Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшермелерін (бір жағы үшін) бекіту туралы

Алматы қалалық Мәслихатының IІ сайланған XХІV сессиясының 2003 жылғы 27 ақпандағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 сәуірде N 521 тіркелді

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы"  Кодексiнiң  489-492 баптарына сәйкес және Алматы қаласының әкімінің ұсынысы бойынша ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

     1. Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшерлемелерін (бір жағы үшін) бекіту (тiркелген).
     
     1-1. N 2 қосымшаға сәйкес темекi және темекi бұйымдарының сыртқы және көрнекi жарнамасын оларды сататын орындарда орналастыру және Алматы қаласының аумағында осындай орындарды белгiлеу үшiн ай сайынғы төлем мөлшерлемелерiнiң көлемдерi бекiтiлсiн, қоса берiлiп отыр.
      Ескерту. 1-1 тармақша енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІІ сессиясының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 113  шешімімен .
     
     1-2. Темекi және темекi бұйымдарын орналастырудан түскен қаражат халықтың денсаулығын қорғау үшiн пайдалануға, бюджет кiрiсiне жiберiлсiн.
      Ескерту. 1-2 тармақша енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІІ сессиясының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 113  шешімімен .     

     2. 29.12.2001 ж. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XIV-шi сессиясының "Алматы қаласы бойынша жер учаскелерiне, салық мөлшерлемелерiн, алымдар мен төлемдердi бекiту туралы"  шешiмiне  жасалған N 7 қосымшасының күшi жойылған деп санау.

     3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды экономика және өндiрiстi дамыту мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясына (Шелипанов А.И.), Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.З. Мурзинге, Алматы қ. бойынша салық комитетiнiң төрағасы Қ.Қ.Нұрпейсовқа жүктеу.

      Ескерту. 3 тармақ өзгертілді және толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ХХV сессиясының 2003 жылғы 11 маусымдағы  шешімімен .

 
     ІІ-сайланған Алматы қалалық
     Мәслихаты ХХIV-сессиясының
     төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы

ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының
2003 ж. 27 ақпандағы
ХХIV-шi сессиясының шешіміне
қосымша

Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы
төлемнің мөлшерлемелері (бір жағы үшін)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда жазылды - III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының VIII сессиясының 2004 жылғы 29 шілдедегі N 68  шешімімен .

     Қосымшадағы мөлшерлемелер кестесінің 1.1., 2.1., 3.1., 4.1., 5.1., 6.1., 7.1., 8.1.тармақтары және қосымшаға ескертпедегі 4 тармақтың күші 2004 жылғы 1 қазанға дейін қолданылады.  

 

Жарнама түрi

Төлем ақы мөлшерлемелерi

Ай сайын алынатын

"А"
катего
риясы

"В"
катего
риясы

"С"
катего
риясы

Ескерту

1. Көлемi 2.ш.м
дейiнгi көрсеткiштер, маңдайшалар, ақпарат қалқандары (нысан үшiн).

1.1. Темекiнiң жарнамасы

3

4,5

2

3

1

1,5

4 ескерту

2.Лайтбокстер (сити форматты)

2.1. Темекiнiң жарнамасы

6

 
9

3

 
4,5

2

 
3

 
4 ескерту

3. Көлемi 2 - ден 5 ш.м. дейiнгi  жарнама-ақпараттық нысандар

3.1. Темекiнiң жарнамасы

10

 
 
15

5

 
 
7,5

3

 
 
4,5

4 ескерту

4. Көлемi 5-тен 10 ш.м. дейiнгi  жарнама-ақпараттық нысандар

4.1. Темекiнiң жарнамасы

20

 
 
30

10

 
 
15

6

 
 
9

4 ескерту

5. Көлемi 10-нан 20 ш.м. дейiнгi  жарнама-ақпараттық нысандар

5.1. Темекiнiң жарнамасы

40

 
 
 
60

20

 
 
 
30

10

 
 
 
15

4 ескерту

6. Көлемi 20-дан 30 ш.м. дейiнгi  жарнама-ақпараттық нысандар

6.1. Темекiнiң жарнамасы

60

 
 
 
90

30

 
 
 
45

15

 
 
 
22,5

4 ескерту

7.Көлемi 30 ш.м. жоғары жарнама-ақпараттық нысандар

7.1. Темекiнiң жарнамасы

100

150

50

75

25

37,5

4 ескерту

8. Уақытша типтегi дүңгiршiктер мен павильондардағы жарнама

8.1. Темекiнiң жарнамасы

3

 
 
4,5

2

3

1

1,5

4 ескерту

9. Көлiк құралдарының сыртындағы жарнама (бiрлiк үшiн)

9.1. Автобустар, троллейбустар, трамвайлар, жүк машиналары және т.б. (жүк көтерімі 1,5 тоннадан астам)

9.2. Шағын автобустар, такси, жеңiл автомобильдер (жүк көтерімі 1,5 тоннаға дейін)

15

 
5

15

 
5

15

 
5

4 ескерту

   

 
     Ескерту.  1. Төлем ақы мөлшерлемелерi қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң көлемiмен есептеледi. 
      2. Бюджеттiк ұйымдар мен отандық тауарөндірушілер (отандық және бірлескен өндірістік кәсіпорындар) үшiн ай сайынғы мөлшерлемелер 20% азайтылады.
      3.   Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары олардың өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты орналастырған сыртқы (көрнекi) жарнама нысандары бойынша ақы төлеушiлер болып табылмайды.
      4.   Темекi өнiмдерiнiң жарнамасын көлiктің барлық түрлерінде, құрылғылар мен ЖПБ жол белгілерінде орналастыруға тыйым салынады. 
      5.   Төленген төлем ақы сомалары қайтарылмайды.
      6. Категориялар бойынша Алматы қаласының негiзгi алаңдары мен магистральдарының тiзiмi:
     "А" категориясы:  Абай д., Әл-Фараби д., Абылай хан д., Достық д., Фурманов к-сi, Астана алаңы, Республика алаңы, Сәтпаев к-сi, Қонаев к-сi, Сүйiнбай д., Саин д., Сейфуллин д., Қажымұқан к-сi, Байтұрсынов к-сi, Достық - Әл-Фараби зәулiм жолы, Алтынсарин к-сi, Райымбек д., Рысқұлов д., Желтоқсан к-сi, Гоголь к-сi, Жiбек жолы к-сi, Төле би к-сi, Қабанбай батыр к-сi, Мақатаев к-сi, Б.Майлин к-сi, Өтеген батыр к-сi, Гагарин д., Хмельницкий к-сi, Солтүстiк шеңбер, әуежай, авто және темiржол вокзалдары, Розыбакиев к-сi, Ш.Қалдаяқов к-сi, Наурызбай батыр к-сi, қаланың кiре берiстерi мен шыға берiстерi, Тимирязев к-сi, Б.Момышұлы к-сi, спорт шаралары мен мәдени бұқаралық демалыс орындары, Жандосов к-сi, Масанчи к-сi, Мәметова к-сi, Құрманғазы к-сi, Т.Озал к-сi, Жолдасбеков к-сi, Меңдiқұлов атындағы бульвар, Панфилов к-сi (Әл-Фараби д. Төмен), М.Ганди к-сi, Әуезов к-сi.
     "B" категориясы : Бөгенбай батыр к-сi, Марков к-сi, Шаляпин к-сi, Манас к-сi, Тiлендиев к-сi, Навои к-сi, Мұстафин к-сi, Шемякин к-сi, "Алмагүл" ықшам ауданы, "Қазақфильм" ықшам ауданы, "Айнабұлақ" ықшам ауданы, Байзақов к-сi, Щепкин к-сi, Жароков к-сi, Қазыбек би к-сi, Әйтеке би к-сi, Мұқанов к-сi, Торайғыров к-сi, "Орбита" ықшам ауданы, Панфилов к-сi, Жансүгiров к-сi, Пушкин к-сi, Айманов к-сi, Жамбыл к-сi, А.Шарипов к-сi, Қожамқұлов к-сi, Қарасай батыр к-сi, Шевченко к-сi.
     "С" категориясы:  "А" және "В" категорияларына кiрмеген барлық қалған магистральдар, алаңдар мен көшелер.

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
     Мәслихаты ХХIV-сессиясының
     төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы

"Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекi)
жарнаманы орналастырғандығы үшiн ай сайынғы
төлем мөлшерлемелерiн бекiту туралы"
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының
2003 жылғы 27 ақпандағы ХХIV-сессиясының
шешiмiне N 2 қосымша

Темекі және темекі бұйымдарының сыртқы (көрнекі)
жарнамасын оларды сататын орындарда
орналастырғандығы және Алматы қаласының
аумағында осындай орындарды белгілеу үшін айлық
есептемелік көрсеткіштердегі (АЕК) Ай
сайынғы төлемінің мөлшерлемелері

      Ескерту. 2 қосымша енгізілді - ІIІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІІ сессиясының 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 113  шешімімен .

Жарнама түрі

Ай сайынғы төлем мөлшерлемесі

1. Сауда орындарындағы 1 ш.м.-ға дейінгі жарнама алаңы

60 АЕК

2. Сауда орындарындағы 1 ш.м.-дан жоғары жарнама алаңы

600 АЕК

3. Темекі және темекі бұйымдарының сауда орындарын белгілеуге арналған көлемі 1 ш.м. дейінгі жарнама нысанасы

500 АЕК

4. Темекі және темекі бұйымдарының сауда орындарын белгілеуге арналған көлемі 1 ш.м.-дан жоғары жарнама нысанасы

1000 АЕК

      

     III-сайланған Алматы қаласы
     Мәслихаты кезектен тыс ХII-шi
     сессиясының төрағасы              

 
     III-сайланған Алматы қаласы
     Мәслихатының хатшысы