"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лариненкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
"Қазақстан Республикасының темір
жол көлігімен жолаушыларды,
багажды және жүк-багажды тасымалдау
ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 18 наурыздағы
N 122-І бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың және мемлекеттің тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленді.
2. Ереже темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүк-багажды тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
3. Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Ережеде мынадай анықтамалар мен терминдер қолданылады:
1) автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі - АБЖ) - билеттерді сатудың және жолаушылар поездарында орындарды брондаудың орталықтандырылған басқару жүйесі;
2) топталған тасымалдау - жол жүру ақысын төлеген және бір поезда бір маршрут бойынша, оның ішінде түрлі санаттағы вагондарда бара жатқан кемінде 10 жолаушыны тасымалдау;
3) темір жол станциясы - темір жол желісін аралықтарға бөлетін, магистралдық темір жол желісінің қызмет етуін қамтамасыз ететін, поездарды қабылдау, жөнелту, басып озу бойынша операцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету және жүкті, багажды және жүк-багажды қабылдау жөніндегі операцияларды орындауға мүмкіндік беретін жолдық дамуы бар пункт;
4) темір жол вокзалы - бұл бір станцияда орналасқан және мыналарды: жолаушылар ғимараттар мен павильондарды, жолаушылар платформаларын, вокзал өткелдерін қамтитын құрылыстар мен құрылғылар кешені;
5) тоқтау пункті - тек жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін арналған жолдық дамуы жоқ айдаудағы пункт;
6) тасымалдаушы - жеке (жалданған) және тасымалдау құжаттарында көрсетілген жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын тұлға;
7) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының көліктік кешен қызметін үйлестіретін, реттейтін және бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
5. Тасымалдаушы жолаушылар, соның ішінде қала маңындық поездардың қозғалыс кестесін жарнамалар мен әр түрлі анықтамалықтарда көрсетеді.
Вокзалдарда жолаушылар жолаушылар поездарының келу және жөнелту уақыты, жолаушылардың жол жүру мен багажды (жүк-багажды) тасымалдау құны, поездарда бос орындардың барлығы, арыздар мен ұсыныстар кітабының орналасу орны, билет және багаж кассаларының жұмыс тәртібі, вокзал бөлмелерінің орналасуы және халыққа құнын көрсете отырып, көрсетіліп отырған қызметтер тізбесі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.
1-Бөлім
Жолаушыларды тасымалдау
1-Тарау
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды, жарамдылық мерзімін ұзартуды және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру
6. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында не жолаушының қосымша төлемге, талап еткен орнына жеткізумен жүзеге асырылады. Жол жүру құжаттарына (билеттеріне) тапсырыстар телефон арқылы немесе жолаушы өзі келген кезде қабылданады.
7. Билет кассаларының жұмыс уақытын жергілікті жағдайларға қарай вокзал (станция) бастығы белгілейді.
Билет кассаларының жұмыс тәртібін поездар қозғалысының кестесіне қарай вокзал (станция) бастығы белгілеуі мүмкін.
Тәулігіне 50 және одан да көп жол жүру құжаттары (билеттері) сатылатын барлық станциялар мен вокзалдарда билет кассалары жұмыс істеуі тиіс. Жолаушылар ағыны тәулігіне 50 жолаушыдан кем станциялар мен тоқтау пункттерінде билет кассаларының ашылуын Тасымалдаушы дербес белгілейді.
8. Жол жүру құжаттарын сату АБЖ арқылы жүргізіледі.
Жолаушыларға қызметтердің мынадай түрлері көрсетіледі:
1) жол жүру құжаттарын алдын ала сату;
2) кері қайтуға жол жүру құжаттарын сату;
3) жолға басқа станциядан шығуға жол жүру құжаттарын сату.
9. Жол жүру құжаттарының алдын ала сатылуы поезд жөнелтілгенге дейін 45 тәуліктен 1 тәулікке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Ауыспайтын қатынастағы вагондарға жол жүру құжаттарының сатылуы осы вагондардың бару пункттеріне немесе поезд жүрісінің негізгі маршрутынан ауытқуы учаскесінде орналасқан пункттерге дейін бара жатқан жолаушыларға бірінші кезекте, ал қалған жолаушыларға поездың жөнелту күні онда бос орындар болған кезде ғана жүргізіледі.
Транзиттік поездардағы орындарға тапсырыстарды қабылдау мен жол жүру құжаттарының алдын ала сатылуы осындай поездың кесте бойынша станцияға келуіне дейін 3 сағат қалғанда тоқтатылады.
Жергілікті қатынаста жол жүруге жол жүру құжаттарын сату үшін ашылған станциялар мен тоқтау пункттерінде осындай станцияларда аялдамалары бар поездың жол жүру маршруты бойынша орналасқан барлық станциялар мен тоқтау пункттеріне дейін жол жүру құжаттары сатылуы тиіс.
10. Тасымалдаушы заңды және жеке тұлғалардың алдын ала өтінімдері бойынша жолаушылардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын сатуды жүзеге асырады.
Поездарда орындарды брондаудың жазбаша өтінімі 45 тәуліктен поезд жөнелтілгенге дейін 2 сағат қалғанға дейін қабылданады.
Онда заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, поездың нөмірі, вагон санаты, орын саны, шығу күні, жөнелту мен тағайындалған станциясы көрсетіледі.
Өтінімге жолаушылардың тегін, атын, әкесінің атын олардың құжаттарының сондай-ақ топ жетекшісін реквизиттерін көрсете отырып, тегі бойынша, жолаушылар тобының тізімі қоса беріледі.
Егер өтінімде жеке вагондарды ұсыну туралы көрсетілген болса, жол жүретіндердің санына байланыссыз вагондағы барлық орындарға ақы төлеуге жатады.
Өтінімді берген тұлға поезд жөнелтілгенге дейін 7 тәуліктен кешіктірмей жол жүру құнын төлеп, тапсырыс берген жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алуға тиісті. Егер белгіленген мерзімде жол жүру құжаттары ресімделмеген болса, өтінім жойылады және ол орындар сатылуға беріледі.
11. Поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 10 тәулікке дейін жол жүру құжаттарына (билеттеріне) өтінімдер ұсынылса және оны ресімдеу мүмкін болса өтінімді ұсынған сәттен бастап жол жүру құны бір тәулік ішінде төленуі тиіс.
Жолаушылардың жол жүруін өтінім бойынша ресімдеу топтық балалардың тасымалдарын қоспағанда, оларды 4 адамнан ресімдеу рұқсат етілетін жол жүру құжатының бір бланкісінде (әр вагонға) жүргізіледі.
Жолаушылар поездарында топталған тасымалдауды жүзеге асыру үшін орындарды резервте сақтау (брондау) үшін тариф (бағасы, алым ставкасы) алынады.
Бөлінген орындардан бас тартқан жағдайда тариф (бағасы, алым ставкасы) қайтарылмайды.
12. Темір жол көлігімен жол жүруге құқық беретін құжат жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың (төлқұжат, азаматтың жеке куәлігі, 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі, жедел қызметтің әскери қызметкерлері үшін әскери билет, түзету мекемелерінен босағандарға бару станциясына дейін жету үшін берілген фотосуреті бар босату туралы анықтама, азаматтың уақытша жеке куәлігі, депутат куәлігі) негізінде ресімделген жолаушының тегі көрсетілген белгіленген нысандағы жол жүру құжаты (билеті) болып табылады.
Жол жүру құжаты тек ол бойынша жол жүруді бастаған тұлғаға қатысты ғана жарамды.
13. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу кезінде мәліметтер АБЖ-не қосылған билетбасқыш құрылғысымен басылады.
Жол жүру құжаттарында түзетулер жасауға болмайды. АБЖ-сі арқылы ресімделетін жол жүру құжаттарында аралық станциялардағы билет кассиріне өз қолымен тек поездың нөмірін, егер ол жол жүру барысында өзгертілетін болса, түзетуге рұқсат беріледі.
АБЖ-сі арқылы жол жүру құжатының бір бланкінде бірнеше адамдарға жол жүру ресімделуі мүмкін.
14. Егер осы Ережеде белгіленген жол жүру құжатының (билетінің) жарамдылық мерзімі жолшыбай жолаушының тағайындалған станциясына келгенге дейін аяқталатын болса, жолаушыға жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі аяқталған соң кассадан жаңа жол жүру құжатын (билетін) сатып алу немесе бұдан әрі жол жүруін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2491 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының "Фискальды жадымен бақылау-кассалық машиналарды қолданусыз қызмет көрсету кезінде халыққа берілетін квитанциялар және қатаң есеп құжаттарының чектеріне теңелген басқа да нысандарды бекіту туралы" 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығымен бекітілген ГУ-57 квитанциясы бойынша тікелей поезд бастығында (механик-бригадирде) одан әрі жол жүруді ресімдеу қажет.
15. Кассаға жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген тағайындалған станциясына дейін жол жүру үшін жарамдылық мерзімі жеткіліксіз жол жүру құжатын (билетін) ұсынған жолаушы қосымша төлеу квитанциясы бойынша билеттің жарамдылық мерзімі аяқталатын станциядан тағайындалған станциясына дейін жаңа жол жүру ретінде жол жүрудің құнын төлеуге міндетті. Осындай жағдайда квитанция (ГУ-57 нысаны) тағайындалған немесе ауысып отыру станциясына дейін беріледі.
16. Құрамында тікелей қатынастағы вагоны бар поезд осы вагонды қайта тіркеу үшін келісілген поезд жөнелтілгеннен кейін келген жағдайда жолаушы жол жүру құжатын (билетін) бос орындары бар бірінші жүретін поезбен кету үшін қосымша төлемдерді төлемей қайта ресімдей алады.
17. Жолаушы егер поезға 3 сағатқа кешігіп келу не тиісті құжатпен куәландырылған (медициналық ұйымның бұрыштық мөртабаны және анықтаманы берген дәрігердің мөртабаны басылған анықтама) ауру немесе жазатайым оқиға салдарынан плацкартаның құнын қосымша төлей отырып, жол жүру құжаттары сатып алынған поезд жөнелтілген кезден бастап 3 тәулік барысында қайта іске қосуға басқа поезға жол жүру құжатының жарамдылығын жандандыра жол жүруден бас тартқан жағдайда плацкартаның құнын шегере отырып жол жүрудің құнын қайтарып ала алады.
18. Темір жол көлігінің ұйымы поезда (қала маңындағыларды қоспағанда) бос орын болмағанда жол жүру құжаттарын беруден бас тартады.
19. Нөмірленген орындары бар вагондарға (плацкарт, жұмсақ купе) жол жүру құжаттарын сату кезінде екі және одан да көп жол жүру құжаттарын сатып алған жолаушыларға үстінгі және астынғы орындардың бірдей саны беріледі. Мүгедектерге, ауру адамдарға (медициналық ұйымнан берілген анықтамасы болғанда), егде адамдар мен баласы бар азаматтарға айырықша ерекшеліктер жасалуы мүмкін.
Жолаушыларға вагонда бар орындар санынан артық жол жүру құжаттарын беруге болмайды.
20. Қала маңындағы қатынаста жол жүруге абонемент билеттері сатылады.
Абонемент билеттері барлық қала маңындағы поездарда оларда көрсетілген барлық станциялар арасында жол жүруге құқық береді (1 қосымша).
21. Абонемент билеттері заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға және билет сатып алынатын тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын көрсетіп сатылады.
22. Қала маңындық қатынастың абонемент билеттері 1 айға - 45 рет жол жүру, 2 айға - 90 рет жол жүру, 3 айға - 135 рет жол жүру, 4 айға (маусымдық) - 180 рет жол жүру, 6 айға (жартыжылдық) - 270 рет жол жүру және 1 жылға (жылдық) - 540 рет жол жүруге жарамдылық мерзімімен шығарылады. Барлық түрлі абонементтік билеттерін алдын ала, яғни билеттің жарамдылық мерзімі басталғанға дейін (30 тәулік ерте) сатуға болады. Осындай жағдайда билеттің жарамдылық мерзімі басталатын күнмен белгіленген компостерлік белгі басылады.
23. Тасымалдаушы аптаның барлық күндерінде жол жүру құқығымен айлық абонемент билеттерін (кез келген күннен бастап), сондай-ақ көрсетілген маршрут бойынша билетте көрсетілген аймаққа дейін жұма, сенбі, жексенбі, мереке алдындағы және мереке күндерінде жол жүруге жарамды "демалыс күні" (ұсынушыға) билеттерінің сатуды жүргізеді.
Абонемент билеттерінің құнын Тасымалдаушы белгілейді.
24. Жеке учаскелер шегінде көліктік емес ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік қажеттіліктері бойынша жол жүруі үшін тасымалдаушы белгіленген нысандағы талон билеттерін сатуды жүргізеді.
Талон билетін тасымалдаушы оны беру кезінде толтырады (бірінші және екінші беттер) және әр талонның бет жағына оның жарамдылық мерзімі қойылады.
Кассир әрбір жеке талонды тек талон билеті берілген участок шегінде ғана кезекті жол жүруге талон билеті ұсынылған кезде толтырады.
Талонды толтырғаннан кейін билет кассирі оған компостерлік белгілерді қояды.
Талон билеттері билетте көрсетілген мерзімге және берілген учаскелер шегіне ғана жарамды.
Әрбір талон бір жол жүруге және бір бағытқа ғана (бару немесе қайту) жарамды. Кері қайту кезінде келесі талон ұсынылуы тиіс.
25. Талон билетінің құны учаске қашықтығына қарай және талон билеті берілетін вагон түрі мен поезд санатының тарифі бойынша билеттегі талондардың санына сәйкес есептеледі.
Талон билеті бар тұлғалар жоғары санаттағы вагондар мен поездарда жол жүруі үшін жол жүру жасалатын және талон билеті құқық беретін жағдайларының арасындағы айырымды төлеуі қажет.
Егер талон билеті бойынша жол жүру осы билет беретін құқықпен салыстырғанда төмен санаттағы поезда немесе вагонда жасалынған болса төлемдер қайта есептелмейді және қайтарылмайды.
Әрбір талонның жарамдылық мерзімі билет берілген қашықтыққа қарай белгіленеді:
1-ден 100 км дейінгі қашықтық кезінде - 2 тәулік;
1-ден 200 км дейінгі қашықтық кезінде - 4 тәулік;
1-ден 300 км дейінгі қашықтық кезінде - 5 тәулік;
1-ден 600 км дейінгі қашықтық кезінде - 6 тәулік;
Жол жүру барысында аялдама талонның жарамдылық мерзімі шегінде рұқсат етіледі.
26. Билеттен жыртып алынған талондарды немесе тиісті жазуларынсыз және белгілерінсіз талондарымен билеттер ұсынған тұлғалар билетсіз деп танылады және айыппұл төлеуге міндетті, ал одан басқа бақылау кезінде талон билеттерінде өшірулер мен түзетулері бар анықталған тұлғалар темір жол көлігіндегі құқық сақтау органдарына жіберіледі.
Талон билетінің жарамдылық мерзімі күнтізбелік жылдың шегінде есептеледі.
Осы мерзім ішінде пайдаланбаған талондар өз күшін жоғалтады және олар бойынша ақша қайтарылмайды.
27. Ауысып отырусыз қатынаста келе жатқан жолаушыларға берілген жол жүру құжаттары (билеттері) жолаушы бару пунктіне дейін келе жатқан тікелей қатынастағы поездың немесе вагонның жүру уақытына ғана жарамды.
28. Бір реттік қала маңындағы билетпен, сондай-ақ кері қайту билеттерінің "бару" купондарымен жолға шығу үшін билет кассалары берген күн ішінде жарамды. Қала маңындағы кері қайту билеттері берілген күнін, сондай-ақ жалпы демалыс пен мереке күндерін есептемегенде "кері" купоны бойынша бір тәуліктің ішінде жарамды.
Жолаушылының қала маңындағы билетінің (реттік, кері немесе абонементтік) жарамдылық мерзімі жолшыбай аяқталатын болса, билеттің жарамдылығы жолаушының тағайындау станциясына келгенге дейін жарамды.
29. Айлық, екіайлық, үшайлық, маусымдық (төртайлық), жартыжылдық және жылдық билеттердің жарамдылық мерзімдері билеттерде көрсетіледі және олардың жарамдылық мерзімі күнінен бастап тиісті айы мен жылдың дәл сол санымен аяқтай отырып есептеледі.
30. Станция немесе вокзал бастығы жол жүру құжатының (билетінің) жарамдылық мерзімін мынадай жағдайларда ұзартады (2 қосымшаға сәйкес жол жүру құжатының өзінде ұзарту туралы белгі жасау жолымен):
1) жолаушыға поезда (қала маңындағыдан басқа) орын берілмеген кезде - жолаушыға орын ұсынылатын келесі поезд жөнелгенге дейінгі уақытқа;
2) келісілген поездардың кешігуі кезінде ауысып отыру пункттерінде - жолаушыға жол жүруді жалғастыру мүмкіндігін ұсынғанға дейінгі транзиттік жолаушының кідіру уақытына;
3) жолаушы ауырған кезінде - емдеу мекемесінен анықтама қағазын ұсынған жағдайда ауыру уақытына. Жоғарыда көрсетілген жағдайларда жол жүру құжатында мынадай белгі қойылады: "Жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі ______________ ___ жылғы __ айының __ күнін қоса алғанға дейін ұзартылды" (қолы) (станция (вокзал) мөртабаны);
4) жолаушы жолда 10 тәуліктен артық емес мерзімге аялдағанда;
5) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектер сатып алған жеңілдігі бар билеттер дер кезінде қолданылмаған болса - кез келген мерзімге, бірақ ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.
Жол жүру құжаттарының жарамдылық мерзімін басқа жағдайларда ұзартуға рұқсат етілмейді. Қала маңындағы, оның ішінде абонементтік билеттердің жарамдылық мерзімі ұзартылмайды.
2-Тарау
Тасымалдау құжаттары және оларды ресімдеу тәртібі
31. Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушылардың жол жүруін, багажды, жүк-багажды тасымалдауды ресімдеу жол жүру және тасымалдау құжаттарының бланкілерінде жүзеге асырылады.
32. АБЖ жол жүру құжаты - АБЖ арқылы автоматтандырылған тәсілмен жолаушылардың жол жүруін ресімдеу үшін қолданылады. Жол жүру құжатын толтыру АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен 1 қосымшада көрсетілген нысандағы бланкіде жүргізіледі және республикалық және халықаралық қатынаста жол жүруді ресімдеу кезінде қолданылады.
33. АБЖ қала маңындық поезға жол жүру құжаты - жолаушылардың қала маңындағы қатынаста жол жүруі кезінде қолданылады, АБЖ жүйесі арқылы автоматтандырылған тәсілмен ресімделеді және толтырылуы АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен жүргізіледі (1 қосымша).
34. Жол жүру құжаты 11 код "толық" - жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ барлық қатынаста диспетчерлік терминалдың көмегімен ресімдеу үшін арналған (1 қосымша). Жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.
35. Жол жүру құжаты 12 код "балалар" - жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ халықаралық, мемлекетішілік қатынаста және басқа мемлекеттер құрастырған поездарда диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Балалар жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.
36. Жол жүру құжаты код 21 "жеңілдікті" - жеңілдетілген жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ мемлекетішілік қатынаста 7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың жол жүру құжаттарын диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Жеңілдікті жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.
37. Жол жүру құжаты топтық код 22 және 32 - топтық жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ диспетчерлік терминалдың көмегімен (ДТМ) ресімдеу үшін арналған. Код - 22 мынадай топтардың мемлекетішілік қатынаста балалардың, халықаралық қатынаста жеңілдікті тариф бойынша ересектердің жол жүруі үшін пайдаланады. Код - 32 мемлекетішілік қатынаста жолаушылар тобының жол жүруі үшін пайдаланады.
Топтық жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бланкінің жоғарғы бөлігінде жолаушылар саны көрсетілген тор бар. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.
38. Әскери жол жүру құжаты - ақшасыз әскери жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен, сондай-ақ диспетчерлік терминалдың көмегімен әскери талап ұсынылған кезде ресімдеуге арналған (1 қосымша). Әскери жол жүру құжаты бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: әскери билет, жолаушылардың саны туралы бақылау талоны, әскери билеттің түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.
39. Қала маңындағы қатынас билеті - автоматтандырылмаған тәсілмен қала маңындағы поезда жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін арналған. Қала маңындағы қатынас билеті бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: қала маңындағы қатынас билеті, бақылау талоны мен қала маңындағы қатынас билетінің түбіртегі. Бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен жол жүру құжаты жолаушыға беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігін ішкі ережелерге сәйкес пайдаланады.
40. Абонементтік билеттер - қала маңындағы қатынаста автоматтандырылмаған тәсілмен жол жүруді (жеңілдікті немесе толық) ресімдеу үшін арналған.
Бланк бір парақтағы екі құрамдас бөліктерді қамтиды:
1) бақылау талоны бар абонементтік билет;
2) абонементтік билеттің түбіртегі.
41. Орама билеттер - тарифтік емес станцияларда поезға отырған жолаушылардың жол жүруін ресімдеу үшін тікелей қала маңындық поездардың вагондарында және жергілікті поездардың жалпы вагондарында қолданылады.
42. ЛУ-12 нысанды багаж квитанциясы, ЛУ-12б нысанды жүк-багаж квитанциясы, ЛУ-12п нысанды почта вагонының жол жүрісіне квитанция - автоматтандырылмаған тәсілмен багаж, жүк-багажы мен почта тасымалын ресімдеу үшін арналған (1 қосымша). ЛУ-12, ЛУ-12б, ЛУ-12п нысанды квитанциялардың бланкілері үш парақтан тұрады:
1) багаж, жүк-багаж жол ведомосі, почта вагонының жол жүрісіне жол ведомосі қабылдап-тапсырушы пайдалануға және багаж, жүк-багаж және почтаны алып жүруге арналған;
2) багаж, жүк-багаж квитанциясы және почта вагоны жүрісінің квитанциясы багажды, жүк-багажды және почтаны жөнелтушілерге беріледі;
3) багаж, жүк-багаж квитанцияларының түбіртектері және почта вагоны жүрісінің түбіртегі тасымалдау құжатын ресімдеген темір жолда қалады.
43. АБЖ багажға және жүк-багажға тасымалдау құжаты - барлық қатынастарда багаж, жүк-багаж және почта тасымалын ресімдеу үшін қолданылады. Тасымалдау құжатын ресімдеу АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.
44. ГУ-57 нысанды квитанция - поездарда төлемдерді, әр түрлі алымдарды, айыппұл мен қосымша төлемдерді алу үшін қолданылады. Квитанция квитанциядан, квитанция талонынан және квитанцияның түбіртегінен тұрады. Квитанция оны ресімдеу кезінде төлем енгізушіге беріледі, квитанция мен квитанцияның түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.
45. МД 4-3 квитанциясы жолаушы шаруашылығынан комиссиялық алымды, жалдау ақысын және басқа да түсімдерді қабылдау үшін пайдаланылады. МД 4-3 квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2491 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының "Фискальды жадымен бақылау-кассалық машиналарды қолданусыз қызмет көрсету кезінде халыққа берілетін квитанциялар және қатаң есеп құжаттарының чектеріне теңелген басқа да нысандарды бекіту туралы" 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344
бұйрығымен
бекітілген.
Жолаушы шаруашылығының қосалқы-қосымша қызметі үшін квитанция жолаушының қолына беріледі, жолаушы шаруашылығының қосалқы-қосымша қызметі үшін квитанцияның талоны мен түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады.
46. Төсек-орын жабдықтарын пайдалану үшін төлем алу туралы ВУ-9 квитанциясы - поездардың кез-келген санаттағы вагондарында төсек-орын жабдықтары үшін алымдар алу үшін пайдаланады. Ресімдеу кезінде квитанция жолаушыға беріледі, квитанцияның түбіртегі ішкі ережелерге сәйкес пайдаланылады. ВУ-9 квитанциясының нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрықпен бекітілген.
47. 3, 3А, 3К, 4 нысанды қызметтік билеттер (тұрғылықты жерінен жұмыс орнына жол жүру) қызметтік жол жүрулер үшін, қызметтік билеттен және қызметтік билет түбіртегінен тұрады (1 қосымша). Қызметтік билеттер қызметтік билеттен және қызметтік билеттің түбіртегінен тұрады. Қызметтік билет иесінің қолына беріледі, қызметтік билеттің түбіртегі билет бюросында қалады.
48. ГУ-26п тапсыру тізімі багажды және жүк-багажды поезға қабылдау және поездан тапсыру кезінде қолданылады, және багажды және жүк-багажды қабылдап-тапсырушымен 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылады және жол багаждық ведомостілер мен квитанцияның қосымша құжаты болып табылады.
49. Плацкартаны алу құқығына талон - қызметтік және бір реттік билеттерге беріледі. Талонды толтыру кезінде міндетті түрде темір жол билетінің нөмірі (қызметтік немесе бір реттік) және жол жүрудің маршруты көрсетіледі. Қызметтік және жеке қажеттіліктер бойынша жол жүруді ресімдеу кезінде талон билет кассасында қалады.
50. Жолаушылар тасымалы жолаушыларды отырғызып түсіру үшін ашық барлық темір жол станциялары мен тоқтау пункттері арасында жүргізіледі.
51. Жолаушы жолаушылар поезына отырғызу кезінде тиісті түрде ресімделген жол жүру құжатын және реквизиттері жол жүру құжатында көрсетілген тұлғаны куәландыратын құжатын ұсынады. Жол жүру басталғанға дейін жолаушы жол жүру құжатында көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті.
52. Ұсынылып отырған жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген тегі немесе оның тұлғасын растайтын құжат нөмірі жолаушының тегі мен оның тұлғасын куәландыратын құжаттың нөміріне сәйкес келмеген жағдайда, жолаушы поезға отыруға жіберілмейді. Осындай жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша ақшаның қайтарылуы осы Ережеде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
53. Әр жолаушы жолаушылар вагонында тек бір орынға ғана орналасады. Жолаушының өтініші бойынша және де бос орындар болған кезде демалу мен купе вагондарында жеке купе ұсыныла алады.
Бұндай жағдайда жолаушы жол жүру құнын купеде бар орындардың жалпы санының толық тариф бойынша төлейді.
54. Жолаушы поездың жол жүру маршруты бойынша жолаушылар операцияларына ашық кез келген станцияға дейін кез келген санаттағы вагон мен поезға жол жүру құжатын сатып алады. Жолаушының бару станциясына дейін тура поезд болмаған жағдайда оған басқа станциядан (ауысып отыру пункті) поезда бос орын бар болса екінші жол жүру құжаты ресімделеді.
Жеңілдіктерге құқы бар және ауысып отырумен бара жатқан жолаушыға жол жүруін ресімдеу кезінде алғашқы жөнелту станциясының билет кассирі жеңілдігі бар (ақысыз) жол жүру құжатында осындай жолаушының ауысып отыру пунктін (станциясын) ескере отырып алғашқы станциясынан бастап соңғысына дейін толық маршрут туралы белгі жасайды. Сонымен қатар, жол жүру жолаушылар поездарының ең қысқа бағыты бойынша үш рет ауысып отырудан асырмай ресімделеді. Ауысып отыру пунктінде (станциясында) жеңілдігі бар (ақысыз) жол жүру құжаты әрі қарай жол жүру үшін ауысып отыру пунктіне (станциясына) дейін пайдаланған жеңілдігі бар (ақысыз) жол жүру құжатына ауыстырылып ресімделеді.
56. Әр жолаушыда өзімен бірге жол жүру құжаты (оның ішінде абонементтік) болуы, оны жол жүру уақытының барысында сақтауға және бақылау жасап отырған тұлғалардың талабы бойынша көрсетуге (жол жүру құжаты вагонның жолсерігінде сақталатын жағдайды санамағанда) және осы Ережеде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
58. Вагонның жолсерігі жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжаттарын және жол жүру құжаттарында көрсетілген деректердің жолаушының тұлғасын куәландыратын құжатта көрсетілген деректермен (аты-жөні мен құжат нөмірі) салыстырып тексеруге, сондай-ақ қол жүгі салмағының белгіленген нормаға сәйкес келуін тексеруге міндетті.
Жолсерік вагонға отырғызу кезінде оларды шығарып салушыларда жол жүру құжаттарын ұмытып кетпеуі жайлы жолаушылардың есіне салуға тиіс, сондай-ақ жол жүру барысында билетсіз жолаушылардың жол жүруін және белгіленген нормадан (мөлшерден) артық қол жүгінің тасымалдауын болдырмауға іс-шаралар қолданады.
Жөнелту пунктерінен басқа барлық станцияларда вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжаттары бар жолаушылар кез келген вагонға жіберіледі. Жолсеріктер жолаушыларға жол жүру құжаттары сатып алынған вагондарға өту кезінде көмек көрсетуі тиіс.
59. Барлық поездар (қала маңындағы қатынас поездарынан басқа) мен вагондарда (қатты жалпыдан басқа) көп қабатты жол жүру құжаттарынан (слип), жылдық қызметтік және талондық билеттерден басқа барлық нысанды жол жүру құжаттары осы поезда жол жүрудің аяғына дейін олардың сақталуына жауапты вагон жолсерігінде сақталады.
60. Вагон жолсерігі жол жүру құжаттарын өтеуді (көп қабатты жол жүру құжаттарынан "слиптерінен" басқа) мынадай тәртіппен жүргізеді: жол жүру құжатының бланкін ортасынан бүктегеннен кейін бүктеген жерінің 1 см көп емес жоғарғы бұрышы жыртылып алынады.
61. Жолсерік жолаушылардан сақтауға алған жол жүру құжаттарының жоғалғаны анықталған жағдайда дереу акт жасалады, оған жолаушылар, вагонның жолсерігі, поезд бастығы (механик-бригадир) қол қояды және станцияның мөртабанымен куәландырылады. Осы актінің негізінде аялдама ұзақтығы 10 мин болатын жақын арадағы станция жаңа жол жүру құжаттарын осы құжаттардың сыртына "Жоғалғанның орнына" деген белгі жасаумен бағалық торсыз қол технологиясы бойынша ресімдей отырып, жолаушының соңғы бару станциясына дейін береді. Жолаушының әрі қарай жол жүруін поезд бастығы (механик-бригадир) немесе вагонның жолсерігі жолаушының қатысуынсыз билет кассаларында ресімдейді.
Жолаушының әрі қарай жол жүруін поезд бастығы (механик-бригадир) немесе вагонның жолсерігі жолаушының қатысуынсыз билет кассаларында ресімдейді.
Жоғалған жол жүру құжаттарына жасалған актілерде поездың нөмірі, құрамның тіркелу орыны көрсетіледі. Кері қайтуға ақылы жол жүру құжаттарын жоғалтқанда жоғалтып алынған жол жүру құжатына сәйкес поезд бен вагонның санаты көрсетіледі.
Егер ақысыз бір реттік билеттер жоғалса актіде билеттің нысаны, билет бойынша жол жүріп келе жатқан тұлғалардың саны, билет иесінің қызметтік куәлікпен расталған жұмыс орны көрсетіледі.
62. Жолаушы жолаушылар поезында (темір жол халықаралық және республикалық қатынаста) жол жүргенде жол жүру құжатында көрсетілген вагондағы орынға орналасуы тиіс.
Егер жол жүру құжаты аралық станцияда сатып алынған болса, вагондағы орынның нөмірі көрсетілмейді.
Жолаушыларға бос және жол барысында босаған орындарға тек вагон жолсеріктері рұқсат берген жағдайда ғана орналасуға болады. Бұл ретте төменгі орындар ең алдымен балалары бар әйелдерге, мүгедектерге, ауру және егде жолаушыларға беріледі.
63. Касса жолаушыға жол жүру құжаттарын дұрыс ресімдемеген немесе оған вагонда бос орынсыз жол жүру құжатын берген, бір орынға екі жол жүру құжатын сатқан жағдайда, поезд бастығы (механик-бригадир) және вагон жолсерігі жолаушыны вагонға жібереді және вокзал қызметкерлерімен бірлесіп оған поезда орын ұсыну және дұрыс ресімделмеген жол жүру құжаттарын түзету үшін шаралар қабылдайды.
Егер жол жүру құжаттарының (билеттерінің) (оның ішінде орынсыз немесе бір орынға бірнеше жол жүру құжаттарын сату) дұрыс ресімделмеуі поезда анықталған болса, онда поезд бастығы (механик-бригадир) екі данада акт құрады.
64. Жолаушылар орындарды тәуліктің кез келген уақытында пайдалана алады. Жоғарғы сөрелерді көтеру мен түсіруді жолаушылардың өтініші бойынша вагон жолсеріктері орындайды.
Жолаушыға жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі аяқталғаны туралы вагонның жолсерігі немесе поездың бақылаушы-ревизоры ескертеді.
Поезда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жол жүру құжатын ұсынған жолаушы билетсіз деп есептеледі.
65. Вагон жолсеріктері жолаушыларға поездың тағайындалған станциясына жақындап қалғаны туралы кемінде 30 минут қалғанда ескертуге міндетті.
Жолаушы жол жүру құжатында көрсетілген тағайындалған станциясынан өтіп кеткен жағдайда, поезд бастығы (механик-бригадир), вагон жолсерігі және жолаушы қол қоя отырып акт жасалады. Актіде поезды құрастыру темір жол көлігі ұйымының мөртабаны болуға тиісті. Актіде жолаушының тегі, жол жүру құжатының нөмірі, поездың, вагонның нөмірі, поездың жол жүру маршруты, жолаушының нақты түсу станциясы көрсетіледі. Осы акті жолаушыға тағайындалған станциясына дейін ақысыз қайтуға құқық береді.
66. Поездан қалып қойған жолаушы бұл туралы станция бастығына (немесе осыған уәкілетті тұлғаға) мәлімдеу тиіс.
Егер поездан қалып қойған жолаушының қол жүгі немесе жол жүру құжаты вагонда қалып қойса, вокзал бастығы бірден поездың жол жүру барысы бойынша жақын арадағы вокзал бастығына қалып қойған қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіру туралы жеделхатпен хабарлайды. Вокзал бастығы көрсетілген хабарландыруды алғаннан кейін поезд бастығымен (бригадир-механигімен) бірлесіп қалып қойған жолаушының қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіруге және олардың сақталуына шаралар қабылдайды. Жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадирі) қалып қойған қол жүгі орындарының атауы мен санын немесе жол жүру құжатын көрсетумен оларды акті бойынша станцияға тапсырады. Актіге поезд бастығы (механик-бригадир), вагонның жолсерігі мен екі жолаушы қол қояды. Актіде поезды құрастыру темір жол көлігі ұйымының мөртабаны болуы тиіс.
Вокзал бастығы жолаушы отырған станцияға поездан қол жүгін немесе жол жүру құжатын түсіргені туралы хабарлайды. Осы хабарландыру негізінде жолаушыға егер оның жол жүру құжаты вагонда қалып қойса, қол жүгі немесе жол жүру құжаты түсірілген станцияға дейін жалпы вагонға немесе плацкарт вагонына орынсыз жаңа жол жүру құжаты беріледі. Қалып қойған жолаушыға қол жүгін немесе жол жүру құжатын түсіру туралы актінің негізінде жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі келесі поезға қайта жаңғыртылады.
Қалып қойған жолаушыда жол жүру құжаты болған кезде оған қол жүгін түсіру туралы хабарландырудың негізінде қол жүгі түсірілген станцияға дейін жол жүруге және қол жүгін түсіру станциясынан актінің негізінде бару станциясына дейін жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі қайта жаңғыртылады.
Қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіру туралы хабарлама үшін жолаушыдан ақы алынбайды.
67. Жолаушы өзінің жол жүру құжатын (билет) сатып алған поездан ерте жөнелетін жолаушы поезымен, егер онда бос орындар бар болса жүріп кетуге құқылы.
Ерте кететін поезға жол жүру құжаттары, егер осы поездың жөнелуіне дейін 24 сағаттан аз уақыт қалған жағдайда қайта ресімделеді және мынадай жағдайларда тегін өзгертусіз рұқсат етіледі:
1) поездың нөмірін бұрын кететінге ауыстырғанда;
2) поездың санатын жедел немесе жолаушыға ауыстырғанда;
3) вагон түрін жоғарғыға ауыстырғанда;
4) бірден поезд нөмірі (бұрын кететінге) мен вагон түрін ауыстырғанда;
5) бір түрлі вагондағы орындарды басқа вагондағы орындарға ауыстырғанда;
6) бір вагондағы орынның нөмірін басқаға ауыстырғанда.
68. Жолаушының жол жүру құжаттары поезд жөнелгеннен кейін шығарып салушыларда қалып қойған немесе жолаушы жол жүру барысында жол жүру құжатын (билетін) жоғалтып алған немесе бүлінген (жыртылған, өртелген, суболған) болса, бұндай жолаушы билетсіз деп есептеледі және жол жүру құжаттары қайта берілмейді және оларға төленген төлемдер қайтарылмайды.
Жол жүру құны төленген жағдайда, екінші рет енгізілген төлемдерді жолаушының жазбаша өтініші бойынша оған пайдаланбаған жол жүру құжатын және жол жүру үшін төлемдер өндірілген әр түрлі алымдар квитанциясын қоса тіркей отырып, шағымдану тәртібімен тасымалдаушы қайтара алады.
69. Қала маңындағы қатынаста:
1) бір бағытта ("бару") және кері қайту ("бару" мен "қайту") бір реттік жол жүрулер үшін жол жүру құжаттарының;
2) жеңілдігі бар атаулы абонементтік билеттердің және барлық азаматтарға "ұсынушыға" және "демалыс күні" атаусыз абонементтік билеттердің;
3) мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға атаулы абонементтік билеттердің сатылуы жүргізіледі. Абонементтік билеттер осы Ережеде белгіленген тәртіппен сатылады.
70. Жолаушылар поезының вагонында жол жүру кезінде:
1) барлық жол жүрудің барысында жол жүру құжатынсыз жүріп өтуге;
2) вагондардың ілме басқыштары мен төбесінде жүруге, жүріп келе жатқан поезға отырғызуға және одан түсіруге;
3) вагонды бүлдіретін немесе ластайтын, немесе басқа жолаушылардың нәрсесін былғайтын қол жүгін, сондай-ақ сасық, тез қабынғыш, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды тасымалдауға.
Қарудың барлық түрлері поезға отыру кезінде вагонның жолсерігіне тапсырылады, ол тағайындау станциясына келгеннен кейін қайта берілуге жатады.
4) поезды қажетсіз тоқтату кранмен тоқтатуға;
5) тамбурлар мен өтпелі алаңдарда жол жүруге;
6) белгіленбеген орындарда темекі шегуге;
7) вагондардың әйнектері мен есіктерінен қоқыс пен басқа да заттарды лақтыруға тыйым салынады.
71. Вагондардың ішкі жабдығы заттары зақымданған немесе жоғалған жағдайда зақымдануды келтірген тұлғаның, поезд бастығы мен вагон жолсерігінің қатысуымен акт құрылады. Актіге поездың бастығы (механик-бригадирі), вагонның жолсерігі, вагонға зақымдануды келтірген тұлға қолдарын қояды да ішкі нұсқаулықтарда белгіленген тәртіпте іс-шаралар қолдану үшін жол жүру барысында - станция жөніндегі кезекшіге; станцияға келген кезде - станцияның бастығына тапсырылады.
4-Тарау
Жолаушылар вагонының, оның ішінде жайлылық
деңгейі бойынша санаты
72. Отыру үшін қатты орындары бар жалпы вагон (4-класс) - ортақ электр жарығымен, ауаны желдету жүйесімен, ортақ радионүктемен, дәретханалармен (дәретхана қағазы мен сабынымен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, терезеге арналған перделермен, шай жабдықтарымен және ыдыс-аяқтармен жабдықталған вагон.
73. Жату үшін қатты орындары бар плацкарт вагоны (3-класс) - ортақ электр жарығымен, ауаны желдету жүйесімен, ортақ радионүктемен, дәретханалармен (дәретхана қағазы мен сабынымен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, терезеге арналған перделермен, шай жабдықтарымен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтарының кешенімен (жастық, көрпе, мартац тысымен), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 1 жастықтың тысы, 1 орамал) жабдықталған вагон.
74. Жату үшін қатты орындары бар 4-орынды купелі вагон (2-класс) - ортақ және жеке электр жарығымен, ауаны желдету және ауаны баптау жүйесімен, дәретханалармен (дәретхана қағазы мен сабынымен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жеке радионүктемен, коридорлар мен купеде пердеше және перделермен, кілемше мен кілем төсеніштерімен, шай жабдықтарымен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтарының кешенімен (жастық, көрпе, мартац тысымен), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 1 жастықтың тысы, 1 вафельді не түкті орамал) және әрбір жатын орынға сыртқы киім үшін ілгіш-иықшалармен жабдықталған вагон.
75. Жұмсақ дивандардың төмен не ярустық орналасуымен жатуға арналған орындары бар 2-орынды купелі және отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 4-орынды купелі вагон (1-класс) - ортақ және жеке электр жарығымен, ауаны желдету мен ауаны баптау жүйесімен, дәретханалармен (дәретхана қағазы мен сабынымен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жеке радионүктемен, коридорлар мен купеде пердеше және перделермен, кілемше мен кілем төсеніштерімен, шай жабдықтарымен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтарының кешенімен (жастық, көрпе, мартац тысымен), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 1 жастықтың тысы, 1 вафельді, 1 зығыр не түкті орамал) және әрбір орынға сыртқы киім үшін ілгіш-иықшалармен жабдықталған вагон.
76. Жұмсақ дивандардың төмен орналасуымен, орналасуын реттейтін құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2-орынды купелі вагон (бизнес класс) - ортақ және жеке электр жарығымен, ауаны желдету мен ауаны баптау жүйесімен, дәретханалармен (дәретхана қағазы мен сабынымен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жеке радионүктемен, купе бейне және теле- аппаратурамен, жолсерікті шақырту нүктесімен, душ кабинкасы мен тұрмыстық бұрышымен (екі купеге бір кабина), коридорлар мен купеде пердеше және перделермен, кілемше мен кілем төсеніштерімен, шай жабдықтарымен және ыдыс-аяқтармен, түсі мен суреті бойынша айырмашылықсыз алып-салмалы мүкәммал мен мүлік кешенімен, төсек-орын жабдықтарының кешенімен (2 жастық, көрпе, мартац тысымен), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 2 жастықтың тысы, 1 вафельді, 1 зығыр не түкті орамал) және әрбір орынға сыртқы киім үшін екі ілгіш-иықшалармен жабдықталған вагон.
5-Тарау
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережесі
77. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті құжаттары бар болған кезде балаға күтім жасауды және оның құқықтары мен мүддесін қорғауды жүзеге асыратын ата-анасы, бала (қыз) асырап алушы, қамқоршы, патронат тәрбиешісі немесе оларды ауыстыратын басқа тұлға болып табылатын жолаушы:
1) өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы алып, егер бала жеке орын алатын болмаса, ақысыз жол жүруге құқығы бар.
Жеке орынды алу үшін елу проценттік жеңілдікпен тиісті жол жүру құжаты сатып алынады.
Жолаушы өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баладан артық, сондай-ақ 7 жастан 15 жасқа дейінгі баланы алып жүргенде балалар жол жүру құжаты сатып алынады.
2) өзімен бірге жол жүрудің толық құнынан елу проценттік жеңілдікпен жол жүру ақысын төлей отырып 7 (жеті) жастан 15 (он бес) жасқа дейінгі баланы алып жүруге құқығы бар.
78. 15 жастан асқан балалар үшін толық жол жүру құжаты ересектерге ресімделгендей ресімделеді.
Жолаушымен бірге 15 жасқа дейінгі бала жол жүретін болса, кассирге және вагонның жолсерігіне баланың жасын куәландыратын құжатты ұсыну тиіс.
Жол жүруді ресімдеу кезінде баланың жасы жол жүрудің басталу күніне қарай анықталады.
Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде - билет кассасына, жолаушылар поезына отыру кезінде - вагонның жолсерігіне баланы алып жүруге құқық беретін құжатты ұсынады.
79. Жолаушы алыс және жергілікті қатынастағы поездарда (вагондарда) жол жүру кезінде жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін көп дегенде 10 (он) тәулікке ұзартып, жол жүру барысында аялдама жасауға құқылы.
Бұл жағдайда жолаушы өзінің жол жүру құжатын поездың станцияға келген мезетінен бастап 4 сағат ішінде вокзал бастығына немесе вокзал бойынша кезекшіге осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес жол жүру құжатында аялдама жасағаны туралы белгі қою үшін ұсынуғы тиіс.
Аялдама туралы белгісі бар жол жүру құжаты (билет) бару станциясына дейін жол жүруді жалғастыру үшін, егер қалған жарамдылық мерзімінде осы станцияға дейін жетуге болатын болса, ресімделіне алады.
Жолаушы үзілген жол жүруін қайта жаңғыртқысы келсе, АБЖ-мен жабдықталған тоқтау станциясында плацкартаның құнын төлейді. Бұл ретте жол жүру құжатының (билеттің) екінші жағына жаңадан компостердің белгісі қойылады.
Жол жүру құжатында (билетінде) тоқтағаннан кейін компостердің жаңа белгісі болмаған жағдайда, жолаушы билетсіз деп есептеледі.
Жол барысында жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін ұзартып, аялдама жасаған жолаушы өзінің жолын тағы да үзуге құқықсыз.
Қала маңындағы билет бойынша жол жүруді үзуге, егер бұл поезд қозғалысының жағдайынан туындамаса, жол берілмейді.
7-Тарау
Жол жүру талаптарының өзгеруі
80. Жолаушыны жол үстінде осы поезда өзінің жүру талаптарын өзгертуге және жоғары санаттағы вагонға, егер онда бос орын бар болатын болса, ауысуға құқығы бар. Бұл туралы жолаушы поезд бастығына (механик-бригадирге) вагонның жолсерігі арқылы хабарлайды.
81. Жолаушы өз қалауы бойынша жоғары санаттағы вагонға ауысқанына ақы төлеуі тиіс және поезд жолы бойындағы станциялардың біреуінің билет кассасында аялдама уақыты бойынша оны жолаушының қатысуынсыз жасауға мүмкіндік болатын болса немесе тікелей поезд бастығында (механик-бригадирінде) ресімделуі тиіс.
82. Жолаушы жол жүру барысында өз қалауы бойынша бағасы арзан санаттағы вагонға ауысқан кезінде қандай-да болмасын қайта есептеулер және төлемдерді қайтару жүргізілмейді.
83. Жолаушыға сатып алған жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес вагонда орын ұсынылмаса, поезд бастығы (механик-бригадирі) онымен келісе отырып, оған басқа вагоннан, оның ішінде қосымша ақы өндірусіз жоғары санаттағы вагоннан орын ұсынады. Егер жолаушыға өзі сатып алған жол жүру құжатынан бағасы арзан орын ұсынылатын болса, оған осы Ереженің 63-тармағының 1-тармақшасында белгіленген тәптіппен жол жүру құнының айырмасы қайтарылады. Жолаушы оған ұсынылған орын ауыстырудан бас тартқан жағдайда, жол жүрудің құны қайтарылып беріледі.
Дәл осы поезда орын ұсынуға мүмкіншілік болмаған жағдайда, Тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша оған басқа поездан тиісті орын ұсынады, бұл ретте жол жүру құжаты қосымша төлем алынбай қайта ресімделеді.
84. Жол жүру барысында немесе құрастыру мен айналым пунктінде техникалық ақаулық бойынша вагон ағытылған жағдайда станция (вокзал) бастығы ағытылғанның орнына басқа вагонды қосуға және оған жолаушыларды өткізуге шаралар қолданады, ал егер де басқа вагонды қосуға мүмкіншілік болмаса - жолаушыларды осы вагонның бос орындарына, оның ішінде жоғарырақ санаттағы вагондардағы орындарға да орналастырады.
Жоғарырақ санаттағы вагондарға ауысу кезінде айқын басымдылық 52-тармаққа сәйкес балалы жолаушыларға, ауру адамдарға, жасы үлкен адамдарға, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына беріледі. Жоғары санаттағы вагонға ауысу кезінде жолаушылардан қосымша төлем алынбайды, ал жолаушылардың келісімімен бағасы арзан вагонға ауысу кезінде - жол жүру құнының айырмасы қайтарылады.
Сол поезға орналастырылмаған жолаушылар уақыт бойынша жақын арада кететін поезбен қайта ресімделген жол жүру құжаттары бойынша жөнелтіледі.
Тасымалдаушының кінәсы бойынша жолаушылардың вагон немесе поезға мәжбүрлі ауысуы әр жағдайда поезд бастығы (механик-бригадир) мен осы ауысу болған вокзал қызметкерінің қолы қойылып, вокзалдың (станцияның) мөртабанымен бекітіледі. Аталған акті поездың сапары аяқталғанда құрамды құрастыратын жолсеріктер резервіне тапсырылады.
85. Вагонды ағыту кезінде төсек-орын жабдықтарын пайдалануға ақы төлеген жолаушы ағытылған вагонның жолсерігі мен поезд бастығы (механик-бригадирмен) құрастырған және станцияның мөртабанымен бекітілген акті негізінде оларды қайтадан ақысыз алады.
86. Жолаушыларды ағытылған вагоннан басқа вагонға ауыстыру кезінде жолаушылардың қол жүгін алып бару және қажет болған жағдайларда алып бару кезінде көмек көрсету Тасымалдаушы қызметкерлерінің міндеті болып табылады және бұл ретте оны поезд бастығы (механик-бригадир) станция бастығымен бірлесіп асқан сақтық пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шараларын қабылдай отырып ұйымдастырады.
8-Тарау
Жолаушылар поездары мен вокзалдарда жедел медициналық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, жолаушыларға көрсетілетін міндетті қызметтердің тізбесі
87. Барлық санаттағы жолаушылар поездарындағы жату орындары бар, 4-орынды купесі және 2-орынды купесі бар вагондардың жолсеріктері жолаушыларға, олардың сұрауы бойынша күніне кемінде дегенде үш рет белгіленген тариф бойынша шай беріп отырады.
Алыс және жергілікті поездардың жолаушы вагондары суытылған қайнаған сумен және медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек жиынтығымен жабдықталуы тиіс.
88. Алыс қатынастағы барлық жолаушылар поездарында ойындар (домино, шахмат, шашки) болуы тиіс, оларды вагон жолсеріктері жолаушыларға ақысыз береді.
89. Алыс және жергілікті қатынастағы жолаушылар поездарында темекі шегуге қазандық (жұмыстық емес) емес жағындағы вагон тамбурында рұқсат етіледі.
Қала маңындық поездарда, оның ішінде тамбурларда, темекі шегуге тыйым салынады.
90. Жолаушыларға жергілікті және алыс қатынасты поездардың (вагондардың) жату орындары бар вагондарында жол жүру кезінде уәкілетті орган белгілейтін жеке ақыға төсек-орын жабдығының кешендері беріледі.
Жолаушының бару станциясына келуіне 30 минут қалғанда жолсерік төсек-орынды жинап алады.
91. "Аса жайлы" вагондарда жол жүру құнына қосылатын жолаушыларға ұсынылатын қызметтер кешенін ұсыну тәртібін тасымалдаушы дербес бекітеді.
Жолаушыларға тамақтану ұсынуды әрбір жолаушы поезы (вагоны) үшін тасымалдаушы жолаушының жолда болу ұзақтығын ескере отырып, жолаушыларға қызмет көрсетудің технологиясына сәйкес жүзеге асырады.
Аса жайлы вагондарда жол жүрудің құнына қосылған қосымша қызметтер көрсетіледі.
92. Медициналық жәрдемді қажет ететін жолаушыға вокзалдарда (станцияларда) орналасқан емдеу-медициналық ұйымдардың қызметкерлері жедел медициналық жәрдем көрсетеді. Емдеу-медициналық ұйымдардың (пункттердің) жұмыс тәртібі ішкі нұсқаулармен реттеледі.
Жолаушы жол жүру барысында өзін нашар сезінген жағдайда (ауырған жағдайда) және егер әрі қарай жол жүруі мүмкін болмаса, жедел медициналық жәрдем көрсету үшін емдеу-медициналық ұйымы (пункт) бар жақын арадағы станцияда поездан түсіріледі.
9-Тарау
Тасымалдаудан бас тарту және тасымалдау шартын бұзу
93. Тасымалдаушы тасымалдаудан бас тартуға және жолаушыны поездан түсіріп тастауға құқылы, егер:
1) жолаушы поезға отыру кезінде немесе жол жүру барысында қоғамдық тәртіпті және басқа жолаушылардың тыныштығын бұзатындай мас күйде болса. Поезға отырғызудан бас тартуды немесе түсіруді вагон жолсерігі, ал көнбеген жағдайда - ішкі істер органдарының қызметкерлері жүргізеді.
Бұл ретте жол жүру (өтілмеген қашықтық) және багаж тасымалдау ақысы қайтарылмайды.
2) жолаушы басқалардың мазасын алатындай аурулы күйде болып, егер оны жеке орналастыруға мүмкіндік жоқ болса.
Бұл жағдайда жолаушыны міндетті түрде дәрігер-медициналық персоналдың қатысуымен ғана және тек тиісті емдеу-медициналық ұйымдары бар станцияда түсіреді. Сонымен қатар, жолаушыға өтілмеген қашықтық үшін қайтару тәртібіне сәйкес төлемдер қайтарылады және тоқтау мен жол жүру құжаттарының (билеттерінің) жарамдылық мерзімін ұзарту туралы белгі соғылады.
10-Тарау
Пайдаланбаған жол жүру құжаттары (билеттері) үшін төлемдерді қайтару тәртібі
94. Жол жүрудің құны билеттің құнынан және плацкартаның құнынан құрылады.
Жолаушы жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруға және пайдаланбаған жол жүру құжаттары үшін және болмаған багаж тасымалы үшін қайтару төлемдерін алуға мынадай жағдайларда құқылы:
1) жолаушыға поезда (қала маңындық поездардан басқа) ол сатып алған жол жүру құжатына сәйкес орын берілмеген жағдайда.
Бұл жағдайда (жолаушы ұсынылған орын ауысудан бас тартқан кезде) жолаушының талабы бойынша жөнелту станциясы акт құрады, оған поездың бастығы өз қолын қояды. Актінің негізінде жолаушыға жол жүру құжаттары үшін және болмаған багаж тасымалы үшін төлемдер, қайтару операциясы үшін алым алынбай актінің екінші жағына қолын қойғызып, дереу толығымен қайтарылады.
Дәл сол поезда төмен санаттағы вагонда орын берілген жағдайда станция жол жүру үшін алынған сома мен осы Ережеде белгіленген тәртіппен орын берілген вагонның нақты құнының арасындағы айырманы жолаушыға қайтарады;
2) темір жол станциясының кассасына пайдаланбаған жол жүру құжаттарын қайтарғанда:
поездың жөнелуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүрудің толық құны қайтып алуға;
поезд жөнелгенге дейін кемінде 24 сағатта, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей - билеттің құнын және плацкартаның 50% құнын қайтып алуға;
поезд жөнелгенге дейін кемінде 6 сағатта - билеттің құнын алуға, бұл ретте плацкартаның құны ұстап қалынады.
Пайдаланбаған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) ақшасы жолаушының ауызша арызының негізінде вокзал бастығының немесе кезекші өкімгердің өкімі бойынша қолхатпен қайтарылады. Көрсетілген жол жүру құжаттарын (билеттерін) вокзал бастығы немесе вокзал бойынша кезекші сызып тастау арқылы жояды, оларға тиісті белгі қойылады.
АБЖ терминалдарымен жабдықталған билет кассаларында сатып алынған АБЖ арқылы ресімделген пайдаланбаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) (топтықтан басқа) қайтарған кезде, вокзал бойынша кезекшінің белгісі талап етілмейді.
Жолаушы АБЖ арқылы бірнеше адамға (9 артық емес) ресімделген жол жүру құжатын орындарды ішінара қайтара алады. Бұл ретте жолаушыға адамның қажетті санына қарай жаңа жол жүру құжаты беріледі. Төлемдер жалпы тәртіпте төленеді.
Топтасқан тасымалдар бойынша (10 адам және одан көп) ақшаның қайтарылуы талап-қуыным тәртібімен қайтарылады.
Топтасқан өтініш (10 және одан көп) бойынша балалар мен оқушылар үшін қолма-қол есеппен алынған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) төлемдері топ басшысының оны куәландыратын құжаттың нөмірі және мекен-жайы көрсетілген өтініші бойынша қайтарылады.
Бір реттік және әскери билеттерге берілген үстеме ақы квитанциялары бойынша ақшаны қайтару туралы талаптарды, квитанциялардан басқа, және қосымша төлем жүргізілген билеттерді ұсынуы бойынша темір жол көлігінің ұйымдары қарайды.
АБЖ арқылы ресімделген және жүйенің терминалдарымен жабдықталған билет кассасына қайтарылатын билеттердің барлық түрлерінің үстеме ақы квитанциялары бойынша ақшаны төлеу жолаушымен оған берілген билетті тапсырусыз станцияның (вокзалдың) кассасында жүргізіледі.
3) 2 және одан артық компостер белгісі қойылған немесе олардың жарамдылық мерзімінің ұзартылуын тоқтату туралы мөртабаны бар жол жүру құжаттары бойынша төлемдерді қайтару кезінде;
4) жолаушының ауру жай-күйіне қарай поездан шығуы кезінде.
Бұл жағдайда, жолаушы жол жүруді тоқтатқан станция (вокзал) 2 данада акт құруы міндетті. Актіде жол жүру құжатының (билеттің), поездың, вагонның нөмірі, күні және жолаушы жол жүруден қалған станцияның аты көрсетіледі. Осы актінің негізінде жолаушыға жүрмеген жол үшін жол жүрудің құны (плацкартаның құнынан басқа) қайтарылады. Жолаушымен есептесу мынадай тәртіпте жүргізіледі: жалпы жол жүру құнынан жүрген ара қашықтығының құны шегеріледі. Алынған айырмада жол жүрудің тоқтатылған станциясынан баратын станцисының плацкарта құны ұстап қалынады. Жүргізілген операцияға алым алынбайды.
Жолаушы жол жүруді одан әрі жалғастыруды қалаған жағдайда, билет кассирі есепке жаңадан тегін беруге ақтау құжаты ретінде актіні және қайтарылған жол жүру құжатын (билетін) қоса тіркей отырып, жолаушыға бару жеріне дейін жол жүру құжаттарының (билеттерінің) жарамдылық мерзімін ұзартады не жаңадан жазып береді. Сондай-ақ, бұндай жолаушы бірінші жөнелтілетін поезбен аттандырылады;
5) Тасымалдаушыға байланыссыз жолаушының жол жүруді жалғастырудан бас тарту тудырған поездар қозғалуының үзілісі жағдайы.
Жолаушы поездар қозғалысының үзілісіне кезіккен станция (вокзал) жолаушының жазбаша өтініші бойынша жүрмеген жолдың құнын қайтарады;
6) куәландырудың тиісті құжаттары бар ауыру не жазатайым оқиғаның салдарынан жол жүру құжаты (билеті) сатып алынған поезд жөнелтілгенінен кейін 3 тәулік ішінде поезға (қала маңындықтан басқа) кешіккен кезде. Жолаушы плацкартаның құнын қосымша төлеген жағдайда, басқа поезға жол жүру құжатының (билетінің) жарамдылығын жаңғырта немесе плацкартаның құны ұстап қалынып, жол жүрудің құнын қайтарып ала алады.
Поезға (қала маңындықтан басқа) ол жөнелтілгеннен кейін 3 сағат ішінде басқа да жағдайлармен кешіккен кезде жолаушы плацкартаның құнын қосымша төлеп, жол жүру құжатының (билетінің) жарамдылығын жаңғырта немесе плацкартаның құны ұстап қалынып, жол жүрудің құнын қайтарып ала алады;
7) жол жүру барысында жолаушының тілегі бойынша жол жүруді тоқтатқан кезінде. Жолаушы жүрудің құнын, жүрмеген ара қашықтығының жүрмеген плацкартаның құнынан басқа, қайтып ала алады.
Жол жүру тоқтатылған уақытты вокзал бойынша кезекші "Жол жүру құжатының күші тоқтатылды" деген белгімен, уақытын, күнін және вокзал мөртабанымен куәландырады.
Жол жүру тоқтатылған кезде ақшаны қайтару жолаушының ауызша өтініші бойынша жүргізіледі.
Ұсынылған жол жүру құжаттарына қатысты жөнелудің жолайғы немесе кері шығу станциялары болып табылмайтын станцияларда жол жүру құжаттарының күші жойылғаны туралы белгілер қоюға тыйым салынады;
8) заңды және жеке тұлғалар өтініштер бойынша сатып алған жол жүру құжаттарды билет кассасына поездың жөнелуіне кемінде қалған 5 (бес) тәулікке дейін бірақ 3 тәуліктен кешіктермей қайтарған кезде, плацкарта құнының 50% ұсталып қалады, ал жол жүру құжаттарын (билеттерді) (оның ішінде қайта шығуға) поездың жөнелуіне дейінгі 3 тәуліктен кешіктірсе, плацкартаның толық құны ұсталып қалады.
95. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару мерзімдеріне қарамастан, бірақ поезд жөнелтілгенге дейін, жол жүру құнынан сомаларды ұстап қалу жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген поезд тоқтатылған немесе жолаушылардың жол жүру пункттінен оның жөнелтуін бір сағаттан аса кідіртілген кезде, жолаушылардың жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген орындар оларға берілмегені үшін және басқа орындарды пайдалануға келіспегенде болмай қалған жол жүру кезінде жүргізілмейді. Осы жағдайда жол жүрудің құны толығымен қайтарылады. Қайтару операциясы үшін төлем алынбайды.
Тасымалдаушы жолаушыға пайдаланбаған жол жүру құжаттарының құнын, жол жүру құжаттарында оларды станциялардың немесе вокзалдардың өтеген уақыты (күні, сағаты) және пайдаланбаған орындарды тапсырғаны туралы белгілері бар болған кезде қайтарады.
96. Тасымалдаушының кінәсі бойынша келісілген поездар кешіккен жағдайда, жолаушыға басқа станциядан ресімделіп берілген жол жүру құжаты (билеті) өзінің күшін сақтайды және осы құжатта (билетте) көрсетілген тағайындалған станциясына дейін баратын жуық поезға қайта ресімделуге жатады.
Тасымалдаушының кінәсі бойынша келісілген поездар кешіккен жағдайға байланысты жолаушы жол жүруден бас тартқанда жол жүрудің құны мен алымдар толық қайтарылады. Бұл ретте қайтару операциясы үшін алым алынбайды.
97. Жолаушы қаламаңындық поездың кідіруіне байланысты алысқа қатынайтын немесе жергілікті поезға кешіккен жағдайда ол туралы жол жүру құжатында (билетінде) қаламаңындық поездың кешіккені туралы расталған белгі болса, жол жүру құжаттының күші сақталады және жуық поезға қайта ресімделуге жатады. Егер жолаушы жол жүруден бас тартса, онда жол жүру құны және алымдар толығымен қайтарылады. Жол жүру құжаттарын қайтарып беру операциясы үшін алым алынбайды.
АБЖ арқылы берілген жол жүру құжатын (билетін) бір реттік "тегін билетке" ауыстыруға рұқсат етіледі. Жаңа жол жүруді ресімдеу үшін "тегін билеттің" жол жүру құжаттың (билеттің) иесі поезд жөнелгенге дейін билет кассасына бұрын сатып алған жол жүру құжатын (билетін) қайтаруға міндетті. АБЖ арқылы қайтару операциясынан кейін кассир жол жүру құжатының (билетінің) иесіне "компостер алынды, күні, сағаты" деген белгілері бар "тегін билетті" және жаңа жол жүруді ресімдеуге құқық беретін арнайы қайтару бланкі береді.
Топтық жол жүру құжаты (билеті) бойынша топтың толық емес саны баратын болса, онда оның басшысы поездың жөнелуіне дейін станция кезекшісіне бұл жағдай туралы белгілеу үшін топтық жол жүру құжатын көрсетуге міндетті.
Жол жүру барысында (вокзалдар мен поездарда) жолаушылардың жол жүру құжаттарында көрсетілгеннен аз саны жол жүріп бара жатқаны туралы топтық жол жүру құжаттарында белгіленбейді және жүрмеген ара қашықтығы үшін ақша қайтарылмайды.
Топтық тасымалдаудың (қолма-қол немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша) жол жүру құжаттарының құнын қайтарып беру мынадай тәртіппен жүргізіледі: ақшасыз есеп айырысу жол жүру құжаттарын сатып алған заңды тұлғаның есеп шотына, қолма-қол есеп айырысу заңды тұлғаның есеп шотына немесе пошта аударымымен.
Пайдаланбаған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) төлемі (орындарды тапсырған жағдайда) орындарды қайтарғаннан кейін бір ай мерзімінде станцияда (вокзалда) жүргізіледі.
Түзетулері немесе өзгертулері бар ол жүру құжаттары (билеттері) бойынша барлық жағдайларда төлемдерді қайтару туралы мәселе талап-қуыным тәртібімен шешіледі. Талап қуынымды қарау мерзімі 1 ай.
Пайдаланбаған қаламаңындық билеттердің ақшасы қайтарылмайды. Тек Тасымалдаушының кінәсі бойынша 1 сағаттан артық уақытқа кешіккен қаламаңындық поездардың жағдайлары ерекше болып табылады.
98. Қаламаңындық абоненттік жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша пайдаланбаған уақыт үшін ақша мынадай жағдайларда қайтарылады:
1) жұмыс орнынан босатылғанда;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарына шақырылғанда;
3) жұмыс орнын ауыстырғанда;
4) тұратын орнын ауыстырғанда (бір пункттен басқасына көшкенде);
5) қызмет бабы бойынша ұзақ іссапарда болғанда;
6) науқастанғанда;
7) жол жүру құжатының иесі қайтыс болған жағдайда.
99. Қайтарылуы тиіс соманың мөлшері билет құнын күн санына бөлу арқылы белгіленеді:
1) жылдық билет бойынша 360 күнге;
2) жартыжылдық билет бойынша 180 күнге;
3) үш айлық билет бойынша 90 күнге;
4) екі айлық билет бойынша 60 күнге;
5) маусымдық билет бойынша 120 күнге;
6 ) айлық билет бойынша 30 күнге.
Алынған бір күнгі жол жүру құны билеттің жарамдылық мерзімі аяқталғанына дейінгі қалған нақты күндердің санына көбейтіледі.
100. Жолаушыны Тасымалдаушының кінәсі бойынша бағасы арзан вагонға ауыстыратын жағдайда поездың жөнелткен немесе тағайындалған станцияда жолаушының қалауы бойынша жол жүру құнындағы айырмасы актіні немесе тиісті анықтаманы (поездың, вагонның, жол жүру құжатының (билетінің) нөмірін, күнін, айын, ауыстыру станциясын және жолаушының тегін көрсетумен) ұсыну бойынша төленеді. Поезд бастығы (механик-бригадир) актіні немесе анықтаманы береді және станцияның мөртабанымен бекітеді.
Жолаушыны арзан вагонға ауыстырған жағдайда, жол жүру құнының айырымасы поезды жөнелту станциясында поездың жүретін күні, поездың тағайындалған станциясында - поездың келетін күні төленеді.
Жолаушы поезды жөнелту станциясында немесе поездың бару станциясында жол жүру құнының айырымын алу құқығы пайдаланбаса, алты айлық мерзім ішінде талап-қуыным тәртібімен талап ете алады.
101. Төлемдерді қайтарудың барлық жағдайларында жолаушы пайдаланбаған билеттер мен тасымалданбаған багаж үшін жол құжаттарын (билеттерін) қайтарады, және олар төлемдерді төлеу үшін растау құжаттары болып табылады.
102. Тасымалдаушы жолаушыларға осы Ережеде көзделмеген басқа жағдайларда ақшаны қайтаруда тек талап-қуынымдық тәртіппен жүргізеді. Бұл жағдайларда ақшаны қайтару туралы өтінішке пайдаланбаған жол жүру құжаттары, және тиісті жағдайларда басқа да құжаттар мен анықтамалар косылады.
Жалданған вагондарда болмай қалған жол жүру үшін ақшаны қайтару туралы талаптарды вагондарды жалдау шарты жасасқан Тасымалдаушы қарастырады.
11-Тарау
Қол жүгін тасымалдау жағдайлары
103. Жолаушы өзімен бірге ақысыз бір толық және балалар жол жүру құжатына 35 кг аспайтын салмақтағы көлемі үш өлшемдерінің қосындысы бойынша (100х50х50см) 200 см аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы.
Қол жүгі болып түріне және орауына қарамастан, өзінің көлемі бойынша еш қиындықсыз вагонда қол жүгін орналастыру үшін қарастырылған орындарға сиятын және оңай алып жүрілетін заттар мен нәрселер саналады.
Тасымалданатын қол жүгінің бүтіндігі мен сақталуына жолаушы өзі жауап береді.
Жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындар арасындағы бос жерлерге, дәлізге, вагон алаңшаларында (тамбурларда) қол жүгін орналастыруға болмайды. Қол жүгіне жатпайтын, көлемі үш өлшемдердің қосындысы бойынша (100х50х50 см) 200 см асатын ірі габаритті заттарды тасымалдауға тыйым салынады.
Тасымалданатын қол жүгін өлшеу үшін станцияларда (вокзалдарда) таразылар орналастырылады. Таразышы қол жүгін осы Ережелерде көзделген белгіленген салмаққа және өлшемге сәйкестігіне өлшейді. Белгіленген салмақ пен өлшемге сәйкес келген жағдайда жол жүру құжатының екінші жағында қол жүгін тасымалдау туралы белгі қойылады.
Жолаушыға өзімен бірге белгіленген қол жүгін тасымалдау нормасынан артық ақысыз портфель, әйелдер сөмкесін, бинокль, шаңғы және олардың таяқшаларын, қармақтарды, фотоаппарат, тасымалды транзисторлық радиоқабылдағыш, қол шатырлар және басқа да ұсақ заттарды алып жүруге болады.
Жергілікті және алыс поездарда жолаушы өзімен бірге қол жүгі салмағының нормасы есебінен өздерінің көлемдері бойынша вагондағы қол жүгіне арналған орындарға орналастыруға болатын ажыратылған балалар арбаларын, байдаркаларды тасымалдауға рұқсат беріледі.
Тасымалдаушы белгілейтін ақымен және тәртіпте қала маңындық поезда жолаушы өзімен бірге белгіленген нормаға қосымша 50 кг дейін қол жүгін тасымалдауға құқылы.
Қала маңындық поездарда қол жүгі ретінде ақысыз тасымалдау нормасы есебінен тасымалдаудың қауіпсізідігін қамтамасыз ететін, техникалық ақаусыз күйде, тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланылатын көлемі 5 л дейін пропан-бутан газы бар стандартты баллондарды (қала маңындық поездарда), балалар арбаларын, өсімдіктерді, көшеттер мен басқа отырғызу материалдарын тасымалдауға болады. Осындай жүктің әрбір орыны салмағы бойынша 18 кг және биіктігі бойынша 1,5 м аспауға тиіс.
Қала маңындық поездарда ақшасын төлеп, біреуден артық емес бөлшектенбеген велосипедті, тамбурда тасымалдауға рұқсат беріледі.
Карантинге жабылған аудандарда көрсетілген тасымалдаулар иесі карантиндік құжаттарын ұсынған кезде ғана жүргізіледі.
104. Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе былғайтын, сондай-ақ зарядталған қаруды, сасыған, өрт қауіпі бар, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды (арнайы ережелерде көзделген жағдайлардан басқа) қол жүгімен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
105. Ерекшелік ретінде алыс және жергілікті поездардың купе вагондары мен СВ вагондарында, сондай-ақ қала маңындық қатынастың барлық поездарында жол жүру құжатына бір телевизор немесе радиоқабылдағышты (жолаушыда қол жүгінің барына қарамастан) тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жергілікті, алыс немесе қала маңындық поезда әр телевизорды және радиоқабылдағышты тасымалдау үшін оның салмағына қарамастан (көлемі үш өлшеулердің сомасы бойынша кіші габариттіден, портативтіден басқа) багаж тарифі бойынша есептелетін багаж салмағының 30 кг ретіндегі есептен төлем алынады.
Осы тасымалдың ресімделуі ЛУ-12а нысанды квитанция бойынша жүргізіледі.
Аса сақтықты талап ететін телевизорлар, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және басқа да құралдар вагонда қол жүгін тасымалдауға арналған орындарында, ал ірі габариттілер жолаушыларға жол жүру құжаттары бойынша берілетін орындарға орналастырылуы тиіс.
Жолаушы вагондарында өздерінің өлшемдері бойынша купе есіктерінен үлкен ірі габаритті телевизорлар мен басқа да аппаратураны тасымалдауға жіберілмейді.
12-Тарау
Ұмыт қалған және табылған заттар
106. Поездарда, вокзалдарда, станцияларда немесе темір жол алабында ұмыт қалған немесе жоғалған заттар анықталған барлық жағдайларда табылған заттардың сыртқы түрін және оларды табу жағдайларын сипаттай отырып жалпы нысандағы акт құрылады.
Акт міндетті түрде затты тауып алған тұлғаның қатысуымен жүргізіледі. Актіге: поезда - вагон жолсерігінің қатысуымен жолаушы поезының бастығы (механик-бригадирі), станцияда - станция (вокзал) бастығы қолдарын қояды. Актінің көшірмесі осы заттарды тауып алған тұлғаға беріледі.
Станцияда немесе соңғы пунктке немесе айналым станциясына келген поездың құрамында ұмыт қалған немесе жоғалған заттар осы станцияның (вокзалдың) бастығына тапсырылады, ол оларды ерекше кітапқа жазып қояды. Заттың кітапта жазылған реттік нөмірін және станциясын белгілей отырып заттарға таңбалар ілінеді. Торап, қап, чемодан секілді заттарға пломбы салынады немесе мөр басылады.
Пломбыны салудың алдында заттар көліктік ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен ашылады. Ашудың нәтижелері туралы жеке акт және екі данада заттардың тізімі құрылады, осы тізімнің бір данасы заттарды тауып алған тұлғаға беріледі.
Жол жүру барысында поездарда қалдырылған заттарды поезд бастығы (механик-бригадирі) қолхатпен және актімен бірге станцияның бастығына осы поездың соңғы қатынау пунктінің стационарлық сақтау камерасына тапсырады.
107. 30 күн өткеннен кейін станция табылған және іздеу салынбаған заттарды акті және тізіммен бірге құжатсыз жүктер қоймасына жібереді. Сақтау, оның ішінде автоматты камералардан жолаушылар алмаған заттарды алу кезінде заттарды сипаттай отырып акт құрылады. Иесін табуға мүмкіндік беретін деректер болған кезде, иесіне заттардың орналасу орны туралы қолма-қол хабарлама беріледі. Жауап алынғаннан кейін заттар иесінің өтінішіне сәйкес жіберіледі. Тасымалдаушы тек иесін табудың барлық жолдары қабылданғаннан кейін ғана осындай заттарды сатуға тапсырады.
108. Табылған заттардың қайтып беруін талап еткен тұлға заттардың нақты қасиеттерін, олардың ішінде не барын көрсетіп, өзінің оларға құқығын дәлелдеуге немесе заттарды жауып қоятын құлыптардың кілттерін ұсынуға тиісті. Егер заттар тауып алынған станцияда (вокзалда) сақталатын болса, онда олар тұлғаны куәландыратын құжаттарды тексергеннен кейін, қолма-қол станция немесе вокзал бастығының өкімі бойынша иесіне беріледі. Егер заттар сатуға жіберілген болса, темір жол көлігінің ұйымына оларды қайтып беру туралы өтініш жіберіледі.
Заттарды алу кезінде олардың иесі барлық тиісті төлемдерді төлеуге (сақтау, орау үшін, багаж тарифі бойынша тасымалдағаны үшін және хабарландыру жариялағаны үшін, егер бұл факті орын алса), сондай-ақ өзінің тұрғылықты жерін және жеке куәлігінің нөмірін көрсетумен заттарды алғаны жайлы қолхат беруге тиісті.
109. Егер жолаушы вагоннан шыға бере, вагонда заттарының қалып қойғанын өзі байқаса, ол станция (вокзал) бастығына арыздануы тиіс. Станция (вокзал) бастығы жолаушының жазбаша өтініші бойынша болған жағдай туралы қолма-қол поезд бастығының (механик-бригадирдің) немесе поездың жол барысындағы бірінші ірі станция бастығының немесе поезд жолындағы соңғы станция бастығының атына жеделхат жібереді, онда жолаушы отырған вагон мен орын нөмірі, ұмытылып кеткен заттардың сипаты және оларды иесі орналасқан жерге қайта жіберу талабы көрсетіледі.
Заттарды қайтаруға байланысты барлық шығыстар Осындай жағдайларда иесінің есебінен жүргізіледі (жеделхат беру, орау, тасымалдау және т.б.).
13-Тарау
Багажды тасымалдау жағдайлары
110. Тасымалдаушы жөнелтушіден багажды қабылдайды және осы операциялар үшін ашық кез келген темір жол станциясына дейін жіберуге міндетті.
Багаж деп жолаушы немесе почта-багаж поезында (вагон жолаушы немесе почта-багаж поезында жүре алады) жол жүру құжаты бойынша тасымалдауға қабылданған, салмағы 200 кг аспайтын мүлік саналады.
Жолаушы (жөнелтуші) багажды тасымалдауға алдын-ала тапсыра алады. Жолаушы (жөнелтуші) тікелей багаж бөліміне немесе жолаушылар поезының құрамында әмбебап багаж вагондары (ӘБВ) жұмысының технологиялық процесіне сәйкес универсалды багаж вагонындағы поездарда жүк және жүк-багажды қабылдап-тапсырушыларға багажды тапсыра алады (2 қосымша).
Тасымалдауға өздерінің өлшемдері, орауы және қасиеттері бойынша багаж вагонына ешқандай қиыншылықсыз салынатын және орналастырылатын, сондай-ақ жолаушылардың багажына зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады.
Багаждық әр орыны оны тиеу, қайта тиеу және түсіру кезінде оны алып жүруге мүмкіндік беретіндей ыңғайлануы немесе сондай құрылғысы болуы керек. Чемодандар, әдбрелер, корзиналар, жәшіктер, қораптар мен дорбалар тығыз байланған болуы керек. Ыдыс немесе орам тасымалдау уақытында заттардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Аса байқаушылықты талап ететін бейне- және аудиоаппаратура және басқа ұйымдастыру техникасы асқынжүксіз жол жүру барысында сақталуын қамтамасыз ететін орамда, ал асқынжүкті тасымалда - тек қатты орамда ғана (жәшіктер және торларда) қабылданады.
Бейне- және аудиоаппаратура мен басқа да ұйымдастыру техникасының тасымалдауын ресімдеу кезінде орамның үстінгі жағына немесе бүйір қабырғаларының біріне "Абайлаңыз, телевизор" немесе "Абайлаңыз, компьютер" деген анық жазулар болу керек.
Багаж ретінде тасымалдауға бір орынның салмағы 75 кг және бір өлшемнің 3 м асатын заттар мен нәрселер қабылданбайды. 75 кг асатын бөлінбейтін орындар тасымалдауға азаматтардың өтініші бойынша қабылданады.
111. Багаж тасымалдануға жарамсыз орамда ұсынылған жағдайда, тасымалдаушы оларды тасымалдаудан бас тарта алады.
Багаждың орамында бүлінуіне немесе жоғалуына әкелмейтін кемшіліктер болғанда, бұл кемшіліктер туралы тасымалдау құжаттарында көрсетумен багаж тасымалдануға қабылданады.
112. Багажбен:
1) атқыштық қаруды, жарылғыш, улы, сасыған, инфекциялық, өрт қауіпі бар, оңай тұтанатын, өзінен өзі жанатын, есірткі және уландырғыш заттарды, оқ-дәріні және басқа жолаушылардың багажына немесе тасымалдаушыға зиян келтіретін өзге де заттар мен нәрселерді (варенье, шырындар, лактар, майлар, олифа, сырлар және т.б.);
2) бағалы қағаздарды, құжаттарды, ақшалай сомаларды, бағалы тастар мен басқа да құндылықтарды тасымалдауға тыйым салынады.
113. Тасымалдаушы багаж иесінің алдында тез бүлінетін тағамдардың жолаушы багаждың басқа заттарының арасына ораған сынғыш және морт заттардың, сондай-ақ жеке салынған сынғыш заттары (шыны, фарфор, телевизорлар, қабылдағыштар) багаждың бүлінуіне тудырған орамда сыртқы ешқандай бүлінулер болмаған кезде бүлінгені немесе қанағаттанарлықсыз күйі үшін жауап бермейді.
114. Багаж кассалары поез жолаушылары ұсынатын барлық багаждың кідіріссіз қабылдануын қамтамасыз ету үшін алдын-ала ашылуы тиіс.
115. Багаж жолаушы жөнелген станцияда, сондай-ақ багаж операциялары үшін ашық жол жүру барысындағы кез-келген аралық станцияда тасымалдануға тапсырыла алады. Тағайындалу станциясы ретінде жолаушының соңғы жол жүру станциясы, сол сияқты жол жүру барысында орналасқан және багаж операцияларын жасау үшін ашық кез-келген станция бола алады. Алғашқы жөнелту станциясында салмағына қарай багажды қабылдау багаж квитанцияларының біреуін немесе бірнешеуін беріп, ресімделеді.
116. Жолаушы (жөнелтуші) багажды алғашқы жөнелту станциясында немесе жол жүру барысында тікелей өзі келе жатқан багаж вагонына немесе "әмбебап багаж вагонына" (ӘБВ) (егер ондай поездың құрамында бар болса) тасымалдауға тапсыра алады.
Бұл жағдайда багажды қабылдап-тапсырушы багаж операцияларын жасау үшін ашық жолаушының бару станциясына дейін ғана, бірақ жол барысында асқынжүксіз қабылдайды. Жолаушы ауысып отырумен немесе тікелей қатынастағы вагонда келе жатса, багаж тек оның қайта отыру станциясына дейін қабылданады.
Жолда жолаушыдан (жөнелтушіден) осы поездың багаж вагонында тасымалдауға багаж қабылдауды мүмкін болған жағдайда поездың аялдама жасау кезінде алдын-ала хабарлау бойынша қабылдап-тапсырушы жүргізеді.
Мұндай жағдайларда багаж қабылдауын ресімдеу, төлемдер алу және бару станциясында багажды беру платформалық багаж үшін қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.
117. Егер ұсынылған жол жүру құжатында вагонына багаж қабылданғаны туралы белгі болса, қабылдап-тапсырушы таңбаның теріс жағына қолмен "багаж екінші рет қабылданған" деген белгі қояды және оның үстіне бұрын таңба бойынша багаж келген таңбаның нөмірін қояды. Бұл жағдайда беру станциясының кассирі таңбадағы белгіге сәйкес тасымалданған багаждың жалпы салмағын анықтайды да тасымалдау төлемдерін алады.
Тағайындалған станциясында багажды беру багаждың салмағы анықталғаннан және багаж кассасы барлық тиісті төлемдерді алғаннан кейін таңбаға айырбасталып беріледі.
Таңба бойынша ресімделген бір багаж жөнелтіміне поездардағы жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы ГУ-26 нысанды жеке тапсыру тізімін толтырады және тізімнің бірінші екі жолына "Багаж таңба бойынша" деген жазу жасап, багажды тапсыру кезінде анықталған деректерді қояды, және де оған поездарда жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы мен станциядағы жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы өздерінің қолдарын қояды.
Бөлінбейтін заттар (балалар арбалары, велосипедтер және т.б.) тасымалдауға тікелей поездың құрамында қатынайтын багаждыққа немесе ӘБВ-ға қабылдана алады. Багажды қабылдау багаж кассасына тасымалдау ақысын алдын-ала қашықтыққа және бір нәрсенің тіркелген салмағына қарай - 20 кг төлегеннен кейін, ал салмағы 20 кг асатындар үшін багаж тарифі мен нақты салмағы бойынша ақы төлегеннен кейін жүргізіледі. Тасымалдаушы ӘБВ ресімдеу кезінде МД-4 нысанды квитанция береді. Аталған нәрселер жол жүру барысында асқынжүксіз заттары тапсырылған поезда келе жатқан жолаушылардан қабылданады.
Жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушысы багажды ӘБВ жұмысының технологиялық процесінде белгіленген тәртіпке сәйкес тікелей вагоннан береді (2 қосымша).
118. Жөнелтуші келіскен кезде багаж жол жүру құжатында көрсетілмеген, басқа маршрут немесе басқа поезбен, оның ішінде жолаушы өзі баратын поездан бұрын жіберіле алады. Ол туралы багаж квитанциясында "Багаж_____________ жөнелтілсін (саны)" немесе "Багаж ___________________ маршрут бойынша жіберілсін" деген белгі жасалады. Көрсетілген белгі жолаушының қолымен бекітіледі.
119. Егер жолаушы өз багажының поезда оның тағайындалған станциясына дейін жетуін қаламаған жағдайда, багажды квитанция ұсыну арқылы жолаушыны поездан түсіру станциясында береді немесе багажды түсіруге мүмкіншілік болмаса, жақын арадағы станцияға дейін барып, бірінші кері қайту поезымен оны станцияға қайтарады. Жолаушы поездан ауыру себебінен түсірілсе, жолаушы поездан түскен станция (вокзал) бастығының жеделхаты негізінде багаж ақысыз қайтарылады.
14-Тарау
Багажды тасымалдауды ресімдеу тәртібі
120. Тасымалдауға тапсырылатын багаждың бір орны таңбалаудың белгіленген ережесіне сәйкес таңбаланады.
Таңбалау бирка жапсыру немесе жазу түсіру арқылы жүргізіледі. Багаждың жеке орнының салмағы 5 кг аспауы тиіс.
121. Жөнелту станциясында (вокзалында) тасымалдауға багаж қабылданғанын растау ретінде жолаушыға (жөнелтушіге) АБЖ арқылы немесе қол технологиясы бойынша ресімделген багаж квитанциясы беріледі. Багаж квитанциясында жол жүру құжатының нөмірі, жолаушының қалауы бойынша багаждың келгені туралы мәлімдеме жіберілетін почталық мекенжай көрсетіледі және жолаушы (жөнелтуші) таңдаған хабарлау тәсілі (тапсырысты хатпен, тапсырысты ашық хатпен немесе жолаушының қалауы бойынша телеграфпен) аталады.
Бұл ретте, жөнелту станциясында тасымалдау құжатының (билетінің) "ерекше белгілер" бағанында "хабарлаумен" деген белгі түсіріледі.
Багаж бөлімшесі тасымалдауға қабылдаған багажды тасымалдау үшін төлем багажды жөнелту станциясында тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде алынады.
Жолаушы (жөнелтуші) тасымалдау құжатында (багаж квитанциясында) көрсетілген реквизиттердің (жөнелтушінің және алушының почталық мекен-жайлары, тағайындау станциясы, орам түрі, тасымалданатын багаждың атауы, салмағы, орындар саны және т.б.) дұрыстығын тексереді.
122. Тасымалдауға оралмаған велосипедтер және т.б. қабылданған кезде багаж квитанциясында велосипедтің нөмірі, маркасы (ерлердің, әйелдер, балалар) және оның қандай заттары (қоңырау, сорғыс, фонарь, сөмке және т.б.) бар екендігі көрсетіледі.
Автомобиль шиналары тасымалдауға багаж квитанциясында "камерасы бар" немесе "камерасыз", "жаңа" немесе "пайдалануда болған" белгілерін жасап, ораусыз багаж немесе жүк-багажы ретінде қабылданады.
15-Тарау
Багаждың құндылығын жариялау тәртібі
123. Жолаушы (жөнелтуші) багажды тапсыру кезінде тасымалдаушымен белгіленген мөлшерде ақшаны төлей отырып оның құндылығын жариялайды.
124. Егер тасымалдауға бірнеше орын ұсынылса, жолаушы (жөнелтуші) әр жеке орынның құндылығын немесе осы орындардың жалпы құндылығын жариялауға міндетті. Құндылықты жариялау сөзбен айтылады.
Жарияланған құндылықтың сомасы багаж квитанциясында жазумен және цифрлармен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы цифрмен жазылады.
Тез бүлінетін жүктерге құндылық жарияланбайды.
16-Тарау
Платформалық багажды ресімдеу тәртібі
125. Тарифтік емес тоқтау пункттерінен (багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялар) кез келген тарифтік станциясына дейін және керісінше багажды тасымалдау жол жүру барысында асқынжүксіз жүзеге асырылады.
126. Тарифтік станциялар қатынасынан тарифтік емес тоқтау пункттеріне дейін (багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялар) багаж жөнелтілген кезде жөнелту станциясы жөнелтушіге багаж квитанциясын береді, онда багаждың тағайындау пункті мен тоқтау пунктінен кейінгі тарифтік станция көрсетіледі және осындай пунктте багаж түсірілуге жататыны туралы белгі жасалады.
Қабылдап-тапсырушы тоқтау пунктінде осы поездың аялдау уақыты ішінде тікелей багаж вагонынан багаж квитанциясының орнына багажды береді.
Алушы тоқтау пунктінде багажды алу үшін багаж вагонына немесе ӘБВ-на келмеген, алудан бас тартқан, багаж зақымдалған немесе ішінара жетіспеген жағдайда багаж түсірілмейді және багаж квитанциясында көрсетілген тарифтік станцияға жеткізіледі, онда ол жалпы негіздерде беріледі.
127. Багажды тоқтау жолаушы пунктінен поездың жүру барысындағы кез келген тарифтік станцияға дейін жөнелту кезінде жөнелтуші осы поездың тұруына кестеде рұқсат берілген уақыт ішінде поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушыға тікелей багаж вагонына немесе "әмбебап багаж вагонына" тапсырады.
Багажды бақылау куәлігінде қабылдап-тапсырушы жөнелтушіге белгіленген нысандағы таңбаны береді және жіберіліп отырған багажға таңба талонын қоса тіркейді.
Төлемдер тасымалдаудың нақты қашықтығы үшін белгіленген багаж тарифі бойынша есептеледі және багажды беру кезінде алынады. Осы жағдайда багажды тағайындалған станциясының қызметкерлері багаждың салмағын анықтағаннан және әр түрлі алымдар квитанциясы немесе МД-4 нысанды квитанция бойынша барлық төлемдер алынғаннан кейін таңбаны ұсынуы бойынша береді. Багаждың салмағын және квитанцияның нөмірін станция таңбада көрсетеді.
Жолаушы тоқтау пункттерінен жолаушы тоқтау пункттеріне дейін багажды тасымалдау жүргізілмейді.
Жолаушы тоқтау пункттерінен жөнелтілетін багаждың құндылығы жарияланбайды.
128. Егер багаж қабылданған поезбен багаж келмеген жағдайда, жолаушы (жөнелтуші) тарифтік станцияға багаж квитанциясын немесе таңбаны ұсынуға міндетті, оның айналым жағында ұсынудың жылын, айын және санын көрсетумен күнтізбелік мөрқалып қойылады.
Тасымалдаушының кінәсы бойынша тағайындаудың тоқтау пунктінде багаж түсірілмеген және ол тарифтік пунктке дейін апарылған жағдайда багаж жолаушының (жөнелтушінің) талабы бойынша тоқтау пунктіне ақысыз қайтарылады.
Осы жағдайда багажды жеткізу мерзімі бұзылған болса, тасымалдаушы Заңға сәйкес айыппұл төлейді.
17-Тарау
Иттерді, кішкентай үй жануарларын, құстар мен араларды тасымалдау
129. Поездарда үй жануарларын, иттер мен құстарды тасымалдау СВ вагондарынан, аса жайлы вагондардан және барлық санаттағы поездардың жақсартылған ішкі интерьерімен отырғызу орындары бар вагондардан басқа, барлық вагондарда рұқсат етіледі.
Ұсақ үй жануарлары мен құстары жәшіктерге, карзиналарға, торларға және қол жүгін тасымалдау үшін бөлінген орындарға орналастырылуы тиіс.
Ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды тасымалдау кезінде олардың иелері немесе бірге алып жүрушілер вагонда санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Ұсақ тұқымды иттер мен күшіктерді барлық поездардың барлық қатқыл вагондарында белгілі ыдыста (сөмкеде, корзинада, торда және т.б.) орналастыру жағдайында өзімен бірге алып жүруге болады.
130. Жолаушы поездарында ірі тұқымды, оның ішінде қызметтік иттерді тасымалдау багаж вагондарында арнайы контейнерлерде немесе тұғырығы бар жәшіктерде осы поезда келе жатқан иелерінің немесе бірге алып жүрушілердің міндетті түрде бақылауымен жүргізіледі.
Иттерді (тараға отырғызылғандардан басқа) тұмылдырық, қарғы бау кигізіп немесе белдік байлап тасымалдайды (оның ішінде қала маңындық поездарда). Жабайы жануарларды, кеміргіштерді, ақ тышқандарды және т.б. тасымалдауға болмайды.
Иттерді топтап тасымалдау поезд жөнелгенге дейін кемінде 5 тәуліктен кешіктірмей вокзал бастығының (поездарда орындарды пайдалану мен бақылау жөніндегі бірлескен жол және желілік бюросы) атына алдын ала берілетін өтініш бойынша жалдау жағдайында жеке вагондарда жіберіледі.
Соқырлар өздерімен бірге барлық санаттағы поездарда барлық қатқыл вагондарда өздерінің жолсерік-иттерін ақысыз тасымалдайды.
131. Қала маңындық поезда жолаушының өзімен бірге ұсақ үй жануарлары мен құстарды тасымалдау ақысыз жүзеге асырылады, ал жергілікті және алыс поездарда жолаушыға бет жағында "Багаж жолаушының өзінде" деген жазуы бар багаж квитанциясын береді.
132. Жолда жолаушы вагонынан ұсақ үй жануарларын, құстар мен иттерді багаж вагонына ауыстырған жағдайда, багаж квитанциясы тасымалдауға арналған құжат ретінде багаж вагонының қабылдап-тапсырушысына тапсырылады. Қабылдап-тапсырушы жолаушыға багаж квитанциясының нөмірі мен тағайындалған станциясы көрсетілген таңбаны береді.
133. Багаж вагонында иттерді, ұсақ үй жануарларын, аралар мен құстарды жол барысында асқын жүксіз тасымалдауға қабылдау рұқсат етіледі.
134. Аралар багаж вагонында тасымалдауға жылдың күзгі-көктемгі кезеңінде сыртқы ауаның температурасы +10 о С аспайтын кезінде қабылданады. Араларды осы поезда жол жүруге тиіс алып жүрушілердің бақылауымен ара ұяларында немесе фанера пакеттерінде тасымалдайды. Вагонда ұялар мен пакеттер ұялардың желдеткіш саңылау қоршалмаған және оларға еркін келуге болатындай етіліп орналастырылуы керек.
135. Ұсақ жануарларды, құстар мен араларды тасымалдауға тиісті поезд кеткенге дейін 1 сағат бұрын қабылданады.
Иттерді, құстарды, ұсақ жануарлар мен араларды тасымалдауға багаж квитанциясы беріледі, онда ыдысымен жалпы салмағын және тасымалданып отырған жануарлар мен құстардың санын көрсете отырып, "Ит торда", "Құс торда" және т.с.с. белгілер қойылады.
136. Тасымалдаушы поезд тағайындалған станцияға келгеннен кейін жолаушы құстарды, ұсақ жануарлар мен араларды дереу, бірақ келген сәттен бастап 12 с кешіктірмей алуға міндетті, осы уақыттан кейін олар белгіленген тәртіппен акті бойынша сатуға тапсырылады.
137. Жануарлар, құстар мен араларды тасымалдау жасалынған багаж квитанциясы жоғалған жағдайда жолаушы олардың тек оған тиістілігіне дәлелдер ұсынғанда ғана алушының тегін, атын, әкесінің атын және тұрақты мекен-жайын көрсетіп, қолын қойдыра отырып берілуі мүмкін.
138. Багаж вагонында ұсақ үй жануарларын, иттерді, құстар мен араларды тасымалдау тиісті нысандағы ветеринарлық куәліктер ұсыну бойынша жүргізіледі.
139. Тергеу немесе кеден органдарының өкімі бойынша багаж кідіртілген жағдайда, багаж кідіртілген станцияда станция бастығының немесе багаж бөлімшесі қызметкерінің және тиісті кеден немесе тергеу қызметкерінің қолы қойылып акт құрылады, бұл туралы багаждың бару станциясына багаж бөлімшесінің қызметкері жеделхатпен хабарлайды.
140. Багаж тағайындалған станциясына келгеннен кейін алушыға ол багаж квитанциясы мен жеке басын куәландыратын құжат ұсынғаннан кейін беріледі (станция қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындау үшін ашық уақыт барысында). Бұл ретте, багаж квитанциясы қайтып алынып, багаж жол ведомісіне жапсырылады және темір жол көлігінің ұйымына жіберіледі. Жолаушының (алушының) қалауы бойынша тағайындалған станция тәулік өткеннен кейін (келген күнін есептемегенде) алушыға телефон арқылы, тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) немесе басқа да жолмен оның атына багаж келгені туралы хабарлайды.
Хабарландырғаны үшін белгіленген (тариф) алым алынады.
Егер тағайындалған станция жолаушыға багаждың келгені туралы хабарламаны белгіленген мерзімде бермесе, онда ол хабарлама жіберілгенге дейінгі багажды сақтаудың өткізіп алған күндері үшін төлем алу құқығынан айырылады.
141. Келген багаж станция жолаушы тасымалдары бойынша операциялар үшін ашық кездегі уақыты ішінде беріледі. Багаж тағайындалған станциясында поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тікелей багаж вагонынан бере алады (таңба бойынша қабылданған багаждан басқа).
Тасымалдаушы аралық станцияда келген багажды беру бойынша операцияларды поезд өткеннен кейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей, ал соңғы станцияларда - багаж вагонын түсіргеннен кейін жүргізеді.
Көлік құралдары бар болғанда багаж жолаушының (алушының) қалауы бойынша ол көрсеткен жерге дейін белгіленген ставкалар бойынша ақы алынғаннан кейін жеткізілуі мүмкін.
Алушы багаждың салмағын тексере алады. Багаждың салмағын тексеру үшін төлем алынбайды.
142. Багаж келмеген жағдайда, ал оны беруді жолаушы (алушы) талап еткен кезде, тағайындалған станция багаж квитанциясының кері жағына жеткізу мерзімі өтіп кеткеннен кейін "Багаж келген жоқ" деген белгі жасауға, жылын, айын және күнін көрсетумен мөртабанын қоюға және жолаушыдан (алушыдан) багаж келгені туралы хабарлама беруді жіберу үшін оның мекенжайы көрсетілген өтініш алуға міндетті. Осы жағдайда хабарлама үшін ақы алынбайды.
143. Багажды жеткізу мерзімі багаж жіберілген поездың қозғалыс кестесіне сәйкес темір жол тағайындалған станциясына жету уақытымен анықталады. Егер багаж маршрут бойынша жолда асқынжүкпен баратын болса, онда багажды жеткізу мерзімі осы маршрут бойынша келісілген поездардың жүру уақытымен әрбір асқынжүкке 1 тәулік қосумен белгіленеді.
144. Іздеп табылған багаждың келгені туралы тағайындау станциясы оның келген күні жолаушыға (алушыға) тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) хабарлама жіберуге міндетті.
Егер тағайындалған станция іздеп табылған багаждың келгені туралы хабарламаса, онда ол хабарландыру жібергенге дейін багажды сақтаған күндері үшін төлем алу құқығынан айрылады.
19-Тарау
Жол жүру барысында багажды беру тәртібі
145. Жолаушы (алушы) жол жүру барысында өз багажын қайтып алуды қалаған кезде ол бұл туралы алдын-ала поезд бастығы (механик-бригадирі) арқылы немесе өзі поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушыға ескертуі тиіс.
Егер жолаушы (алушы) өз багажын алуды қалаған станцияда багаж вагонына тиеу жағдайлары және поездың тұру уақыты бойынша бұл мүмкін болса, поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багажды береді, ал жолаушыдан (алушыдан) қайтып алынған багаж квитанциясын багаж жол ведомосімен бірге багаж берілген станцияға станция мөртабанын басу үшін және кейін тасымалдаушыға кезекті есеп беру үшін тапсырады.
146. Поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багаж квитанциясына "багаж вагоннан жолаушының өзіне берілді" деген белгі жасауға міндетті, ал станцияның жүкті және багажды қабылдап-тапсырушысы тапсыру тізіміне осындай мазмұндағы белгі жасайды. Бұл жағдайларда өтілмеген қашықтық үшін төлемдер қайтарылмайды.
20-Тарау
Багажды тасымалдау үшін төлем тәртібі
147. Багажды тасымалдау үшін ақы жөнелту кезінде алынады. Багаж квитанциясында көрсетілген салмақтан алшақтық анықталған әр жағдай туралы тағайындалған станциясы коммерциялық акт құрады, оны шаралар қабылдау үшін жөнелту жолына жібереді, ал жолаушымен (жөнелтушімен) тасымалдау төлемдерін қайта есептеу жүргізіледі.
148. Жолда поездарда багажды және жүкті қабылдап-тапсырушы қабылдаған жолаушылардың (жөнелтушілердің) багажын, сондай-ақ таңба мен жапсырмаларды берумен ресімделген платформалық багажды тасымалдау үшін төлемді жолаушы (алушы) тағайындалған станциясында таңбаны ұсыну бойынша төлейді. Төлемдер тасымалдаудың нақты қашықтығы үшін белгіленген тариф бойынша есептеледі және МД-4 квитанциясы бойынша багажды тапсыру кезінде алынады.
149. Егер багаж жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 тәулік өткеннен кейін тағайындалған станциясына келмесе (егер ол тергеу немесе кеден органдарының өкімі бойынша кідіртілмесе) багаж жоғалтылған деп есептелсе және жолаушы (алушы) оның құнын өтеуді талап етуге құқылы. Жоғалған багаждың құны қолхатпен беріледі.
Ақшаны алу үшін берілген қолхатта жолаушы (алушы) іздеп табылған багаж темір жол станцияларының біреуіне ақысыз жеткізілсін деп өтініш бере алады. Багажды іздестірген және жіберген жағдайда иесі келгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 30 күн ішінде оны алуға және алған ақшаны қайтаруға міндетті.
150. Тасымалдау жүргізілген багаж квитанциясы немесе таңба жоғалған жағдайда, жолаушыға (алушыға) багаж тек оның жазбаша өтініші бойынша (жөнелтудің оған тиістілігінің дәлелдемесін ұсынған кезде) алушының тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты жерін (тұлғаны куәландыратын төлқұжатқа немесе басқа құжатқа сәйкес) көрсетумен қолхат арқылы беріледі. Багаж жол ведомосінде багажды багаж квитанциясынсыз немесе таңбасыз берілу себептері туралы алушының және станция бастығының немесе багаж бөлімшесі қызметкерінің қолымен куәландырылған белгі жасалады.
21-Тарау
Тасымалдаудың ақаулылығы
151. Салмақ немесе орын бөлігі, сондай-ақ зақымданған жағдайда багажды алушы оны осындай түрде алуға келіссе, багаж алушыға беріледі.
Квитанция станцияда қалады, ал багаж алушыға оның талабы бойынша орындарды ашқаннан және ішіндегі барын тексергеннен кейін ғана (алушы ұсынған тізімдемеге сәйкес) коммерциялық актінің екінші данасы беріледі, онда жетіспеушілік немесе зақымданғаны туралы мәліметтерден басқа алушының аты, әкесінің аты, тегі, мекенжайы және жарияланған құндылық сомасы көрсетілуі тиіс. Көрсетілген акт бойынша жолаушы (алушы) жөнелту немесе тағайындалған станцияға арыз-талабын бере алады, сондай-ақ іздеп табылған жетіспейтін багаж орындарын қайтып ала алады.
152. Талап-қуынымды қарау кезінде станция әрбір орынның жарияланған құндылығын немесе, егер бағалау барлық орындар үшін жалпы болса, жоғалған багаж бөлімінің тиісті салмағын өтейді.
Багаж зақымдалған немесе бүлінген жағдайда жолаушыға багаж бөлімінің немесе барлық багаждың құны қайтарылады. Егер багаждың бүлінуі оны жеткізу мерзімінің кешігуінен және ол құндылығын жариялаумен тапсырылған болса, жолаушыға бүлінген багаждың салмағына пропорционалды құны төленеді.
153. Егер іздеп табылған багаж бойынша оның иесіне оның талап-қуынымы бойынша ақшасы төленген болса, багаж берілген соманы қайтару жағдайында ғана беріледі.
Егер багажды алумен барлық талап-қуынымдар жойылатын болса, онда акті багажды берген жолда қалады, ал талап-қуынымның бір бөлігі ғана жабылған болса, актінің көшірмесінде іздеп табылған багаж орындарын беру туралы станция бастығының қолы қойылып, белгі жасалады.
22-Бөлім
Багажды қайта жөнелту
154. Багаж тағайындалған станциясына келмеген жағдайда жеткізу мерзімі өтіп кеткен болса ал оны багаж квитанциясын ұсынушы багажды басқа станцияға қайта жөнелтуді талап ете алады.
Оның иесі багажды қайта жөнелту туралы алғашқы тағайындалған станциясының (вокзалының) бастығына жазбаша өтініш беруге тиіс, онда қай станциядан және қай станцияға дейін тасымалдауға багаж тапсырылғаны, орындар саны, орамның салмағы, түрі, багаждың жарияланған құндылығы, багаж жөнелтімінің нөмірі, багаждың жаңа тағайындау станциясының атауы және багаж иесінің нақты мекен-жайы көрсетіледі. Өтінішті алған станция бастығы (багаж бөлімшесінің қызметкері) багаж квитанциясының теріс жағына келесі мазмұндағы белгі жасайды: "... станцияға дейін багаждың уақытында келмеу себебінен оны қайта жөнелту туралы өтініш қабылданды".
Белгі күнтізбелік мөртабанмен және станция бастығының (багаж бөлімшесінің қызметкерінің) қолымен бекітіледі. Багаж квитанциясы жолаушыға (иесіне) қайтып беріледі. Бұл жағдайда жолаушыға (иесіне) айыппұл төленбейді.
155. Багаж алғашқы тағайындалған станциясына келгеннен кейін станция бастығының атынан багаж иесінің атына жазылған жаңа багаж құжаттары бойынша қолма-қол оның қайта жөнелтілуі жүргізіледі. Жаңа жол багаж ведомосіне алғашқы багаж жөнелтімінің нөмірі көрсетіледі.
Қайта жөнелтілген багаж жаңа багаж ведомосі бойынша жіберіледі, ал жаңа багаж ведомосі қайта жөнелту туралы өтінішпен бірге квитанцияның түбіртегіне жабыстырылады да ескі жол багаж ведомосімен бірге есеп беру кезінде кері жіберіледі.
156. Алғашқы тағайындалған станция багаждың келгені және қайта жөнелтілгені туралы иесіне қайта жөнелтудің уақыты мен жіберу квитанциясының нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.
Жаңа тағайындалған станцияда багаж ақысыз беріледі, бұр ретте багаж иесінде алғашқы жөнелтуге берілген багаж квитанциясы кері қайтып алынады.
157. Сондай-ақ багаж әлі келмеген және де оны жеткізу мерзімі өтпеген жағдайларда да багажды қайта жөнелтуге рұқсат етіледі. Бұндай жағдайларда жолаушының жазбаша өтініші бойынша багаж жаңа тасымалдау құжаттары бойынша тиісті төлемдер төленген багаж ретінде өтініште көрсетілген жаңа тағайындалған станцияға қайта жөнелтіледі (мекен-жайы өзгертіледі).
Төлемдер төленгеннен кейін жолаушыға алғашқы тағайындалған станцияда берілген квитанцияның орнына багаж квитанциясы беріледі, ол өтінішпен бірге багаж келгенге дейін станцияда сақталады.
4-Бөлім
Жүк-багажды тасымалдау тәртібі мен талаптары
23-Тарау
Тасымалдауға қабылдау талаптары
158. Жолаушылар поездары багаж вагондарының іші жолаушылардың багажымен толық толтырылмаған жағдайда оларда жүк-багажды тасымалдауға рұқсат беріледі.
Жеке тұлғалардан жүк-багаж жазбаша өтініш бойынша багажды қабылдау мен беру үшін ашық станциялардан және станцияларға дейін қабылданады.
Жүк-багаж деп тасымалдауға 83-тармақта аталған, сондай-ақ бір орыны 75 кг аспайтын немесе өлшегенде 3 м асатын заттар қабылданбайды. Бос бөшкелер мен жәшіктер, кабельді барабандар, қалбырлар, тұғырықтар, бөлшектенген контейнерлер және басқалары багаж вагонында орын болған кезде қабылданады.
Шынысы немесе айнасы бар заттар барлық поездардың багаж вагонына жол жүру барысында асқын жүксіз қабылданады.
Темір жол тораптарында жүк-багаж тасымалдауға тек жүк-багаж тораптан жөнелтілетін желінің шығару станциясы жағынан ғана қабылданады.
Жүк-багажды тасымалдауға егер жөнелту мен тағайындалған станциясында поездың аялдау ұзақтығы кемінде 5 мин кем болғанда қабылдайды.
Жүк-багаж тасымалдауға алдын-ала қабылдана алады.
159. Жүк-багаж тасымалдауға жол жүрудің барысында оның сақталуын қамтамасыз ететін ыдыста немесе орамда қабылданады. Әр орынның оны тиеу, қайта тиеу мен түсіру кезінде орнын ауыстыруға, ыңғайлануы немесе оған мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс.
Айнасы немесе шынысы бар заттарды тасымалдауға қабылдау оны тиеу немесе түсіру кезінде шынының немесе айнаның бүтіндігін қамтамасыз ететін орамда жүргізіледі. Әрбір орында "Абайлаңыз, шыны" деген жазуы болу тиіс.
Жол жүру барысында видео, аудиоаппаратуралар асқын жүксіз тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін орамда, ал асқын жүкті тасымалдау кезінде - тек қатты орамда (жәшік немесе темір торда) қабылданады. Олардың тасымалдануын ресімдеу кезінде орамның үстіне немесе бүйір қабырғаларының біріне "Абайлаңыз, телевизор" немесе "Абайлаңыз, радиоқабылдағыш" деген анық жазулар жазылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері жәшіктерге, корзиналарға, қаптарға, ал бал - металл қалбырға немесе жәшік бөшкелерге салынуы тиіс. Орам тасымалданып отырған өнімдердің сақталуына кепілді болуы тиіс.
Мотовелосипедтердің, мотоциклдердің, мопедтердің және мотоарбалардың бактары жанармай мен майлардан толық тазартылуы тиіс. Мотоциклдер (салмағы 165 кг дейін), мотороллерлер және мопедтер тасымалдауға зауыттық немесе басқа да қатты орамда қабылданады.
160. Жүк-багаж ретінде тасымалдауға бөлінбейтін орындарды қабылдау асқын жүксіз де асқын жүктеумен де, багажды қабылдау мен беруге ашық станциялардан станцияларға дейін бір орын салмағы 75 кг-нан 165 кг (газ плиталары, тоңазытқыштар және т.б.) дейін жүргізіледі.
161. Заңды тұлғалардан жүк-багаж деп тасымалдауға басқа жүктердің алдында басымдылықпен белгіленген кезектен төмен тәртіппен мыналар қабылданады:
дәрі-дәрмектер; газеттер; маусымдық басылым мен үгіт-насихат әдебиеті; кітаптар; радиоактивті заттар (изотоптар); кинотаспалар; Оттегі бар және бос баллондар (ерекше ережелер бойынша тасымалданатын баллондардан басқа); құрылғылар мен инструменттер, экспедициялық жұмыстар үшін қажетті таспалар, сондай-ақ темір жол көлігі ұйымына жіберілетін жүктер.
162. Жүктерден кейін жүк-багажбен жол жүру барысында асыра жүктеусіз тасымалдауға мынадай тез бүлінетін жүктер қабылданады:
ет және балық; уылдырықтың барлық түрлегі; сүт; ашытқы; жұмыртқа; шаяндар; көкеністер, жемістер мен жидектер; поезд вагон-мейрамханалары мен буфеттерінің өнімдері: тағамдық майлар; шарап, сыра, нан, нан өнімдері; өсімдіктер мен көшеттер.
Тез бүлінетін жүктер жолаушы поездарының багаж вагондарында жол жүру барысында температуралық режимді сақтамай тасымалданады (жүкжөнелтушінің жауапкершілігімен).
Жоғарыда аталған тез бүлінетін жүктерді багаж вагондарында рұқсат етілетін барынша алыс қашықтықта тасымалдау осы Ережеге 3 қосымшада келтірілген.
163. Тез бүлінетін жүктер үшін мынадай қысқартылған беру (сақтау) мерзімдері белгіленеді, бұл мерзімдер өткеннен кейін жүк алынбаған деп есептеледі және жойылуға жатады:
1) сүт - 6 сағат;
2) жемістер мен жидектер, ет пен құс еті, картоп, қызылша мен капустадан басқа жас көкөністер, әр түрлі жаңа аулап алынған балық, шаяндар, ашытқы, сүт өнімдері - 12 сағат;
3) көктемгі картоп, қызылша мен капуста - 24 сағат.
Қалған тез бүлінетін жүктер үшін сақталу мерзімі 3 тәуліктен аспауы тиіс.
164. Тез бүлінетін жүктерді станциялар жолаушыдан белгілі бір поезға осы поезд жөнелгене дейін 2 сағат бұрын (одан ерте емес) қабылданады.
Алушыға тез бүлінетін жүкті алуға келу уақыты туралы ақпарат беру жөнелтушінің міндетінде болады.
165. Жүк жеткізіліп, осы Ережелердің 165 және 166-тармақтарда көзделген беру мерзімі барысында алушыға берілуі мүмкін болған және де тасымалдаушының кінәсінен жүктің бүлінуіне әкелген ораудың зақымдалуы болмаған жағдайда, өзінің табиғи қасиеттеріне немесе климаттық жағдайларына байланысты тез бүлінетін жүк бүлінгені үшін Тасымалдаушы жауапкершілік атқармайды.
24-Тарау
Тасымалдауды ресімдеу тәртібі
166. Жөнелтуші жүк-багажды жөнелту туралы мынадай мәліметтер көрсетілген өтініш береді:
1) жүк-багаждың атауы;
2) орындар саны, орамның салмағы және түрі;
3) тағайындалған станциясы мен жолы;
4) алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және почталық индексі көрсетілген мекен-жайы;
5) жөнелтушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және почталық индексі көрсетілген мекен-жайы;
6) алушыға хабарлау тәсілі (телеграф, почта).
Тасымалдаушы жөнелтушіні жеке ақы төлегені үшін өтініштің осы бланкілермен жабдықтай алады.
Багаж бөлімшесінің қызметкері жүк-багажды тасымалдауға рұқсат берген кезде жүк-багажды қабылдау уақыты (күні, айы, сағаты) белгіленеді, бұл туралы өтініште белгі жасалады.
167. Жүк-багажды жөнелтуге қабылдау жіберушінің өтініші негізінде және өтініште көрсетілген деректерге сәйкес ресімделген белгіленген нысандағы тасымалдау құжатымен ресімделеді.
Жөнелтушіге жөнелтуші мен алушының атауын және олардың мекен-жайы көрсетілген жүк-багаж квитанциясы беріледі.
Жөнелтуші тасымалдау құжатында (жүк-багаж квитанциясында) көрсетілген деректердің (жөнелтушінің немесе алушының мекенжайы, тегі немесе атауы, тағайындалған станциясы, орам түрі және жүк-багаждың атауы, салмағы, орындар саны, хабарлау тәсілі) дұрыстығын тексереді.
Тасымалдаушы жүк атауының дұрыстығына күмән келтірген жағдайда, жүкті қарау үшін орамды ашуды талап етуге құқылы. Егер жөнелтуші орамды ашуға келіспесе, онда жүк-багаж тасымалдауға қабылданбайды.
Жөнелтуші жүк-багаждың барлық орындарын талап етілетін таңбалық жазуларымен ұсынуға міндетті. Жөнелту станциясында жөнелтушілер таңбалық жазуларды түсіру үшін ақы төлеп арнайы биркалар ала алады.
168. Жөнелтуші белгіленген тарифті (алым ставкасын) төлеп тасымалданып отырған жүк-багаждың құндылығын жариялайды.
169. Егер тасымалдауға бірнеше орын ұсынылатын болса, жөнелтуші әрбір жеке орынның құндылығын немесе барлық орындардың жалпы құндылығын жариялауы керек.
Жарияланған құндылықтың сомасы жүк-багаж квитанциясында жазумен және санмен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы санмен қойылады.
170. Егер станция қызметкері, жөнелтуші өзінің жүк-багажының бағасын жариялаған жағдайда, бағалау дұрыстығына күмән келтірсе, ол тексеру үшін жүк-багажды ашуды талап етуге құқылы.
Жолаушы тексеру үшін ашуға немесе станция (багаж бөлімшесі) қызметкері ұсынған бағалау сомасымен келіспеген жағдайда жарияланған құныдылығымен жүк-багажы тасымалдауға қабылданбайды.
25-Тарау
Жүк-багажды беру тәртібі
172. Тағайындалған станциясы жөнелтушінің өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес алушыға жүк-багаждың келгені туралы тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) хабарлауға міндетті. Бұл ретте хабарлама үшін алым алынады.
173. Заңды тұлғалардың атына келген жүк-багаж басшының және бухгалтердің қолы қойылған сенімхат бойынша беріледі. Сенімхатта алушының мекен-жайы, жөнелту нөмірі және алынатын орындар саны туралы мәліметтер болуға тиіс. Жүк-багажды алуға уәкілетті тұлға сенімхаттан басқа оның тұлғасын куәландыратын құжатты ұсынуға тиіс. Жүк-багажды алу кезінде уәкілетті тұлға жол жүк-багажы ведомосінің екінші жағына алғаны жайында өз қолын қояды. Бұл ретте, станциядағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушысы сенімхатта көрсетілген мәліметтермен жол жүк-багаж квитанциясындағы барлық деректерді салыстырады. Осыдан кейін жол жүк-багаж квитанциясының екінші жағына және багаждың және жүк-багаждың келуі мен беру кітабында сенімхаттың (нөмірін, берілу датасын, кім қол қойғанын) және жүк-багажды алуға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың (нөмірін, датасын, кім бергенін) деректерін және тұрғылықты жерін жазып алады.
Жеке тұлғалардың атына келген жүк-багаж оның тұлғасын куәландыратын паспортты немесе куәлікті ұсыну бойынша алушыға (немесе оның сенімхаты бойынша басқа тұлғаға) жол ведомосінің екінші жағына тұлғаны куәландыратын паспорттың немесе құжаттың нөмірін және тұрғылықты жерін көрсетумен қолын қойғызып, беріледі.
Жүк-багажды алу кезінде жүк-багаж квитанциясын көрсету міндетті емес. Бірақ, жүк-багажды алуға уәкілетті тұлғаның қалауы бойынша станцияда белгіленген ақыға жол жүк-багажының ведомосінен көшірме жасалына алады, ол станцияның (вокзалдың) қолымен және мөртабанымен бекітіледі.
174. Алушы жүк-багажды алу кезінде оның салмағын тексерте алады. Жүк-багажды өлшеу кезінде төлем алынбайды.
5-Бөлім
Қол жүгін, багаж және жүк-багажды сақтау тәртібі
26-Тарау
Қол жүгін сақтау жағдайлары
175. Жолаушылардың қол жүгін уақытша сақтау үшін темір жол станцияларында (вокзалдарында) өзіне-өзі қызмет көрсету автоматты сақтау камераларының блоктары орнатылады.
Жергілікті жағдайларға қарай, сондай-ақ қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының да ашылуы мүмкін.
Өзіне-өзі қызмет көрсету автоматты сақтау камералары, сондай-ақ қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының жұмыс уақыты мен тәртібі туралы хабарландырулар жолаушылардың назары үшін сақтау камералары бөлімдерінде көрнекті жерлерде ілінеді.
176. Қоймашылар қызмет көрсететін стационарлық сақтау камераларына түрі мен жайына қарамастан барлық ораудағы қол жүгін (чемодан, кәрзеңке, түйіншек, рюкзак, жиналмалы түрдегі байдаркалар, орам, сөмке, тор, шыны ыдыс және т.б.) тапсыруға болады, ал кейбір заттар, мысалы пальто, бас киім, портфель, шаңғы, коньки және т.б. буып-түюсіз де қабылданады.
Жемістерді, көкөністерді, жидектерді, саңырауқұлақтар мен басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін сақтауға тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін кез-келген ыдыста қабылдайды.
Сақтауға тапсырылған тез бүлінетін өнімдердің табиғи бүлінуі үшін тасымалдаушы жауапты болмайды.
Сақтауға жеке қабылданатын қол жүгі орынының салмағы 50 кг аспауы және әрбір орынның оны тасымалдауға мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс.
Тапсырылып отырған қол жүгіне байланған әрбір зат жеке орын деп саналады.
Жануарлар мен құстарды, атқыштық қаруды, жарылғыш, өрт қауіпі бар, оңай тұтанатын, уландырғыш және сасыған заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың киімін былғай немесе бүлдіре алатын заттарды сақтауға тапсыруға және қабылдауға тыйым салынады.
Қол жүгінде ақшалай сомаларды, облигацияларды, құжаттарды және басқа да құндылықтарды сақтауға рұқсат етілмейді.
177. Егер сақтау камерасына заттарды қабылдау кезінде орауда ақаулар анықталса, онда оларды иесі не жоюға, не ыдысы мен орамында ақаулардың бары туралы қоймашы құрастырған жалпы нысандағы актіге қол қоюға міндетті.
178. Салмағы 50 кг асатын немесе автоматты сақтау камераларының ұяларына немесе үшінші сөрелерге (төменге) симайтын заттар, сондай-ақ теледидарлар, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары және басқалары арнайы ірі габаритті заттарды сақтау камераларында сақтауға қабылданады.
179. Заттарды сақтауға тек оны тапсырып отырған тұлғада жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар бар болған кезде ғана қабылдайды. Тұлғаны куәландыратын құжаттағы мәліметтер МД-4 нысанды квитанцияға көшіріледі (тұлғаны куәландыратын құжаттың нөмірі, жолаушының тегі).
180. Заттарды сақтауға ставкалар бойынша ақы төленеді. Заттар жетон ұсынушыға беріліп, жетон қайтып алынады.
Қол жүгін тапсырған жолаушы немесе басқа тұлға өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камерасынының ұяшығын жаңа қол жүгімен толықтыруға қайтадан ашқан жағдайда, қол жүгін сақтау үшін ақы төлеуге міндетті.
181. Жетон жоғалтылған кезде, сақтау камерасына қабылданған заттар багаж үшін белгіленген тәртіппен иесінің осы заттардың оған тиістілігі туралы дәлелдер ұсынуы бойынша қайтып беріледі.
Жолаушыдан жоғалтып алынған жетон үшін жетонның құнына тең ақы өндіріледі.
182. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларына тапсырылған заттар екі күнтізбелік күн барысында сақталады, осыдан кейін олар станцияның (вокзалдың) қоймалық бөлмелеріне немесе стационарлық сақтау камераларына тапсырылады. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларынан қол жүгін алу кезінде оны егжей-тегжейлі сипаттаумен акт құрылады. Қол жүгі иесінің тұрған орнын анықтау мүмкіндігі болғанда оған дереу қол жүгінің орналасу орны туралы хабарлама жіберіледі. Жауап алынғаннан кейін қол жүгі қол жүгін тапсырған жолаушының (иесінің) өтінішіне сай ақы төлеп жіберіледі.
Егер 30 күн ішінде иесі алмаған заттар багаж үшін белгіленген тәртіппен сатылады.
27-Тарау
Келген багажды сақтау тәртібі
183. Тағайындалған станцияға келген багаж келген уақытына қарамастан багажды түсіру күнін есептемегенде 1 тәулік бойы ақысыз сақталады. Уақыттың саналуы (1 тәулік) багаждың келу күнінен кейінгі күннің 00 сағатынан басталады.
184. Алушы өз багажын тасымалдаушыға байланыссыз себептер бойынша алмаған жағдайда, багаж тағайындалған станциясына келген күнінен бастап 30 (отыз) күн бойы, кедендік бақылаумен келген багаж 15 (он бес) күн бойы сақталады.
Сақтаудың шектік мерзімдері ішінде алынбаған, сондай-ақ құжатсыз багаж Жүктерді тасымалдау ережесінде көзделген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдардың (салық, кеден және басқа қызметтер) қарауына тапсырылады. Осы уақыттан бастап алушы оларға багажды алу немесе құнын өтеу мәселесі жөнінде оларға өтініш жасауға құқылы.
28-Тарау
Жүк-багажды сақтау тәртібі
185. Тағайындалған станциясына келген жүк-багажы келген уақытына қарамастан жүк-багажды түсіру күнін есептемегенде 1 тәулік бойы ақысыз сақталады. Уақыттың саналуы (1 тәулік) жүк-багаждың келу күнінен кейінгі күннің 00 сағатынан басталады.
Жүк-багаждың одан әрі сақталуы үшін белгіленген ақы алынады.
186. Тасымалдаушы жүк-багажды келген күнінен бастап 30 (отыз) күн бойы, кедендік бақылаумен келген жүк-багажды 15 (он бес) күн бойы сақтауға міндетті.
Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде алынбаған жүк-багаж хабарлама жіберілгеннен кейін тағайындалған станцияда белгіленген тәртіппен тиісті ұйымдардың (салық, кеден және басқа да) қарауына тапсырылады.
187. Жүк-багажды жеткізу мерзімі тасымалдау жүзеге асырылып отырған поезд қозғалысының кестесіне сәйкес тағайындалған станцияға дейін поездың жол жүру уақытымен белгіленеді.
Егер жүк-багаж жол жүру барысында асқын жүкпен келе жатса, онда оны жеткізу мерзімі әрбір асқын жүкке тәулік қоса отырып келісілген поездармен жүк-багаждың қатынау уақытымен анықталады.
6-Бөлім
Актілерді құру тәртібі
29-Тарау
Коммерциялық актілерді құру тәртібі
188. Коммерциялық актілер "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
92-бабына сәйкес келесі мән-жағдайларды куәландыру үшін құрылады:
1) тасымалдау құжатында көрсетілген багаждың және жүк-багаждың атауы, массасы, орындар саны сәйкес келмегенде;
2) багаж және жүк-багаж зақымдалғанда (бүлінгенде);
3) багажды және жүк-багажды тасымалдау құжаттарсыз, сондай-ақ тасымалдау құжаттарын багажсыз және жүк-багажсыз анықталғанда;
4) станцияның (вокзалдың) бастығы ұрланған багажды және жүк-багажды қайтарғанда.
189. 1-тармақта көрсетілген мән-жағдайлар анықталған кезде станция (вокзал) бастығы немесе коммерциялық актіні құруға уәкілетті тұлға коммерциялық акт құрады.
190. Тез бүлінетін өнімдерді тасымалдау кезінде коммерциялық акт құрылғанда коммерциялық актінің бірінші данасына сапасы туралы құжат қоса беріледі.
191. Коммерциялық актілер станциялармен 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде құрылады және компьютерде немесе жазба машинкасында ешқандай түзетусіз толтырылады. Мән-жағдайлар анықталған жағдайда тиісті тәртіппен бекітілген коммерциялық актінің көшірмесі жөнелтушімен келтірілген залалды өтеумен байланысты мәселелерді шешу үшін жөнелту станциясына жіберіледі. Әр коммерциялық актіде станцияның мөрқалыбы мен темір жол станциясының атауы көрсетіледі.
192. Коммерциялық актіні құратын темір жол станциясы жол багаж немесе жүк-багаж ведомосінің айналым жағына, ал багаж және жүк-багаж квитанциясы бар болған кезде - осы квитанцияның айналымына да белгі қояды. Белгі станция қызметкерінің қолымен және темір жол станциясының күнтізбелік мөрқалыбын соғумен куәландырылады.
193. Жүккұжатында жолшыбай кездескен станциясымен коммерциялық акт құрылғаны туралы белгі болған, ал багаж және жүк-багажбен бірге келген тасымалдау құжаттарында ол болмаған жағдайларда коммерциялық акт тағайындау станциясында багажды және жүк-багажды тапсыру нәтижелері бойынша құрылады.
195. Алушының талабы бойынша тағайындау станциясы үш күн мерзімінде осы жөнелтім бойынша құрылған коммерциялық актіні табыс етеді. Алушыға коммерциялық актіні тапсыру багажды және жүк-багажды алуға сенімхат кезде, ал жеке тұлғалар үшін - төлқұжтты немесе тұлғаның жеке басын куәландыратын өзге де құжатты ұсынған кезде станцияның істерінде қалатын коммерциялық актінің данасында қол қоюмен жүргізіледі.
30-Тарау
Жалпы нысандағы актілерді құру тәртібі
196. ГУ-23п нысанды акт осы Ережеде қарастырылған жағдайларда 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылады.
197. Жалпы нысандағы акт актіні құруға негіз болған мән-жағдайларды куәландыруда қатысқан тұлғалармен, бірақ екі тұлғадан асырмай қол қойылады.
198. Жалпы нысандағы актілердің нөмірленуі коммерциялық актілерді нөмірлеуден жеке жүргізіледі. Станция бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша станцияның әр объектісіне және бөлімшесіне қатаң түрде белгілі реттік нөмірленуі бекітіліп, станцияның тауарлық конторасындағы ерекше кітапта ескеріледі. Әр жылдың 1 қаңтарынан актілердің нөмірленуі бірінші нөмірден басталуы тиіс.
Жалпы нысандағы актілердің екінші даналары жолаушыларға және жүкжөнелтушілерге (жүкқабылдаушыларға) олардың талаптары бойынша, сондай-ақ акттемір жол көлігінің ұйымына келтірілген залалды өндіріп алу үшін негіз ретінде құрылатын жағдайларда беріледі.
Барлық актілердің даналары станцияда олар бойынша хат алмасулармен және тексеру материалдарымен қоса бір істе (папкада) болуға тиіс.
199. Жалпы нысандағы акт жолаушылар қабылдап-тапсырушының жаднамасында, багаж ведомостілерінде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған, станцияларда багаж вагондары бос тұрған жағдайларда құрылады. Осындай жағдайларда көрсетілген құжаттарда акт құрылғаны туралы белгі жасалады.
Тапсырысты хатпен қол қойылмаған жалпы нысандағы актінің бір данасымен бірге құжатқа қол қоюдан бас тартқан өкіл кәсіпорнының басшысына жіберіледі. Осы хаттың көшірмесі мен жалпы нысандағы актіні жіберуге пошталық квитанция қол қойылмаған құжаттың данасына қоса тіркеледі.
200. Тараптардың бір жағы да жалпы нысандағы актіге қол қоюдан бас тарта алмайды. Актінің мазмұнымен келіспеген жағдайда бір тарап өзінің пікірін баяндай алады. Жүкжөнелтушілер (жүкалушылар) өкілдері актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда актіге оны құруға қатысқан тұлғалар қолдарын қояды. Осы ретте актіде жүкжөнелтушілер (жүкалушылар) өкіліне қол қоюға акт ұсынғаны және ол актіге қол қоюдан бас тартқаны туралы белгі жасалады. Осы белгі актіні құруға қатысқан тұлғалардың қолдарымен екінші рет бекітіледі.
201. Жол жүру барысында багаждың және жүк-багаждың ұрлануы, жетіспеуі және бүлінуі анықталған жағдайларда жалпы нысандағы акт үш данада құрылады, олардың бірінші данасы тағайындау станциясына дейін тасымалдау құжаттарымен бірге жеткізіледі, екіншісі багаж бөлімшесіне жолданады, ал үшіншісі станцияда қалады.
7-Бөлім
Тасымалдаудың ерекше жағдайлары
31-Тарау
Арнайы поездарда жол жүру
202. Ұйымдастырылған жолаушылардың тобы ерекше өтінім бойынша жол жүруі үшін қала маңындықтан басқа тура қатынастағы жолаушы поезының 10 вагонынан асырмай жеке құрам ұсынылады.
Поезды жалдауға шарт оны жөнелткенге дейінгі 20 күн ішінде жасалуы тиіс.
203. Жеке поезд тағайындалған кезде:
1) поездың барлық вагондарын жалдау ақысы;
2) поездағы орындар саны бойынша жол жүрудің құны төлеттіріледі.
Поезды тағайындау үшін ақы оның жөнелткенге дейінгі 20 күн ішінде алынады. Поезды тағайындау кезінде жалдау ақысын есептеу поезды тағайындау туралы өкімде көрсетілген барлық уақытқа жүргізіледі.
Поездағы жолаушылар саны осы поездың вагондарындағы орындар санынан аспауы тиіс.
204. Жалға алынған жеке поезда жол жүрген жолаушылардың багажы багаж вагондарында багаж тарифі бойынша төлем нормасын және багаж квитанциясын беруді шектемей жүргізіледі.
Жалгердің қалауы бойынша жеке поезда келе жатқан жолаушылардың багажын тасымалдау үшін ақы төрт осьті багаж вагонға 18 т ретінде есептеумен поезды тағайындау кезінде енгізіледі; бұл жағдайда багажды тасымалдауды, сақтауды және беруді жалгер жүргізеді, багаж квитанциялары берілмейді.
32-Тарау
Ауруларды және өлген адамдарды тасымалдау
206. Оңашалауды қажет ететін бірге алып жүрушілері бар ауруларды тасымалдау келе жатқан адамдардың санына қарамастан алып отырған купедегі барлық орындардың толық құнын төлеумен оңашаланған купеде жүргізіледі.
Осы ауру адамдарды жөнеліп отырған заңды және жеке тұлғалар жеке купені дайындау үшін алдын ала, бірақ 5 күннен кешіктірмей өтінім беруге міндетті.
Өтінімге тасымалдау талаптарын көрсетумен дәрігердің қорытындысы қоса тіркелуі тиіс.
207. Темір жол көлігімен өлген адамдары бар табыттарды тасымалдау багаж немесе почталы-багаж вагондарында немесе олардың бөліктерінде жол жүру барысында асқын жүксіз табытты тапсырып отырған тұлғаның жөнелту станциясында санитарлық органдардан тасымалдауға рұқсат қағазын ұсынуы бойынша жүргізіледі. Темір жолдармен мәйітті тасымалдау бос орыны ағаш үгіндімен немесе көмірмен, торфпен, ақбалшықпен және т.б. толтырылған ағаш жәшікке орналастырылған мұқият дәнекерленген металл табытта жүргізілуі тиіс.
208. Темір жол көлігімен өлген адамдары бар табыттар тек бірге алып жүрушілер болғанда ғана тасымалданады. Егер жол жүру барысында кез-келген себеппен бірге алып жүруші өлген адам салынған табыты бар поездан қалып қойса, онда тағайындалғаны бойынша табыттың жеткізілуі кешіктірілмейді.
Бірге алып жүрушінің жол жүруге жол жүру құжаты болуы тиіс.
209. Багаж және почталы-багаж вагондарда немесе олардың арнайы жабдықталған бөліктерінде өлген адамы бар табытты тасымалдау үшін багаж тарифі бойынша 300 кг багаж тасымалдау ретінде ақы алынады.
Күл салынған урналарды тасымалдау кезінде багаж тарифі бойынша 100 кг багаж тасымалдау ретінде ақы алынады.
210. Темір жол көлігі ұйымдарының қажеттіліктері үшін жолаушы поездарындағы қызметтік тасымалдар, егер ерекше нұсқаулар немесе арнайы ережелер болмаса, осы Ережеге сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
212. Жолаушы поездарының құрамының қызметтік вагондардағы тұлғаларда тиісті тәртіппен ресімделген ақысыз немесе ақылы жол жүру құжаттары, ал багажға - тиісті тасымалдау құжаттары болуы тиіс.
213. Қызметтік вагондарда жүктерді тасымалдауға жүк-багажды тиісті ресімдеумен және тариф бойынша ақы төлеумен рұқсат етіледі.
34-Тарау
Қауіпті заттарды тасымалдау
214. Қауіпті жүктер мен радиоактивті заттар жолаушы поездарында арнайы ережелерге сәйкес тасымалданады.
215. Қауіпті заттар қауіптілік сипаты бойынша келесі категорияларға бөлінеді:
1) жарылғыш қоспасының пайда болуына әкелетін заттар;
2) қысылған және сұйытылған газдар;
3) оңай тұтылатын заттар.
216. Қауіпті заттар багаж вагондарында тасымалданады. Олардың қабылдауы ресімделген жол жүру құжаттары бойынша жеке тұлғалар үшін: фамилиясын, атын, әкесінің атын, мекенжайын; заңды тұлғалар үшін: тасымалдау құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның фамилиясын, мекенжайын көрсетумен жүргізіледі.
217. Қауіпті заттары бар багаж вагондары түсіруден кейін жабдықпен бірге толық тасымалдау құжаттары бойынша тіркелу станциясына дейін жіберіледі.
218. Қауіпті заттар тасымалдауға тиісті ведомстволық техникалық жағдайлармен белгіленген ыдыста тасымалдауға ұсынылады.
219. Шыны бөтелкелердегі қауіпті заттар бос орындарды жұмсақ орау материалдармен (жұнқамен, сабанмен) толтырумен арнаулы жәшіктерге немесе корзиналарға салынған болу керек.
220. Қауіпті затпен оралған әр орында (қақпағында және жанама жақтардың біреуінде) жөнелтуші заттың кауіпті екендігі туралы ярлык жапсырады.
Категориялары бойынша әр түрлі қауіпті заттарды бірлесіп ораған кезде әр түрлі категорияға сәйкес ярлыктар жапсырылады.
221. Қауіпті затты тасымалдауға жүкқұжатында заттың нақты атауы көрсетілген болу тиіс.
Әр түрлі категориялы қауіпті заттарды бірлескен орамда болған кезде бірлесіп оралған заттардың әр категориясына сәйкес мөрқалыптар қойылады.
Қауіпті заттар ішінен медициналық препараттар осы Ережелерде белгіленген багаж вагондарына жүк-багажбен талаптарды сақтаумен тасымалдануға тиісті.
Металл банкілеріне немесе тюбиктеріне, картон коробкаларына немесе қағаз пакеттеріне салынған заттарды кортон коробаларға салуға рұқсат етіледі. Осындай орамдағы бір орынның салмағы 30 кг аспауы тиіс.
222. Қауіпті заттарды тиеу және түсіру кезінде бүлінулер жоқтығына көз жеткізу тиіс. Бүлінулер анықталған жағдайда бүлінген жерді жоюға, сондай-ақ шашылған немесе төгілген заттарды жинауға шаралар қолдануы тиіс.
35-Тарау
Өсімдіктерді тасымалдау
223. Азаматтардан тасымалдауға өсімдіктер, оның ішінде көшеттер мен басқа да отырғызу материалдары, егер олардың орамы тасымалдаудың сақталуын қамтамасыз ететін болса және олар басқа жөнелтушілердің багажын (жүк-багажын) былғамаса қабылданады. Жөнелтудің әрбір орны осындай жағдайда салмағы бойынша 25 кг және биіктігі бойынша 2 м аспауға тиіс.
224. Карантинге жабылған аудандар территориясындағы станциялардан аталған жөнелтулер иесі белгіленген ережелерге сәйкес тасымалдау құқығын беретін карантиндік құжатты ұсыну бойынша ғана қабылданады.
36-Тарау
Арнайы "туристік" поездарда тасымалдауды ұйымдастыру
225. Туризм мәселесі жөнінде уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органдардың туризм жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшелердің, жеке туроператорлар мен турагенттіктердің (бұдан әрі - туристтік ұйымдар) өтінімі бойынша тасымалдаушы арнайы туристтік поезд ұйымдастырады.
226. Тасымалдаушының атына туристтік ұйымның атынан турпоездарды ұйымдастыруға берілген өтінім келіп түскен күнінен бастап 20 күн барысында қарастырылады.
Тасымалдаушы бірнеше поездарды бір маршрут бойынша тағайындалуын болдырмау үшін туристік-сапарлық поездар қозғалысының кестесін пайдалану ведомосі құрылады.
227. Арнайы туристік-сапарлық поездар поездар қозғалысының кестесінде бар олар үшін ұдайы, арнайы кестелер, тасымалдаушымен құрастырылатын бір реттік кестелер бойынша тағайындалады. Туристік-сапарлық поездарда медициналық қызметкерлер бірге жүреді.
228. Арнайы туристік-сапарлық поездар үшін жолаушылар вагондары туристік ұйымдарға тасымалдаушымен жасасатын жалдау шартының ережелерінде ұсынылады.
229. Туристік-сапарлық поезда тасымалдауға жалдау шартын жасасу кезінде мыналар қарастырылады (қосылады):
1) республикалық қатынаста:
поезға қосылатын барлық жолаушылар вагондарына тасымалдаушымен қарастырылатын ставкалар бойынша оларды нақты пайдалану (жөнелту күнінен бастап келу күнін қоса) үшін жалдау төлемі;
туристік ұйымдарға ұсынылатын вагондағы барлық орындар үшін, поездық бригадамен пайдаланатын орындар және вагон-мейрамханаларға қызмет көрсететін персонал үшін 8 орынға төлем жасамай, жолаушылар поезының тарифі бойынша кашықтыққа және вагонның категориясына сәйкес жол жүрудің құны;
әр турист үшін 7 күнге 1 кешен есебінен төсек-орын жабдығын пайдалану үшін төлем. Туристік-сапарлық поездарға қосылатын вагон-мейманханалар үшін жалдау төлемі белгіленген тәртіппен алынады.
2) қала маңындағы қатынаста:
әр вагон үшін жалдау төлемі бір тәуліктен кемітпей белгіленген тәртіппен төленеді;
поездың қатынау учаскесінде қолданыстағы қала маңындағы тариф бойынша поезда отыру үшін орындар санынан кем емес туристердің нақты саны бойынша қала маңындағы поездарда жол жүрудің құны.
230. Қала маңындағы қатынаста демалу орындары бар вагондардан құрастырылған жолаушылар поездарының құрамдарын пайдалану кезінде жол жүру үшін төлем тасымалдаушымен белгіленген тәртіпте алынады.
231. Арнайы туристік-сапарлық поездарда жол жүрудің құны қашықтыққа және вагонның категориясына қарай белгіленеді.
232. Тасымалдаушымен жалдау шарты жасасқаннан кейін туристік поезды жөнелтуге дейін кем дегенде 20 күннен кешіктірмей тасымалдау үшін (жалдау, жол жүру құны және басқалары) барлық тиісті төлемдер аударылуы тиіс. Жалдау шартының тарабы болып табылатын туристік ұйымға шарттың екі данасы және ГУ-57 нысанды екі квитанция - біреуі "бару" үшін және екіншісі "қайту" үшін беріледі, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) поездың қатынау маршруты;
2) бір жол жүру құжатының құны;
3) жолаушылардың жалпы саны және жол жүру үшін төленген сома.
233. ГУ-57 нысанды квитанция және туристік-сапарлық поезды жалдауға шарттың көшірмесі туристермен бірге жүретін басшыда (туристік поездың директорында) сақталуы тиіс және жол жүру барысында бақылау кезінде ұсынылады.
234. Туристік ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 20 күн қалғанда Туристік ұйымның өзіне байланысты себептер бойынша жол жүруден бас тартқан жағдайда ол тасымалдаушыға тұрақсыздық сомасын төлейді. Көрсетілген тұрақсыздық сомасы Туристік ұйымға енгізілген төлемдерді қайтару кезінде тасымалдаушымен ұсталынып қалады.
Тасымалдаушы жалдау шарты жасасқаннан кейін вагондарды ұсынудан бас тартқан кезде дәл осындай мерзімде Туристік ұйымға тұрақсыздық сомасын төлейді.
235. Тұрақсыздық сомасы қайтарылмайды:
1) егер жалданған құрамды пайдаланудан немесе тасымалдаушы оны жалдауға беруден бас тарту поезд жөнелтілгенге дейін 20 күннен ерте айтылса;
2) құрамды пайдалану немесе жалдауға құрамды ұсынудан бас тарту тараптарға байланыссыз себептермен (стихиялық сипаттағы құбылыс, эпидемиологиялық жағдай және басқалар) және мерзіміне байланыссыз болған жағдайларда алынбайды.
Туристік-сапарлық поездың құрамында вагондардың санын азайтуға болмайды.
236. Егер турист поездан тасымалдаушының кінәсінен емес қалып қойса, оның туристік-сапарлық поездың орналасу жеріне дейін жол жүруі оның өз есебінен жүргізіледі.
Турист поездан тасымалдаушының кінәсі бойынша қалып қойса (туристік поездың басшысына хабарламай поезд алдында жарияланған кестеден ерте жөнелтілді, жөнелту станциясы өзгертілді) арнайы туристік-сапарлық поездың поездың тұру станциясына дейін жол жүруі тасымалдаушының есебінен ресімделеді.
Турист поездан науқастану себебімен түсірілсе, турист поездан түсірілген станцияда станцияның (вокзалдың) бастығы акт құрады, онда міндетті түрде поездың категориясы көрсетіледі. Жазылғаннан кейін емдеу кәсіпорнының анықтамасы, туристік путевканың және актінің негізінде туристке жолаушылар поезында туристік-сапарлық поездың орналасу жеріне немесе оның алғашқы жөнелту станциясына дейін жол жүруі үшін жол жүру құжаты беріледі. Акт және анықтама жол жүру құжатын ақысыз беру үшін негіз болып табылады.
Егер жол жүруге топ қатысушыларының толық саны жөнелтілмесе онда осы топтың басшысы поезд жөнелтілгенге дейін топтық жол жүру құжатын станцияның (вокзалдың) бастығына бұл туралы жол жүру құжатында белгі жасау үшін береді. Станция (вокзал) бастығымен немесе поезд бастығымен жол жүру барысында жасалған белгі жарамсыз.
237. Туристік-сапарлық ұйымдар поезд жөнелтілгенге дейін алдын ала туристерге жол жүру барысында осы Ережелердің талаптарын және жеке қауіпсіздіктерін сақтау туралы нұсқау береді.
37-Тарау
Билетсіз жол жүру
238. Поезға бақылау жасау кезінде жол жүру құжатынсыз немесе тегі тұлғаны куәландыратын құжатқа сай келмейтін немесе өзгертілген (түзетілген) жол жүру құжатымен, сондай-ақ пайдалануға құқық беретін тиісті құжаттарсыз жеңілдігі бар жол жүру құжатымен анықталған жолаушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес айыппұл төлеуге тиіс.
239. Жергілікті, алыс және қала маңындық поездарда билетсіз жол жүрген жолаушыдан айыппұл төлетумен қатар ЛУ-9В (ГУ-57) нысанды квитанциясы бойынша жолаушының отырған жерінен бастап тағайындалған немесе ауысып отыру пунктіне дейін жол жүрудің құны алынады.
Билетсіз жолаушы жергілікті немесе алыс поезды қалдыруы туралы мәлімдеген жағдайда, ол айыппұлдан басқа отыру орнынан бастап жақын арадағы станцияға дейін жол жүрудің құнын төлеуге міндетті.
240. Жол жүру құжатындағы тегі жолаушының жеке куәлігімен сәйкес келмеген жағдайда, жол жүру құжаты алып қойылады. Жол жүру тарифін және айыппұл төлеумен билетсіз жол жүруге акт құрылады.
Тарифтік емес станцияда жолаушыларды поездан түсіріп кетуге болмайды.
38-Тарау
Жол жүру құжаттарын бұрыс пайдалану
241. Жергілікті немесе алыс жолаушы поезында қала маңындық поезда жол жүру құжатымен жол жүрген жолаушы анықталған жағдайда, ол билетсіз деп саналады.
Қателесіп, жол жүру құжатында көрсетілмеген басқа бағыттағы поезға отырған жолаушы билетсіз жолаушы деп саналады және жақын арадағы тарифтік станцияда түсірілуі тиіс. Бұл ретте жолсерікке билетсіз жолаушы тасымалдағаны үшін акт құрылып, айыппұл салынады.
Қателесіп, басқа бағыттағы поезға отырған жолаушыға айыппұл салынбайды.
242. Поезға жол жүру құжатында көрсетілген мерзімнен ерте отырған жолаушы поездан шығарылмайды. Жолшыбай кездескен бірінші станцияда поезда жеткілікті аялдама жасаған кезде, жолаушы өзінің жол жүру құжаттарын қайта ресімдеуге міндетті.
243. Қолында онда жол жүруге құқық бермейтін құжаттарымен жоғары категориялы вагонда бола тұрған жолаушыға айыппұл салынбайды. Жолаушы оның жол жүру құжатына тиісті вагонға ауысуға міндетті немесе бос орындар болған кезде осы вагонда нақты орынға орналасу станциясынан бастап қашықтық аралығы үшін тиісті қосымша ақы енгізумен қалуы мүмкін.
244. Поезда қолдан жасалған немесе оған тиісті емес жол жүру құжаттарымен анықталған жолаушы, салынған айыппұлға қарамастан, поездың жүрісі барысындағы жақын арадағы станцияда темір жол көлігіндегі ішкі істер органдарына тапсырылады, бұл туралы акт құрылады.
245. Жолаушы олардың растығына күмән келтіретін жол жүру құжаттарын ұсынған жағдайда, бақылаушы жолаушы төлеген соманың мөлшерін, жол жүру құжатын сатып алған жерін, жолаушының кім екендігін және оның тұрғылықты жерін анықтайды және акт құрады. Жол жүру құжаты ақаулы ретінде жаңасына ақысыз айырбасталады. Жол жүру құжатын ауыстыру жолаушыны станцияның кассасына шақырмай жүргізіледі.
РҚАО-ның ескертуі: Ережеге қосымшалардың мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан орыс тіліндегі мәтінді қараңыз.