Павлодар қаласы әкiмiнiң 2002 жылғы 11 желтоқсандағы "Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар туралы" N 550 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2003 жылғы 14 қаңтардағы МТН 1590)

Павлодар қаласы әкімиятының 2003 жылғы 10 ақпандағы N 71 шешімі. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 ақпанда N 1634 тіркелді

Қолданыстағы

      Қала әкiмiнiң актiлерiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Павлодар қаласы әкiмiнiң 2002 жылғы 11 желтоқсандағы "қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар туралы" N 550 шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      осы шешiммен бекiтiлген қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi ерiктi жасақтар қызметiнiң қағидаларында:
      3-тармақта "Ерiктi жасақтар мүшелерiне кандидаттар құқықтық статистика және ақпарат Орталығында сотталғанын анықтау мақсатында арнайы тексерiстен өтедi" сөздерi алып тасталынсын;
      7-тармақта "көрсетедi" сөзi "көрсетуге құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ алып тасталынсын;
      13-тармақтың 2) тармақшасында "Ерiктi жасақтар командирлерiне жаза қолдану" сөздерi алып тасталынсын;
      19-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталынсын;
      21-тармақта "ол жұмыс iстейтiн ұйыммен төленедi, еңбекақысы сақталады" деген сөздер "Ерiктi жасақтардың қызмет етуiне жергiлiктi бюджетте қаралған қаражат есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақ алып тасталынсын.
      2. Осы шешiм екi апта iшiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап ресми жариялансын.
      3. Осы шешiм мемлекеттiк тiркеуден өткен уақыттан бастап күшiне енедi.

      Павлодар қаласы
      әкiмiнiң мiндетiн
      атқарушы