Облыс әкімиятының 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына толықтырулар енгізу туралы, Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпанда 2005 мемлекеттік нөмірімен тіркелген

Ақтөбе облысы әкімиятының 2003 жылғы 9 маусымдағы № 139 қаулысы. Ақтөбе облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 маусымда № 2224 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 қаулысымен. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009.11.12 № 331 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 тармағына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) объектілерін мүліктік жалға беруді ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Осы "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) объектілерін мүліктік жалға беруді ұсыну тәртібі туралы" Ереженің 9-бөлімі 42-2 тармақпен толықтырылсын:
      "42-2 Жақтардың келісуімен жалға беруші жалгерлік ақы мөлшерін қолданыстағы заңға сәйкес жалгерлік ақы ставкасын есепке алмай және коэффициенттерді қолданбай бекітуге құқығы бар".
      2. "Облыстық коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Қаратаев) осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С.Қ.Ғилымовқа жүктелсін.
      Облыс Әкімі: