Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1456. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 128 Бұйрығымен.

      1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат):
      1) 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнің төлем қабiлетiн растауы болып табылады.";
      2) 9-баптың екiншi бөлiгi "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970204_

Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат):
     24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен 
толықтырылсын:
     "3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен 
Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауды 
табыс етпеген адамдарға;".
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.