Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес бұйырамын :
1. Қоса беріліп отырған Кеден төлемдері мен салықтарының бюджетке түсуін есепке алу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары М.Е.Аманбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Келісілді
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасы
8 шілде 2004 ж.
Келісілді
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің төрағасы
6 шілде 2004 ж.
"Кеден төлемдері мен салықтарының
бюджетке түсуін есепке алу ережесін
бекіту туралы" Қазақстан
Республикасының Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының
2004 жылғы 8 шілдедегі
N 300 бұйрығымен бекітілген
Кедендік төлемдер мен салықтардың
бюджетке түсуін есепке алу ережесі
Осы Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу ережесі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден органдарында алынуы кеден органдарына жүктелетін кедендік төлемдер мен салықтардың мемлекеттік бюджетке түсуінің есебін жүргізудің, оның ішінде төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу ережесінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қайтарылған сомалар - өтініш бойынша салық органдары төлеушіге қайтарған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық органдарының (бұдан әрі - Қазынашылық) нысандарымен расталған мемлекеттік бюджетке артық төленген кедендік төлемдердің, салықтардың, өсімпұлдардың сомалары және кедендік төлемдер мен салықтардың аванстық сомалары;
2) лауазымды адам - кеден органының бірінші басшысы не оның орнындағы адам бекіткен бұйрыққа сәйкес жеке шоттарды жүргізу жауаптылығы жүктелген кеден органының лауазымды адамы;
3) берешек - кеден төлемдері мен салықтарын төлемеу немесе белгіленген мерзімде толық төлемеу;
4) салық қызметінің органдары - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган және салық органдары (аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағындағы салық комитеттері);
5) есептелген сомалар - Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес мемлекеттік бюджетке төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есептелген сомалары;
6) кейінге қалдыру - кеден баждары мен қосымша құн салығын төлеу мерзімін ұзарту;
7) өсімпұл - берешек сомасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептеліп қосылатын тұрақсыздық төлемі;
8) бөліп-бөліп төлеу - кеден баждарын төлеу мерзімін оның ішінде қажетті сома бөліктермен төленетін қосымша кезеңге ұзарту;
9) кеден органдары - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар, республикалық мәні бар қалалар, астана бойынша аумақтық бөлімшелері, кедендік бақылау департаменттері, кедендер мен кеден бекеттері;
10) азайтылған сомалар - кедендік төлемдер мен салықтардың алдағы сомаларын төлеу есебінен кеден органдарына жатқызылатын кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың бюджетке бұрын есептелген және төленген сомалары;
11) төленген сомалар - кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке іс жүзінде енгізілген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың аванстық сомалары;
12) қаржылық жыл - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын жүйелі бюджеттік-есептік кезең.
2. Төлеушілердің жеке есептері кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп-бөліп төленген) сомаларын, сондай-ақ осы Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу ережесінде белгіленген нысан бойынша өсімпұлдардың сомаларын есептеу үшін кеден органдары жасайтын құжатты білдіреді.
3. Төлеушілердің жеке шоттары ұлттық валютамен жүргізіледі.
4. Кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп-бөліп төленген) сомаларын жеке шоттар бойынша есептеу әрбір төлеуші үшін жеке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бірыңғай бюджеттік жіктеменің тиісті коды (бұдан әрі - кірістердің бюджеттік жіктеу коды) бойынша жүргізіледі.
5. Кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктеу кодтары бойынша бюджетке түсетін кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі күн сайынғы деректерді кеден органдарына беруді Қазынашылық жүзеге асырады.
6. Жеке шоттарды жүргізу кезінде төлеуші үшін кедендік төлемдер мен салықтарды және өсімпұлдарды қолма-қол ақшасыз нысанда төлеу жөніндегі міндеттемені орындау күні болып банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктен немесе ұйымнан төлем тапсырмасы акцептінің түскен күні, ал қолма-қол ақша нысанында төлеушінің көрсетілген сомаларды банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген сәтінен бастап есептеледі.
Төлеушінің кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалған күні міндеттеменің орындалған күні ретінде:
1) кеден органдарының ғимараттарында орнатылған электронды терминалдар арқылы осы терминал берген чекпен расталатын төлем кәртішкелерін пайдалана отырып төлеушінің кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеген күні;
2) көрсетілген екінші деңгейдегі банктер кассаларының түбіртегімен расталатын төлеушінің тікелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеген күні қабылданатын жағдайларды қоспағанда Қазынашылықтың есептік мәліметтерін алғаннан кейін олардың жеке шоттарына енгізіледі.
7. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу кедендік декларация тіркелгенге дейін немесе тіркелген күні жүргізіледі.
Егер кедендік декларация кеден заңнамасымен белгіленген мерзімде берілмесе, онда төлем мерзімдері кедендік декларацияны беру мерзімі аяқталған күннен бастап өтеді.
Шартты түрде шығарылған тауарларды оған байланысты кедендік төлемдер және/немесе салықтар салудан босату құқығы берілген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, шартты түрде шығарылған тауарларды пайдаланатын тұлға тауарды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күн көрсетілген төлемдерді төлеу мерзімі болып саналады. Егер бұзған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі деп саналады.
2. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдың
есебі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
8. Кеден органдарында кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есебі кедендік автоматтандарылған ақпарат жүйесінде жүргізіледі.
9. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың жеке шоттардағы есептелген, азайтылған, төленген, қайтарылған және мерзімі өткен (бөліп есептелген) сомалары есебінің дұрыстығы және уақтылы жүргізілуі үшін жауап береді.
Жеке шоттардың жүргізілуіне негізгі бақылауды Кедендік бақылау департаменттері мен кедендерінің кедендік кірістер бөлімдерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.
10. Кеден органдарында кедендік төлемдер мен салықтардың есебі мынадай есеп құжаттамаларында:
1) жеке шоттарда (1-қосымша);
2) кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімдерінде (2-қосымша);
3) жиынтық мәліметтер кітаптарында (3-қосымша) жүргізіледі.
11. Жеке шоттардағы барлық жазбалар жүк кедендік декларациялардың, кедендік құнды түзету нысандарының, кедендік кіріс ордерлерінің, төлем құжаттарының (банктердің түбіртектері, электронды терминалдардың чектері, төлем тапсырмалары), электронды төлем құжаттары мен осы жазбалардың заңдылығын растайтын басқа да құжаттар қоса беріле отырып Қазынашылық нысандарының негізінде уақтылы, хронологиялық тәртіппен жүргізіледі.
12. Қазынашылық органдарының нысандары мен төлем құжаттарын алу кезінде Кедендік бақылау департаментінің не кеденнің лауазымды адамы:
1) төлем құжаттарындағы мәліметтердің Қазынашылық нысандарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін;
2) кедендік төлемдер мен салықтардың бюджет кірістері жіктемесінің тиісті кодтарына енгізілуінің және кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың төленген сомаларының бөлінуінің дұрыстығын тексеруге міндетті.
13. Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін жеке шоттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электронды тасығыштарға мұрағаттауға және сақтауға жатады.
3. Жеке шоттар ашудың тәртібі
14. Төлеуші үшін жеке шоттарды Кедендік бақылау департаменттері мен кедендер кедендік кірістер бөлімдерінің лауазымды адамдары ашады.
Жеке тұлғалар резиденттерге және резидент еместерге арналған жеке шоттарды жекелеген кеден бекеттерінің лауазымды адамдарының ашуына рұқсат етіледі.
15. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің кеден органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме қызметін атқарады. Салық төлеушінің тіркеу номері жоқ резидент емес жеке тұлғалар үшін оның жеке басын куәландыратын құжат негіздеме қызметін атқарады.
16. Жеке шоттар әрбір жылға:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп кәртішкесін алғаш ресімдеген төлеушілерге - кеден органында есептік тіркеуден өткен мезеттен бастап;
2) есепте тұратын төлеушілерге - кедендік төлемдер, салықтар жөніндегі соңғы сальдоны өткен жылдың жеке шотынан ауыстыра отырып жаңа қаржылық жылдың басынан, не кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген (қосып есептелген) және төленген уақытынан бастап;
3) кеден органында есептік тіркеуден өтпеген төлеушілерге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме туындаған сәттен бастап ашылады. Жеке шотта көрсетілген төлеуші есептік тіркеуде тұратын кеден органының коды көрсетіледі.
17. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар жөніндегі түпкілікті сальдо өткен қаржылық жылдың жеке шотынан келесі жылы ашылатын жеке шотқа ауыстырылу күні көрсетіле отырып көшіріледі.
18. Ашу кезінде, заңды тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер:
1) толық атауы;
2) салық төлеушінің тіркеу нөмері;
3) төлемнің немесе салықтың кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесі бойынша коды;
4) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемесінің коды, экономикалық қызметтің жалпы жіктемесінің коды;
5) қосымша құнға салынатын салық бойынша жеке шот ашу кезінде қосымша құнға салынатын салық бойынша (ол болған жағдайда) есепке қойылғандығы туралы куәліктің сериясы және нөмірі көрсетіледі.
19. Кеден брокерінің жеке шоттарында осы Ереженің 6-тарауына сәйкес төлем мәртебесі қосымша көрсетіледі.
20. Жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке шоттарында:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмері;
2) тегі, аты және әкесінің аты;
3) кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кодтары бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
4) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемесінің коды, экономикалық қызметтің жалпы жіктемесінің коды;
5) қосымша құнға салынатын салық бойынша жеке шот ашу кезінде қосымша құнға салынатын салық бойынша (ол болған жағдайда) есепке қойылғандығы туралы куәліктің сериясы және нөмірі көрсетіледі.
21. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының есептік құжаттар жоқ жеке тұлғалары төлейтін кедендік төлемдердің, салықтардың және айыппұлдардың кірісі мен шығысының сомаларын есепке алу жөніндегі деректер оның мүдделерін білдіретін кеден брокерінің жеке шоттарында көрсетіледі.
22. Декларант болып жеке тұлға резидент еместер түскен жағдайда кедендік төлемдер мен салықтарды есепке алу жөніндегі мәліметтер аталған тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде ашылатын жеке шоттарда көрсетіледі.
23. Жеке тұлғалар резидент еместер үшін ашылатын жеке шоттарда салық төлеушінің тіркеу нөмері болмауына байланысты мынадай деректемелер көрсетіледі:
1) жеке басын растайтын құжаттардың деректемелері;
2) тегі, аты және әкесінің аты;
3) кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кодтары бойынша төлемнің немесе салықтың коды.
24. Жеке шоттарды ашу, жүргізу, беру, жабу кезінде кеден органы төлеуші туралы кеден органында бар, не төлеуші кеден органында қажетті деректер болмаған жағдайда кеден органының талабы бойынша ұсынатын есептік тіркеу құжаттарынан алынған қажетті ақпараттарды пайдаланады.
25. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшелерінің жеке шоттарын ашу кезінде осы Ереженің 15, 18, 19, 21, 22, 23 және 24-тармақтарында көрсетілген деректемелерден басқа аталған заңды тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмері, қосымша құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғандығы туралы куәлігінің сериясы мен нөмірі (егер заңды тұлға қосымша құнға салынатын салық төлеуші болып табылған жағдайда) қосымша көрсетіледі.
4. Жеке шоттың нысаны
26. Жеке шот нысанының кестелік құрылымы мен мынадай бағандардан тұратын жүйелі нөмірленуі болады:
1) 1-баған - "реті бойынша нөмірі" кейіннен жазба нөмірлерін жолдар бойынша жүйелі түрде көрсете отырып;
2) 2-баған - "жазылған күні" жол бойынша жазба енгізілген күн көрсетіле отырып;
3) 3-баған - "құжаттың түрі" оның негізінде кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есептеу, азайту, қайтару, төлеу жүргізілген, сондай-ақ кеден бажы мен қосымша құнға салынатын салық төлеу бойынша кейінге қалдыру/бөліп-бөліп төлеу құқығы берілетін құжат (кедендік декларация, нысаны N 2-43, екінші деңгейдегі банктердің түбіртегі, электронды терминалдардың чектері, жүргізілген өзара есеп бойынша салық қызметі органдарының растаулары және басқа да құжаттар) көрсетіле отырып;
4) 4-баған - "құжаттың нөмірі" 3-бағанда көрсетілген құжаттың нөмірі көрсетіле отырып;
5) 5-баған - "құжаттың күні" 3-бағанда көрсетілген құжаттың күні көрсетіле отырып;
6) 6-баған - төлем құжаты бойынша "төлемнің/салықтың сомасы төленген";
7) "есептелген" бағаны бағандарға бөліне отырып:
7-баған - "негізгі төлем төленді" 3-бағанда көрсетілген құжаттың негізінде есептелген төлемнің/салықтың сомасы көрсетіле отырып;
8-баған - "өсімпұлдар есептелді" төлемді/салықты уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімпұлдың сомасы көрсетіле отырып;
8) "азайтылды" бағаны бағандарға бөліне отырып:
9-баған - "есептелген негізгі төлем азайтылды" 3-бағанда көрсетілген құжатқа сәйкес кедендік төлемнің/салықтың азайған сомасы бағанда көрсетіле отырып;
10-баған - "өсімпұлдың есептелген сомасы азайтылды" 3-бағанда көрсетілген құжатқа сәйкес өсімпұлдың азаю сомасы көрсетіле отырып, мысалы, жүк кедендік декларацияны беру мерзімі бұзылған жағдайда өсімпұл қайта есептелген кезде;
9) "қайтару/кейінге қалдыру" бағаны бағандарға бөліне отырып:
11-баған - "қайтарылды" 3-бағанда көрсетілген құжаттың негізінде қайтарылған кедендік төлемнің/салықтың сомасы көрсетіле отырып;
12-баған - "кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді" кедендік баж/қосымша құнға салынатын салық төлеу бойынша берілген кейінге қалдыру/бөліп-бөліп төлеу сомасы көрсетіле отырып;
10) 13-баған - "төлемнің/салықтың операцияның соңындағы сальдосы";
11) 14-баған - "өсімпұлды сальдо" алдыңғы бағанда көрсетілген соманың уақтылы жабылмағаны үшін өсімпұлдың есептелген сомасы көрсетіле отырып.
5. Жеке шоттарды жүргізудің тәртібі
27. Жеке шоттардағы жазбалар 1 теңгеге дейін дөңгелектене отырып жүргізіледі: 50 және одан да көп тиын сомасы 1 теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан кем сома есепке алынбайды.
28. Кеден органының жеке шоттарында кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың азайтылған, есептелген сомалары, оларды төлеу мерзімдерінің өзгеруі жөніндегі жазбалар кеден декларацияларының, кедендік кіріс ордерлерінің және кедендік құнды түзетулердің және лауазымды адамдар кедендік ресімдеуге қабылдаған басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі. Аталған құжаттар болмаған және (немесе) кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомалары көрсетілген құжаттарды ресімдеуді жүргізбеген кеден органының бөлімшелері есептеген, азайтқан жағдайда мәліметтерді жеке шоттарға жазу Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімінің (2-қосымша) негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу/азайту тізілімін уәкілетті бөлімнің (кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың және т.б. сомаларын есептеуді (азайтуды) жүргізетін кедендік ресімдеу, посткедендік бақылау) қызметкері толтырады және жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін кедендік кірістер бөліміне тапсырады.
29. Бағдарлама аталған сомаларды автоматты түрде бөлуді жүргізген кездегі жағдайларда кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың төленген және қайтарылған сомалары туралы мәліметтерді қолмен жасалатын режимде енгізу оператормен (пайдаланушымен) талап етілмейді.
30. Кеден бажын /қосымша құнға салынатын салық төлеу бойынша берілетін кейінге қалдыру/ бөліп төлеу туралы мәліметтерді жеке шоттарға енгізу осы Ереженің 13-тарауында жазылған құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
31. Әрбір операцияны жүргізу кезінде жеке шотта: операцияның жазылған күні, оның негізінде жазба жүргізілген құжат көрсетіледі.
32. 1-қосымшаға сәйкес жеке шоттың 13, 14-бағандарында операция жазбасының әрбір күніне кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар есебінің сальдосы белгіленеді.
33. Жеке шот бойынша ай сайын және тоқсан сайын есепті кезең, тоқсан ішіндегі және өспелі жиынтықтармен бір жыл ішіндегі кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есептелген, азайтылған, төленген, қайтарылған сомалары бойынша жалпы жиынтығы қорытылады.
34. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың кірісі мен шығысы жөніндегі барлық жазбалар жеке шоттың "есептелді", "азайтылды", "төленді", "қайтарылды", "кейінге қалдырылды/бөліп төленді" деген бағандарында жүргізіледі.
6. Кеден брокерінің жеке шоттарын
жүргізудің ерекшеліктері
35. Кеден брокері:
1) кеден брокерінің өзінің;
2) осы тұлғалармен жасасқан шарттардың негізінде заңды және жеке тұлғалардың атынан түсуі мүмкін.
36. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге арналған төлем құжаттарын жасау кезінде кеден брокеріне төлемнің жоғарыда көрсетілген мәртебесін көрсету ұсынылады.
37. Кеден брокерінің кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының кірісі және шығысы бойынша бірыңғай бюджеттік жіктеменің әрбір коды бойынша есебі бөлек жүргізіледі.
38. Кеден брокерінің жеке шотын ашу кезінде төлеушінің атауы көрсетілгеннен кейін осы бөлімнің 35-тармағына сәйкес кеден брокері төлемді жүргізген тұлғаларға сәйкес келетін оның төлемі мақсатының сандық кодын қою қажет.
7. Жеке шоттың бағандарын өсімпұл
сомалары бойынша толтырудың ерекшеліктері
39. Өсімпұл жеке шоттарда төлеуші кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін есептеледі. Өсімпұлдарды төлеу, алу және қайтару Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге, алуға және қайтаруға қатысты көзделетін тәртіппен жүзеге асырылады.
40. Өсімпұлдардың алынуы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімі өткен әрбір күнге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әрбір өткен күн үшін белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының екі еселік мөлшерінде төленген күнін қоса алғанда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімінен кейінгі күннен бастап есептеледі.
41. Өсімпұлдарды есептеу, азайту жөніндегі барлық жазбалар 1-қосымшаға сәйкес жеке шоттың 8, 10, 14-бағандарында жүргізіледі.
42. Жеке шоттарда өсімпұлдар есептеуді кеден органының жеке шоттарды жүргізуге жауапты лауазымды адамы жүргізеді.
43. Өсімпұлдарды есептеуді құрылымдық бөлімшенің кедендік төлемдер мен салықтардың уақтылы төленбеген сомаларын есептеуге жауапты лауазымды адамы жүзеге асыруы мүмкін.
44. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелеріне сәйкес кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту кеден органы кеден декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жүргізіледі. Көрсетілген үш айлық мерзім өткеннен кейінгі бірінші күннен бастап, қосылған құн салығын қоспағанда өтелмеген берешек сомасына өсімпұл есептеледі.
45. Өсімпұлға өсімпұл және басқа да айыппұлдық санкциялар есептелмейді.
46. Өсімпұлды есептеу мынадай өрнек бойынша жүргізіледі:
П = (Н* Р/100- 2* Д)/365, мұнда:
П - есептелген өсімпұлдың сомасы;
Н - бересінің сомасы;
Р - қайта қаржыландыру ставкасы;
Д - өткен күндердің саны.
47. Өсімпұлдың есептелген сомасы 8-бағанда көрсетіледі.
48. Төлеушінің өсімпұлдың есептелген сомасын төлегендігі жеке шоттың 6-бағанында көрсетіледі.
49. Кеден бажын төлеуді кейінге қалдыру (бөліп-бөліп төлеу) жөніндегі өтелмеген берешектердің сомаларына өсімпұлдар есептеу 1-қосымшаға сәйкес жеке шоттың 14-бағанында көрсетіледі.
50. Бұрын есептелген өсімпұлдың азайтылған сомасы 1-қосымшаға сәйкес жеке шоттың 10-бағанында көрсетіледі.
51. Бағдарламада өсімпұлды автоматты түрде есептеу көзделген кезде өсімпұлды қолмен атқарылатын режимде есептеу талап етілмейді.
8. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу/азайту тізілімді жасаудың тәртібі
52. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу/азайту тізілімі бюджеттік жіктеменің әрбір коды бойынша жеке, екі данада, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу жүзеге асырылатын құжаттарға сәйкес жасалады.
53. Кеден органы құрылымдық бөлімшесінің Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімін жасаған лауазымды адамы оның данасын олардың негізінде кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) жүзеге асырылған құжаттарды қоса бере отырып, кеден органының жеке шоттарды жүргізуді жүзеге асыратын бөлімшесіне жолдайды.
54. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімінің екінші данасы кеден органының оны жасаған құрылымдық бөлімшесінде сақталады.
55. Кеден органының операциялық жүйесінде төлеуші 1-қосымшаға сәйкес жеке шотының "есептелді", "азайтылды" бағандары бойынша деректерді автоматты түрде толтыру көзделетін жағдайларда Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімін жасау талап етілмейді.
56. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
1) "жүк кедендік декларация және басқа да құжаттар бойынша есептеу (азайту)" бағанында - олар бойынша бірыңғай бюджеттік жіктеменің кодтары тұрғысында кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар есептелген (азайтылған) жүк кедендік декларациясына және басқа да құжаттарға сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу немесе азайту сомалары;
2) оларды төлеу мерзімдері;
3) берілген күні көрсетіле отырып, кеден органы құрылымдық бөлімшесінің құжатты тапсырушы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және қолы;
4) қабылданған күні көрсетіле отырып құжатты қабылдаушы лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және қолы;
5) таратылған күні көрсетіле отырып, кеден органының деректерді жеке шоттарға таратуды жүзеге асырушы лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты және қолы.
Кедендік төлемдер мен салықтарды азайту жөніндегі операциялар жүргізілген жағдайда Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімінің деректері жеке шоттың "азайтылды" бағанына енгізіледі.
9. Жеке шоттың "операцияның аяқталуына арналған төлемнің/салықтың сальдосы" деген бағандарын толтырудың ерекшеліктері
57. Жеке шоттың "операцияның аяқталуына арналған төлемнің/салықтың сальдосы" 13-бағаны төлеуші бюджетке төлеген төлем/салық сомасының немесе берешек сомасының қалдығын көрсетеді.
58. Жеке шоттың "операцияның аяқталуына арналған төлемнің/салықтың сальдосы" 13-бағанында жол бойынша жиынтық соманы шығару мынадай арифметикалық амалдардың негізінде есептеледі:
бағанның сомасы "төленді" + "азайды" - "есептелді" - "кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді" - "қайтарылды";
жеке шоттың "операцияның соңына арналған төлемнің/салықтың сальдосы" бағанының сомасы оң (артық төлеген жағдайда) немесе теріс (мезгілінде төленбеген жағдайда) болуы мүмкін.
10. Жеке шоттың "төленді" бағанын толтыру ерекшеліктері
59. Осы Ереженің 6-тармағының 1 және 2-тармақшаларында келісілген жағдайларды қоспағанда, жеке шоттардағы кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуі туралы жазбаларды кеден органдарының лауазымды адамдары қоса берілген төлем құжаттарымен бірге Қазынашылықтан нысандарды алған күні жүргізуі тиіс.
60. Бұл жағдайда жеке шоттарды ашуды және/немесе оларға келіп түскен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша мәліметтер енгізуді кеден органының лауазымды адамы чектер, кіріс түбіртектері ұсынылған күні жүзеге асырады.
Жеке шоттың кірісіне мемлекеттік бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша мәліметтерді енгізуді банктердің чектері мен кіріс түбіртектерінің негізінде, ғимаратында (үй-жайында) екінші деңгейдегі банктердің электронды терминалдары мен кассалары орналасқан жекелеген кеден бекеттерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.
11. Жеке шоттың "қайтарылды" бағанын
толтыру ерекшеліктері
61. Жеке шоттың "қайтарылды" бағанының мәні төлеушіге бұрын төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын қайтару жөніндегі операцияны жүргізгендігін көрсетеді.
62. Кеден органы аталған операцияны салық органының Қазынашылық ұсынған қорытындысы мен төлем тапсырмасын алғаннан кейін ғана жүргізуге құқығы бар.
63. Жеке шоттардағы кедендік төлемдер мен салықтардың бұрын төленген сомаларын қайтару жөніндегі операцияларды көрсету жоғарыда көрсетілген қорытынды мен төлем тапсырмасының негізінде жүзеге асырылады.
64. Қайтарылған соманы көрсету кезіндегі деректер жеке шоттың "қайтарылды" бағанына енгізіледі.
65. Оның негізінде бюджет кірістерін жіктеу кодтарының арасында есепке алу немесе төлеушінің банктік шотына қайтару жүзеге асырылған төлем құжатын тарату кезінде жеке шоттарда мынадай операциялар көрсетіледі:
1) одан бюджет кірістерін жіктеудің басқа кодына есепке алу жүргізілген тиісті код бойынша жеке шотта, сондай-ақ төлеушінің банктік шотына қайтару кезінде есепке алу немесе қайтару сомасы "Қайтарылды" бағанында көрсетіледі;
2) оған сома есептелген тиісті код бойынша жеке шотта - "төленді" бағанында көрсетіледі.
Аталған сомаларды жеке шоттарға автоматты түрде тарату кезінде жеке шоттың "қайтарылды" және "төленді" бағандарын қолмен толтыру талап етілмейді.
12. Жеке шоттың "азайтылды" бағанын
толтыру ерекшеліктері
66. Жеке шоттың "азайтылды" бағанының деректері кеден органының кейіннен азайтылған соманы кедендік төлемдердің, салықтардың болашақтағы сомаларының есебіне олар бойынша артық төлену болған кедендік төлемдер, салықтар бойынша жатқыза отырып кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың бұрын бюджетке төленген сомаларын азайту жөніндегі операциялар жүргізгендігін көрсетеді, мысалы кеден бажы бойынша артық төлеу анықталады және осы анықталған артық төленген сома болашақтағы кеден баждарының есебіне енгізіледі. Бұл ретте кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің бір коды бойынша сомаларды болашақтағы төлемдерінің есебіне кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің осы коды бойынша есепке алуды кеден органдары жүргізеді. Жеке шот бойынша азайтылған сомаларды төлемнің түрі мен кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктеме кодын өзгерте отырып кедендік төлемдердің, салықтардың және айыппұлдардың болашақтағы сомаларды төлеу есебіне жатқызуға тыйым салынады.
67. Жеке шот бойынша сомаларды азайту:
1) сомаларды өзгертуді кеден органының бөлімшелері жүзеге асырған жағдайларда Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу (азайту) тізілімінің негізінде;
2) кедендік декларация бойынша төленген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын азайту үшін кеден органы ресімдеуге қабылдаған кедендік құнды түзетудің негізінде;
3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының жүк кедендік декларацияны қайтарып алу туралы өтініші бар дәлелді өтініші бойынша және оның негізінде кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомалары деректер жеке шотта көрсетіле отырып есептелген жүк кедендік декларациясының күшін жою (қайтарып алу) туралы кеден органының шешіміне сәйкес жүргізіледі.
68. Азайтылған сомалар бойынша көрсету 1-қосымшаға сәйкес жеке шоттың "Азайтылды" 9, 10-бағандарында жүргізіледі.
13. Кедендік бажды және қосымша құнға салынатын
салықты төлеу бойынша кейінге қалдыру/бөліп-бөліп төлеу құқығы берілген кезде, сондай-ақ қосымша құнға салынатын салықты есепке алу әдісімен төлеген кезде жеке шоттың бағандарын толтыру ерекшеліктері
69. Кеден баждарының төлену мерзімдерін өзгертуді кеден органы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
70. Кеден бажын төлеу бойынша берілген кейінге қалдыру (бөліп төлеу) туралы деректерді уақтылы енгізу және олардың уақтылы төленуін бақылау кеден органының жеке шоттарды жүргізуге жауапты лауазымды адамдарына жүктеледі.
71. Жеке шоттың "Кейінге қалдырылды/бөліп төленді" бағанына деректер енгізу:
1) кеден баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту туралы кеден органы қабылдаған шешімнің;
2) жүк кедендік декларацияның негізінде жүзеге асырылады.
72. Деректер жеке шотқа енгізілгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттарды деректерді бөлуді жүзеге асыратын лауазымды адам кеден баждары сомаларының толықтығы мен уақтылы түсуін кейіннен бақылау үшін сақтайды.
73. Кеден баждарын төлеу жөнінде берілетін кейінге қалдыру (бөліп төлеу) сомалары толық төленген және бұл туралы жеке шоттарға тиісті жазбалар енгізілген жағдайда, құжаттар сақтау үшін кеден органының мұрағатына беріледі.
74. Егер кеден баждарын төлеу жөніндегі бөліп төлеу сомасын төлеуші төлеу кестесіне сәйкес бөліп-бөліп төлесе, жеке шоттың "Кейінге қалдырылды/бөліп төленді" бағанында сома көрсетіледі. Бұл ретте кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді операцияларын таңдау кезінде төлеу кестесі бағдарламаға қолмен енгізіледі. Бөліп-бөліп төленген сомаларды жабу төлеу кестесінде белгіленеген мерзімдерде жүргізілмесе, бағдарлама белгіленген мерзімдер өткен күннен кейінгі күннен бастап өсімпұлды автоматты түрде есептейді.
75. Қосымша құнға салынатын салық төлеу жөнінде кейінге қалдыру/бөліп төлеу берілген жағдайда, салық қызметі органдарының жазбаша растауы қосымша құнға салынатын салық төлеу бойынша берілетін кейінге қалдыру/бөліп төлеу сомаларын есепке алу үшін негіздеме болып табылады. Бұл ретте қосымша құнға салынатын салық төлеу жөніндегі кейінге қалдыру сомаларының өтелуін бақылауды салық қызметі органдары жүзеге асырады.
76. Қосымша құнға салынатын салық төлеу жөніндегі кейінге қалдырылған/бөліп төленген сомаларды өтеуді салық қызметі органдары сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосымша құнға салынатын салық жөніндегі бюджетпен өзара есепке алу әдісімен жүргізеді.
77. Кеден бажын/қосымша құнға салынатын салық төлеу жөніндегі кейінге қалдыру/бөліп-бөліп төлеу сомаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 250-бабына сәйкес есепке алу әдісімен төленген қосымша құнға салынатын салық сомаларын көрсету кезінде жеке шотта мынадай жазбалар жүргізіледі:
1) 7-бағанда жүк кедендік декларация бойынша төлеуге жататын кеден бажының/қосымша құнға салынатын салықтың есептелген сомасы көрсетіледі;
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 250-бабына сәйкес есепке алу әдісімен төленген қосымша құнға салынатын салық сомасы "есептелді" бағанында берешектің пайда болуын болдырмау мақсатында "төленді" + "азайды" - "есептелді" - "кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді" - "қайтарылды" арифметикалық амалдар негізінде есептелген "операцияның аяқталуына арналған төлемнің/салықтың сальдосы" бағанында екі рет "+" және "-" белгілермен көрсетіледі;
2) 12-бағанда кеден бажын/қосымша құнға салынатын салық төлеу жөнінде берілген кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) жалпы сомасы көрсетіледі;
3) 6-бағанда кеден бажын/қосымша құнға салынатын салық төлеу жөніндегі кейінге қалдырудың/бөліп-бөліп төлеудің төленген сомалары көрсетіледі.
Аталған бағанда олар бойынша салық қызметінің органдары берген құжаттардың негізінде кейінге қалдыру берілген сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бюджетпен қосымша құнға салынатын салық жөнінде өзара есеп айырысу әдісімен қосымша құнға салынатын салық сомаларының жабылғандығы туралы мәліметтер де көрсетіледі. Кеден қызметі органдары ұсынған құжаттардың деректемелері 1-қосымшаға сәйкес жеке шоттың 3, 4, 5-бағандарында көрсетіледі.
14. Жеке шоттардағы жиынтықтарды қорыту
78. Ай, тоқсан, жыл аяқталғаннан кейін жеке шотта:
1) кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың төленген, азайтылған, есептелген, қайтарылған сомалары бойынша;
2) кеден бажы мен қосымша құнға салынатын салық төлеу жөнінде берілетін кейінге қалдырулардың (бөліп-бөліп төлеулердің) сомалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 250-бабына сәйкес есепке алу әдісімен төленген қосымша құнға салынатын салықтың сомалары бойынша;
3) "операцияның аяқталуына арналған төлемнің/салықтың сальдосы" бойынша бағандардың жиынтықтары қорытылады.
Бағдарлама тік орналасқан бағандардың жиынтықтарын автоматты түрде қорытуды жүргізеді.
79. Жеке шоттардағы бағандардың жиынтықтары тігінен қорытылғаннан кейін, тиісінше айдың аяғына (тоқсанның аяғына, жылдың аяғына) есептер сальдосын есептеудің дұрыстығын есептеу жеке шоттың бағандары бойынша ("төленді" + "азайды" - "есептелді" - "кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді" - "қайтарылды") тәртіппен жүргізіледі.
80. Сондай-ақ қажет болған жағдайда, кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктеу кодтары бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын жеке шоттардан салық төлеушінің тіркеу нөмері бойынша және ай, тоқсан ішіндегі және жыл басынан бергі өспелі жиынтықпен жеке шоттың барлық бағандары бойынша ақпарат іріктеу жүргізіледі.
81. Қаржылық жыл аяқталғаннан және жеке шот жабылғаннан кейін жиынтық деректер қорытылған соң жеке шот бойынша түпкілікті қалдық "өсімпұлмен операцияның аяқталуына арналған төлемнің/салықтың сальдосы" бағанында көрсетіледі және келесі жылға арналған жеке шотқа көшіріледі.
15. Жеке шоттар бойынша тексерулер жүргізу
82. Кедендік төлемдер мен салықтардың есебін жүргізу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында кедендік кірістер бөлімінің лауазымды адамы жеке шоттардағы операцияларды көрсетудің дұрыстығын көрсетеді.
83. Жеке шоттарды тексеру кезінде:
1) жеке шоттарға кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген немесе азайтылған сомаларын, оның ішінде кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын есептеу және азайту тізілімінің негізінде, төлеу мерзімі бойынша жазбалардың уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығын;
2) кедендік төлемдер мен салықтардың бастапқы төлем құжаттары мен Қазынашылық нысандарының негізінде төленген, қайтарылған сомаларын жеке шоттарға жазудың уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығын;
3) кейінге қалдыру (бөліп төлеу) берілгендігі туралы құжаттардың және Қазынашылық нысандарының негізінде кеден баждары мен қосымша құнға салынатын салықты кейінге қалдыру (бөліп төлеу) жөніндегі сомаларды жеке шоттарға жазудың уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығын;
4) төлеушінің бюджетпен есеп айырысу жүргізуінің дұрыстығын;
5) жеке шоттардың барлық бағандары бойынша жиынтықтар қорытудың дұрыстығын;
6) өсімпұлдар сомаларын есептеудің және көрсетудің дұрыстығын;
7) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдерін көрсетудің дұрыстығын тексеру қажет.
84. Барлық жеке шоттар ешбір ерекшеліксіз тексерілуге жатады.
85. Кедендік кірістер бөлімінің лауазымды адамы жеке шоттарда көрсетілген жыл басынан бері бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салықтар сомаларының тексеру күнінде бюджеттің кірістер жіктемесінің тиісті кодтары бойынша Қазынашылықтың деректерімен сәйкестігін тексеруі қажет.
86. Тексеру күнінде жеке шоттар мен Қазынашылық деректер сомаларының арасында алшақтық анықталған жағдайда, кедендік кірістер бөлімінің лауазымды адамы бастапқы төлем құжаттарын тексеру жолымен осы алшақтықтардың себептерін анықтауға және тиісті түзетулер енгізуге міндетті.
87. Жеке шоттар тексерілгеннен кейін, жеке шотта "Тексерілді, күні, қолы" деген жазба жасалады.
88. Жарты жылда бір рет кедендік кірістер бөлімінің бастығы есептеу туралы деректерді бөлудің уақтылылығын, толықтығын және дұрыстығын, сондай-ақ бюджетке түскен түсімдер туралы банктік құжаттарды және жеке шоттар мен жиынтық қорытындылар кітаптарындағы барлық жазбаларды іріктеп тексеруді жүргізеді.
89. Жылына бір рет, сондай-ақ төлеушінің тілегі бойынша төлеуші мен кеден органының арасында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда N 2351 болып тіркелген "Кеден төлемдерін, салықтар мен өсімпұлдарды мемлекеттік бюджетке аударудың және артық төленген кеден төлемдерін, салықтарды және өсімпұлдарды мемлекеттік бюджеттен қайтарудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 247 бұйрығында белгіленген тәртіппен Салыстыру актісі жасала отырып жеке шоттар бойынша деректерді тексеру жүргізіледі.
90. Ай сайын есептіден кейінгі айдың бірінші күнгі жағдайы бойынша кеден органдары кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің әрбір коды бойынша есептік ай ішінде төленген және қайтарылған кедендік төлемдер мен салықтардың сомалары бойынша салық қызметі органдарымен салыстыруды жүргізеді.
16. Жеке шоттарды жабу
91. Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін жеке шоттарды жабу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) қалдықтары жоқ жеке шоттар қаржылық жыл аяқталғаннан кейін жабылады және оларға күні, қолдары көрсетіле отырып "Жеке шот жабық" деген жазба қойылады;
2) жеке шот бойынша қалдық болған жағдайда, сальдо жаңа қаржылық жылда ашылған жеке шотқа көшіріледі;
3) бұл жағдайда ескі жеке шот "Жеке шот жабық. Қалдық ____ жылдың жеке шотына көшірілді" деген жазбамен ресімделеді.
92. Қаржылық жыл аяқталған соң жеке шоттар жабылғаннан кейін жеке шотқа кез келген операцияларды жазу жүргізілмейді.
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
2004 жылғы 8 шілдедегі
N 300 бұйрығымен бекітілген
Кеден төлемдері мен салықтарының
бюджетке түсуіне есепке алу
ережесіне 1-қосымша
ЖЕКЕ ШОТ
____________________________________ бойынша
(төлемнің (немесе салықтың) атауы және коды)
Төлеушінің атауы (немесе Т.А.Ә., жеке тұлғалар үшін) _______
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ______________
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктемесінің коды ________
Экономикалық қызметтің жалпы жіктемесінің коды _____________
Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің сериясы және нөмірі және қосымша құнға салынатын салық бойынша есепке қойылған күні ______________
___________________________________________________________________
N |Жазба.|Құжат.|Құжат.|Құжат.|тө. | есептелді |азайтылды
р/б|ның N | тың |тың N | тың |лен.|---------------|--------------
| | түрі | | күні |ді |негізгі|өсімпұл|негізгі |өсім.
| | | | | |төлем |есеп. |төлемнің|пұл
| | | | | |есеп. |телді |есепте. |азай.
| | | | | |телді | |лімдері |тылды
| | | | | | | |азай. |
| | | | | | | |тылды |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
___________________________________________________________________
1
2
3
4
5
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________
қайтарылды/кейінге |Операцияның|Өсімпұлмен
-------------------| соңына | сальдо
қайта.|кейінге |арналған |
рылды |қалдырылды |төлемнің/ |
|/бөліп |салықтың |
|төленді |сальдосы |
___________________________________________
11 12 13 14
___________________________________________
___________________________________________
Жиынтығы: төленді Бюджеттен қайтарылды:
негізге төлем есептелді: Төлемдер кейінге қалдырылды:
өсімпұлдар есептелді: Кейінге қалдырылған
төлемдердің алдағы есептелімдері
Негізгі төлемнің Кейінге қалдырылған
есептелімдері азайтылды: төлемдердің жабылмағандары:
Өсімпұлдың есептелімдері
азайтылды:
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
2004 жылғы 8 шілдедегі
N 300 бұйрығымен бекітілген
Кеден төлемдері мен салықтарының
бюджетке түсуіне есепке алу
ережесіне 2-қосымша
Кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың
есептелу (азайтылу) сомаларының тізілімі
___________________________________________________________________
р/б|Төлеу.|СТН|Валю.|Кіріс.| ЖКД және басқа құжаттар бойынша
N |шінің | |таның|тер | есептелуі (азайтылуы)(+,-)
|атауы | |түрі |бюдже.|---------------------------------------
| | | |тінің | құжат |тө. |Төлемнің|өсім.
| | | |жіктеу|----------------|лену|(салық. |пұлдың
| | | |коды |түрі|нөмері|күні|мер.| тың) |сомасы
| | | | | | | |зімі| сомасы |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
барлығы
___________________________________________________________________
Тізілімді тапсырды:
__________________________________________________
(ресімдеу, посткедендік бақылау және т.б. бөлімдер
қызметкерлерінің Т.А.Ә., лауазымы және қолы)
Тізілімді қабылдадым және жеке шоттағы таратуды жүргіздім:
__________________________________________________
(кірістер бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы және қолы)
Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігі төрағасының
2004 жылғы 8 шілдедегі
N 300 бұйрығымен бекітілген
Кеден төлемдері мен салықтарының
бюджетке түсуіне есепке алу
ережесіне 3-қосымша
Мәліметтік жиынтықтар кітабы
___________________________________________________________________
Жаз. |Төлеушінің|Төлеушінің| Төлемнің (салықтың) түрі
баның| атауы | СТН | және коды ҚҚС 105102
N | | |---------------------------------------
| | |Операцияның |кіріс|шығыс|Оперцияның
| | |басталуына | | |аяқталуына
| | |арналған | | |арналған
| | |төлемнің | | |төлемнің
| | |(салықтың) | | |(салықтың)
| | | сальдосы | | |сальдосы (+,-)
| | | (+,-) | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1
2
3
4
қаңтар
ішіндегі
жиынтық
___________________________________________________________________
1
2
3
4
ақпан
ішіндегі
жиынтық
___________________________________________________________________
1
2
3
4
және т.б.
___________________________________________________________________
Қаржы кезеңі
ішіндегі
жиынтық
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Төлемнің (салықтың) түрі | Төлемнің (салықтың) түрі мен
мен коды ҚҚС 105102 | коды Импорттық баж 105102
---------------------------------|---------------------------------
Операцияның |кі.|шығыс|Оперцияның|Операцияның |кі.|шығыс|Оперцияның
басталуына |ріс| |аяқталуына|басталуына |ріс| |аяқталуына
арналған | | |арналған |арналған | | |арналған
төлемнің | | |төлемнің |төлемнің | | |төлемнің
(салықтың) | | |(салықтың)|(салықтың) | | |(салықтың)
сальдосы | | | сальдосы | сальдосы | | | сальдосы
(+,-) | | | (+,-) | (+,-) | | | (+,-)
___________________________________________________________________
8 9 10 11 12 13 14 15
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Төлемнің (салықтың) түрі | Төлемнің (салықтың) түрі
және коды | және коды
---------------------------------|---------------------------------
Операцияның |кі.|шығыс|Оперцияның|Операцияның |кі.|шығыс|Оперцияның
басталуына |ріс| |аяқталуына|басталуына |ріс| |аяқталуына
арналған | | |арналған |арналған | | |арналған
төлемнің | | |төлемнің |төлемнің | | |төлемнің
(салықтың) | | |(салықтың)|(салықтың) | | |(салықтың)
сальдосы | | | сальдосы | сальдосы | | | сальдосы
(+,-) | | | (+,-) | (+,-) | | | (+,-)
___________________________________________________________________
16 17 18 19 20 21 22 23
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________
Жеке шоттар бойынша барлығы
----------------------------------
Операцияның |кі.|шығыс|Оперцияның
басталуына |ріс| |аяқталуына
арналған | | |арналған
төлемнің | | |төлемнің
(салықтың) | | |(салықтың)
сальдосы | | | сальдосы
(+,-) | | | (+,-)
__________________________________
24 25 26 27
__________________________________
__________________________________
Ескерту:
1. "Төлемнің/салықтың түрі және коды" 1-бағанында жеке шоттарға бюджеттік жіктеме кодтарының қанша енгізілгендігіне байланысты БЖК әр түрлі санда болуы мүмкін
2. "Қаңтар ішіндегі жиынтық", "Ақпан ішіндегі жиынтық" жолында барлық бағандар бойынша айдың аяғындағы жиынтық сомалары қойылады
3. "Қаржы кезеңі ішіндегі жиынтық" жолына "Қаңтар ішіндегі жиынтық" + "Ақпан ішіндегі жиынтық" + "Наурыз ішіндегі жиынтық" және т.б. жолдарының жиынтық сомалары қойылады
4. "Жеке шоттар бойынша барлығы" бағандарына әрбір төлеуші бойынша төлемдердің/салықтардың барлық түрлері жөніндегі қорытынды сомалар қойылады
5. 4, 8, 12, 16 және т.б. бағандарда операцияның басталуына арналған төлемнің (салықтың) сальдосы жолының мәндері қойылады
6. 5, 9, 13, 17 және т.б. бағандарда жеке шоттың 6 + 9 + 10 бағандарын қосу жолымен алынған сома қойылады
7. 6, 10, 14, 18 және т.б. бағандарда жеке шоттың 7 + 8 + 11 + 12 бағандарын қосу жолымен алынған сома қойылады
8. 7, 11, 15, 19 және т.б. бағандарда мәліметтік жиынтықтар кітабының бағандарына арифметикалық амалдар қолдану жолымен (4-б. + 5-б. + 6-б.), (8-б. + 9-б. - 10-б. және т.б.) алынған мән қойылады