2003 жылғы 13 қарашада N 2558 Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тіркелген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығымен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге өзгеріс енгізу туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 тамыздағы N 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3029

Қолданыстағы

      Халықаралық және ішкі авиабағыттарда азаматтық әуе кемелерінің тұрақты емес ұшуларды орындауына арналған рұқсаттарды беруден бас тарту үшін негіздерді нақтылау мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502  бұйрығымен бекітілген (N 2558 нормативті-құқықтық кесімдердің Мемлекетті топтау тізбесінде тіркелген) Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру және беруден бас тарту ережесінде:
      14-тармақтың 1-ші абзацында:
      "болуы мүмкін" деген сөздер "болады" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға