Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында, Ерейментау және Еңбекшілдер аудандарының әкімдіктері мен аудандық мәслихаттарының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Тұрғындары көшіп кетулеріне байланысты, Уәлиханов селолық округінің Қойтас селосы қысқартылып, есептеу көрсеткішінен шығарылсын.
2. Ерейментау ауданы бойынша:
1) Келесі елді мекендер басқа қоныстар дәрежесіне өзгертілсін:
Бозтал селолық округінің Ұсамбай селосы;
Бестоғай селолық округінің Чилинка селосы;
Благодатненское селолық округінің Баймен селосы;
Торғай селолық округінің Торғай АҚП елді мекені.
2) Жоғарыда аталған қоныстардың тұрғындары төмендегі селолардың құрамына енгізілсін:
Ұсамбай қонысының тұрғындары, Бозтал селолық округінің Бозтал селосының құрамына;
Чилинка қонысының тұрғындары Бестоғай селолық округінің Байсары селосының құрамына;
Баймен қонысының тұрғындары, Благодатненское селолық округінің Новокаменка селосының құрамына;
Торғай АҚП қонысының тұрғындары, Торғай селолық округінің Торғай селосының құрамына.
3) Төмендегі елі-мекендер есептік көрсеткіштерден шығарылсын:
Бозтал селолық округінің Ұсамбай селосы;
Бестоғай селолық округінің Чилинка селосы;
Благодатненское селолық округінің Баймен селосы;
Торғай селолық округінің Торғай АҚП елді мекені.
3. Сандықтау ауданы бойынша:
Богородка, Дорогинка селолары мен Мәдениет ауылы шекараларындағы Широковский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
1) Широковский селолық округі, орталығы Богородка селосы, Богородка, Дорогинка селоларының шекараларында;
2) Мәдениет ауылы, орталығы Мәдениет ауылы, Мәдениет ауылының шекарасында.
4. Осы шешім Ақмола облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы