Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 "Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (N 2162 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 08-1/123, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 357 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3022

Қолданыстағы

"Келісілді"     
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік   
комитетінің төрағасы  
_____________________ 
2004 жылғы 17 тамыз  

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін ырықтандыру мақсатында  бұйырамыз :
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806  бірлескен бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724  бірлескен бұйрығына  енгізілген толықтырулармен және өзгертумен бірге, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің N 25-26 бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2162 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықтағы:
      9-тармақтың 4) тармақшасындағы, 10-тармақтың 9) тармақшасындағы, 12-1-тармақтағы және 55-тармақтың үшінші абзацындағы "Жапония" деген сөзден кейін "Корея Республикасы" деген сөздер енгізілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі