Астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 мамырдағы тіркелді. Тіркеу N 2841

Қолданыстағы

Келiсiлдi          
Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда      
министрлiгiнiң Стандарттау,  
метрология және сертификаттау 
жөніндегі комитетінің төрағасы 
_____________________________ 
2004 ж. 16 сәуір N __________ 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы"  Заңын  жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлген астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Егiншiлiк департаментiнiң директоры А.Қ.Евниевке жүктелсiн.
      3. Егiншiлiк департаментi (Евниев А.Қ.) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      орынбасары - Министр

"Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын  
талаптарды бекiту туралы"    
Қазақстан Республикасы Ауыл   
шаруашылығы Министрiнiң     
2004 жылғы 19 сәуірдегі     
N 226 бұйрығымен бекiтiлген   

  Астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптар

      Осы Астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптар (бұдан әрi - Талаптар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттағанда және iшкi рынокта сатқанда керектi құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн жеңiлдету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 21  қаулысына  сәйкес әзiрлендi және сапасы бойынша стандартқа жатпайтын астықты экспортқа және iшкi рынокта сатуға жол бермеуге бағытталған.
      Осы Талаптар астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханаларды тiркегенде және тiркеуге дайындағанда, астық сапасына сараптама жүргiзгенде, астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханалардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырғанда мiндеттi.

  1. Осы Талаптарда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      өтiнiш - астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханаға берiлетiн, соның негiзiнде астық сапасын сараптау жүргiзiлетiн, белгiленген үлгiдегi құжат;
      өтiнiш берушi - астық сапасын сараптауды жүргiзуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      сынау - белгiленген процедураға сәйкес астықтың бiр немесе бiрнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
      астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхана - астық сапасын сараптауды жүргiзу және сапа сертификатын беру құқығына белгiленген тәртiппен тiркелген астық сапасын сараптау жөнiндегi сынау зертханасы;
      тiркеу аймағы - тiркеген кезде орындауға құқықтық алынған астық сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi жұмыстар тiзбесi;
      астық партиясы - сапасы туралы бiр құжатпен ресiмделген бiр жылғы астықтың сапасы бойынша бiртектi көлемi;
      сынау хаттамасы - сынау нәтижелерi және сынауға жататын басқа да ақпараты бар құжат;
      астық сапасының сертификаты - астықтың нақты сапа көрсеткiштерiн және олардың стандарт талаптарына және (немесе) келiсiм-шарттың шарттарына сәйкестiгiн растайтын құжат;
      астық сапасының сараптамасы - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтауға және бекiтуге бағытталған, өзiне көлiк құралдарын (қойманы) зерттеудi, сынақты алу мен сынауды, астық сапасының сертификатын ресiмдеудi қосатын шаралар кешенi.

  2. Жалпы қағидалар

      2. Астық сапасының сараптамасын астық сапасының сараптамасын жүргiзу құқығына стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен тiркеген зертханалар жүзеге асырады.

      3. Тiркелген астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханалар жүзеге асыратын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi жұмыстардың түрi тiркеу аймағымен айқындалады және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган берген тiркеу аттестатымен расталады.

      4. Астық сапасының сараптамасын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханалардың белгiленген тәртiппен аттестатталған мамандары жүргiзедi.

      5. Астық сапасының сертификаты бiр мекен-жайға, көлiк құралының (автомобиль, вагон, кеме) бiр түрiне тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған астықтың әрбiр бiртектi партиясына берiледi.

      6. Астық сапасының сертификаты сынау хаттамасы негiзiнде берiледi.

  3. Астық сапасының сараптамасын жүргiзу
тәртiбiне қойылатын талаптар

      7. Астық сапасының сараптамасына:
      1) көлiк құралын (қойманы) зерттеу;
      2) сынамалар алу;
      3) сынаулар жүргiзу;
      4) астық сапасының сертификатын ресiмдеу енедi.

      8. Астық сапасының сараптамасы астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхана мен өтiнiш берушi арасында астық сапасының сараптамасын жүргiзуге жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiлуi тиiс.

      9. Өтiнiш берушi астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханаға өтiнiш (1-қосымша) беруi тиiс. Ол тiркеледi және оны астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың меңгерушiсi қарайды.
      Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың меңгерушiсi өтiнiш берушiге бас тартудың негiздемесiмен бiрге ол тапсырған құжаттарды қайтарып беруi тиiс (2-қосымша).

      10. Астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың меңгерушiсi астық сапасының сараптамасын жүргiзу жөнiндегi маманды айқындауы тиiс. Оған тапсырма мен өтiнiштiң көшiрмесi берiледi.

      11. Астықты тиеу сәтiне дейiн көлiк құралы бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен иiстiң болмауы және астықты тасымалдауға жарамдылығы мәнiне мұқият зерттелуге жатады.

      12. Көлiк құралы жарамсыз болған жағдайда көлiк құралының жарамсыздығы себептерiн көрсету арқылы жарамсыз деп тану актi (3-қосымша) жасалады. Жарамсыз деп тану актiне астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiш берушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      13. Қоймада сақтаулы астықтың сапасын сараптау кезiнде қойманың зиянкестермен залалданбағанына, ластанбағанына зерттеу жүргiзiлуi тиiс. Астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы зиянкестермен залалданбағанын және ластанбағанын айқындау үшiн қойманың, технологиялық жабдықтың толтырылмаған бөлiгiнен астықтың шашылған, сыпырылған қалдықтарын алады.
      Қойманың залалданғаны, ластанғаны белгiлi болған жағдайда астық сапасының сараптамасы тоқтатылуы және акт жасалуы тиiс. Оған астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiш берушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      14. Сынамалар алу астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң қатысуымен өтiнiште көрсетiлген сынамалар алу әдiстемесiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Сынамалар алу сынамалар алу актiмен (4-қосымша) ресiмделуi тиiс. Сынамалар N 1 нысандағы журналда (5-қосымша) тiркелуi тиiс.

      15. Сынаулар астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханада өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнде көрсетiлген сапа көрсеткiштерi мен сынау әдiстерi бойынша жүргiзiлуi тиiс. Сынаулар сынамалар алу сәтiнен бастап үш сағаттан кешiкпей басталуы тиiс.

      16. Тiркеу аймағына енбейтiн сапа көрсеткiштерiн айқындау қажет болған жағдайда қосалқы мердiгер шартымен басқа тiркелген зертхананың нәтижелерi қабылдана алады.
      Бұл жағдайда алынған, мөрленген және астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы мен өтiнiш берушi қол қойған сынама белгiленген нысандағы өтiнiшпен (6-қосымша) бiрге басқа зертханаға жiберiлуi тиiс. Осы көрсеткiш бойынша сынау жүргiзген зертхана сынау нәтижесiн (7-қосымша) беруi тиiс.

      17. Астық сапасының сараптамасы нәтижелерiн астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы N 2 нысандағы журналға (8-қосымша) енгiзуi және екi данада сынау хаттамасымен (9-қосымша) ресiмделуi тиiс. Бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, екiншiсi астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханада қалады.

      18. Астық сапасының сараптамасының өтiнiш берушiнiң талаптарын қанағаттандыратын нәтижелерiн алған жағдайда астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы астық сапасының сертификатын (10-қосымша) ресiмдеуi және беруi тиiс. Астық сапасының сертификатының түпнұсқасы мен телнұсқасы өтiнiш берушiге берiлуi тиiс. Астық сапасының сертификатының көшiрмесi зертханада қалады және үш жыл сақталады.
      Астық сапасының сертификаты әр ыдыс-орын бойынша сынау жүргiзiлгеннен кейiн үш сағаттан кешiкпей берiлуi тиiс.

      19. N 1, 2 нысандағы журналдар жiпке тiгiлуi, нөмiрленуi және зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлуi тиiс.

      20. Салынған және астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы мен өтiнiш берушi мөрлеген сынама зертханада мына мерзiм iшiнде:
      тиеп жөнелтiлген және сақтаулы партияларға - сапа сертификатының күшi мерзiмi iшiнде;
      сапасы бойынша түсiнiспеушiлiктер болған жағдайда - түсiнiспеушiлiктердi қарастырудың толық аяқталғанына дейiн сақталуы тиiс.

      21. Астық сапасының сертификаты күшiнiң мерзiмiн зертхана белгiлейдi, бiрақ ол 30 күнтiзбелiк күннен аса алмайды.

  4. Астық сапасының сертификатын ресiмдеу
тәртiбiне қойылатын талаптар

      22. Астық сапасының сертификаты дәндi, дәндi-бұршақты, майлы дақылдарға ресiмделедi.
      Астық сапасының сертификатында:
      код ТН СЭҚ;
      берiлген күнi, айы, жылы - айы жазбаша көрсетiледi;
      күшi мерзiмi;
      жiберушi - жiберушiнiң атауы қойылуы тиiс;
      жiберу пунктi - жiберу станцияның атауы қойылуы тиiс;
      астық қабылдау кәсiпорнының атауы;
      көлiк (склад) N - автокөлiктiң, вагонның, кеменiң құралының немесе қойманың нөмiрi қойылуы тиiс;
      салмағы - партияның салмағын килограммен көрсету керек;
      орын саны - ыдысқа салынған жүктер үшiн немесе "үюлi түрде" - ыдыссыз жүктер үшiн көрсетiледi;
      қабылдаушы - алушының атауы және елi қойылуы тиiс;
      жеткiзу пунктi - жеткiзу станцияның атауы қойылуы тиiс.
      Басқа бағандар мынадай түрде толтырылуы тиiс:
      "Нормативтiк құжаттар" - стандарттың, техникалық шарттардың нөмiрiн және (немесе) келiсiм-шарттың нөмiрi мен күнiн көрсету керек;
      "Дақылдың атауы" - астықтың көрсетiлген түрiне арналған стандарт бойынша дақылдың атауын көрсету керек, жүгерiге "астықта" немесе "собықта" деген сөздердi қосады, астық қоспасында қоспаның құрамын пайызбен көрсетедi.
      "Түрлерi" - стандарт бойынша түрдiң нөмiрi рим санымен қойылуы тиiс. I және II түрлерi боялған (теңбiлденген) қытай бұршақ астығына түрлерi нөмiрiнен кейiн "теңбiлденген", әжiмделген дәндер 5 %-дан көп болса түрлерi нөмiрiнен кейiн - "әжiмделген" деп көрсету керек. Күрiш астығына түрлерi нөмiрiнен басқа "қылтанақты" немесе "қылтанақсыз" деген белгi қою керек. Түрлердiң қоспасына нөмiрлердi және олардың құрамын көптiгiне қарай қою керек.
      "Түр-түрлерi" - түр-түрлерiнiң нөмiрi араб санымен қойылуы тиiс. Түр-түрлерiнің араласқанын көптiгiне қарай түр тармақтарының нөмiрлерi мен олардың құрамы көрсетедi. Түсi жөнiндегi талаптарға сай емес бидайды жылтырлығы бойынша сай келетiн түр-түрлерiне жатқызу керек және "түсi бойынша сай емес" деп қосу керек. Бидайдың қарайып кеткен және түссiз астығына, сондай-ақ түсi бойынша сай емес қатты бидайдың астығына, түр-түрлерiне бөлiнбейтiн дақылдарға және түрлердiң қоспаларына "түр-түрлерi" бағанына сызықша қою керек.
      "Сынып" - сынып нөмiрi стандартқа сәйкес араб санымен қойылуы тиiс. Стандарт бойынша төменгi сыныптың нормаларын қанағаттандырмайтын астықты сыныпсыздық белгiсiн көрсету арқылы "сыныпсыз" деп айқындайды. Жарма дақылдарының астығына "стандартты" немесе егер стандарт талаптарына сай болмаса "стандартсыз" деп көрсету керек.
      "Түсi" - түсiнiң сипаттамасы стандартқа сәйкес берiлуi тиiс. Түссiз бидай түссiздену дәрежесiмен сипатталады, мысалы: "II дәрежеде түссiзденген", қарайған астық "қарайған " деп айқындалады; ұнды дәндер қоспасы есебiнен түсi бойынша ауытқымалар бар қатты бидай "түсi бойынша сай емес" деп айқындалады.
      "Иiсi" - стандарттың талаптарына сәйкес көрсетiлуi тиiс. Егер өтiнiштiң талаптарында басқа иiстiң болуына жол берiлсе иiстiң атауы көрсетiлуi тиiс.
      "Залалдануы" - астық кенесiмен және астық қорының зиянкестерiмен бүлiнудiң барлығын және бүлiнудiң дәрежесiн көрсету керек. Бүлiну болмаған жағдайда "айқындалған жоқ" деп көрсету керек.
      "Табиғаты" - 1 граммға дейiн дәлдiкте граммен қойылуы тиiс.
      "Ылғалдылығы" - 0,1 %-ға дейiнгi туралықпен ылғалдың нақты көлемi көрсетiлуi тиiс. Жүгерi собықта болған жағдайда астықтың ылғалдылығы бөлшекпен көрсетiледi, бұл жерде бөлiндiде астықтың ылғалдылығы, бөлгiште - сабақтың ылғалдылығы көрсетiледi.
      "Жылтырлығы" - 1 пайызға дейiн дәлдiкте бидай мен күрiшке қойылуы тиiс.
      "Дән маңызының салмақтық үлесi" - бидай астығына шикi дән маңызының саны 1 пайызға дейiн дәлдiкте қойылуы тиiс, жуылмайтын дән маңызы бар бидайға - "жуылмайтын" деп жазу керек.
      "Дән маңызының сапасы" - (бүтiн) шартты тiрлiктердiң саны көрсетiлуi тиiс.
      "Тобы" - жазбаша жазылуы тиiс (бiрiншi, екiншi, үшiншi), "жуылмайтында" - бағанда сызықша қойылады.
      "Арамшөптiк араласпалар" - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте арамшөптiк араласпалар фракция сомасы қойылуы тиiс, соның iшiнде мiндеттi түрде 0,01 пайызда дәлдiкте:
      минералды - сипаты (қиыршық тас, топырақ, құм және т.б.) және саны;
      бүлiнген - бүлiнген дән саны;
      зиянды - қоспалық бөлек әр түрi немесе қосындысы мен бойынша аты саны;
      бидай, сұлы, арпадағы фузариозды және қызғылт түстi дәндер;
      саны стандартпен, техникалық жағдайлармен және (немесе) келiсiм-шартпен (шартпен) шектелген қиын бөлiнетiн және улы қоспалар фракциялар көрсетiледi.
      "Дәндiк (майлы) араласпалар" - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте дәндiк (майлы) араласпалар фракциясының сомасы қойылуы тиiс, соның iшiнде мiндеттi түрде 0,01 пайызда дәлдiкте  сының астық  (майлы) қоспа фракциялары көрсетiледi:
      дәндiк (майлы) араласпаларға жататын екпе өсiмдiктер дәнiнiң болуы;
      стандарпен, техникалық жағдайлармен және (немесе) келiсiм-шарт (шартпен) көрсетiлген соғылған, желiнген, мыжылған, солғын, өнiп кеткен және басқадай фракциялар;
      кендiр тұқымына - үпiлмәлiк тұқымының болуы немесе болмауы көрсетiлуi тиiс.
      Егер де арамшөптiк араласпалар немесе дәндiк (майлы) араласпалар бары анықталмаған жағдайда, "0,0 пайызден" көрсетiлуi тиiс, қоспа 0,05 пайыздан кем болған жағдайда нақты саны қойылады, мысалы: "0,04 пайыз" немесе "0,01 пайыз".
      "Құлау саны" - секундына құлау саны көрсеткiшi мен сынау әдiсi көрсетiлуi тиiс.
      "Ақуыз" - сынау әдiсiн көрсетуi арқылы абсолюттi кебу затына ақуыздың (протеиннiң) маңызы көрсетiлуi тиiс.
      "Ерекше белгiлер" - көрсетiлуi тиiс:
      егер астық кептiрiлген болса - "кептiрiлген"
      газдау және газсыздандыру күндерi, фумиганттың аты (eгep астық газдалған болса);
      жемдiк мақсатта жеткiзiлетiн астықта бүлiнген және жарақаттанған дәндер саны 1 пайыздан жоғары болса, оның жемдiкке жарамды екенi туралы ветеринар қызметi анықтамасының нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      астықта металмагниттi қоспа табылған жағдайда оның салмағы 1 кг астықта 1 мг дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      бидай тасбақаша-кенемен зақымданған жағдайда, осы зиянкеспен зақымданған дәннiң саны 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      бидай, тарыда қаштауыш дән қоспалары болса - олардың саны 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      ақаулық дәрежесi (ашыған, зең көгерген, шiрiген көгерген иiсi бар астыққа).
      "Қосымша көрсеткiштер" - көрсетiлуi тиiс:
      1) стандартпен, техникалық жағдайлармен көзделмеген, бiрақ келiсiм-шартта (шартта) жазылған сапа көрсеткiштерi, оларды сынау әдiстемесi және осы сынау әдiстемесiнде көзделген дәлдiктегi нәтижелер;
      2) сапа сертификатының бланкiнде бағандары жоқ стандартпен, техникалық жағдайлармен көзделген сапа көрсеткiштерi;
      ашытқы және спирт өндiрiсiне жеткiзiлетiн сыра қайнататын арпа және басқа дәндi дақылдар - өну қабiлетi (5-шi күнi) немесе 1 пайызға дейiн дәлдiкте өмiрге қабiлеттiктi (сыра қайнататын арпа);
      қарамық, тары, күрiш және жармалық сұлы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте қауыздығы көрсетiледi;
      жарма өндiруге жөнелтiлетiн сұлы, тары және қарамық - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте ядросының маңызы көрсетiледi;
      кендiр және зығыр майтұқымы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте тазалығы көрсетiледi;
      жасымық, асбұршақ, бұршақ дән қоңызымен және жапырақ ширатқыш көбелекпен зақымдануы - 0,01 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      дайындалатын және жемдiк сұлы - стандарттың талаптарына қарай жиынтық бойынша немесе бөлек түрде екпе өсiмдiктердiң тұқымы мен дәнiнiң маңызы, сонымен қатар, жемдiк сұлыға - металмагниттi қоспаның көлемi 1 мг/кг дейiн дәлдiкте және бөлшектердiң көлемi көрсетiледi;
      собықтағы жүгерi - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте дән шығымы қойылады;
      күрiш - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте қызыл, сарғайған және глютинозды дәндер бөлек көрсетiледi;
      қарамық және жармалық сұлы - астық запастарының өлi зиянкестерiнiң саны көрсетiледi;
      тары - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте гүл қабыршақтары қоңыр, қара қоңыр және қара түстес дәндердiң көлемi көрсетiледi;
      балалар тамағына арналған тары, сұлы және қарамық - сәйкестiк сертификатының нөмiрi көрсетiледi;
      күнбағыс тұқымы - 0,1 мг КОН дәлдiкте майдың қышқылдық саны көрсетiледi;
      азықтық бөрiбұршақ - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте бөрiбұршақтың алколоидты тұқымының көлемi көрсетiледi;
      жармалық сұлы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте бидайдың, полбаның, қара бидайдың және арпаның соммалық маңызы көрсетiледi;
      балалар тамағына арналған дайындалатын және жармалық сұлы, қарамық, күрiш - 1 градусқа дейiн дәлдiкте қышқылдығы көрсетiледi;
      мақта тұқымы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте тұқымның толық түктенуi көрсетiледi.
      "Астық сапасының сертификатын берген зертхананың атауы" - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың толық атауы көрсетiледi.
      "Аттестаттың N" - астық сапасының caраптамасы жөнiндегi зертхананың тiркеу аттестатының нөмiрi көрсетiледi.
      "Қолы" - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхана маманының қолы қойылуы тиiс.
      "М.П." - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың мөрi қойылуы тиiс.

      23. Егер де стандартпен және (немесе) келiсiм-шартпен түрлерi, түр-түрлерi, сыныбы немесе жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер көзделмесе, онда тиiстi бағанда сызықша қойылады.

      24. Астық сапасының сертификаты, телнұсқасы және көшiрмесi анық және түзетiлмеген күйiнде толтырылуы тиiс.

  5. Астықтың сапа сертификаты бланкiнiң сипаттамасы

      25. Астық сапасының сертификаты стандарттау, метеорология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен үшпарақты нысандағы (астық сапасының сертификаты, астық сапасының сертификатының телнұсқасы, астық сапасының сертификатының көшiрмесi) бланкта ресiмделедi.

      26. Астық сапасының сертификатының үш қорғаныс дәрежесi бар. Сатып алынған баланктiң қорғаныс дәрежесiн өзгертуге және толықтыруға тыйым салынады.

      27. Астық сапасының сертификаты 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi орган анықтаған ұйым дайындайды.

      28. Астық сапасының сертификаты қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады. Бланктердi есепке алуын ұйымдастыру мақсатында астық сапасының сертификатында сертификатта, телнұсқада және көшiрмеде бiрдей нөмiр бар. Астық сапасының сертификаты бланктерiнiң қозғалысы туралы есептi ай сайын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi тiркелген зертханалар стандарттау, метеорология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырулары тиiс.

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 1-қосымша       

      200 жылғы "___"_________

Астық сапасының сараптамасын жүргiзуге
N___ өтiнiш

Өтiнiш берушiнiң атауы ___________________________________________
Заңды мекен-жайы _________________________________________________
Телефоны, факсы __________________________________________________
_________________, ____________________________ жеткiзу станциясы
 жеткiзiлетiн ел
алушы ______________ тиеп жөнелтуге арналған, ____________________
                                                      атауы
_______ астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы, салмағы ______ тонна
_________ астығы партиясы сапасының сараптамасын жүргiзудi сұраймыз.
дақылдың атауы
 
Сарапталуға тиiстi астық _________________________________________
               стандарттың және (немесе) келiсiм-шарттың нөмiрi
талаптарына сай болуы тиiс.
Тиеп жөнелту _________________________________ жүргiзiледi.
                      Тиеп жөнелту күнi
Сынама алу __________________________________ сәйкес жүргiзiледi.
                     Стандарттың нөмiрi

Сынаулар мынадай сынау әдiстемелерi бойынша жүргiзiледi:
___________________________      ______________________________
      көрсеткiш атауы                  Стандарттың нөмiрi
___________________________      ______________________________
___________________________      ______________________________
___________________________      ______________________________
___________________________      ______________________________
___________________________      ______________________________
___________________________      ______________________________
___________________________      ______________________________
___________________________      ______________________________

Нәтижелерiне қарамастан астықтың сапасын сараптау рәсiмiмен байланысты шығындарды _______________ шартқа сәйкес төлеуге мiндеттенемiз.

Өтiнiш берушiнiң өкiлi _____________  __________________________
                           қолы                  Т.А.Ә

М.О.
Орындау үшiн зертхана маманы _________________________ жiберiлдi.
Орындағаны туралы белгi: _______________________________________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 2-қосымша       

Астық сапасының сараптамасын
жүргiзуден бас тарту туралы шешiм

Астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы ____________
Заңды мекен-жайы _________________________________________________
Телефоны, факсы __________________________________________________
____________________________ астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы,
салмағы ____________ тонна ____________ астығы партиясы сапасының
          дақылдың            атауы
сараптамасын жүргiзуге ___________________________________________
                                өтiнiш берушiнiң атауы
200__жылғы "__" __________ N____ өтiнiшiн қарап, мына себептер бойынша оны қанағаттандырудан бас тартамыз:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Зертхана меңгерушiсi _______________________
                              Т.А.Ә., қолы

      М.О.
      Берiлген күнi:

      Құжаттар өтiнiш берушiге қайтарылып берiлдi.
      Қайтарып беру туралы белгi: ______________________________
                              күнi, өтiнiш берушiнiң T А.Ә., қолы

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 3-қосымша       

Көлiк құралын жарамсыз деп тану
aкті

200 жылғы "___"_________              ____________________________
                                              AҚК атауы

      Бiздер, мына құрамдағы комиссия: астықтың сапасын сараптау
жөнiндегi зертхананың маманы _____________________________________
                                     (зертхананың атауы, Т.А.Ә)
өтiнiш берушiнiң өкiлi ___________________________________________
                                     (лауазымы, Т.А.Ә)
астық қабылдау кәсiпорнының өкiлi ________________________________
                                         (лауазымы, Т.А.Ә)
көлiк құралдарының астықты тасуға жарамдылығын қарап, ____________
__________________________________________________________________
________________________________________________________ транспорт
    (транспорт құралдарының атауы және NN )

құралдары мына себептер бойынша астықты тасымалдау үшiн жарамсыз деп танылды:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Қолдар:
      Маман:
      Астық қабылдау кәсiпорнының өкiлi:
      Өтiнiш берушiнiң өкiлi:

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 4-қосымша       

Сынамалар алу
aктi
200___ жылғы "___" _______________

      Мен, _______________________________________________ маманы,
                          (зертхананың атауы, Т.А.Ә)
_______________________________________________________ қатысуымен
  (астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң лауазымы, Т.А.Ә)
_______________________________________________________ қатысуымен
         (өтiнiш берушi өкiлiнiң лауазымы, Т.А.Ә)
__________________________________________________________________
      (сынама алған орын: астық қабылдау кәсiпорнының атауы)
N___ силоста сақтаулы, салмағы ______ тонна партиядан ____________
талаптарына сәйкестiгiне _________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
көрсеткiштер бойынша астықтың сапасына сынау жүргiзу үшiн МЕМСТ 13586.3-83 2.2.3-т. сәйкес сынамалар алдым.
Салмағы 2000 г. сынамалар әрқайсысы астықты тиеп жөнелту кезiнде әрбiр вагондық партиядан алынды, ________________________ салынды, мөрлендi және _________________________________ сақтауға арналған.
__________________________________________________________________
      (астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы)
      Ескерту:  бiр алу aктi бiр сөтке iшiнде, бiр өтiнiш берушi, бiр келiсiм-шарт бойынша тиеп жөнелткен астықтың вагондық партияларына алу актiнде әрбiр ыдыс-орынды (вагонды) көрсету арқылы жасала алады.
Вагондардың NN:
__________________
__________________
__________________
__________________
__________________
__________________

Салмағы 2000 г. сынама ____________ салынды, _____________________
                                                (кiммен, қалай)
мөрлендi және _________________________________ жiберуге арналған.
   (астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы)
Сынамалар алу уақыты: ___сағ.___мин. бастап ___сағ.___мин. дейiн
Маман:       _________________        _________________________
                 (қолы)                        (Т.А.Ә)
АҚК өкiлi:   _________________        _________________________
                 (қолы)                        (Т.А.Ә)
Өтiнiш берушiнiң өкiлi: ____________  _________________________
                            (қолы)               (Т.А Ә)

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 5-қосымша       

N 1 нысан  

Астықтың сынамаларын тiркеу
журналы

__________________________________________________________________
Рет|Күні|Өтiнiш|Дақылдың|  Көлiк   |Партияның|Сынамалар |Сынаманы
 N |    |берушi| атауы  |құралының |салмағы, |aлу жүргi.|қабылда.
   |    |      |        |(қойманың)|   кг    |зiлген АҚК|ған маман.
   |    |      |        |     N    |         |   атауы  |ның қолы
__________________________________________________________________
 1    2     3       4        5          6          7        8
__________________________________________________________________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 6-қосымша       

____________________________________________________
 сынаманы сынауға жiберiп отырған зертхананың атауы

                   _______________________________________________
                     сынама жiберiлiп отырған зертхананың атауы

Өтiнiш

      __________________________________________________ астығының
                        дақылдың атауы
_____________________________________________________ сынамаларына
       сынамалардың тiркеу нөмiрлерi көрсетiледi
__________________________________________________________________
        көрсеткiштiң атауы және сынау әдiсi көрсетiледi
_____________________________________________ көрсеткiштер бойынша
сынау жүргiзудi сұраймыз.

      Маман: ____________      _________________________________
                 қолы                          T.А.Ә

      M.O.

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 7-қосымша       

___________________________
    зертхананың атауы
___________________________
   тiркеу аттестатының N
___________________________
  зертхананың мекен-жайы

Зерттеу нәтижесi

      Өтiнiш берушiнiң атауы ______________________________
      Дақылдың атауы ______________________________________
      Сынаманы _______________________________________ алды
                          кім, қай жерден

      Сынаманың салмағы ______ кг    Түскен ____________ күнi
      _______________________________________ өтiнiшi бойынша
      Астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы
      Сынау жүргiзiлген күн _____________________
__________________________________________________________________
  Сапа көрсеткiштерi |    Сынау әдiсi   |     Нақты нәтиже
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қоршаған ортаның жағдайы:

      Орындаушы _____________________________
                        Т.А.Ә., қолы

      Зертхана меңгерушiсi ___________________________
                                    Т А.Ә., қолы

      M.O.

      Берiлген күнi:

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 8-қосымша       

N 2 нысан  

Сынаулардың нәтижелерiн тiркеу
және астық сапа сертификатын беру
журналы

__________________________________________________________________
Рет| Сапа көрсеткiштерi |Ескерту |  Сынау  |Астық сапа|Сертификат
 N |--------------------|(басқа  |жүргізген|сертифика.|алғаны
   |  |  | | | | | | |  |зертха. |маманның | тының N  |туралы өтi.
   |  |  | | | | | | |  |налардың|  қолы   |          |нiш берушi.
   |  |  | | | | | | |  |нәти.   |         |          |нiң қолы
   |  |  | | | | | | |  |желерi) |         |          |
__________________________________________________________________
 1  2  3  4 5 6 7 8 9 10    11        12       13          14
__________________________________________________________________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 9-қосымша       

__________________________________________________________________
      Астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы

Мекен-жайы:                         200 жылғы "___"_______________
                                    N___ тiркеу аттестаты
Телефоны/факсы:

200__жылғы "___"____________ N сынау хаттамасы

                                         Беттер саны.___ Бет.___
_____________________________ алу актiсiмен бiрге түскен сынамалар

Сынаманы алған __________________ Сынама алынған орын ____________
                     (кiм)

Сынаманың түскен күнi мен уақыты: 200__жылғы "__"_____ ___сағ.__мин.
Өтiнiш берушi _______________ Мекен-жайы_______________
200__ж. егiн астығы. Партияның салмағы_____ Сынаманың салмағы______
Астықтың түрi __________________ Сұрыбы ___________________________
Тегi ____________ түр тармағы _________ сыныбы ____________________
_______________ талаптарына сәйкестiгiне сынау түрi _______________
ТН ВЭД коды   КП ВЭД коды    (200__жылғы "__"______ өтiнiш N )
Сынаулар жүргiзiлген күн

Көрсеткiштердiң     Сынау әдiстерiне    Өтiнiш     Нақты
     атауы            арналған НҚ       бойынша    көрсеткiштер
                                        нормалар

      Қоршаған ортаның температурасы,  о С:
      Орташа ылғалдылық, %:
      Орындаушылар:
      Зертхана меңгерушiсi:
      Сынаулар тiркеу шарттарына сәйкес жүргiзiлдi.
      Хаттама сынау жүргiзiлген сынамаға жүредi.
      астықтың сапасын сараптау жөнiндегi
      ____________________________ атауы зертханасының рұқсатынсыз сынау хаттамасын iшiнара немесе толығымен көшiрiп басуға тыйым салынады.

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 10-қосымша      

Астықтың сапа сертификаты N 0000001

                                    _____________________________ 
                                   |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                                        Код ТН СЭҚ 

"__"__________ 200_ж               "__"______ 200__ж. дейiн күшiнде

Жiберушi ________________________  Араласпалар:
                                   Арамшөптiк араласпалар________%
Жiберу пунктi ___________________  сондай-ақ:
Астық қабылдау кәсіпорнының
атауы ___________________________  ______________________________%
Көлiк (склад) N _________________  ______________________________%
Салмағы _____кг Орын саны _______  ______________________________%
Қабылдаушы ______________________
Жеткiзу пунктi                     Құлау саны ___________________с
Нормативтiк құжаттар ____________  Ерекше белгiлер ______________
Дақылдың атауы __________________  ______________________________
Түрлерi__ Түр-түрлерi__ Сынып ____ ______________________________
Сапа көрсеткіштерi:                Қосымша көрсеткiштер _________
Түсi____ Иiсi____ Залалдануы_____  ______________________________
Табиғаты____г/л Ылғалдылығы____%   ______________________________
Жылтырлығы____%                    Астық сапасының сертификатын
                                   берген зертхананың атауы
Дән маңызының салмақтық үлесi___%  Аттестаттың N____
Дән маңызының сапасы ______ у.ед.
Тобы. ________________

      Жалғасы

Дәндiк (майлы) араласпалар ___ %
сондай-ақ
_______________________________%
_______________________________%
_______________________________%

Ақуыз _________________________%
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Қолы ________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 11-қосымша      

Астықтың сапа сертификатының телнұсқасы N 0000001

                                    _____________________________ 
                                   |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                                                 Код ТН СЭҚ  

"__"__________ 200_ж               "__"______ 200__ж. дейiн күшiнде

Жiберушi ________________________  Араласпалар:
                                   Арамшөптiк араласпалар________%
Жiберу пунктi ___________________  сондай-ақ:
Астық қабылдау кәсіпорнының
атауы ___________________________  ______________________________%
Көлiк (склад) N _________________  ______________________________%
Салмағы _____кг Орын саны _______  ______________________________%
Қабылдаушы ______________________
Жеткiзу пунктi                     Құлау саны ___________________с
Нормативтiк құжаттар ____________  Ерекше белгiлер ______________
Дақылдың атауы __________________  ______________________________
Түрлерi__ Түр-түрлерi__ Сынып ____ ______________________________
Сапа көрсеткіштерi:                Қосымша көрсеткiштер _________
Түсi____ Иiсi____ Залалдануы_____  ______________________________
Табиғаты____г/л Ылғалдылығы____%   ______________________________
Жылтырлығы____%                    Астық сапасының сертификатын
                                   берген зертхананың атауы
Дән маңызының салмақтық үлесi___%  Аттестаттың N____
Дән маңызының сапасы ______ у.ед.
Тобы. ________________

      Жалғасы

Дәндiк (майлы) араласпалар ___ %
сондай-ақ
_______________________________%
_______________________________%
_______________________________%

Ақуыз _________________________%
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Қолы ________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
сертификатын беруге қойылатын 
талаптарға 12-қосымша      

Астықтың сапа сертификатының көшірмесі N 0000001

                                    _____________________________ 
                                   |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                                             Код ТН СЭҚ  

"__"__________ 200_ж               "__"______ 200__ж. дейiн күшiнде

Жiберушi ________________________  Араласпалар:
                                   Арамшөптiк араласпалар________%
Жiберу пунктi ___________________  сондай-ақ:
Астық қабылдау кәсіпорнының
атауы ___________________________  ______________________________%
Көлiк (склад) N _________________  ______________________________%
Салмағы _____кг Орын саны _______  ______________________________%
Қабылдаушы ______________________
Жеткiзу пунктi                     Құлау саны ___________________с
Нормативтiк құжаттар ____________  Ерекше белгiлер ______________
Дақылдың атауы __________________  ______________________________
Түрлерi__ Түр-түрлерi__ Сынып ____ ______________________________
Сапа көрсеткіштерi:                Қосымша көрсеткiштер _________
Түсi____ Иiсi____ Залалдануы_____  ______________________________
Табиғаты____г/л Ылғалдылығы____%   ______________________________
Жылтырлығы____%                    Астық сапасының сертификатын
                                   берген зертхананың атауы
Дән маңызының салмақтық үлесi___%  Аттестаттың N____
Дән маңызының сапасы ______ у.ед.
Тобы. ________________

      Жалғасы

Дәндiк (майлы) араласпалар ___ %
сондай-ақ
_______________________________%
_______________________________%
_______________________________%

Ақуыз _________________________%
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Қолы ________