарды беруден бас тарту үшін негіздерді нақтылау мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502  бұйрығымен бекітілген (N 2558 нормативті-құқықтық кесімдердің Мемлекетті топтау тізбесінде тіркелген) Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру және беруден бас тарту ережесінде:
      14-тармақтың 1-ші абзацында:
      "болуы мүмкін" деген сөздер "болады" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға