"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексіне
(Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік алуға өтініш нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 379
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 сәуірде N 1820 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2002 жылғы N 21 санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік алуға өтініште:
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шаруа (фермер) қожалығы нысанындағы жеке кәсіпкерлікті
__ __
тіркеу кезінде | | ұяшығында деп |x | көрсетіңіз".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы (Ю.Ж.Тілеумұратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның м.а.