"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 тармағына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) объектілерін мүліктік жалға беруді ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17
қаулысына
мынадай толықтырулар енгізілсін:
Осы "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) объектілерін мүліктік жалға беруді ұсыну тәртібі туралы" Ереженің 9-бөлімі 42-2 тармақпен толықтырылсын:
"42-2 Жақтардың келісуімен жалға беруші жалгерлік ақы мөлшерін қолданыстағы заңға сәйкес жалгерлік ақы ставкасын есепке алмай және коэффициенттерді қолданбай бекітуге құқығы бар".