Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.08.24. N 239 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі N 539 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
N 1036
тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 7 бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
N 1300
тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы N 527-к бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
N 2058
тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 175 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 564 тіркелген)
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
67-тармақтың екінші абзацында "Құқықтық кадастрдың тіркеу парағының көшірмесі және техникалық сипаттамасы туралы анықтама" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
84-тармақта "құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан көшірме бойынша" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
91-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы.";
92-тармақта "Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжатта көрсетілген техникалық сипаттама осындай құжатты берген күннен бастап 15 күн ішінде жарамды болып табылады." деген сөздер "Техникалық төлқұжатта көрсетілген техникалық сипаттама осындай құжатты берген күннен бастап алты ай ішінде жарамды болып табылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
96-тармақта "Құқықтық кадастрдың тіркеу бетінен үзінді көшірме бойынша" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
100-тармақта "Құқық кадастрының тіркеу парағынан үзіндіні" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
102-тармақтың бірінші абзацында "Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы көшірме бойынша" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
110-тармақта "Құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан көшірмені, құрылыстың шарт жасау сәтіндегі техникалық сипаты туралы анықтаманы" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
126-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;";
3) тармақша алынып тасталсын;
219-тармақта "Құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан көшірме, жылжымайтын мүлікке техникалық сипаттама туралы анықтамаларды" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
225-тармақтың 4 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;";
233-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;";
3) тармақша алынып тасталсын.
2. "Ақпараттық қызмет көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылы 6 қыркүйекте N 1695 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143
бұйрығымен
, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылы 6 қыркүйекте N 1969 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125
бұйрығымен
, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2764 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69
бұйрықтарымен
енгізілген өзгерістерімен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1035 тіркелген)
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарының ақпараттық қызмет көрсету ережесінде:
16-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі:";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;";
17-тармақта:
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" деген сөздер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
"берілген кездегі құқықтар" деген сөздерден кейін "(ауыртпалықтар)" деген сөзбен толықтырылсын;
"олардың үлестерінің мөлшері" деген сөздердің алдынан "техникалық сипаттамалары туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
17-1-тармақта:
"Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды (шектеулерді) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу куәлік" деген сөздер "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар)" және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама" деген сөздермен ауыстырылсын;
"берілген кездегі" деген сөздерден кейін "құқықтар," деген сөзбен толықтырылсын;
"олардың үлестерінің мөлшері" деген сөздердің алдынан "техникалық сипаттамалары туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Құқық қорғау, сот органдарының уәждемелі сұраулары бойынша, атқарушы органдардың олардың құзыретіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша, сондай-ақ құқық иелерінің олардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша тіркеуші орган өзге де ақпараттар бере алады.";