"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2669. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 148 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.10.02 N 148 Қаулысымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2669 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 67 (24377) жарияланған);
      2) ...
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он терт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. ...
      1) ...;
      2) ...
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                   Е. Бахмутова

      "Сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамының активтерiн инвестициялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi және 2003 жылғы 5 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      3. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамына жiберсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететiн болсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық  
Банкі Басқармасының "Сақтандыру   
төлемдеріне кепілдік беру қоры"   
акционерлік қоғамының активтерін  
инвестициялау ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 26 желтоқсандағы    
N 466 қаулысымен бекітілген    

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесі

      Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) активтерін инвестициялауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қордың ақшасы және Қор ақшасының есебінен сатып алынған бағалы қағаздар инвестициялауға жататын Қордың активтері (бұдан әрі - Қор активтері) болып табылады.

      2. Қор активтерін инвестициялаудың негізгі мақсаттары Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және оларды ұлғайту болып табылады.

      3. Қор активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Сенімгерлік басқарушы Қор активтері шегінде сенімгерлік басқарушы мен Қор арасында жасалған тиісті сенімгерлік басқару шарты негізінде Қор активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асырады.

2-тарау. Қор активтерін инвестициялаудың тәртібі

      4. Қор активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі:
      1) мемлекеттік бағалы қағаздар және агенттік облигациялар;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттері;
      3) Бағалы қағаздары листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген немесе резидент еместері "А" ("Standard&Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санаттарынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі бар резидент емес енші беруші банктердің резидент емес еншілес банкі болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттер (оның ішінде шетел валютасымен);
      4) Қазақстан Республикасы мен сауда-саттықты ұйымдастырушының барынша жоғары санаты бойынша ресми тізімге енгізілген басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес (ипотекалық облигациялар мен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларынан басқа) шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздары;
      5) листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің ипотекалық облигациялары;
      6) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары;
      7) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен бір айға дейінгі операция жасау мерзімі бойынша РЕПО операциялары және кері РЕПО операциялары.
      Қор активтерін инвестициялау мөлшерлері сенімгерлік басқарушы мен Қор арасында жасалған инвестициялық стратегиясымен белгіленеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 65 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін) қаулысымен.

      5. Сенімгерлік басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде, сенімгерлік басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот және орналастырылған салымдары (депозиттерді) және Қор ақшасының есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелуге жатады.