Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 9 шешімімен.
Қала әкiмiнiң актiлерiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Павлодар қаласы әкiмiнiң 2002 жылғы 11 желтоқсандағы "қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар туралы" N 550 шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
осы шешiммен бекiтiлген қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар қызметiнiң қағидаларында:
3-тармақта "Ерiктi жасақтар мүшелерiне кандидаттар құқықтық статистика және ақпарат Орталығында сотталғанын анықтау мақсатында арнайы тексерiстен өтедi" сөздерi алып тасталынсын;
7-тармақта "көрсетедi" сөзi "көрсетуге құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ алып тасталынсын;
13-тармақтың 2) тармақшасында "Ерiктi жасақтар командирлерiне жаза қолдану" сөздерi алып тасталынсын;
19-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталынсын;
21-тармақта "ол жұмыс iстейтiн ұйыммен төленедi, еңбекақысы сақталады" деген сөздер "Ерiктi жасақтардың қызмет етуiне жергiлiктi бюджетте қаралған қаражат есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақ алып тасталынсын.
2. Осы шешiм екi апта iшiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап ресми жариялансын.
3. Осы шешiм мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап күшiне енедi.
Павлодар қаласы
әкiмiнiң мiндетiн
атқарушы