"Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және сақтандыру "қайта сақтандыру" ұйымдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Жалпы сақтандыру" саласындағы
сақтандыру және қайта сақтандыру
бойынша операцияларды бухгалтерлік
есепке алу жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы" 2004 жылғы 16 сәуірдегі
N 61 қаулысымен бекітілген
"Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулық
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2492 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебі" 32 бухгалтерлік есептің стандартын бекіту туралы" 2003 жылғы 4 тамыздағы N 283 қаулысына (бұдан әрі - 32 бухгалтерлік есеп стандарты) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Осы Нұсқаулық "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты көрсетеді.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есепті ашуы мен ұсынуына қойылатын талаптарды, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыруға қойылатын талаптарды 32 бухгалтерлік есеп стандарты белгілейді.
4. Осы Нұсқаулықта Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде , " Сақтандыру қызметі туралы ", " Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы ", " Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарында, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2-бөлім. "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операцияларды есепке алу
1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша операцияларды есепке алу
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасы осы шарт күшіне енген күннен бастап кіріс болып танылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кіріс танылған күннен бастап қаржылық есеп берумен танылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап шығыстар есебінен қалыптастырылатын және қаржылық есепте танылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптарды айқындайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актісіне сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві есептеледі.Еңбек сіңірілмеген сыйлықақының қалыптастырылған резервін және соның есебінен осы резерв қалыптастырылған шығыстарды азайту есептеу әдісіне сәйкес жүргізіледі.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақысы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы"
301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы"
Кт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер".
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есептелген сақтандыру сыйлықақысын нақты алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
Дт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
451 "Ұлттық валютамен кассадағы қолма-қол ақша"
Кт 301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы"
301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы"
7. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін қалыптастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
1) қалыптастырылатын еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві сомасына:
Дт 801 41 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар"
Кт 687 41 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві";
2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінде қайта сақтандырушының үлесін қалыптастыру кезінде оны қалыптастыру сомасына:
Дт 687 47 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі қайта
сақтандырушының үлесі"
Кт 801 41 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар"
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін азайтуды жүзеге асыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін азайту сомасына:
Дт 687 41 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві"
Кт 801 41 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар";
2) қайта сақтандырушының үлесін еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бөлігінде азайтқан кезде оны азайту сомасына:
Дт 801 41 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін қалыптастыру
бойынша шығыстар"
Кт 687 47 "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бөлігіндегі қайта
сақтандырушының үлесі".
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес ол күшіне енгенге дейін сақтандырушы (қайта сақтандырушы) сақтандыру сыйлықақысын алдын ала төлеуді жүзеге асырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) алдын ала төленген сақтандыру жарнасы сомасына сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асырған күні:
Дт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
451 "Ұлттық валютамен кассадағы қолма-қол ақша"
Кт 662 41 "Сақтандырушы (қайта сақтандырушы) алдын ала төлеген
сақтандыру сыйлықақысы";
2) cақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күнгі:
Дт 662 41 "Сақтандырушылар (қайта сақтандырушылар) алдын ала
төлеген сақтандыру сыйлықақысы"
Кт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер".
10. Сақтандыру агентінен және сақтандыру брокерлерінен алынған делдалдық қызмет көрсетуге комиссиялық сыйақы төлеген кезде делдалдық қызмет көрсету туралы шарттың талаптарына байланысты мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) сақтандыру агентіне немесе сақтандыру брокеріне алдын ала комиссиялық сыйақы төлеуді жүзеге асырған кезде:
есептелген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 352 "Жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге берілген
аванстар" (бөлек қосалқы шот ашылады)
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша";
комиссиялық сыйақыны есептеу әдісіне сәйкес шығыстар шотына жатқызған кезде, есептелген шығыстар сомасына:
Дт 821 44 "Сақтандыру брокерлерінің қызмет көрсетуіне ақы төлеу
бойынша шығыстар" (сақтандыру агенті үшін бөлек қосалқы
шот ашылады)
Кт 352 "Жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге берілген
аванстар" (бөлек қосалқы шот ашылады);
2) сақтандыру агенті және сақтандыру брокері көрсеткен қызметтер үшін комиссиялық сыйақы есептеу бухгалтерлік есепте делдалдық қызмет көрсету туралы шарт қолданылатын кезеңде есептеу әдісіне сәйкес көрсетіледі. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
есептеу әдісіне сәйкес есептеген комиссиялық сыйақы сомасына:
Дт 821 44 "Сақтандыру брокерлерінің қызмет көрсетуіне ақы төлеу
бойынша шығыстар" (сақтандыру агенті үшін бөлек қосалқы
шот ашылады)
Кт 671 41 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша
делдалдармен есеп айырысу";
комиссиялық сыйақыны нақты төлеуді жүзеге асырған кезде:
Дт 671 41 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша
делдалдармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша".
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда сақтандырушы (қайта сақтандырушы) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тұлғаға Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарында көзделген негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақыларын толық көлемде немесе жұмсалған шығыстарды шегеріп тастап қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) сақтанушыға (қайта сақтанушыға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тұлғаға сақтандыру сыйлықақысы сомасын қайтарған жағдайда ағымдағы және кейінгі жылдарда:
Дт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер"
Кт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу",
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу";
2) нақты төленетін ақша сомасына:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
451 "Ұлттық валютамен кассадағы қолма-қол ақша".
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерімен жасалатын операцияларды есепке алу
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру резервтерін қалыптастыруды немесе азайтуды кемінде айына бір рет өзінің есепке алу саясатына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетеді.
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есепке алу әдістемесіне қойылатын талаптарды айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шығындар резервін және қосымша резервтерді қалыптастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) орын алған, бірақ жария етілмеген шығындардың қалыптастырылатын резерві сомасына:
Дт 801 42 "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 42 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві";
2) жария етілген, бірақ реттелмеген шығындардың қалыптастырылатын резерві сомасына:
Дт 801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві";
3) қалыптастырылатын қосымша резервтер сомасына:
Дт 801 46 "Қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 46 "Қосымша резервтер".
14. Қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандырушыға тәуекелдердің бір бөлігін берген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы шарт күшіне енген күннен бастап актуарлық қорытынды негізінде қайта сақтандырушының шығындар резервіндегі және қосымша резервтердегі үлесі сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі сомасына:
Дт 687 48 "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервіндегі
қайта сақтандырушының үлесі"
Кт 801 42 "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар";
2) жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі сомасына:
Дт 687 51 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі
қайта сақтандырушының үлесі"
Кт 801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар";
3) қосымша резервтердегі қайта сақтандырушының үлесі сомасына:
Дт 687 52 "Қайта сақтандырушының қосымша резервтегі үлесі"
Кт 801 46 "Қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар".
15. Актуарлық қорытындылар негізінде шығындар резервін және қосымша резервтерді азайтқан кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервін азайту сомасына:
Дт 687 42 "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резерві"
Кт 801 42 "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар";
2) жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар сомасына:
Дт 687 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар"
Кт 801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар";
3) қосымша резервтерді азайту сомасына:
Дт 687 46 "Қосымша резервтер"
Кт 801 46 "Қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар".
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлінбеген кіріс (орны жабылмаған шығын) есебінен алдын алу шараларының резервін қалыптастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
Дт 561 "Есепті жылдағы бөлінбеген кіріс (орны жабылмаған
шығын)",
562 "Өткен жылдардағы бөлінбеген кіріс (орны жабылмаған
шығын)"
Кт 552 "Басқа резервтік капитал" (бөлек қосалқы шот ашылады).
17. Тиісті алдын алу және кепілді іс-шараларын (алдын алу іс-шаралары - сақтандыру жағдайларының алдын алуға, кепілді іс-шаралар - басталған апатпен күресуге бағытталған іс-шаралар) қаржыландыру үшін қажетті алдын алу іс-шараларына бұрын қалыптастырылған резервті пайдаланған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) есептелген ақша сомасына:
Дт 552 "Басқа резервтік капитал"
Кт 671 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
кредиторлық берешек" (бөлек қосалқы шот ашылады);
2) нақты төленген ақша сомасына:
Дт 671 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
кредиторлық берешек" (бөлек қосалқы шот ашылады)
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
451 "Ұлттық валютамен кассадағы қолма-қол ақша".
18. Қайта сақтандырушының үлесін азайтқан (түзеткен) кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандыру шартына сәйкес бухгалтерлік есепте шығындар резервіндегі және қосымша резервтердегі қайта сақтандырушының үлесін азайтады. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесін азайту (түзету) сомасына:
Дт 801 42 "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 48 "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервіндегі
қайта сақтандырушының үлесі";
2) жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесін азайту (түзету) сомасына:
Дт 801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 51 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі
қайта сақтандырушының үлесі";
3) қайта сақтандырушының қосымша резервтегі үлесін азайту (түзету) сомасына:
Дт 801 46 "Қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 52 "Қайта сақтандырушының қосымша резервтегі үлесі".
3-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру төлемдері операцияларын есепке алу
19. Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша берешек сомасына азайтылған сақтандыру төлемін жүзеге асырады, сонымен қатар мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) сақтандырушы:
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемі сомасын есептеген кезде:
Дт 687 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві"
687 46 "Қосымша резервтер"
Кт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу",
301 41 "Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы",
және сонымен бір мезгілде осы сомаға:
Дт 801 47 "Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
жөніндегі шығыстар"
Кт 801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар",
801 46 "Қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар";
сақтанушыға (пайда алушыға) нақты сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде төлем сомасына:
Дт 671 44 "Сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
451 "Ұлттық валютамен кассадағы қолма-қол ақша".
2) қайта сақтандырушы:
қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемі сомасын есептеген кезде:
Дт 687 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві",
687 46 "Қосымша резервтер"
Кт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
және сонымен бір мезгілде осы сомаға:
Дт 801 48 "Қайта сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру бойынша шығыстар"
Кт 801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар",
801 46 "Қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар";
сақтанушыға (пайда алушыға) нақты сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде төлем сомасына:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша".
4-тарау. Кері талап ету (суброгация) бойынша
операцияларды есепке алу
20. Құжаттар, дәлелдемелер және сақтандырушының оған ауысқан талап ету құқығын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төленген сома шегінде талап ету құқығы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) Келтірілген зиянға жауапты тұлғаға талап қою құқығына есептелген сомаға:
Дт 301 45 "Келтірілген зиянға жауапты тұлғаға қойылатын талап"
Кт 701 44 "Кері талап ету бойынша өтем жасауға байланысты
кірістер";
2) нақты алған кезде ақша сомасына немесе мүлікке:
Дт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
451 "Ұлттық валютамен кассадағы қолма-қол ақша",
12 "Негізгі құрал-жабдықтар",
20 "Материалдар"
Кт 301 45 "Келтірілген зиянға жауапты тұлғаға қойылатын талап".
21. Қайта сақтандыру шартына сәйкес келтірілген шығынға жауапты тұлғадан қайта сақтандырушыға мүлік түрінде немесе ақшалай алынған кері талап ету бойынша өтемақы берген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтемақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) қайта сақтандырушыға есептелген мүлікті немесе ақшаны өтеу бойынша есептелген шығыс сомасына:
Дт 801 50 "Кері талап ету бойынша қайта сақтандырушыға өтем жасау
бойынша шығыстар"
Кт 671 45 "Кері талап ету бойынша қайта сақтандырушыға өтем жасау
бойынша есептелген шығыстар";
2) төленетін өтем жасау сомасына:
Дт 671 45 "Кері талап ету бойынша қайта сақтандырушыға өтем жасау
бойынша есептелген шығыстар"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
432 02 "Шетел валютасымен ағымдағы шоттардағы ақша",
451 "Шетел валютасымен кассадағы қолма қол ақша",
12 "Негізгі құрал-жабдықтар",
20 "Материалдар".
5-тарау. Қайта сақтандыру бойынша операцияларды
есепке алу
22. Қайта сақтандыру шарты күшіне енген күннен бастап қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға осы шартта белгіленген сақтандыру сыйлықақысы сомасын төлейді. Бұл ретте қайта сақтанушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) қайта сақтандырушыға төленетін есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасына:
Дт 801 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
шығыстар" (бөлек қосалқы шот ашылады)
Кт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу";
2) нақты төленетін сақтандыру сыйлықақысы сомасына:
Дт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
431 02 "Шетел валютасымен ағымдағы шоттардағы ақша".
23. Қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандырушыдан комиссиялық сыйақы түрінде кірісті есептеген және/немесе алған кезде қайта сақтанушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) қайта сақтандыру шарты күшіне енген кезде:
Дт 332 41 "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
кірістер"
Кт 701 43 "Қайта сақтандыру бойынша комиссиялық кірістер";
2) ақшаны нақты алған кезде:
Дт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
431 02 "Шетел валютасымен ағымдағы шоттардағы ақша"
Кт 332 41 "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
кірістер".
24. Қайта сақтандырушы қайта сақтанушыға төленетін комиссиялық сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) комиссиялық сыйақы сомасын есептеген кезде:
Дт 821 41 "Қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы төлеу"
Кт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
2) комиссиялық сыйақы сомасын нақты төлеген кезде:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
431 02 "Шетел валютасымен ағымдағы шоттардағы ақша".
25. Егер қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтанушыға комиссиялық сыйақы төлеу бойынша қайта сақтандырушының берешек сомасын және қайта сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша сақтанушының берешек сомаларын есептеу мүмкіндігі көзделсе, есептелген сомаға мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
1) қайта сақтанушы:
Дт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 332 41 "Қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық
кірістер";
2) қайта сақтандырушы:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы".
26. Сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырушы қайта сақтанушыға келтірілген шығыстарды өтем жасаған кезде қайта сақтанушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
1) қайта сақтандырушы өтем жасайтын алынатын соманы есептеген кезде:
Дт 301 44 "Сақтандыру төлемі бойынша қайта сақтандырушылардан
алынатын сома"
Кт 701 42 "Қайта сақтандырушы сақтандыру төлемдерін өтеуге
байланысты кірістер";
2) ақшаны нақты алған кезде:
Дт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша",
431 02 "Шетел валютасымен ағымдағы шоттардағы ақша"
Кт 301 44 "Сақтандыру төлемі бойынша қайта сақтандырушылардан
алынатын сома".
Сонымен бірге, жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервінде қайта сақтандырушының үлесін азайту (түзету) сомасына:
Дт 801 45 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервін
қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 51 "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі
қайта сақтандырушының үлесі";
қосымша резервтердегі қайта сақтандырушының үлесін азайту (түзету) сомасына:
Дт 801 46 "Қосымша резервтерді қалыптастыру бойынша шығыстар"
Кт 687 52 "Қайта сақтандырушының қосымша резервтегі үлесі".
27. Егер қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша қайта сақтанушының берешегін және қайта сақтандырушының қайта сақтанушыға сақтандыру төлемі бойынша берешек сомасын есептеу мүмкіндігі көзделсе, есептелетін сомаға мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
1) қайта сақтандырушы:
Дт 671 43 "Қайта сақтанушылармен есеп айырысу"
Кт 301 42 "Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы";
2) қайта сақтанушы:
Дт 671 42 "Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу"
Кт 301 44 "Сақтандыру төлемі бойынша қайта сақтандырушылардан
алынатын сома".
6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бойынша міндетті жарналар мен шартты міндеттемелерді есепке алу
28. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен (бұдан әрі - Қор) қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымы (бұдан әрі - қатысушы сақтандыру ұйымы), уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес (Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімін айқындайтын) міндетті жарна сомасын есептеуді жүзеге асырған күні есептелген міндетті жарна сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:
Дт 821 42 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті
жарналарды төлеу бойынша шығыстар"
Кт 671 46 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті
жарналарды төлеу бойынша міндеттемелер".
29. Қатысушы сақтандыру ұйымы міндетті жарналарды Қордың шотына төлеуді жүзеге асырған күні мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
төленетін міндетті жарна сомасына:
Кт 671 46 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті
жарналарды төлеу бойынша міндеттемелер"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша".
30. Уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес (Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелері ставкасын есептеу әдістемесін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алуды айқындайтын) есептелген шартты міндеттемелерді қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба орындалады:
қалыптастырылатын шартты міндеттеме сомасына:
Дт 1003 "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру туралы заңдары бойынша шартты төтенше
жарналар"
Кт 1053 "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру туралы заңдары бойынша шартты
міндеттемелер".
31. Қатысушы сақтандыру ұйымы Қордан төтенше жарналарды төлеу туралы хабарлама алған күннен бастап өзінің есепке алу саясатына сәйкес төтенше жарналарды есептейді. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар орындалады:
есептелген төтенше жарналар сомасына:
Дт 821 43 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
жарналарды төлеу бойынша шығыстар"
Кт 671 47 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
жарналарды төлеу бойынша міндеттеме"
және сонымен бірге шартты міндеттеме сомасы төтенше жарналардың осы сомасына азайтылады:
Дт 1053 "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру туралы заңдары бойынша шартты
міндеттемелер"
Кт 1003 "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру туралы заңдары бойынша төтенше жарналар".
32. Қатысушы сақтандыру ұйымы төтенше жарналарды нақты төлеген күні мынадай бухгалтерлік жазбаларды орындайды:
төленетін төтенше жарна сомасына:
Дт 671 47 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
жарналарды төлеу бойынша міндеттеме"
Кт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша".
33. Қатысушы сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заң актілеріне немесе қатысу шартына сәйкес Қордан өтемақы төлемін алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:
1) есептелген өтемақы төлемі сомасына:
Дт 301 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
дебиторлық берешек" (бөлек қосалқы шот ашылады)
Кт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер";
2) Қордан өтемақы төлемін нақты алған кезде:
Дт 441 02 "Ұлттық валютамен ағымдағы шоттардағы ақша"
Кт 301 40 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты
дебиторлық берешек" (бөлек қосалқы шот ашылады)
34. Қатысушы сақтандырушы ұйым еріксіз таратылатын қатысушы ұйымның сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде және уәкілетті мемлекеттік органның (міндетті жарналар ставкасын және шартты міндеттемелерді есептеу әдістемесін, міндетті және төтенше жарналарды төлеу, сақтандыру ұйымдарының - Қорға қатысушылардың шартты міндеттемелерін қалыптастыру мен есепке алу тәртібі мен мерзімін айқындайтын) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өтемақы төлемдерін алмағанда, бұрын есептелген шартты міндеттемелерді азайтады. Сонымен бірге мынадай бухгалтерлік жазбаны орындайды:
есептелген өтемақы төлемдері сомасына:
Дт 1053 "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру туралы заңдары бойынша шартты
міндеттемелер"
Кт 1003 "Қазақстан Республикасының сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру туралы заңдары бойынша шартты төтенше
жарналар".
Сонымен бірге жасалған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы түріндегі алынбаған өтемақы төлемдері сомасына еріксіз таратылатын қатысушы ұйымның сақтанушысы мынадай бухгалтерлік жазбаны орындайды:
Дт 671 47 "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төтенше
жарналарды төлеу бойынша міндеттемелер"
Кт 701 41 "Сақтандыру сыйлықақысы түріндегі кірістер" (бөлек
қосалқы шот ашылады).