Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы" Кодексiнiң 489-492 баптарына сәйкес және Алматы қаласының әкімінің ұсынысы бойынша ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшермелерін (бір жағы үшін) бекіту (тiркелген).
2. 29.12.2001 ж. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XIV-шi сессиясының "Алматы қаласы бойынша жер учаскелерiне, салық мөлшерлемелерiн, алымдар мен төлемдердi бекiту туралы" шешiмiне жасалған N 7 қосымшасының күшi жойылған деп санау.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды экономика және өндiрiстi дамыту мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясына (Шелипанов А.И.), Алматы қ. бойынша салық комитетiнiң төрағасы Қ.Қ.Нұрпейсовқа, "Алматыжарнама" коммуналды мемлекеттiк кәсiпорынның директоры М.Т.Ерманға жүктеу.
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты ХХIV-сессиясының
төрағасы
ІІ-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының
2003 ж. 27 ақпандағы
ХХIV-шi сессиясының шешіміне
қосымша
Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің
мөлшерлемері (бір жағы үшін)
Жарнама түрi |
Төлем ақы мөлшерлемелерi |
|||
Ай сайын алынатын |
||||
"А" категориясы |
"В" категориясы |
"С" категориясы |
Ескерту |
|
1.Көлемi 2 ш.м дейiнгі
|
3 |
2 |
1 |
4 ескерту |
2.Лайтбокстер
|
6 |
3 |
2 |
4 ескерту |
3.Көлемi 2-ден 5 ш.м. дейiнгi жарнама -ақпараттық нысандар
|
10 |
5 |
3 |
4 ескерту |
4.Көлемi 5-тен 10 ш.м. дейiнгi жарнама -ақпараттық нысандар
|
20 |
10 |
6 |
4 ескерту |
5.Көлемi 10-нан 20 ш.м. дейiнгi жарнама-ақпараттық нысандар
|
40 |
20 |
10 |
4 ескерту |
6.Көлемi 20-дан 30 ш.м. дейiнгi жарнама -ақпараттық нысандар
|
60 |
30 |
15 |
4 ескерту |
7.Көлемi 30 ш.м. жоғары жарнама -ақпараттық нысандар
|
100 |
50 |
25 |
4 ескерту |
8.Уақытша типтегi
|
3 |
2 |
1 |
4 ескерту |
9.Көлiк құралдарының сыртындағы жарнама
|
15 5 |
15 5 |
15 5 |
4 ескерту |
Ескерту:
1.
Төлем ақы мөлшерлемелерi қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң көлемiмен есептеледi.
2.
Бюджеттiк ұйымдар үшiн ай сайынғы мөлшерлемелер 30%, тауар өндiрушiлер үшiн 20% азайтылады.
3.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары олардың өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты орналастырған сыртқы (көрнекi) жарнама нысандары бойынша ақы төлеушiлер болып табылмайды.
4.
Темекi және алкогольды өнiмдердiң, соның iшiнде сыраның (тiркелген сауда маркалар, логотиптер мен брендтердi қоса алғанда) жарнамалары үшiн ай сайынғы төлем ақы мөлшерлемелерi бекiтiлген көлемнен 50% ұлғайтылады. Темекi және алкогольды өнiмдерiн жарнамасын көлiктің барлық түрлерінде, құрылғылар мен МАИ жол белгілерінде орналастыруға тыйым салынады.
5.
Төленген төлем ақы сомалары қайтарылмайды.
6.
Категориялар бойынша Алматы қаласының негiзгi алаңдары мен магистральдарының тiзiмi:
"А" категориясы:
Абай д., Әл-Фараби д., Абылай хан д., Достық д., Фурманов к-сi, Астана алаңы, Республика д., Сәтпаев к-сi, Қонаев к-сi, Сүйiнбай д., Саин д., Сейфуллин д., Қажымұқан к-сi, Байтұрсынов к-сi, Достық - Әл-Фараби зәулiм жолы, Алтынсарин к-сi, Райымбек д., Рысқұлов д., Желтоқсан к-сi, Гоголь к-сi, Жiбек жолы к-сi, Төле би к-сi, Қабанбай батыр к-сi, Мақатаев к-сi, Б.Майлин к-сi, Өтеген батыр к-сi, Гагарин к-сi, Хмельницкий к-сi, Солтүстiк шеңбер, "Медеу" СК, әуежай, авто және темiржол вокзалдары, Розыбакиев к-сi, Ш.Қалдаяқов к-сi, Наурызбай батыр к-сi, қаланың кiре берiстерi мен шыға берiстерi, Тимирязев к-сi, Б.Момышұлы к-сi, спорт шаралары мен мәдени бұқаралық демалыс орындары, Жандосов к-сi, Масанчи к-сi, Мәметова к-сi, Құрманғазы к-сi, Т.Озал к-сi, Жолдасбеков к-сi, Меңдiқұлов атындағы бульвар, Панфилов к-сi ( Әл-Фараби д. Төмен), М.Ганди к-сi, Әуезов к-сi, "Шымбұлақ" тау шаңғы кешенi.
"B" категориясы
: Бөгенбай батыр к-сi, Марков к-сi, Шаляпин к-сi, Манас к-сi, Тiлендиев к-сi, Навои к-сi, Мұстафин к-сi, Шемякин к-сi, "Алмагүл" ықшам ауданы, "Қазақфильм" ықшам ауданы, "Айнабұлақ" ықшам ауданы, Байзақов к-сi, Щепкин к-сi, Жароков к-сi, Қазыбек би к-сi, Әйтеке би к-сi, Мұқанов к-сi, Торайғыров к-сi, "Орбита" ықшам ауданы, Панфилов к-сi, Жансүгiров к-сi, Пушкин к-сi, Айманов к-сi, Жамбыл к-сi, А.Шарипов к-сi, Қожамқұлов к-сi, Қарасай батыр к-сi, Шевченко к-сi.
"С" категориясы:
"А" және "В" категорияларына кiрмеген барлық қалған магистральдар, алаңдар мен көшелер.
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты ХХIV-сессиясының
төрағасы
ІІ-сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы