"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2669.

Қолданыстағы

      "Сақтандыру төлемдерiне кепілдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  4-бабының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамының активтерiн инвестициялау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi және 2003 жылғы 5 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      3. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамына жiберсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететiн болсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық  
Банкі Басқармасының "Сақтандыру   
төлемдеріне кепілдік беру қоры"   
акционерлік қоғамының активтерін  
инвестициялау ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 26 желтоқсандағы    
N 466 қаулысымен бекітілген    

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесі

      Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленді және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) активтерін инвестициялауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қордың ақшасы және Қор ақшасының есебінен сатып алынған бағалы қағаздар инвестициялауға жататын Қордың активтері (бұдан әрі - Қор активтері) болып табылады.

      2. Қор активтерін инвестициялаудың негізгі мақсаттары Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және оларды ұлғайту болып табылады.

      3. Қор активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Сенімгерлік басқарушы Қор активтері шегінде сенімгерлік басқарушы мен Қор арасында жасалған тиісті сенімгерлік басқару шарты негізінде Қор активтерін қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асырады.

2-тарау. Қор активтерін инвестициялаудың тәртібі

      4. Қор активтерін инвестициялау:
      1) Қор активтерінің кемінде 50 (елу) проценті мөлшерінде - мемлекеттік бағалы қағаздарда және агенттік облигацияларға;
      2) Қор активтерінің 30 (отыз) процентінен аспайтын мөлшерде - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге);
      3) кез келген көлемде - мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен бір айға дейінгі операция мерзімімен РЕПО және кері РЕПО операцияларына жүзеге асырылады.

      5. Сенімгерлік басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде, сенімгерлік басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот және орналастырылған салымдары (депозиттерді) және Қор ақшасының есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттелуге жатады.