Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
21-тармақтың үшінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
"Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасының қаулысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы