Еңбекшілдер, Ерейментау және Сандықтау аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімшілігінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N ЗС-3-12 бірлескен шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2004 жылғы 12 қаңтарда N 2206 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының», «селолары», «селоларының», «селолардың» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының», «ауылдары», «ауылдарының», «ауылдардың» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3, 8, 11 баптарына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында, Ерейментау және Еңбекшілдер аудандарының әкімдіктері мен аудандық мәслихаттарының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбекшілдер ауданы бойынша:
      Тұрғындары көшіп кетулеріне байланысты, Уәлиханов ауылдық округінің Қойтас ауылы қысқартылып, есептеу көрсеткішінен шығарылсын.
      2. Ерейментау ауданы бойынша:
      1) Келесі елді мекендер басқа қоныстар дәрежесіне өзгертілсін:
      Бозтал ауылдық округінің Ұсамбай ауылы;
      Бестоғай ауылдық округінің Чилинка ауылы;
      Благодатненское ауылдық округінің Баймен ауылы;
      Торғай ауылдық округінің Торғай АҚП елді мекені.
      2) Жоғарыда аталған қоныстардың тұрғындары төмендегі ауылдардың құрамына енгізілсін:
      Ұсамбай қонысының тұрғындары, Бозтал ауылдық округінің Бозтал ауылының құрамына;
      Чилинка қонысының тұрғындары Бестоғай ауылдық округінің Байсары ауылының құрамына;
      Баймен қонысының тұрғындары, Благодатненское ауылдық округінің Новокаменка ауылының құрамына;
      Торғай АҚП қонысының тұрғындары, Торғай ауылдық округінің Торғай ауылының құрамына.
      3) Төмендегі елі-мекендер есептік көрсеткіштерден шығарылсын:
      Бозтал ауылдық округінің Ұсамбай ауылы;
      Бестоғай ауылдық округінің Чилинка ауылы;
      Благодатненское ауылдық округінің Баймен ауылы;
      Торғай ауылдық округінің Торғай АҚП елді мекені.
      3. Сандықтау ауданы бойынша:
      Богородка, Дорогинка ауылдары мен Мәдениет ауылы шекараларындағы Широковский ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын:
      1) Широковский ауылдық округі, орталығы Богородка ауылы, Богородка, Дорогинка ауылдарының шекараларында;
      2) Мәдениет ауылы, орталығы Мәдениет ауылы, Мәдениет ауылының шекарасында.
      4. Осы шешім Ақмола облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат             Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы