N 2573 тiркелген "Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 421 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2897

Қолданыстағы

       Бұйырамын :
      1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде N 2573 тiркелген "Мемлекеттiк емес ұйымдарды аккредитациядан өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 421  қаулысын  iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2003 жылғы 7 қарашадағы N 733  бұйрығына  (бұдан әрi - Бұйрық), мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      Бұйрықтың 1-тармағында "1-5-қосымшаға" деген сөздер "1-3, 5-қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Бұйрықтың 1-қосымшасының 8-тармағының екiншi абзацы және тиiсiнше 4-қосымшасы алынып тасталсын;

      Бұйрықтың 2-қосымшасында:
      15-тармақтағы кесте мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
8. | Ұйымның қаржылық-экономикалық | мың теңге |      |      |
   | жағдайы                       |           |      |      |
___________________________________________________________________

      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған тармақ бойынша берiлген мәлiметтер тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен расталуы қажет";
      көрсетiлген Бұйрықтың 3-қосымшасында:
      кестенiң реттiк нөмiрi 4-8-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Н.Бектұрғановқа жүктелсiн.

      Министр