Мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Ақмола облысының әкімдігінің 2003 жылғы 5 тамыздағы N а-8/211 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қыркүйекте N 1992 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № А-6/249

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.06.09 № А-6/249 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 27-бабына сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді пайдалану мақсаттарында, облыс  әкімдігі қаулы етеді:

      1. Ақмола облысының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарына  және коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі                                                  

                         Ақмола облысы әкімдігінің
2003 жылғы N а-8/211
қаулысымен бекітілді

  Ақмола облысының коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік 
мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару туралы
Нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық табиғи және сапалық тозуының салдарынан, табиғи апаттар мен авариялардың нәтижесінде жарамсыздыққа келген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - мемлекеттік кәсіпорындар) мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрі -  мемлекеттік мекемелер) бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібін  анықтайды. <*>
      Ескерту. 1 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  N А-1/32 қаулысымен      
      2. Нұсқаулық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің негізгі құрал жабдықтарына (активтеріне) жататын мүлікке таратылады.
      3. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу осы Нұсқаулықтың 10-тармағында белгіленген шарттарды ескере отырып осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылатын Комиссия тұжырымының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Комиссия мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен құрылады.
      Мемлекеттік кәсіпорындар құрылатын комиссияның құрамына міндетті түрде:
      мемлекеттік кәсіпорынның бас инженері немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
      мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлғалар енгізіледі.
      Мемлекеттік мекемелерде құрылатын комиссияның құрамына міндетті түрде:
      мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда - бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы  болмаған жағдайда - бас бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлғалар);
      мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлғалар енгізіледі.
      Мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығаруда Комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) енгізіледі.

  2. Мүлікті есептен шығару тәртібі

      5. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан, қызметінің  белгіленген мерзімдері өтелгеннен кейін, дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесінде өндірістік мәнін толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтіру экономикалық жағынан орынсыз және мүмкін емес болған мүлік мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің балансынан шығарылады.  <*>
      Ескерту. 5 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  N А-1/32 қаулысымен    
      6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару жүзеге асырылады:
      баланстық құны 1000 еселік ең төмен есепті көрсеткіштен артылғанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Ақмола облысының қаржы департаментінің жазбаша рұқсат беруінен кейін (бұдан әрі қарай-Департамент);
      100 пайыздық тозуында немесе баланстық құны 1000 еселік ең  төмен есепті көрсеткіштен артылмағанда - мемлекеттік басқару органының келісімімен және Департаменттің / аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің жазбаша рұқсат беруінен кейін;  <*>
      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  N А-1/32 қаулысымен    
      7. Атқарушы орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару Департаменттің келісімімен жүзеге 
асырылады; <*>
      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  N А-1/32 қаулысымен
      8. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығару мемлекеттік басқару органының және Департаменттің / аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімінің келісімі бойынша орындалады;  <*>
      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  N А-1/32 қаулысымен
      9. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлік есеп мәліметтерін қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлікті тексеріп қарайды және оның қайта қалпына келтіру және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 5 тармағында көрсетілген есепке шығарылудың себептерін айқындайды, есепке шығарылып отырған мүліктің жекелеген түйіндері, бөлшектері, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды, оларды бағалайды,  мүліктің мерзімінен бұрын қолданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметі арнайы білімдерді қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиісті мамандарды (сарапшыларды) енгізеді.
      Есептен шығару актілері бекітілгенге дейін мүлікті ажырату  мен бөлшектеуге рұқсат етілмейді.
      Мүлікті жоюдан алынған барлық бөлшек, торап, қосалқы бөлшек, материал және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрі - материалдар) үш топқа бөлінеді:
      Бірінші топ - тікелей қызметі бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлік есептің тиісті шоттар  кірісіне алынуға міндетті одан әрі қолдануға жарамды материалдар.
      Екінші топ - қайталама шикізат ретінде (қара, түсті және асыл металдар, көнерген материал, отын және т. б.) кіріске алынатын  тікелей қызметі бойынша одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар.
      Үшінші топ - одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.
      10. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін осы Нұсқаулықтың 5 - тармағында көрсетілген себептердің   салдарынан есептен шығару белгіленген формалардың (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444) актілерімен 3 данада ресімделеді.
      11. Комиссия 3 - данада жасаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару актілері осы Нұсқаулықтың 6, 7, 8 тармақтарына сәйкес құжаттардың мына тізімімен:
      1) Комиссия хаттамасы;
      2) Авария жағдайында тиісті лауазымды тұлға жасаған және бекіткен уақиға актісінің көшірмесімен мемлекеттік басқару органдарына келісуге жіберіледі.
      Мемлекеттік басқару органдарымен келісілген есептен шығару құжаттары тиісінше Департамент/аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөліміне жазбаша рұқсат алу үшін жіберіледі.  <*>
      Ескерту. 11 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы  N А-1/32 қаулысымен
      12. Мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін есептен шығару актілері келісілген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта "Келісілді" деген белгі, күні, тиісті мемлекеттік басқару  органының мөрімен бекітілген басшының қолы қойылады.
      Актінің, комиссия хаттамасының (уақиға актісінің көшірмесінің) бір данасы тиісті уәкілетті органда қалады, қалған екеуі - мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекемеге беріледі.
      13. Келісілмеген жағдайда, мүлікті есептен  шығарудан бас тарту дәлелденуімен құжаттардың пакеті мемлекеттік кәсіпорын немесе  мемлекеттік мекемеге қайтарылады.

  3. Қорытынды ережелер

      14. Есептен шығарудың қолданылып жүрген тәртібі бұзылған  жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
      15. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан -  Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешілді.