Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2763.

Жаңартылған

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес және жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіби медициналық, дәрігерлік немесе фармацевтикалық қызметке дайындығын айқындау мақсатында  бұйырамын :
      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда N 2120 тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2003 жылғы 25 қаңтардағы N 4 (109) жарияланған "Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 1071  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық шыққанға дейін берілген біліктілік санаттары берілгені туралы куәліктер маман сертификатына теңестірілген деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Айдархановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр 

"Денсаулық сақтау саласында    
біліктілік емтихандарын өткізу  
ережесін бекіту туралы"     
Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрінің    
2004 жылғы 25 ақпандағы     
N 190 бұйрығымен бекітілген   

  Денсаулық сақтау саласында біліктілік
емтихандарын өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және медициналық және фармацевтикалық білімді адамдарға санат беруге біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Біліктілік емтиханы жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

      3. Алғашқы біліктілік емтиханы интернатурада, клиникалық ординатурада, аспирантурада оқуды аяқтағаннан кейін, ал орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдар үшін мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істегеннен кейін өткізіледі.
      Интернатурадан өту көзделмеген мамандықтар бойынша алғашқы біліктілік емтиханы жоғары кәсіптік білім алғаннан кейін өткізіледі.

      4. Біліктілік емтихандары әр бес жыл сайын өткізіледі. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметін мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы негізінде маманды жедел біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуге болады.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      5. Кезекті біліктілік емтиханына медициналық немесе фармацевтикалық білім беру қызметіне лицензиясы бар медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда соңғы 5 жылда мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткен адамдар жіберіледі.

      6. Біліктілік емтиханы өткізілгеннен кейін меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін, емдік-диагностикалық, санитарлық-эпидемиологиялық және фармацевтикалық қызметпен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметінде, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және медициналық және фармацевтикалық білімді адамдарға, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаты беріледі.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      7. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілік деңгейі төрт біліктілік санаты бойынша айқындалады:
      1) үшінші санат;
      2) екінші санат;
      3) бірінші санат;
      4) жоғары санат.

      8. Үшінші біліктілік санаты тестілеу нәтижесінде 50 % және одан көп дұрыс жауаптары болған мынадай:
      1) интернатурадан өткендігі қарастырылмайтын мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім алғандарға;
      2) интернатурада, ординатурада, аспирантурада оқуларын бітірген;
      3) мамандығы бойынша 5 жыл өтіліммен біліктілік санаты жоқ тұлғаларға беріледі.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      9. Екінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес және одан да көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 144 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 60% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      10. Бірінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары немесе орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 216 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 70% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      11. Жоғары біліктілік санаты бірінші біліктілік санаты бар, мамандығы бойынша он жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 288 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 80% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      12. Біліктілік санаттарын беруде:
      1) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылатын "денсаулық сақтауды ұйымдастырушы" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың жұмыс өтіліне қолда бар жұмыс өтілі, сонымен бірге мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі  есептеледі. Медициналық қызметтің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік орган туралы ережеге сәйкес сарапшылық қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкерлер сарапшы медициналық қызмет бейіні бойынша біліктілік санатын алуға құқығы бар;
      2) осы ережемен бекітілген, ережелерге сәйкес, медицина, фармацевтика, биология ғылымдарының кандидаттары мен докторларына біріншісіз жоғары біліктілік санатын беруге болады;
      3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында қызмет атқаратын "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың аталған ұйымдарда осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне қолда бар "дәрігер терапевт" немесе (және) "дәрігер педиатр" мамандықтары бойынша жұмыс өтілдері есептеледі;
      4) аспирантурада, ординатурада оқуын бітірген тұлғалар тәжірибелік өтілсіз екінші біліктілік санатын алуға үміттенуге құқығы бар.
       Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      13. Денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін медициналық білімді мамандар осы Ереженің талаптарына сәйкес санат беруге біліктілік емтиханын тапсырады.

  2. Мамандандырылған біліктілік комиссиялары

      14. <*>
       Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      15. Біліктілік емтихандарын өткізу үшін мамандандырылған біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады және төмендегіше қызмет етеді:
      медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органда - жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта медициналық білімді мамандар үшін;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органда - жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және орта медициналық білімді мамандар үшін;
      дәрілік заттарды пайдалану саласындағы мемлекеттік органда - жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта фармацевтикалық білімді мамандар үшін;
      мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару жергілікті органдарында - екінші және үшінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта фармацевтикалық білімді мамандар үшін.
       Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      16. Комиссиялардың құрамына:
      1) медицина және фармацевтика қызметкерлеріне жоғары және бірінші біліктілік санатын беру бойынша: төраға - төрағаның орынбасары/бейін бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің бастығы, орынбасары - медицина ғылымы және білім беру ұйымының басшысы, комиссия мүшелері - денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандары, медицина ғылымы мен білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, қоғамдық медицина ұйымдарының өкілдері;
      2) медицина және фармацевтика қызметкерлеріне екінші және үшінші біліктілік санатын беру бойынша: комиссия төрағасы - комиссия жұмыс істейтін органның басшысы немесе басшының орынбасары, комиссия мүшелері - денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары мен мамандары, денсаулық сақтау ұйымдарының, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтардың, медицина және фармацевтика қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері енеді.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 157   бұйрығымен .

      17. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмауы керек. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.

      18. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің басым даусымен айқындалады. Дауыстар тең болғанда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  3. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін 
ұсынылатын құжаттар

      19. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін адамдар (мамандар), маман сертификаты мерзімінің аяқталуына 3 ай қалғанда, мамандандырылған комиссияға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) ұйым басшысы бекіткен, маманның жұмысын сипаттайтын және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесін көрсететін көрсеткіштер талдауымен соңғы үш жылдағы өндірістік жұмысы туралы есеп;
      3) бір бейіндегі медициналық қызметкерлерді біріктіретін кәсіби қоғамдық ұйымдардың (ассоциациялар, одақтар) мамандарымен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандары жүргізген өндірістік жұмыстар туралы есепке рецензия;
      4) маман меңгерген практикалық дағдылар көрсетілген, басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген жұмыс орнының мінездемесі;
      5) жоғары және орта кәсіптік білімі туралы құжаттардың нотариуспен куәландырылған көшірмелері;
      6) мамандандыру, біліктілік арттырудан өткендігі туралы құжаттар, сондай-ақ ұйымның кадрлық жұмыс басшысымен расталған біліктілік санатын беру туралы бұдан алдыңғы берілген құжаттардың көшірмелері;
      7) мамандығы бойынша жұмыс стажын растайтын құжаттардың көшірмесі;
      8) клиникалық ординатураны, аспирантураны, докторантураны бітіргені туралы, ғылыми дәрежесі, атағы туралы құжаттардың (болса)  нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      9) жарияланған мақалалар, сондай-ақ титульді қағаз, жарияланым орналастырылған баспасөз басылымы мазмұнының оттискілері;
      10) Осы ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген біліктілік қағазы (үміткер комиссия отырысына дейін біліктілік қағазымен танысып, қол қою керек).
       Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      20. Мамандығы бойынша жұмыс стажы жоқ адамдар комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) маман меңгерген практикалық дағдылар көрсетілген жұмыс орнынан мінездеме (жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымында, интернатурада, ординатурада және аспирантурада оқуды аяқтаған адамдар үшін);
      3) маман меңгерген практикалық дағдылар көрсетілген біліктілікті арттыру және қайта даярлау орнынан мінездеме (мамандығы бойынша жұмысқа кіріспеген немесе жұмыс істемеген адамдар үшін);
      4) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі (жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымында, интернатурада, ординатурада және аспирантурада оқуды аяқтаған адамдардан басқа);
      6) еңбек кітапшасынан (болса) үзінді-көшірме;
      7) біліктілік санаты берілгені туралы бұрын берілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      8) ординатураны, аспирантураны, докторантураны бітіргені туралы, ғылыми дәрежесі, атағы (болса) туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      21. Құжаттардың қажетті тізбесін толық бермеген жағдайда адам біліктілік емтиханына жіберілмейді.

  4. Біліктілік емтиханын өткізу

      22. Біліктілік емтиханы мыналарды қамтиды:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.

      23. Мамандық бойынша тест бағдарламасы 50 сұрақтан тұрады. Тестілеу уақыты - 60 минут. Тест нәтижелері бір жыл бойы жарамды.
       Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      24. Тест тапсырмаған адамдар әңгімелесуге жіберілмейді, біліктілік емтиханын тапсырмаған болып есептеледі.

      25. Әңгімелесу процесінде маманның кәсіби деңгейі, оның кәсіби міндеттерді (диагностикалық, тактикалық, ұйымдастырушылық) шешудегі, қолда бар ақпаратты талдаудағы және ол жөнінде тиісті шешім қабылдаудағы іскерлігі бағаланады, сондай-ақ жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме беру негізінде маманның практикалық дағдысының деңгейі айқындалады.

      26. Біліктілік емтиханының нәтижесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.

      27. Егер маманға тестілеу нәтижелері бойынша біліктілік санаты берілмесе, онда ол келіскен жағдайда комиссия мәлімделгеннен төмен санат беру туралы ұсыным беруге құқылы.
       Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      28. Біліктілік емтиханын тапсырмаған немесе бес жылдық мерзім аяқталғанға дейін санат беру туралы мәселені қарауға құжаттарын бермеген дәрігерлер мен провизорлар тәлімгер лауазымында жұмыс істей алады. Орта медициналық және фармацевтикалық білімді адамдар - арнаулы дағдыларды қажет етпейтін орта медициналық және фармацевтикалық персонал лауазымдарында жұмыс істей алады.

      29. Комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті орган маман сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім шығарады.

      30. Уәкілетті орган біліктілік санатын комиссия отырысы күнінен бір ай ішінде беру туралы шешім шығарғаннан кейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес маман сертификаты беріледі.
       Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      31. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттырғаннан немесе маманданудан және құжаттарды біліктілік комиссиясына қайталап ұсынғаннан кейін адамдарға біліктілік емтиханын қайта тапсыру, бірақ алдыңғысынан кейін 6 айдан соң, құқығы беріледі.
       Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

  4. Маман сертификаты

      32. Маман сертификаты - нақты мамандық бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін маманның біліктілік деңгейінің сәйкестігін растайтын, белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі - сертификат).

      33. Медициналық және фармацевтикалық қызметті кәсіптік білімі туралы тиісті дипломы және сертификаты бар адамдар жүзеге асыра алады.
      Мамандығы бойынша үш жылдан аз жұмыс стажы бар, орта медициналық және фармацевтикалық білімді адамдар кәсіби қызметті сертификатсыз жүзеге асыра алады.

      34. Өзінің мамандығы бойынша үш жылдан артық жұмыс жасамаған медицина және фармацевтика қызметкерлері біліктілігін тиісті арттырғаннан немесе (және) маманданғаннан және біліктілік деңгейі туралы сертификат алғаннан кейін кәсіби қызметін жүзеге асыра алады.

      35. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасының тізбесіне сәйкес беріледі.

      36. Адам (маман) негізгі және қоса атқаратын лауазымы ретінде біліктілік деңгейі туралы сертификат ала алады.

      37. Біліктілік комиссиясының ұсынымы негізінде берілетін сертификат бес жылдың ішінде республика аумағында қолданылады, кәсіби қызметін одан әрі жүзеге асыру үшін маман қайтадан біліктілік емтиханын тапсырады.

      38. Сертификаттың қолданылуы маманның клиникалық ординатурада, аспирантурада, докторантурада, біліктілік арттыруда және қайта даярлауда оқуы, жүктілігі және босануы, баласын күтуі, сырқаты бойынша демалыста болған кезінде ұзартылады.

      39. Сертификаты жоғалған жағдайда уәкілетті орган маманға телнұсқа береді.

      40. Берілетін сертификаттарды тіркеу кезінде берілген сертификаттарды осы ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу кітабы жүргізіледі, оған бау өткізілуі, нөмірленуі тиіс.
       Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      41. Біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес анықтама беріледі және біліктілік деңгейіне сәйкес негізгі қызметтік жалақысына қосымша төлем сертификат қызметінің мерзімі біткенде тоқтатылады.
       Ескерту: 41-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      42. Біліктілік емтиханын өткізу кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

                               Денсаулық сақтау саласында
                                біліктілік емтихандарын 
                               өткізу ережесіне 1-қосымша 

      ___________________________________ мамандығы бойынша
        біліктілік емтиханының 2003 жылғы "___" ___________

                        N ______ХАТТАМАСЫ

1. Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты ___________
2. Мамандығы ________________________________________
3. Біліктілік емтиханы __________________ (тапсырды, тапсырмады)
4. Тестілеу ___________________(тапсырды, тапсырмады)
5. Әңгімелесу ___________________(тапсырды, тапсырмады)
6. ___________________________________ мамандығы бойынша
(номенклатура бойынша мамандығы) ____ санатын беру ұсынылсын.
7. ___________________________________ мамандығы бойынша
(номенклатура бойынша мамандығы) __________ (санатты)  беруден бас
тартылсын
8. Шешім қабылдау бойынша мамандандырылған біліктілік комиссиясы
мүшелерінің дауысқа салу нәтижесі: "Қолдаған"_______ адам,
"қарсы"_________адам.
9. Мамандандырылған біліктілік комиссиясының ескертулері,
ұсыныстары ________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қойылған қолдар:
      Комиссия төрағасы ____________________________
      Комиссия хатшысы ____________________________
      Комиссия мүшелері ___________________________

                                       Денсаулық сақтау саласында
                                         біліктілік емтихандарын  
                                             өткізу ережесіне      
                                                 2-қосымша

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау
министрінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 157   бұйрығымен .

                      Маман сертификаты

Осы сертификат____________________________________________________
мамандығы бойынша _________________біліктілік санаты берілгені үшін __________________________________________________берілді.
          (тегі, аты, әкесінің аты,)

      Оны беру туралы шешім шығарған тиісті орган басшысының
20__ ж. "__" ___________ N ____ бұйрығы

      Тіркеу N ____
      Берілген күні 20_ жылғы "__"  __________
      Сертификат 20_ жылғы "_"________дейін жарамды

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қолы"
      "Мөрдің орны"

                                     Денсаулық сақтау саласында
                                      біліктілік емтихандарын  
                                          өткізу ережесіне    
                                              3-қосымша        

                            Анықтама

Азамат (ша)______________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________ мамандығы бойынша
________________________________________________________ жанында
                     (ұйымның атауы)
200__ жылы "___" ______________ біліктілік емтиханын тапсырды.
Біліктілік емтиханынан өтпеді.
Біліктілік комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары
_________________________________________________________________
М.О.
Комиссия төрағасы ______________ (қолы)
Комиссия хатшысы ______________ (қолы)
200___ жылғы "___" _________________
Тіркеу N ________

                                            Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  4-қосымша

       Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

                                      Мамандандырылған біліктілік
                                      комиссиясының төрағасына

                                       __________________________ 
                                         (мемлекеттік орган)
                                       __________________________
                                       (аты, тегі, әкесінің аты)
                                       __________________________
                                       (аты, тегі, әкесінің аты)
                                       __________________________
                                      (мемлекеттік органның атауы)

      ______________________________________________________
                (мемлекеттік органның атауы)

Өтініш

            ______________ санатын алуға ________________мамандығы
бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуіңізді сұраймын.
Мамандығым_________________ Медициналық өтілі______________________
Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс
өтілі______________________________________________________________
___________________________________________________________________
 
 
                                             ______________________
                                                (толтырылған күні)
                                             ______________________
                                                (үміткердің қолы)

                                             Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  5-қосымша

       Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .  

_____________________________________________________________
                   (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________________________
                 (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

                          БІЛІКТІЛІК ҚАҒАЗЫ

       _________________________________________________
     (аты, тегі, әкесінің аты, санаты көрсетілген қызметі)
Туылған жылы_________________    Жынысы____________________________
Мамандығы___________________     Медициналық өтілі_________________
Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс
өтілі______________________________________________________________
___________________________________________________________________
Білімі туралы мағлұматтар (оқу орталығы, бітірген жылы, диплом
нөмірі, берілген күні, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша
білімі туралы мағлұмат)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Наградалары, құрметті атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қызметкер қай санатқа өтініш ұсынды
___________________________________________________________________
 (жазбаша)
Жарияланымдарының саны (болса)
___________________________________________________________________
Берілген есептер бойынша рецензенттің пікірі
___________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________
___________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)

Мамандырылған біліктілік комиссиясының хатшысы____________________
__________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)
Есеп туралы пікірлер және қорытындылармен таныстым
"___"»_________________________________________
                 (үміткер қолы)
__________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының шешімі
__________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы __________________
__________________________________________________________________
                (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
Тең төраға
__________________________________________________________________
Төраға орынбасары
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
хатшы_____________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
Комиссия мүшелері_________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)

                                             Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  6-қосымша

       Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

              Біліктілік санаттарын беру туралы
          берілген сертификаттардың есеп кітабы
       ________________________________________________
                (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

N

Аты
тегі
Әкесінің
аты

Қызметінің
және
біліктілік
санатта-
рының
атауы

Мамандан-
дырылған
білікті-
лік
комиссия-
сы шеші-
мінің
күні

Білікті-
лік
санатын
беру туралы
бұйрықтың
нөмірі
және күні

Сертифи-
каттың
берілген
күні

Сертифи-
кат
алғандағы
туралы
қолы