Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2141 тіркелген "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2724

Қолданыстағы

      Ғылыми дәрежелерді ізденушілерге, диссертация қорғау рәсіміне және дипломдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды реттеу мақсатында Бұйырамын :

      1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 16  бұйрығына  (Әділет министрлігінде N 2141 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15, 842-бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:

      1) "2. Диссертацияларға және ізденушілерге қойылатын талаптар тарауында:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 5-абзацпен толықтырылсын:
      "Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденуші ғылым саласы бойынша (мамандықтар тобын ескере отырып) орындайтын диссертациясының бейініне сәйкес келмейтін болса, диссертациясының мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруы тиіс, ал кәсіптік жоғары білімі бар ізденуші орындалатын докторлық диссертациясының бейініне сай келмесе тиісті ғылым саласының жалпы курсы бойынша кандидаттық емтихан тапсырады;

      2) "3. Диссертацияларды қорғауға ұсыну және қорғау тарауында:
      22-тармақта:
      бірінші абзацтағы«"тиісті мамандықтың"»деген сөздер "тиісті мамандық пен ғылым саласының"»деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші абзацтағы "тиісті мамандық"»деген сөздер "тиісті мамандық пен ғылым саласы"»деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "5. Дипломдарды ресімдеу және беру бөлімінде:
      42-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесін беру туралы шешім оны ЖАК қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді";

      44-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ғылым докторы және кандидаты дипломдарын ЖАК ресімдейді және береді";
      екінші абзацтағы "береді" сөзі "береді" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Жоғары аттестаттау комитеті (А.Қ.Құсайынов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік актілер осы бұйрыққа сәйкестендірсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді, осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр