Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік алуға өтініш нысанын бекіту туралы

Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1820. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Дене дайындығы мен спорт бас басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Орталық армия спорт клубы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Спорт комитеті) болып қайта аталсын.
      2. Спорт комитеті штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде 1003 бірлік санында белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
      1) Спорт комитетінің Жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін;
      2) Спорт комитетінің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі