N 1577 болып тiркелген "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бектіту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 548 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 7 маусымда тіркеді. Тіркеу N 2893. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде N 1118 болып тiркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында бұйырамын:
 

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 548  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде N 1577 болып тiркелген, 2001 жылғы тамыз айындағы N 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттiк органдарының Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411 бұйрығымен өзгерiс пен толықтыру енгiзiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде N 1916 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
 

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiнде:
      1) 2-тармақта "жалпы орта, орта кәсiптiк бiлiмi" деген сөздер "жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк және кәсiптiк жоғары бiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      2) 3-тармақта:
      екiншi абзацта "психологиялық" деген сөз "психофизиологиялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "екiншi кезеңде Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындары ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандартының ұлттық орталығы (бұдан әрi - ББТМСҰО) дайындаған технологиялар бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификат баллдарына сәйкес iрiктеу жүргiзедi;";
 

      3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлген мерзiмдерде медициналық, дене бiтiмi және психофизиологиялық көрсетулерi бойынша талапкерлердi iрiктеудi жүзеге асырады. Кешендi тестiлеу, мемлекеттiк сертификат баллдарына сәйкес iрiктеу, жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiнде белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi, олар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң келiсiмi бойынша ғана өзгертiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындарына түсушi талапкерлер, бiрiншi осы жоғары оқу орнында даярланатын мамандықты, екiншi - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiнiң 3-қосымшасы бойынша мамандықты көрсетедi.";
 

      4) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасы Iшкiісминi жоғары оқу орнына түсушi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң өткен жылдардағы бiтiрушiлерi, кәсiптiк орта оқу орындарының бiтiрушiлерi, шет елдерде оқушыларды халықаралық алмасу саласы бойынша оқыған жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бiтiрушiлерi, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы бiлiм беретiн орта мектептердi өзбек, ұйғыр, және тәжiк тiлдерiнде аяқтаған бiтiрушiлер кешендi тестiлеудi ЖОО-ның орналасқан жерi бойынша тапсырады.";
 

      5) 7-шi тармақта:
      екiншi абзацта "N 021600 "Заңтану" деген сөздер "N 050303 "Құқық қорғау қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын";
      үшiншi абзацта "жалпы тарих" деген сөздер "дүниежүзi тарихы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi абзацта "жалпы тарих" деген сөздер "дүниежүзi тарихы" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      6) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Дұрыс жауаптардың кодтары тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн бiрден iлiнедi.";
 

      7) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Мемлекеттiк сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген кешендi тестiлеу нәтижелерiн өңiрлiк комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды. Өңiрлiк комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.";
 

      8) 13-тармақтағы екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Апелляцияға өтiнiш өңiрлiк комиссия төрағасы бекiтетiн апелляциялық комиссияға тестiлеу нәтижелерi хабарланғаннан кейiнгi келесi күнi сағат 13-ке дейiн берiледi және апелляциялық комиссия оны бiр тәулiктiң iшiнде қарайды. Алған бағаларды өзгерту өңiрлiк комиссияның дәлелдi шешiмiмен жүргiзiлуi тиiс.";
 

      9) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау мандат комиссиясының ашық отырысында мемлекеттiк сертификат баллдарына сәйкес, медициналық, дене бiтiмi, психофизиологиялық көрсеткiштер бойынша iрiктеу нәтижелерiн және Iшкi iстер министрлiгiне, Iшкi iстер бас басқармаларына, Iшкi iстер басқармаларына, Көлiктегi iшкi iстер басқармаларына бөлiнген қабылдау орындарын ескере отырып, конкурс бойынша жүргiзiледi.";
 

      10) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Мемлекеттiк сертификаттар баллдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары;
      жалпы бiлiм беретiн орта мектептi үздiк аттестатпен немесе кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк оқу орындарын үздiк дипломмен бiтiргендер;
      аттестат немесе дипломның ең жоғары орта баллы бар адамдар;
      бейiмдiк пәндер бойынша ең жоғары баллы бар адамдар оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
      Осы қабылдау ережелерiне сәйкес жеңiлдiкпен қабылдану құқығын пайдаланатын адамдар растайтын құжаттар ұсынады.".
 

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер бiрiншi вице-министрi полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға жүктелсiн.
 

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

       Министр

      Келісілді

       Қазақстан Республикасы
      Бiлiм және ғылым министрінің
      мiндетiн атқарушы
      19 мамыр 2004 ж.