Күзет қызметiн, күзет сигнализация құралдарын монтаждауды, жөндеудi, техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға үмiттенетiн заңды және жеке тұлғаларды лицензиялау жөнiндегi iшкi iстер органдарының жұмысы және олардың қызметін тексеру жүргiзу туралы нұсқаулықты" және "Күзетшiлер мен күзет бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн тексеру жүргiзу жөнiндегi ереженi" бекiту туралы

Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 25 наруыздағы N 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2826

Қолданыстағы

      "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының және "Күзет қызметi саласында мемлекеттiк лицензиялар беру жөнiндегi қызметтi реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi  N 1507 , "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру шаралары туралы" 2002 жылғы 5 сәуiрдегi  N 407 қаулыларының талаптарын орындау үшiн, сондай-ақ лицензия беру жұмысын жетiлдiру және iшкi iстер органдарындағы күзет қызметiн, күзет сигналы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердi бақылауға алу мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) "Күзет сигналы құралдарын монтаждауды, жөндеудi, техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын күзет қызметiнiң субъектiлерiн, заңды және жеке тұлғаларды лицензиялау тәртiбi туралы" нұсқаулық;
      2) "Күзет қызметiн, күзет сигналы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердi ұйымдастыру және тексеру жүргiзу ережесi" бекiтiлсiн.
      2. Астана және Алматы қалалары Iшкi iстер бас басқармаларының, облыстардағы Iшкi iстер бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары:
      1) тиiстi қызметтер қызметкерлерiнен осы бұйрықты зерделеудi сынақ қабылдай отырып ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсiн;
      2) лицензиялау алдындағы материалдарды дайындаумен және күзет қызметiмен, күзет сигналы құралдарын монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектiлердi бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлермен осы мәселелер жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бұйрықтарын зерделеу жөнiндегi әскери және қызметтiк даярлық сабақтарын жүйелi түрде жүргiзсiн;
      3) күзет қызметiн, күзет сигналы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердi есепке алуды жүйелендiру мен ретке келтiру үшiн Астана және Алматы қалаларының Iшкi iстер бас басқармалары, облыстардағы Iшкi iстер бас басқармалары мен басқармалары аппараттарының мемлекеттiк күзет қызметi бөлiмшелерiн дербес компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры Қ.Б.Өскенбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң Мемлекеттiк күзет қызметi департаментiне (А.Қ.Мұқажанов) жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер  
министрінің м.а. "Күзет сигналын беру 
құралдарын монтаждауды, реттеуді,   
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге  
асыруға үміттенетін заңды және жеке  
тұлғаларды лицензиялау жөніндегі   
ішкі істер органдарының жұмысы және  
олардың қызметін тексеру жүргізу   
туралы нұсқаулықты және "Күзетшілер 
мен күзет бөлімшелерінің жұмысын   
тексеру жөніндегі ережені бекіту   
туралы" 2004 жылғы 25 наурыздағы   
N 187 бұйрығымен бекітілген     

  Күзет қызметін, күзет сигналын беру құралдарын
монтаждауды, реттеуді, техникалық қызмет көрсетуді
жүзеге асыруға үміттенетін заңды және жеке тұлғаларды
лицензиялау жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысы
және олардың қызметін тексеру жүргізу туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің "Ішкі істер органдары туралы" заң күші бар  Жарлығына , Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы", "Күзет қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 4 сәуірдегі  N 407 , "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі  N 1507 қаулыларына сәйкес әзірленді.
      Нұсқаулық ішкі істер органдарының күзет сигнализация құралдарын монтаждауды, реттеуді және техникалық қызмет көрсетумен, күзет қызметімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензиялар беру мен есепке алу жұмыстарын, тексеріс жүргізу жөнінде ішкі істер органдары мемлекеттік күзет қызметі департаменті бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырудың міндеттері мен әдістерін белгілейді.

      2. Лицензиялау және лицензиаттардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырудағы ішкі істер органдарының міндеттері:
      күзет қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      күзет сигналын беру құралдарын монтаждауды, реттеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілерінің, заңды және жеке тұлғалардың қызметіндегі бұзушылықтарды алдын алу болып табылады.

      3. Осы Нұсқаулықта қолданылатын анықтамалар:
      жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары;
      заңды тұлғалар - меншік құқығында шаруашылық жүргізетін немесе оқшауланған мүлікті жедел басқаратын және мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болатын, оны жүзеге асыратын, сотта қуынушы әрі жауап беруші болатын ұйым. Заңды тұлғаның өз алдына балансы мен сметасы болу керек;
      тіркеуші орган - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитет пен оның аумақтық органдары;
      жеке кәсіпкерлік - бұл азаматтардың өздерінің меншігіне (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тәуекелі мен олардың мүліктік жауапкершілігіне негізделіп табыс табуға бағытталған азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларды бастамашылық қызметі;
      шаруашылық жүргізуші субъектілер - шаруашылық-коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және тауар айналымына қатысушы ретіндегі кез келген заңды немесе жеке тұлғалар;
      күзет сигналын беруді монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету - "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында" қарастырылған жұмыс түрлері, 58-шығарылым, күзет-өрт сигналын беруші 3 разрядтан 6-разрядқа дейінгі электромонтерлеріне арналған "Жұмыстар және жұмысшы байланыстарының кәсіптері" бөлімі. Мұндай жұмыстарды электротехникамен, радиоэлектроникамен және байланыспен жақын мамандықтары бар басқа тұлғалар да жүргізе алады;
      хабарлаушылар - күзет сигналын беру жүйесінің ажырамайтын элементі болып табылады, күзетілетін объектіге санкциясыз енгенін анықтау үшін қызмет етеді;
      объектінің инженерлік-техникалық нығайтылуы - үй-жай мен күзетілетін объект қоршауының және оның құрамдас бөліктерінің техникалық жай-күйі, объект мен олар дайындалған материалдардың құрылыс және қорғаныс құрылымдарының әлеуметтік маңызын ескере отырып орналасқан объектілердегі материалдық құндылықтардың сенімді сақталу талаптарына сәйкестігі;
      тексеру - шаруашылық жүргізуші субъектілермен Қазақстан Республикасы заңдылығының талаптарын сақталуын анықтау мақсатында жасалатын тексеру және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, уәкілетті органның іс-әрекеті;
      тексеруді тағайындау туралы акт (бұдан әрі - Акт) - шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне тексеру жүргізу үшін негіз болып табылатын, бақылаушы органның құжаты (қаулы, ұйғарым, бұйрық, тапсырма, бағыттама және тағы басқалар).
      тексерудің түрлері:
      жоспарлы тексеру - бақылаушы органмен алдын ала жоспарланған, болған тексерістердің уақыт ара-қашықтығын бекітілген заңнамалық есеппен өткізетін тексеру;
      жоспардан тыс тексеру - Президенттің, Үкіметтің, Бас прокуратураның басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына немесе сұрау салу хаттарына, депутаттардың сұрау салу хаттарына орай бақылаушы органмен жүргізілетін тексеру;
      үндеу бойынша - шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне қатысты бақылаушы органға келіп түскен аноним хаттардан басқа, үндеу (өтініш, арыз, хабарлама) бойынша жүргізілетін, жоспардан тыс тексерудің түрі;
      қарсы тексеру - тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъекті онымен шарттық міндеттемелер немесе басқа құқықтық қарым-қатынастарда болған, жеке немесе заңды тұлғаға (филиалға немесе өкілдікке) қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру әрі қосымша ақпарат алу мақсатында бақылаушы органмен жоспардан тыс түрде жүргізілетін тексеру;
      рейдтік тексеру - Қазақстан Республикасы заңдылығының жеке талаптарын олармен сақталатыны мәселелері жөнінде бір мезгілде бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін қамтитын тексеру;

      4. Күзет қызметін, күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялар беру лицензиаттардың аумақтық қызмет саласына байланысты жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкіісмині) қолданылуы Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын лицензияларды береді;
      Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармалары, облыстардың ішкі істер бас басқармалары және басқармалары (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ):
      қолданылуы ІІББ-ІІБ іс-қимылдарының әкімшілік-аумақтық саласымен шектелетін лицензиялар береді;
      қолданылуы Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғалардың лицензия алғанға дейінгі құжаттарының дайындығын жүзеге асырады.

  2. Күзет қызметімен, күзет сигналын беру
құралдарын монтаждау, реттеу, техникалық қызмет
көрсетумен айналысуға үміткер субъектілерге
лицензиялар беру жөніндегі ішкі істер
органдарының қызметін ұйымдастыру

      5. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында күзет қызметімен, күзет сигналдарын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысуға үміткер субъектілерге лицензиялар беру жөніндегі қызметті ІІББ-ІІБ мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері ұйымдастырады.

      6. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері өз жұмыстарында ішкі істер органдары басқа қызметтермен, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара байланыс жасайды.

      7. Лицензиялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларын, сондай-ақ осы Нұсқаулықты сақтауға негізделеді.

      8. Лицензиялау жұмысын жүзеге асыратын қызметкерге азаматтарды, кәсіпорын, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерін қабылдау ыңғайлы болуы үшін ішкі істер органдарының ғимаратында бірінші қабатта орналасқан және телефон байланысымен жабдықталған жеке қызмет бөлмесі бөлінеді.

      9. Лицензиялау жұмысын жүзеге асыратын қызметкердің қызмет кабинетінің кіре берісінде мемлекеттік лицензия алу үшін ұсынылатын қажетті құжаттар тізбесі, күзет қызметі ережесін бұзғаны үшін жауапты болатыны жөнінде ескертетін нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (көшірмелер), лицензия алу үшін құжаттардың үлгілері бар стенд безендіріледі.

      10. Лицензиялар бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады және типографиялық тәсілмен нөмірленген болуға тиіс.
      Лицензия бланкілерін бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелерінде заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік лицензия беруді есепке алу журналы жүргізіледі (1-қосымша).

  3. Лицензия беру тәртібі

      11. Күзет қызметімен, күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысуға құқық беретін лицензия алуға үміттенетін, заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттарды табыс етуге тиісті:
      күзет қызметіне
      1) заңды тұлғалар:
      бекітілген үлгідегі өтініш;
      нотариалды түрде куәландырылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі;
      лицензиялық жинау төленгені туралы квитанция;
      күзет ұйымының күзетшілер жұмыстары үшін, күзетші ретінде дайындықты өткенін растайтын құжаттар;
      күзет қызметімен айналысуға денсаулығының жағдайы бойынша (көзінің көруі бұзылғанына, психикалық ауруларға, алкоголизм мен нашақорлыққа байланысты қаруды ұстауға қарсы көрсетулер жоқ туралы) күзет субъекті қызметкерінің жарамдығы туралы қорытындымен медициналық анықтама;
      күзетшіге үміткердің сотталмағаны туралы анықтама;
      қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайды тексеру актісі;
      күзет ұйымы жеке құрамының толық анкеталық мәліметтерімен тізімі;
      2) жеке тұлғалар;
      бекітілген үлгідегі өтініш;
      лицензиялық жинау төленгені туралы квитанция;
      жұмыс үшін күзетші ретінде дайындықты өткенін растайтын құжат;
      күзет қызметімен айналысуға денсаулығының жағдайы бойынша (көзінің көруі бұзылғанына, психикалық ауруларға, алкоголизм мен нашақорлыққа байланысты қаруды ұстауға қарсы көрсетулер жоқ туралы) күзет субъекті қызметкерінің жарамдығы туралы қорытындымен медициналық анықтама;
      сотталмағаны туралы анықтама;
      күзет субъектісінің қызметкеріне үміткердің тұратын жерінен анықтама;
      күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсетумен айналысуға
      1) заңды тұлғалар:
      бекітілген үлгідегі өтініш;
      нотариалды түрде куәландырылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі;
      лицензиялық жинау төленгені туралы квитанция;
      ұйым басшысының осы жұмыстың кәсібіне сәйкес жоғарғы білімі туралы дипломының көшірмесі;
      монтаждауда және күзет сигнализация жүйелерін радиожиілілік спекторымен қолдану барысындағы санитарлы және экология бақылау органдарының қорытындысы;
      жоғары кернеулі жұмыстарға өндіруші жұмыстардан рұқсатын растайтын құжаттар және осы мамандық бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем болмау керек;
      2) жеке тұлғалар;
      бекітілген үлгідегі өтініш;
      лицензиялық жинау төленгені туралы квитанция;
      осы жұмыстың кәсібіне сәйкес жоғарғы немесе ортатехникалық білімі туралы дипломының көшірмесі;
      жоғары кернеулі жұмыстарға рұқсаты және осы мамандық бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем болмау керек;
      монтаждауда және күзет сигнализация жүйелерін радиожиілілік спекторымен қолдану барысындағы санитарлы экология бақылау органдарының қорытындысы.

      12.  Лицензия беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен лицензия беру алдында оқып-танысуды жүзеге асыратын қызметкер тапсырылған құжаттардағы мәліметтердің сенімділігін анықтауға және тексеруге міндетті.

      13. Лицензиар берілген әрбір лицензия бойынша өтініш берушінің тапсырған барлық құжаттары, сондай-ақ лицензиат жүзеге асыратын қызметтер жөніндегі мәліметтер сақталатын қадағалау ісін ашады (2 қосымша).
      Бақылау істер лицензия берген ішкі істер органдарында сақталады.
      Бақылау-қадағалау істерінің есебі арнайы журналда жүргізіледі (3 қосымша).

      14. Өтініш берушіге лицензия немесе лицензия беруден бас тарту жөніндегі уәжді жазбаша түрдегі жауап лицензияларды ресімдеу қызметін жүзеге асыратын органда өтініш тіркелген күннен бастап 30 (отыз) күн мерзімінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне 10 күн ішінде беріледі.

  4. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуы, шақыртылуы

      15. Лицензия өзінің қолданылуын мына жағдайларда ғана тоқтатады:
      белгіленген Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы" тәртіппен лицензияны қайтарып алған жағдайда;
      лицензия алған заңды және жеке тұлғаның қызметі қайта құрығанда немесе тоқтағанда.
      Заңды тұлғаны қайта тіркеуден өткізген кезде лицензиат бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарымен, мекен-жайының өзгеруін қосымша бере отырып, лицензияны қайта ресімдеуден өткізу жөнінде өтініш беруге міндетті.

      16. Лицензия сот тәртібімен:
      лицензиат лицензия мазмұнындағы талаптарды орындамаған;
      сот лицензиатқа лицензиясы бар қызметтің түрімен айналысуға тыйым салған;
      лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқаны жөніндегі себептері анықталмаған;
      лицензия алу барысында лицензиар жалған ақпарат ұсынған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкін.

      17. Лицензиар лицензияның қолданылуын алты айға дейін мынадай жағдайларда тоқтата тұруға құқылы:
      лицензияны басқа тұлғаларға берген;
      тексеру актілерінде көрсетілген жөнсіздіктерді жою жөніндегі ішкі істер органдары өкілінің ұйғарымдары орындалмаған;
      Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жыл сайынғы Бюллетеніне енгізілмеген күзеттік сигнал беретін техникалық құралдарын пайдаланған;
      күзетшілер санының нормативін жоғарлатқан жағдайларда.

      18. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған себептер жойылғаннан кейін лицензия лицензиар қорытындысының негізінде қайтадан жаңартылады.

      19. Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясы қолданылуының тоқтатылуы лицензиардың өтініші бойынша сот арқылы жүзеге асады.

  5. Күзет қызметін, күзет сигналын беру құралдарын
монтаждауды, реттеуді және техникалық қызмет көрсетуді
жүзеге асыратын субъектілер қызметін бақылау жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру

      20. Күзет қызметін, күзет сигналын беру құралдарын монтаждауды, реттеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілер қызметіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасы заңнамаларына және осы Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті, ІІББ-ІІБ-ның мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелері жүзеге асырады.

      21. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің жұмысына бақылау жасау қызметі мына бағыттарда жүзеге асырылады:
      субъектілер жүзеге асыратын қызметтің лицензияда көрсетілген түрлеріне сәйкестігін тексеру;
      қауіпсіздік техникалық жүйесінің қондырылатын және қолданылатын құрал-жабдықтарының (бақылау пульттерінің, хабарлаушылардың және т.б.), қызмет көрсетілетін объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылу талаптарына сәйкестігін тексеру.

      22. Лицензиаттардың жұмысына бақылау жүргізу тек Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген талаптарға қатаң сәйкес бір жарты жылдықта бір реттен кем емес, ал он санға дейін адамы бар шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру үш жылда бір реттен кем емес жүзеге асырылады.
      Лицензиаттардың қызметіне бақылау жасауға уәкілетті ішкі істер органдары мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары олардан өз құзыретінің шегінде тиісті құжаттарды көрсетуді және бақылау функцияларын орындауға қажетті жазбаша немесе ауызша ақпарат алуды талап етуге құқылы.
      Шаруашылық жүргізуші субъектілерге тексеру жүргізген кезде ішкі істер органдарының қызметкерлерімен заңдылық бұзылса тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

      23. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеру алдында тексеруді тағайындау туралы акт жасалады және Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12  бұйрығымен бекітіліп, Әділет Министрлігінде 2004 жылғы 17 наурыздағы N 2744 болып тіркелген "Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің барлық тексерістерін ұсыну, тіркеу және ақпараттық есептік құжаттарды жүргізу туралы нұсқаулыққа" сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне тексеру жүргізуді есепке алатын 1-П формадағы карточка (бұдан әрі - карточка) жасалып, тексеру басталғанға дейін тексерілетін субъектінің болатын орны бойынша тіркейтін органға ұсынылады.
      Акт Тіркеуші органға екі дана етіп ұсынылады және ол тіркелгеннен кейін актінің түпқұсқасы тез арада бақылаушы органға қайтарылады. Актінің көшірмесі Тіркеуші органда қалады. Тексеру тағайындау туралы актімен бірге Тіркеуші органға барлық қажетті деректемелері міндетті түрде толтырылған 1-П формадағы тексеру есебінің карточкасы бір мезгілде ұсынылады. Актілерді тіркеу Тіркеу органдарында тексеру басталғанға дейін жүзеге асырылады.
      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне тексеру жүргізуді тағайындау туралы актілер мынадай жағдайларда тіркеуге жатпайды:
      қылмыстық істерге, төтенше жағдайларды тексеруге байланысты;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бұзатын тиісті ресімдеу жасалмаған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (лицензиясыз болмаса кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін басқа құжат);
      мекемелер және коммерциялық емес ұйымдар;
      шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздерінің бастамашылығымен кез келген мәселелер бойынша (шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік тексеруші және қадағалау органдарына өтініші);
      Басқа тексерулер тексерудің мәніне қатыссыз міндетті тіркеуден өтуге жатады.
      Ерекше жағдайларда, тексеру адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтардың тез арада алдын алу жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды қабылдау қажет болған жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтарды тікелей жасаған бойда тапқан жағдайларда және дәлелдемелерді бекіту үшін қауырт әрекеттерді өткізу қажет болғанда актілер Тіркеуші органға тексеру тағайындау туралы акт жасалған күннен кейінгі жұмыс күні ішінде ұсынылады.
      Тексеруді тағайындау туралы актіде тексерудің нақты түрі мен оны өткізудің мерзімі міндетті түрде көрсетіледі. Есепке алу құжаттары (тексеруді есепке алу карточкасы, оларға талон-қосымшалар) оны тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру түрін көрсетуге тиіс.
      Рейдтік тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде тіркеуші органға оның көшірмесі мен тексеру жоспарланған шаруашылық жүргізуші субъектілердің біріне тексеруді есепке алу карточкасы табыс етіледі. Тексеру аяқталғаннан соң, Тіркеуші органға әрбір тексерілген субъектіге карточка мен талон-қосымша, сондай-ақ тексеру аяқталған соң 3 жұмыс күні ішінде тексерілген субъектілердің тізімі ұсынылады.
      Тексеруді тағайындау туралы тіркелген актіде көрсетілгеннен гөрі неғұрлым ұзақ мерзімде тексеруді жүзеге асыру қажет болған жағдайда алдыңғы ұйғарымның нөмірі мен тіркелген күні көрсетілген немесе нақты ұзарту мерзімі көрсетілген актінің көшірмесі (бірінші басшы қол қойған хат) қосымша ұйғарым шығарылады. Қосымша ұйғарым тіркеуден өтпейді, тіркеу тағайындау туралы карточкалар мен актілерді тіркеу журналына мерзімі мен ұзартылған күні жөнінде белгі соғылады.
      Тіркеуші органда көрсетілген мерзімде тіркелген тексеруді жүргізбеген жағдайда олар есептен алынуға тиіс және ол туралы Тіркеуші органға 3 жұмыс күні мерзімде жазбаша түрде хабарланады.
      Тіркеу органдарында кешенді тексеру тағайындау туралы актіні тексеру жөнінде бастамашылық жасаған орган тіркейді. Осы орган Тіркеуші органға есепке алу құжаттарын табыс етеді.
      Кешенді тексерудің басқа құжаттары (актілер) оны ведомстволар бойынша тексеру өткізуге қатысушыларда болуы тиіс.
      Тіркеуші органда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің сәйкестігін салыстыру тоқсан сайын бір реттен кем емес ретпен міндетті түрде жүргізіледі.
      Карточкалардың деректемелері баспа әріптерімен қысқартуларсыз толтырылады. Карточканың оң жағының жоғарғы бөлігінде орналасқан цифрлармен берілген ақпараттық бөлігінде осы органның және ауданның Тіркеуші органы берген кодтық белгілердің нөмірлері көрсетіледі.
      Тексеру нәтижелері бойынша Тіркеуші органға тіркеу аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей карточкаға қосымша болып табылатын белгіленген үлгідегі талон толтырылады.
      Талонға тексеру жүргізген тұлға немесе осы құжаттарды қабылдаған топ жетекшісі және Тіркеуші органның қызметкері қол қояды. Тексеру тек тексеруді есепке алу карточкасының талон-қосымшасы болған жағдайда аяқталған болып есептеледі.
      Карточка Тіркеуші органның журналында тіркелген сәттен бастап жарамды болып есептеледі. Ұсынуы бойынша карточка ресми құжат болып табылады және оның мәліметтерінің сенімділігі үшін бақылаушы органның басшысы жауапты болады.
      Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу үшін "Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу журналы" (N 4 қосымша) жүргізіледі. Журналды бақылау және сақтау бақылаушы орган бөлімшесінің бастығына жүктеледі.
      Тексеру тағайындау туралы акті мен карточканы тіркеу оларды "Тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу журналына" енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      24. Тексеру нәтижесінде нысанды тексеруде анықталған бұзушылықтар бойынша екі данада акт (N 5 қосымша) жасалады, мұнда тексерілген күні, ұйымның атауы, объектілердің түрлері көрсетіледі. Анықталған кемшіліктердің мәні егжей-тегжейлі баяндалады, оларды жоюға мерзім беріледі. Міндетті шарттардың бірі шаруашылық жүргізуші субъект өкілін жасалған актімен таныстыру және акт көшірмесін алу болып табылады. Тексеру нәтижелері тексеруші субъектінің бірінші басшысына, оның құрылтайшыларына, қажет болған жағдайда күзетілетін, қызмет көрсетілетін нысанның әкімшілігіне дейін хабарланады.
      Егер объектілерде бұзушылықтар анықталмаса, ІІББ-ІІБ мемлекеттік күзет қызметі бөлімшелері бастықтарының атына тексерілген күні, объектінің атауы, тексеру нәтижелері көрсетілген баянат жазылады.

      25. Лицензиаттардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыратын қызметкер өз қызметінде:
      1) ішкі істер органдарының бөлімшелері мен басқа қызметтерінің қызметкерлерімен, тиісті министрліктер, ведомстволар, ұйымдар, басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауға;
      2) бұзушылықтары үшін жауаптылығы туралы ескерте отырып, осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланып, күзет қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізіп тұруға тиіс.

  6. Күзет қызметін көрсететін субъектілердің,
заңды және жеке тұлғалардың күзет бөлімшелерінің,
жеке күзетшілердің қызметіне бақылау жасауды жүзеге
асыру барысында жүргізілген іс-шаралар

      26. Күзет қызметін жүзеге асыратын лицензиаттардың қызметін тексеру кезінде мыналарға назар аудару қажет:
      1) мемлекеттік емес күзет ұйымдарының, заңды және жеке тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, сондай-ақ жеке күзетшілердің бекітілген нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі;
      2) мемлекеттік емес күзет ұйымдарының және жеке күзетшілердің күзет қызметін көрсетуге шарттардың болуы;
      3) күзет қызметі субъектілерінің штаттық санының Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нормативке сәйкестілігі:
      күзеттің бір тәулік бойғы бекетіне штаттағы күзетшінің 4,5 бірлігі;
      күзеттің бір он екі сағаттық бекетіне штаттағы күзетшінің 2,25 бірлігі;
      күзеттің бір сегіз сағаттық бекетіне штаттағы күзетшінің 1,5 бірлігі.
      Осы үшін күзет ұйымының (күзет бөлімшелері) қызметкерлерін есепке алу кітабымен бірге қолдағы бар штаттық санын күзет қызметін көрсетуге және қойылған бекеттердің санына жасалынған шарттармен салыстырып тексеруді жүзеге асыру қажет. (Заңды және жеке тұлғалардың күзет бөлімшелері өз қызметтерін шартсыз жүзеге асырады);
      4) күзет қызметі субъектілерінің күзетшілерімен қызмет атқаруды ұйымдастыру. Бекеттерді қабылдау мен тапсыру тәртібі. Кіргізу және объектінің ішіндегі тәртіпті және олардың кәсіпорындары мүлігінің сенімді қорғану талаптарына сай болуына ішінара тексеріс жүргізу;
      5) күзетшілердің қажетті қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етілуі, олар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау (автокөлікті, механикалық жетекті және көлік қақпаларының бекіткіштерін, нысандарды тексерудің қауіпсіз бағдарларын тексеру үшін эстакадалардың болуы мен жай-күйі). Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күзет қызметі субъектілері күзетшілерінің пайдаланатын телефон байланысы мен радиобайланыстың қолданылатын құралдарының (радиостанцияның типтері, олардың тіркеуден өткендігі мен пайдалануға рұқсатының болуы), "дабылды кнопкаларының", сөйлесу қондырғыларының, қарауға арналған көзшелерінің, басқа да техникалық құрылғылар мен қондырғылардың болуы;
      6) периметрлік қоршаудың жай-күйі мен аумақтың жарықпен қамтылғандығы, күзетілетін объектілердің техникалық нығайтылуы.
      Пайдалануға рұқсат етілген күзет сигналын беру құралдарының, объектілерді күзетуде қолданылатын қауіпсіздік жүйесінің техникалық жағдайы мен олардың бекітілген тізбеге сәйкестігі және оларды пайдалану тәртібі (қызмет көрсететін ұйымның атауы, оның мемлекеттік лицензиясының болуы, шаруашылық жүргізуші субъектінің атынан жауапты тұлғаны көрсету, оның жұмыстарға рұқсатының болуы және оны күзетілетін объектілерге бекіту туралы бұйрық);
      7) күзетшілерді нысанды және арнайы киім-кешекпен сондай-ақ күзетшінің жеке басын және оның күзет құрылымына тиістілігін куәландыратын құжаттармен қамтамасыз ету;
      8) күзетте қызметтік иттерді пайдалану оларға арналған үй-жайлардың (вольерлердің) болуы. Қызметтік иттерді объектідегі күзетке қою тәртібі және оларды объектілерді тексерудің жаяу жүру бағдарларында қолдану;
      9) нысандарды күзетуде қызметтік (немесе жалға алынған) автокөліктердің немесе басқа арнайы техниканың болуы мен пайдаланылуы, олардың санын көрсету (маркасы, шыққан жылы, мемлекеттік нөмірі, түсі, автомобильдің шанағында күзет ұйымдарының трафареттерінің немесе атрибуттарының, жарқылдайтын маяктары мен сиренасының болуы, орнатылған радиостанцияларының болуы мен типтері және оларды қолдану тәртібі).

  7. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждауды,
реттеуді және техникалық қызмет көрсететін
субъектілердің, қызметіне бақылау жасауды жүзеге
асыру барысында жүргізілетін іс-шаралар

      27. Күзет сигналын беру құралдарын монтаждауды, реттеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын лицензиаттардың қызметін тексеру кезінде күзет сигналын беру құралдарын монтаждауды, реттеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға олардың қызметінің сәйкес болуына, сондай-ақ жұмыс орындау барысында қойылатын негізгі талаптарға назар аудару қажет:
      1) күзет сигналын беруді монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету;
      2) күзет дабылын беруді монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаушылардың жоғары кернеумен жұмыс істеуге рұқсаты және осы мамандық бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болу керек;
      3) күзет сигналын беруді монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар өздерінің тәжірибелік қызметтерінде мынадай арнайы техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат беріледі:
      күзет, дабыл сигнализация жүйелерін;
      кіруді бақылау жүйесі;
      екі реттік қолдану техникасына жатпайтын видеобақылау және видеокүзет телевизиялық бақылау жүйелері;
      қаруларды, жарылғыш заттарды және қондырғыларды көрсететін детекторлар;
      радиоактивті, химиялық және басқа уландырғыш заттарды көрсететін детекторлар;
      хабарлаушыларды тарататын жүйелер, соның ішінде радиоканалдар.
      Бұл ретте, республика аумағында пайдалануға рұқсат берілген, арнайы техникалық құралдардың атауы жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің бюллетенімен анықталады;
      4) күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған объектілердің қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін техникалық пайдалану бойынша мынадай іс-шараларды өткізу көзделуі тиіс:
      регламенттік жұмыстар мен нысандарға дабыл беруді техникалық тексеруден өткізудің жылдық жоспар-кестесін құру;
      объектілерге сигнал берудің регламенттік жұмыстарын өткізу мен оны инженерлер құрамының техникалық тексеруден өткізуінің ай сайынғы жоспар-кестесін құру;
      электромонтерларға техникалық оқу жүргізу;
      5) күзет сигналын беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын әрбір жеке тұлғаның осы жұмыспен айналысу құқығын беретін куәлікпен қамтамасыз етілуге тиіс. Куәлікте мынадай атрибуттар көрсетіледі: тегі, аты-жөні, жеке тұлғаның суреті, лицензия негізінде берілген куәлік лицензиясының нөмірі; оның жұмыс істеу күшінің мерзімі, лицензиаттың толық атауы, сондай-ақ қызметінің аумақтық аясы.
      Жаңадан жұмысқа алынған өндірістегілер алғашқы даярлықты мына мәселелер бойынша өтеді: қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқама, техникалық даярлық және жұмыс орындарындағы тағлымдама. Алғашқы даярлықтың мерзімін субъектілердің басшылары белгілейді.

      28. Заңды және жеке тұлғалар монтаждауда және күзет сигнализация жүйелерін радиожиілілік спекторымен қолдану барысында оларды қолдануға рұқсат беретін санитарлы экология бақылау органдарының қорытындысы міндетті тәртіпте болу керек.

Қазақстан Республикасы Ішкі    
істер министрінің м.а. 2004 жылғы 
25 наурыздағы N 187 бұйрығымен   
бекітілген "Күзет сигналын беру  
құралдарын монтаждауды, реттеуді, 
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге 
асыруға үміттенетін заңды және  
жеке тұлғаларды лицензиялау    
жөніндегі ішкі істер органдарының 
жұмысы және олардың қызметін   
тексеру жүргізу туралы       
нұсқаулыққа" 1-қосымша      

Жеке тұлғаларға берілген мемлекеттік
лицензиялардың берілуін есепке алу
журналы

__________________________________________________________________
N |Лицен.|Жеке  |Заңды |Қызмет|Лицензия |СТН|Лицензияны |Ескертпе
р/н|зияның|тұлға.|мекен-| түрі |алушының |   |тоқтату,   |
   |тіркеу|ның   |жайы  |      |тегі,    |   |қайтарып   |
   |нөмірі|тегі, |      |      |аты-жөні,|   |алу туралы |
   |беріл.|аты-  |      |      |әкесінің |   |мәліметтер |
   |  ген |жөні, |      |      |   аты   |   |           |
   | күні |әке.  |      |      |         |   |           |
   |      |сінің |      |      |         |   |           |
   |      |аты   |      |      |         |   |           |
__________________________________________________________________
  1    2      3      4      5        6     7        8         9
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Заңды тұлғаларға берілген мемлекеттік
лицензияларды берілуін есепке алу
Журналы

__________________________________________________________________
N |Лицен.|Заңды |Заңды |Қыз.|Лицензия |СТН|КҰЖК|Лицензияны |Ес.
р/н|зияның|тұлға.|мекен-|мет |алушының |   |    |тоқтату,   |керт.
   |тіркеу|ның   |жайы  |түрі|тегі,    |   |    |қайтарып   |пе
   |нөмірі|тегі, |      |    |аты-жөні,|   |    |алу туралы |
   |беріл.|аты-  |      |    |әкесінің |   |    |мәліметтер |
   |  ген |жөні, |      |    |   аты   |   |    |           |
   | күні |әке.  |      |    |         |   |    |           |
   |      |сінің |      |    |         |   |    |           |
   |      |аты   |      |    |         |   |    |           |
__________________________________________________________________
  1    2      3     4      5      6     7     8       9        10
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Ішкі    
істер министрінің м.а. 2004 жылғы 
25 наурыздағы N 187 бұйрығымен   
бекітілген "Күзет сигналын беру  
құралдарын монтаждауды, реттеуді, 
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге 
асыруға үміттенетін  заңды және  
жеке тұлғаларды лицензиялау    
жөніндегі ішкі істер органдарының 
жұмысы және олардың қызметін   
тексеру жүргізу туралы       
нұсқаулыққа" 2-қосымша      

"____"___________200_ ж. жай-күйі бойынша

_________________________________________
(лицензиаттың атауы)
күзететін (қызмет көрсететін) объектілердің тізбесі

__________________________________________________________________
N |Объектілердің|Күзету|Ме. |Күзет|Күзет.|Қарудың|Объект |Ес.
р/с|  атаулары,  |шар.  |кен-|түрі,|шілер.|және   |әкімші.|кертпе
   |ведомстволық |тының |жайы|күзет|дің   |арнаулы|лігі   |
   | қарастылығы |нөмірі|    |орын.|саны  |құрал. |мен    |
   |             |  мен |    |да.  |      |дардың |күзет  |
   |             | күні |    |рының|      |түрі,  |орында.|
   |             |      |    |саны |      |маркасы|рының  |
   |             |      |    |     |      |       |теле.  |
   |             |      |    |     |      |       |фондары|
__________________________________________________________________
1         2               3    4      5      6       7       8
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Мемлекеттік күзет қызметі бөлімінің бастығы ______________________
                            (Атағы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты)

Қазақстан Республикасы Ішкі    
істер министрінің м.а. 2004 жылғы 
25 наурыздағы N 187 бұйрығымен   
бекітілген "Күзет сигналын беру  
құралдарын монтаждауды, реттеуді, 
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге 
асыруға үміттенетін  заңды және  
жеке тұлғаларды лицензиялау    
жөніндегі ішкі істер органдарының 
жұмысы және олардың қызметін   
тексеру жүргізу туралы       
нұсқаулыққа" 3-қосымша       

Заңды тұлғалардың бақылау істерін есепке алу журналы

__________________________________________________________________
N |   Заңды тұлғаның атауы   |  Лицензияның    | Қызмет түрі
р/н|     және мекен-жайы      | нөмірі мен күні |
__________________________________________________________________
  1               2                    3                4
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Жеке тұлғалардың бақылау істерін есепке алу журналы

__________________________________________________________________
N |    Жеке тұлғаның тегі,    |  Лицензияның    | Қызмет түрі
р/н|аты-жөні, әкесінің аты және| нөмірі мен күні |
   |     мекен-жайы            |                 |
__________________________________________________________________
  1               2                    3                4
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Ішкі    
істер министрінің м.а. 2004 жылғы 
25 наурыздағы N 187 бұйрығымен   
бекітілген "Күзет сигналын беру  
құралдарын монтаждауды, реттеуді, 
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге 
асыруға үміттенетін  заңды және  
жеке тұлғаларды лицензиялау    
жөніндегі ішкі істер органдарының 
жұмысы және олардың қызметін   
тексеру жүргізу туралы       
нұсқаулыққа" 4-қосымша       

Шаруашылық субъектілерінің қызметіне тексеру тағайындау
туралы карточкалар мен актілерді тіркеу журналы

__________________________________________________________________
N р/н |Тексеруді|Тексеруді|Тексерілетін |Қызмет|Тексеру|Тексеру
тексе.|тағайын. |жүзеге   |субъектінің  | түрі | түрі  |жүргізу
руді  |даған ла.|асырған  |атауы, оның  |      |       |мерзімі
және  |уазымды  |адамның  |тұрған жері, |      |       |
кар.  |тұлғаның |тегі,    |СТН тексері. |      |       |
точ.  |тегі     |аты-жөні,|летін субъект|      |       |
каны  |аты-жөні,|әкесінің |басшысының   |      |       |
таға. |әкесінің |аты лауа.|тегі, аты-   |      |       |
йындау|аты тек. |зымы,    |жөні, әкесі. |      |       |
туралы|серілетін|тексеруші|нің аты      |      |       |
актіні|органның |органның |             |      |       |
тіркеу| атауы   |атауы    |             |      |       |
күні |         |         |             |      |       |
__________________________________________________________________
   1       2         3           4          5      6        7
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Тексеру  |Актіні тіркеген|Актіні және кар. |Талонды алу    |Тек.
мерзімін |және карточканы|точканы қабылдап |күні - қосым.  |серу
(күнін)  |тапсырған күні,|алған тіркеуші   |шасы және та.  |жүргі.
ұзартқаны|құжат тапсырушы|орган қызметке.  |лонды тапсырушы|зілмеді
туралы  |тұлғанның қолы |рінің қолы, қа.  |тұлғаның қолы  |(не.
белгі   |               |былдап алған күні|               |гізі)
__________________________________________________________________
    8           9                 10              11           12
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Ішкі    
істер министрінің м.а. 2004 жылғы 
25 наурыздағы N 187 бұйрығымен   
бекітілген "Күзет сигналын беру  
құралдарын монтаждауды, реттеуді, 
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге 
асыруға үміттенетін  заңды және  
жеке тұлғаларды лицензиялау    
жөніндегі ішкі істер органдарының 
жұмысы және олардың қызметін   
тексеру жүргізу туралы       
нұсқаулыққа" 5-қосымша       

Тексеру акті

____________________________________________________
(субъектінің атауы және оның мекен-жайы)

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Мен ________________________________________________________
         (ҚР ІІМ мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшесі, лауазымы
__________________________________________________________________
                       атағы, аты-жөні, тегі)

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы ", Қазақстан Республикасының " Күзет қызметі туралы " және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі  N 407 "Қазақстан Республикасы" қаулысына сәйкес 
__________________________________________________________________
                (тексеруге қатысқан нысан өкілінің
__________________________________________________________________
       немесе басқа тұлғалардың аты-жөні, тегі, лауазымы)
__________________________________________________________________
қатысуымен 20____ж. "_______" _________ 20_____ж.
"_____" ____________________________ дейінгі кезеңде
__________________________________________________________________
   (нысанның атауы, оның ведомстволық тиістілігі, мекен-жайы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
күзет қызметі субъектісін тексеруден өткізгенім туралы осы қорытындыны жасадым.
Тексеруде мыналар анықталды: _____________________________________
__________________________________________________________________
                   (тексеру нәтижелері көрсетіледі,
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
анықталған кемшіліктерді жою шаралары мен мерзімі көрсетіледі)

      Қорытынды __________ дана етіп жасалды.

      ________________________      __________________________
         (тексерушінің қолы)         (әкімшілік өкілінің қолы)

                    ______________________________________________
                     (тексеруге қатысқан басқа тұлғалардың қолы)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер  
министрінің м.а "Күзет сигналын беру 
құралдарын монтаждауды, реттеуді,   
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге  
асыруға үміттенетін заңды және жеке  
тұлғаларды лицензиялау жөніндегі   
ішкі істер органдарының жұмысы және  
олардың қызметін тексеру жүргізу   
туралы нұсқаулықты және "Күзетшілер 
мен күзет бөлімшелерінің жұмысын   
тексеру жөніндегі ережені бекіту   
туралы" 2004 жылғы 25 наурыздағы   
N 187 бұйрығымен бекітілген     

  Күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлеріне
тексеріс жүргізу жөніндегі
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы ", " Күзет қызметі туралы " Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 4 сәуірдегі  N 407 , "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы" 1999 жылғы 30 қыркүйектегі  N 1507 қаулыларына сәйкес әзірленді.
      Ереже тексерістердің мерзімін, мазмұнын және күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлерінің біліктілік талаптарын, қызмет қаруымен және арнайы құралдарды пайдалануына байланысты өзінің міндетін орындауда жарамсыздығын анықтайды.

      2. Күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлеріне тексеріс жүргізу барысында ішкі істер органдары:
      күзетшілердің өздерінің міндетін орындауға жарамдылығын;
      күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуын.

      3. Күзет қызметі субъектілерінің тексеру кестесін есепке ала отырып, күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлерін тексеретін жарты жылдық кесте және комиссия мүшелерін бекітетін ІІББ-ІІБ бастығымен бұйрық шығарылады. Комиссия құрамына мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері және күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін дайындау және қайта дайындау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының өкілі кіреді.

      4. Күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлеріне тексеріс міндетті түрде күзет бөлімшесі басшысының қатысуымен комиссиямен жүргізіледі. Тексеріс нәтижесі бойынша күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлерінің өздерінің міндетін орындауға жарамдылығына ведомость құрылады. Білімдері мен өздерінің міндеттерінің орындалуын қанағаттанарлықсыз көрсеткен күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлерін қайта тексеруі алғашқы тексерістен кейін 2 аптадан бұрын өткізілмейді. Комиссия қайта тексеру барысында өздерінің міндеттерінің орындалуына жарамсыз екені анықталған жағдайда осы күзетшіні жұмысы мен бағытынан шектеу немесе қызметкерді күзетшілерді дайындау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарына қайта оқуға жіберу туралы ұйғарым шығарылады.

  2. Күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлеріне
қойылатын біліктілік талаптардың мазмұны

      5. Қазақстан Республикасының "Күзет қызметі туралы"  Заңына сәйкес күзетші және күзет бөлімшесінің қызметкері лауазымына мынадай біліктілік талаптарға жауап беретін жеке тұлғалар айналыса алады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      2) 21 жастан жас емес;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы күзетшінің дайындығын (күзетшіні оқыту арнайы курсын) өткен;
      4) көзінің көруі бұзылғанына, психикалық аурулар, алкоголизм мен нашақорлыққа байланысты қаруды қолданумен күзет қызметін жүзеге асыруға қарсы көрсетулер жоқ болуы;
      5) қасақана жасалған қылмыс үшін сотталмаған.

  3. Күзетшілер мен күзет бөлімшелері
қызметкерлерінің тексерісінің мазмұны

      6. Күзетшілер мен күзет бөлімшелері қызметкерлерін өздерінің міндеттерін орындауға жарамды екенін тексеру барысында комиссия:
      1) қызметтік дайындық бойынша:
      мемлекеттік емес күзет қызметін ұйымдастыру, оның міндеттері мен негізгі бағыттары;
      күзет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігі;
      күзетілетін объектілердегі өткізу және объект ішіндегі режимді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, қарау жүргізудің негіздері;
      күзет қызметкерлерінің өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдары, құтқару қызметтерін шақыру және оларды объектіге кіргізу тәртібі, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын, арнайы жеке қорғану құралдарын қолдану, оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру, іздерді және заттай айғақтарды сақтау;
      ерекше жағдайлар, жағдайға баға беру психологиясы, ерекше жағдайдың дамуын болжау;
      суреттің жалған ауыстырылып салыну сипаттарын және оларды анықтап тана білу әдістерін, іздеу мақсатында ауызша портретті қолдану;
      2) атыс дайындығы бойынша:
      қаруды қолдану негізі мен тәртібі, мақсаты, ұрыстағы қасиеті, ойықты, тегіс ұңғылы, және газдық қарудың құрылысы олардың материалдық бөлігі;
      қарудан оқ ату тәсілдері мен ережелері, ойықты, тегіс ұңғылы, және газдық қаруды ұстау мен ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
      3) құқықтық білім негіздері бойынша:
      қылмыс, қылмыстың құрамы ұғымы, қылмыстық жаза және оның мақсаттары ұғымы, әкімшілік бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері;
      қаруды қолданудың құқықтық негіздері, қажетті қорғаныс, қастандық жасаған адамды ұстау, сондай-ақ өкілдігін, қажетті қорғаныстың шегін асыра түскен үшін жауапкершілік;
      4) арнаулы техника мен байланыс құралдары:
      қазіргі заманның белгі беру құралдарының мақсаты, оларды объектілерде орналастыру орындары, бөгде адамдар енген жағдайда іске қосылуының белгілері;
      орталықтандырылған бақылау пульттері және дербес белгі беру құралдары арқылы объектілердің күзетілуін ұйымдастыру ерекшеліктері;
      күзетте қолданылатын сымды және радиобайланыс құралдары;
      күзет-өрт дабылы құралдарының объектілер күзетін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы;
      5) арнаулы дене шынықтыру даярлығы бойынша:
      күзет қызметтері қызметкерлерінің қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдары мен кісендерді қолданудың құқықтық негіздері, құқығы мен жауапкершілігі;
      арнайы құралдарды қолдану әдістері, әртүрлі қапсырып - құшақтап ұстаулардан босау, қаруланған адамның суық қарумен немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттармен соққы беруінен қорғану, қарумен қауіп төндіруден және қаруды алып қою әрекетінен қорғану қылмыскерлерді қауіпсіздендіру, қылмыскерлердің босатылуы, оларды ұстау және қуалау кезінде әріптесіне көмектесу;
      6) медициналық даярлық бойынша:
      жарақаттанулар, сүйектің шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар, қан кету, жараны таңу кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
      атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кездегі алғашқы медициналық көмек білімдерін және әдістерін тексеру керек.