Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2715

Жаңартылған

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру брокерлеріне жіберсін.

      3. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасының қаржы 
рыногын және қаржылық ұйымдарды 
реттеу мен қадағалау жөніндегі 
агенттігі Басқармасының     
2004 жылғы 19 қаңтардағы    
N 6 қаулысымен          
Бекітілген            

  Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі
нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру брокерлері қызметінің шарттарын айқындайды.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) қайта сақтандыру ковернотасы - қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесіне қатысты қайта сақтандыру ұйымының міндеттемесін растайтын және қайта сақтандыру шартының негізгі талаптары көрсетілген, қайта сақтандыру ұйымының толық атауын көрсете отырып қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесі (сақтандыру сомасының бір бөлігі) туралы қайта сақтандыру ұйымы белгі қоятын (уәкілетті тұлғаның қолы не мөрі) әрбір жеке қайта сақтандыру шартына қатысты сақтандыру брокері ресімдейтін құжат. Қайта сақтандыру ковернотасы халықаралық сақтандыру рыногының қабылданған іскерлік айналым тәжірибесіне сәйкес жасалады;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есеп айырысу туралы келісім - сақтандыру брокері ресімдейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен келісілетін құжат, оның негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыруға қабылдаған (қайта сақтандыруға берген) әрбір жеке сақтандыру тәуекеліне қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен сақтандыру сыйлықақылары бойынша есеп айырысу жүргізіледі;
      3) сақтандыру слипі - сақтандыру ұйымының сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесіне қатысты сақтандыру ұйымының міндеттемесін растайтын және сақтандыру шартының негізгі талаптары көрсетілген, сақтандыру ұйымы қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесі (сақтандыру сомасының бір бөлігі) туралы сақтандыру ұйымы белгі қоятын (уәкілетті тұлғаның қолы не мөрі) әрбір жеке сақтандыру шартына қатысты сақтандыру брокері ресімдейтін құжат.

 2. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары

       Ескерту: 2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

      2. Сақтандыру брокері брокерлік қызмет түрлерін Заңның  17-бабының  2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

  3. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары

       Ескерту: 3-тарау (3-11-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру)
бойынша мәмілелерге қатысу

         Ескерту: 4-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

      12. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру брокері, оның ішінде:
      1) сақтандыру слипін;
      2) қайта сақтандыру ковернотасын;
      Сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының резидент емесі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайта сақтандыруға берген кезде қайта сақтандыру ковернотасында Қазақстан Республикасының резидент емесі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының рейтингісі және рейтинг тағайындаған рейтинг агенттігінің атауы болуы тиіс.
      Сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының резидент емесі - сақтандыру брокерлері арқылы берген кезде қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау туралы белгінің болуы (уәкілетті тұлғаның қолы не мөрі) міндетті емес;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есеп айырысу туралы келісімін;
      4) жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарына байланысты өзге құжаттарды ресімдейді.

      13. Сақтандыру брокері цеденттің атынан және тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін (қайта сақтандыру құнын), қайта сақтандыру шарттарын және сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау мүмкіндіктерін айқындау үшін қайта сақтандыру ұйымдарымен келіссөз жүргізеді.
      Қайта сақтандыруға қабылданған тәуекел үлесі, қайта сақтандыру сыйлықақысының келісілген шарттары мен мөлшері (қайта сақтандыру құны) қайта сақтандыру ұйымының уәкілетті тұлғасының қолымен не мөрімен қайта сақтандыру ковернотасында расталады.
      Қайта сақтандыру шарттары қабылданған жағдайда цедент бұл жөнінде сақтандыру брокерін хабардар етіп, тараптардың келісімі бойынша белгіленген мерзімде сақтандыру тәуекелін қайта сақтандыруға беруге жазбаша түрде тапсырма береді.
      Цедент қайта сақтандыру шарттарын қабылдаған жағдайда сақтандыру брокері бұл жөнінде қайта сақтандыру ұйымын хабардар етеді және жазбаша түрде қайта сақтандыру ұйымы ұсынған қайта сақтандыру құнын және шарттарын қабылдауға цеденттің келісімін растайды.
      Қайта сақтандыру шартының жасалуын растау ретінде сақтандыру брокері қайта сақтандыру ковернотасын ресімдейді.

      14. Сақтандыру брокері сақтанушының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін (сақтандыру құнын), сақтандыру шарттарын және сақтандыру тәуекелдерін сақтандыруға қабылдау мүмкіндіктерін айқындау үшін сақтандыру ұйымдарымен келіссөз жүргізеді. Сақтандыруға қабылданған тәуекел үлесі, сақтандыру сыйлықақысының келісілген шарттары мен мөлшері (сақтандыру құны) сақтандыру ұйымының уәкілетті тұлғасының қолымен не мөрімен сақтандыру слипінде расталады.
      Сақтанушы сақтандыру шарттарын қабылдаған жағдайда сақтандыру брокері бұл жөнінде сақтандыру ұйымын хабардар етеді және жазбаша түрде сақтандыру ұйымы ұсынған сақтандыру құнын және шарттарын қабылдауға сақтанушының келісімін растайды.

      15. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде ресімдейтін құжаттардың мәтіндері олардың сөзбен айтылуының нақты мағынасына сәйкес талқылануы тиіс. Мәтіндерде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда олардың толық және бір мәнді талқылануын беру қажет.

  4. Құжаттарды есепке алу және сақтау

       Ескерту: 5-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

      16.   Сақтандыру брокерлері сақтандыру делдалдығы бойынша деректерді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құжаттарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етеді.
      Сақтандыру брокерлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып статистикалық, қаржылық және өзге есептілікті ұсынады.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

      17. Сақтандыру брокері өзінің қаражаты және сақтанушыдан (цеденттен), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алынған сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері бойынша бөлек бухгалтерлік есепті жүргізеді.

      18. Сақтандыру брокерінің уәкілетті органы жыл сайын:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін, оның ішінде сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған кезде ішкі жұмыс тәртібін;
      2) құжаттаманы жүргізу тәртібін, клиенттерге қызмет көрсету шарттарын және оның делдалдығымен жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша құжаттаманы жүргізу тәртібін;
      3) өз қызметінің техникалық жабдықталу жағдайларын, жыл сайынғы аудиттің жүргізілуін, олар жасайтын шарттардың, қаржылық есептің және өзге құжаттаманың сақталуын, құжаттарды сақтау тәртібі мен мерзімін көздейтін ішкі құжаттарды;
      4) комиссиялық сыйақыны төлеу талаптары мен тәртібін бекітеді.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

      19. Сақтандыру брокері жыл сайын аудиторлық ұйыммен расталған қаржылық есеп берумен қоса, функциясына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру жататын уәкілетті мемлекеттік органға ішкі жұмыс тәртібі мен есеп саясатын тапсырады.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

  5. Қорытынды ережелер

       Ескерту: 6-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82   қаулысымен .

      20. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.