N 2021 тіркелген "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегі Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2890

Қолданыстағы

      Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 155 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 2021 болып тiркелген):
      2, 3 тармақтарда:
      "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне", "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне" деген сөздер "Заңнама департаментiне", "Заңнама департаментiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi Нұсқаулыққа:
      3-тармақтың екiншi абзацында: "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне" деген сөздер "Заңнама департаментiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Әдiлет министрi