"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 8-тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8621 тіркелді, "Юридическая газетада" 2001 жылғы 30 сәуірде N 21, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде", 2001 ж., N 23, 410-құжат, жарияланды (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 24 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 мамырда N 1861 тіркелді)" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері:
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 50-ден аса атаулары шығарылған кезде тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережелердің 12-тармағының 3) тармақшасынсыз жарияланады.
Бұл жағдайда номенклатура, ең аз көлем, кесімді баға және шығару шарттары кіретін тауар туралы мәліметті конкурсты ұйымдастырушы уәкілетті жеткізушіге тікелей ұсынады.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша:
мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 50-ден аса атаулары шығарылған кезде тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы Нұсқаулықтың 6-тармағының 3) тармақшасынсыз жарияланады.
Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы номенклатура, ең аз көлем, кесімді баға және шығару шарттары кіретін тауар туралы мәліметті уәкілетті жеткізушіге тікелей ұсынады.".
2. Мемлекеттік резервті бақылау және нормативтік құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Г.З.Дүйсенбекова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап бұйрық күшіне енеді.
Төраға