Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық
Заңын
, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының
Кодексін
және Қазақстан Республикасының "
Мемлекеттік қызмет туралы
", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
Заңдарын
қолдану кезінде мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы"
Заңының
11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкі құрылсын.
2. "Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы" қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин):
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құруды ұйымдастырсын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалалары, облыстар және соларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін (М.Қ.Уәйісов).
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап өз күшіне енеді және 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарым-қатынастарда қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған
деректер банкін құру туралы"
2003 жылғы "5" желтоқсандағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Нұсқаулық
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды
жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған
деректер банкін жүргізу жөнінде
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Бұл Нұсқаулық әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілетті барлық мемлекеттік органдар үшін (әрі қарай - әкімшілік практика субъектілері), әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулысы заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды бірыңғай есепке алуды белгілейді.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды орталықтандырылған есепке алу, электрондық деректер банкін жүргізу арқылы (әрі қарай - деректер банкі) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен жүзеге асырылады (әрі қарай - Комитет).
3. Деректер банкі, әкімшілік практика субъектілерімен ұсынылатын есепке алу құжаттарының: әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы қажетті мәліметтерді қамтитын "әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу бойынша" N 1-АП нысанды карточкасы (1-қосымша) (әрі қарай - карточка), әкімшілік жаза салу туралы қаулының орындалуы жөніндегі хабарлама (3-қосымша), әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік өндіріп алудан босату туралы хабарлама (4-қосымша) негізінде құрылады.
Карточкалар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар және оларға теңестірілген аумақтық Басқармаларына ұсынылады (әрі қарай - Басқармалар) (әкімшілік практика субъектілерінің орталық аппараттары әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған жері бойынша Басқармаларға жібереді).
Әкімшілік практика субъектісінде ведомстволық деректер банкі бар болған жағдайда, карточканың құрамындағы мәліметтер осы ақпарат банкіне енгізіледі. Содан кейін, осы Нұсқаулықпен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде электрондық форматтағы мәліметтер (Комитетпен белгіленген) ведомстволық деректер банкінен Комитетке модемдік байланыспен немесе магниттік тасушылармен түсіріліп, жіберіледі.
Келіп түсетін есепке алу материалдарының негізінде Басқармалар, электрондық режимде келіп түсетін материалдарды, кейіннен Комитеттің орталық деректер банкіне жіберу арқылы жергілікті ақпараттық деректер базасын құрады (әрі қарай - жергілікті деректер базасы).
Басқармалар Комитеттің орталықтандырылған есепке алуына электрондық карточкаларды жіберумен қатар, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы бойынша облыстық Басқармаларға көлікпен қағаз тасушыларда карточкалардың көшірмелерін жібереді.
4. Есепке алуға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулысы заңды күшіне енген тұлғалар (жеке және заңды) жатады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерін жергілікті және орталықтандырылған есепке алу үшін, тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны және оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулысының заңды күшіне енгені негіз болып табылады.
6. Карточка әкімшілік практика субъектілерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының негізінде, анық, өшірілмей және түзетілмей, баспа әріптерімен, көк немесе қара сиямен қолдан не жазу машинкасы немесе компьютермен толтырылады.
Карточка (қағаз түріндегі) лауазымдық тұлғаның қолымен және әкімшілік практика субъектісінің мөрімен (мөртабанымен) куәландырылады және ақпараттық есепке алу құжаты болып табылады.
Ескерту:
Басқармаларға электрондық түрде карточкаларды жіберген кезде түпнұсқалары осы Нұсқаулықпен белгіленген мерзімдерге сәйкес әкімшілік практика субъектілерінде сақталады.
Мәліметтерге түзету тек Комитеттің не оның Басқармасының карточканы қайтарған кезінде әкімшілік практика субъектісімен жүргізіледі. Сонымен қатар, түзету, қателерді тапқан күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тиісті сұранымды Комитетке (Басқармаға) жіберу арқылы әкімшілік практика субъектісінің бастамасымен жүргізілуі мүмкін.
7. Әкімшілік практика субъектілері, ұсынылған үлгісі қоса берілетін (2-қосымша) әкімшілік істерді тіркеу Журналын (әрі қарай - Журнал) жүргізеді. Журнал әкімшілік практика субъектісінің мұрағатында 3 жыл бойы сақталады, содан соң акті бойынша жойылады.
8. Карточканы, оған өкілетті әкімшілік практика субъектісінің лауазымды тұлғалары тексеріп, қол қояды. Карточкаға қол қойған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес оның айқындылығы, толықтығы мен уақытылы ұсынылуына жауап береді.
9. Карточкалардың есепке алу толықтығы мен уақытылы ұсынылуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, әкімшілік практика субъектілері айына бір рет Басқарманың тиісті деректер банкілерімен салыстырулар жүргізуі қажет.
2-бөлім. Есепке алу-тіркеу құжаттарын құру мен өңдеу.
1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және
оларды жасаған тұлғаларды есепке алу жөніндегі
N 1-АП нысанды карточкасы
10. Әкімшілік практика субъектісінің барлық реквизиттердің дұрыс және толық толтырылуына тексеру жүргізгенінен кейін, карточка Журналдағы тіркеуден өтеді, ол туралы карточканың жоғарғы сол жақ бұрышында тиісті белгі қойылады.
11. Әкімшілік практика субъектілерімен он күндік мерзімділікпен әр айдың 10, 20 және 30-шы күндері Басқармаға N 1-АП нысанды карточкасы (тек заңды күшіне енген қаулылар бойынша) жіберіледі.
Ескерту:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кодексінің
655-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енбеген қаулының шағымдалып, оған наразылық білдірілген жағдайда және ол бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
664-бабы
1-бөлімі 1-5-тармақтарымен қаралған шешім қабылданған жағдайда, әкімшілік практика субъектілері 17, 18-жолдарда тиісті белгілер жасалатын карточкаларды қойып, осы тармақпен белгіленген мерзімде Басқармаға жібереді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 672-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулыға наразылық білдірілген жағдайда, егер сот қаулысы өзгертілмей, ал наразылық қанағаттандырылмай қалса, жаңа карточка қойылмайды.
Басқа шешім қабылданған жағдайда, аудандық (оған теңестірілген) сотпен жаңа карточка қойылады, оның 19, 20-жолдарында тиісті белгілер жасалады және осы тармақпен белгіленген мерзімде Басқармаға жіберіледі. Басқарманың деректер банкінде 19 және 20-реквизиттерге тиісті кодтар енгізу арқылы түзету жасалады.
12. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзумен деректер банкіне енгізілген карточка, оны ұсынған әкімшілік практика субъектісіне 3 жұмыс күнінің ішінде түзету үшін қайтарылып, деректер банкінен жойылады. Әкімшілік практика субъектісі түзетуден өткен карточкаларды олардың келіп түскен кезінен бастап үш күннің ішінде Басқармаға жібереді. Басқарма, өз кезегінде, түзетілген карточканы алған және оны жергілікті деректер базасына енгізген кезден бастап бір тәуліктің ішінде электрондық режимде карточканы Комитетке жібереді.
13. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалар туралы мәліметтер (14-тармақта көрсетілгеннен басқа) әкімшілік жаза салу туралы қаулының орындалуының аяқталған кезінен бастап 1 жыл бойы сақталады.
14. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалар туралы мәліметтер әкімшілік жаза салу туралы қаулының орындалуының аяқталған кезінен бастап 3 жыл бойы сақталады.
Сақтау мерзімі өтіп кеткен басқармалардағы карточкалар, жойылған есепке алу құжаттарының жалпы санын көрсету арқылы актілер бойынша жойылады.
Сақтау мерзімі өтіп кеткен басқармалардағы карточкалар, осы Нұсқаулықпен белгіленген ережелер бойынша басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жойылады.
2-тарау. N 1-АП нысанды карточканы
толтыру құрылымы мен тәртібі
15. Карточканың 1-жолында құқық бұзушылықты тапқан және кодын көрсету арқылы хаттама құрған өкілетті органның атауы көрсетіледі.
16. 2-жолда кодын көрсетумен құқық бұзушылық жасалған жері көрсетіледі (елді мекен, аудан, облыс атауы).
17. 3-жолда - материалды (хаттама), істі және оның кодын қараған өкілетті орган.
Ескерту: Кодтар қолданыстағы бірыңғай кодификациялық анықтамаға сәйкес қойылады.
18. 4-жолда - материал (протокол) нөмірі мен бастау күні.
19. Егер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
639-бабына
сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмаған жағдайда, "материалдың/хаттаманың/істің нөмірі" 4-жолында "хаттамасыз" қойылады. "Материалды/хаттаманы/ істі қараған лауазымды тұлғаның аты-жөні" жолында құқық бұзушылық жасаған жерде ескерту дайындаған немесе айыппұл салған тұлғаның аты-жөні көрсетіледі.
21. 6-жолда - карточканың тіркелу күні мен әкімшілік практика субъектісінің Журналы бойынша тіркеу нөмірі.
23. 8-жолда кодтау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі туралы мәліметтер бейнеленеді: "1" - жеке тұлға; "2" - лауазымдық тұлға; "3" - лауазымдық тұлғаға теңестірілген тұлға; "4" - заңды тұлға; "5" - жеке кәсіпкер; "6" - шетелдік заңды тұлға; "7" - шетелдің қатысуымен құрылған заңды тұлға.
24. 9-жолда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормалары бойынша құқық бұзушылық біліктілігі көрсетіледі. 9.1-жолында мынадай кодтау арқылы күнә түрі көрсетіледі: "1" - қасақана; "2" - абайсызда. 9.2-жолында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған (табылған) күні көрсетіледі.
25. Әкімшілік істі қарау күні 10-жолда қойылады.
26. 11-жолда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
46-бабы
бойынша әкімшілік өндіріп алу шаралары бейнеленеді және жаза салу мерзімінің аяқталу күні қойылады.
11.1-жолында тиісті кодтарды қою арқылы негізгі жаза шаралары көрсетіледі: "01" - ескерту; "02" - әкімшілік айыппұл; "03" - әкімшілік тыйым салу; "04" - азаматқа немесе заңды тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру; "05" - лицензияны (арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін)) күшінен айыру немесе оны тоқтату; "06" - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу; "07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.
11.2-жолында тиісті кодтарды қою арқылы қосымша өндіріп алу шаралары көрсетіледі: "08" - әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болатын затты ақылы түрде алып қою; "09" - тәркілеу; "10" - өз еркімен тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу; "04" - азаматқа немесе заңды тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру; "05" - лицензияны (арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін)) күшінен айыру немесе оны тоқтату; "06" - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу; "07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.
27. 12-жолда салынған айыппұлдың көлемі, 13-жолда - өндіріп алынған айыппұл көлемі көрсетіледі (сомалар теңге түрінде көрсетіледі).
Ескерту:
13-жол әкімшілік айыппұл түріндегі өндіріп алу шараларын қолданбайтын әкімшілік практика субъектілерімен толтырылмайды.
29. 14.1-жолында құқық бұзушының туған күні, жылы, айы және тұрғылықты мекен-жайы қысқартылмай көрсетіледі.
14.2-жолында кодтау арқылы құқық бұзушының жынысы бейнеленеді: "1" - еркек; "2" - әйел.
14.3-жолында мынадай кодтау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер бейнеленеді: "1" - ҚР азаматы; "2" - ТМД елдерінің азаматы; "3" - шетелдік; "4" - азаматтығы жоқ тұлға.
14.4-жолында жұмыс орны, лауазымы, оқу орны көрсетіледі.
30. 15-жолда кодтау арқылы заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны көрсетіледі: "1" - мемлекеттік кәсіпорын; "2" - мемлекеттік мекеме; "3" - акционерлік қоғам; "4" - жауапкершілігі шектеулі серіктестік; "5" - қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; "6" - өндірістік кооператив; "7" - басқалар.
31. 16-жолда заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің), оның заңды мекен-жайының, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік нөмірінің толық атауы көрсетіледі.
32. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 655-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының шағымдалған немесе оған наразылық білдірілген жағдайда мәліметтер кодтау арқылы 17-жолда, ал оны қарау нәтижелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 664-бабының бірінші бөлімі 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларының негізінде 19-жолда бейнеленеді. 17 және 18-жолдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарған әкімшілік практика субъектілерімен толтырылады.
33. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 672-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық білдірілген жағдайда мәліметтер 19-жолда, ал кодтау арқылы оны қарау нәтижелері 20-жолда бейнеленеді. 19 және 20-жолдар аудандық (оған теңестірілген) сотпен толтырылады.
3-тарау. Әкімшілік жаза салу туралы
қаулының орындалуы жөніндегі хабарлама
35. Әкімшілік практика субъектісі немесе сот әкімшісі тікелей орындаушыдан немесе құқық бұзушыдан әкімшілік жаза салу туралы қаулының (анықтаудың) орындалуы жөніндегі растайтын құжаттарды (квитанция, төлеу туралы төлем тапсырмасы) алу кезінде, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде немесе пошта байланысымен хабарламаны үш тәулік ішінде Басқармаға жібереді.
Әкімшілік практика субъектісімен айыппұл көлемі толық өндіріп алынып, Басқармаға ұсынылған N 1-АП нысанды карточкасының 13-жолында көрсетілген жағдайда, хабарлама жіберілмейді.
4-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан және
әкімшілік өндіріп алудан босату туралы хабарлама
36. Әкімшілік практика субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 70 және 75-баптарының негізінде әкімшілік жауаптылықтан немесе әкімшілік өндіріп алудан тұлғаны босатқан кезде, ол осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде немесе пошта байланысымен хабарламаны үш тәулік ішінде Басқармаға жібереді.
3-бөлім. Деректер банкіне сұрау салу
5-тарау. Деректер банкіне сұрау
салудың негізі мен тәртібі
37. Мемлекеттік қызметкерлерге және мемлекеттік қызметке тұруға үміттенуші тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болу кандидаттарына қатысты есепке алу бойынша, соның ішінде партиялық тізім, мәслихаттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері бойынша, сондай-ақ қайталауды анықтау үшін тексеру жүргізуге сұранымдар осы Нұсқаулықпен бекітілген сұраным нысаны бойынша дайындалады (5-қосымшаға сәйкес). Сұраным әрбір тексерудегі тұлғаға жеке-жеке, анық, баспа әріптерімен, көк немесе қара сиямен қолдан немесе жазу машинкасымен дайындалады.
Ескерту:
Сұранымсыз режимде қажетті ақпаратты алу үшін Комитеттің орталықтандырылған деректер банкіне электрондық жойылған кіру рұқсатының бар болуы әкімшілік практика субъектісіне рұқсат етіледі.
Сол немесе басқа тұлғаны әкімшілік жауапқа тарту туралы ақпаратты талап еткен мемлекеттік органдар, заңмен белгіленген тәртіпте алынған ақпаратты жариялауға жауап береді.
38. Сұранымды дайындау кезінде атау септігінде қысқартусыз мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) жеке тұлғаға: аты-жөні, туған күні, туған жерінің толық атауы (мемлекет, облыс, қала, аудан, ауыл) және тұрғылықты мекен-жайы;
2) заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге - куәлігінің тіркеу нөмірі, атауы, заңды мекен-жайы.
Белгілеу мәліметтері бір жылдың ішінде өзгертілген жағдайда, сұранымға бұрынғы мәліметтерді бейнелеу қажет. Белгілеу мәліметтері бір жылдың ішінде бір немесе бірнеше рет өзгертілсе, жеке сұраным құрылады.
Сұранымның 1-6, 11-13-жолдары оны жеке тұлғаға қатысты дайындау кезінде толтырылады.
Сұранымның 7-13-жолдары оны жеке тұлғаға және жеке кәсіпкерге қатысты дайындау кезінде толтырылады.
Сұранымды дайындау кезінде, 10-жолда міндетті түрде тексерудің себебін көрсету қажет. Мысалы, мемлекеттік қызметке тұру үшін не қайталау белгісін анықтау үшін.
Сұранымға өкілетті лауазымды тұлға қол қойып, мемлекеттік органның мөрімен (мөртабанымен) куәландырылады.
39. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзу арқылы дайындалған сұраным орындалмай қайтарылады, ол туралы тиісті белгі қойылады.
40. Сұраным оның Басқармаға немесе Комитетке келіп түскен кезінен бастап 5 тәулік ішінде орындалады (қайталауды анықтау қажет болған жағдайда - 3 тәулік ішінде) және сұраным жіберген органға поштамен жолданады немесе тікелей Комитетте не Басқармада беріледі.
41. Деректер банкінде тексерудегі тұлғаға мәліметтер жоқ болғанда, сұранымның екінші бетінде мынадай текстпен мөр қойылады: "Мәліметтер жоқ", "Анықтаманы Комитет (Басқарма) қызметкері жүргізді (аты-жөні, тектері бойынша нөмірі)" және тексеру күні көрсетіледі.
Есептерде тексерудегі тұлғаға қатысты мәліметтерді анықтаған кезде олар сұранымның келесі бетінде көрсетіледі және: "Анықтаманы Комитет (Басқарма) қызметкері жүргізеді" текстісімен мөр қою және тексеру жүргізу мерзімі туралы белгі қою арқылы айқындалады.
42. Осы Нұсқаулықпен белгіленген нысандағы есепке алу-тіркеу құжаттарының бланкілері әкімшілік практика субъектілерімен дайындалады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған
деректер банкін жүргізу жөнінде"
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Нұсқаулыққа 1-қосымша
1-АП нысаны Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды
жасаған тұлғаларды есепке алу бойынша карточкасы
1.____________________________________________________ 1./_/_/
құқық бұзушылықты тапқан органның атауы
2.____________________________________________________ 2./_/_/
құқық бұзушылық жасалған орын /_/_/
3.____________________________________________________ 3./_/_/
материалды/хаттаманы/ істі қараған өкілетті орган
4. Материалдың/хаттаманың/ істің нөмірі________________
бастау күні "___"___________________________200__ж.
5.____________________________________________________
істі қараған лауазымды тұлғаның аты-жөні
6. "___" _________200__ж. N __________________________
әкімшілік практика субъектісінің тіркеу
күні мен тіркеу нөмірі
7. ҚСжАЕКБ-на келіп түскен күні "__"__________200__ж.
Түзету күні "___"______________200__ж.
8. Субъект: "1" - жеке тұлға; "2" - лауазымды тұлға; 8./__/
"3" - лауазымды тұлғаға теңестірілген тұлға;
"4" - заңды тұлға; "5" - жеке кәсіпкер;
"6" - шетелдік заңды тұлға; "7" - шетелдің қатысумен
құрылған заңды тұлға.
9. Құқық бұзушылық біліктілігі Қазақстан
Республикасының ӘҚтК ___ бб. ____б. __________т.
9.1. күнә нысаны: "1" - қасақана, "2" - абайсызда.
9.2. әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған (табылған) 9.1/__/
күні "___"__________________200__ж.
10. Әкімшілік істің қаралу күні "___" ________200____ж.
11. Әкімшілік өндіріп алу шаралары (ҚР ӘҚтК 46-бб.):
11.1. негізгілері: "01" - ескерту; "02" - айыппұл; 11.1/_/_/
"03" - тұтқындау; "04" - арнайы құқықтан айыру;
"05" - лицензиясынан айыру/оны тоқтату;
"06" - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның
қызметін тоқтату/оған тыйым салу.
"07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ
тұлғаларды әкімшілік кетіру. "___"_____200__жылға
дейінгі мерзімге
11.2. қосымшалары: "08" алып қою; "09" тәркілеу; 11.2./_/_/
"10" мәжбүрлеп бұзу (құрылысты және т.б.).
"04" - арнайы құқықтан айыру;
"05" - лицензиясынан айыру/оны тоқтату;
"06" - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның
қызметін тоқтату/оған тыйым салу.
"07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ
тұлғаларды әкімшілік кетіру. "__"_____200__жылға
дейінгі мерзімге
12. Салынған айыппұлдың көлемі __________
теңге түріндегі сома
13. Өндірілген айыппұлдың көлемі __________
теңге түріндегі сома
14. Аты-жөні/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_
/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_
(әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны)
14.1. "___"__________19____жылы туған туған жері______
______________________________________________________
тұрғылықты мекен-жайы_________________________________
______________________________________________________
14.2. Құқық бұзушының жынысы: "1" - еркек; "2" - әйел. 14.2./__/
14.3 Құқық бұзушылық жасалған: "1" - ҚР азаматымен; 14.3./__/
"2" - ТМД елдерінің азаматымен; "3" - шетелдікпен;
"4" - азаматтығы жоқ тұлғамен.
14.4. Жұмыс орны, лауазымы, оқу орны _________________
(қажеттісінің асты сызылсын) (нақты көрсетілсін)
______________________________________________________
15. Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны: 15./__/
"1" - БП; "2" - мемлекеттік мекеме; "3" - АҚ;
"4" - ЖШС; "5" - ҚЖС; "6" - өндірістік кооператив;
"7" - басқалар.
16. Заңды тұлға/жеке кәсіпкер атауы __________________
__________________________________________________
заңды мекен-жайы__________________________________
__________________________________________________
Куәлігінің N _____________________________________
17. Қаулы: "1" - шағымдалған, "2" - наразылық 17./__/
білдірілген (ҚР ӘҚтК 655-бб.) "__"____________ж.
18. 664-бб. 1-б. 1) - "1"-тш., 2) - "2"-тш., 18./__/
3) - "3"-тш., 4) - "4"-тш., 5) - "5"-тш. қаралу
нәтижесі 17. /___/18. /___/
19. Қаулы: наразылық білдірілген (ҚР ӘҚтК 672-бб.)
"___"________ж.
20. Қарау нәтижесі: "1" - жойылған; "2" - өзгертілген 20./__/
21. _____________________________ "____"________200__ж.
карточканы толтырған қызметкердің аты-жөні
Ескерту: 19 және 20-жолдар бірінші сатылы сотпен толтырылады.
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған
деректер банкін жүргізу жөнінде"
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Нұсқаулыққа 2-қосымша
______________________________________________
______________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
әкімшілік істерді тіркеу
ЖУРНАЛЫ
N _________________
200__жылдың "___"_____________ _______________N-нен басталды
200__жылдың "___"_____________ _______________N-мен аяқталды
___________________________________________________________________
N |Карточканы|Әкімшілік|Құқық |Заңды тұлғаның|Қазақстан
тш | қойған | құқық |бұзушылық |атауы мен |Республикасының
|органның |бұзушылық|жасаған |мекен-жайы. |ӘҚтК-нің
| атауы, | туралы |тұлға |Жеке |нормалары
| оның | істі |туралы не |кәсіпкердің |бойынша құқық
|ҚСжАЕКБ-на| сотқа |заңды |аты-жөні |бұзушылық
| келіп |жіберген |тұлғаның |(тіркелген |біліктілігі
| түскен | мемле. |бірінші |жағдайда - |
| күні | кеттік |басшысы |мекен-жайы) |
| | органның|туралы | |
| | атауы |мәліметтер | |
| | |(аты-жөні, | |
| | |туған күні,| |
| | |айы, жылы, | |
| | |лауазымы, | |
| | |жұмыс орны)| |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Істі қарау|N1-АП нысанды|Қаулының N мен |өндіріп алу шаралары
күні мен | карточканы |заңды күшіне ену күні|
нәтижесі | қойған | |
|қызметкердің | |
| аты-жөні | |
___________________________________________________________________
7 8 9 10
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған
деректер банкін жүргізу жөнінде"
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Нұсқаулыққа 3-қосымша
Әкімшілік жаза салу туралы қаулының
орындалуы жөніндегі хабарлама
"___" __________200___ж.
___________________________________________________________________
хабарламаны жіберген органның атауы
Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Туған күні "___" ______________19____ж.
Туған жері ________________________________________________________
___________________________________________________________________
(қысқартусыз)
Тұрғылықты мекен-жайы _____________________________________________
___________________________________________________________________
(қысқартусыз)
Заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің атауы ____________________________
Заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің мекен-жайы _______________________
___________________________________________________________________
куәлігінің N __________________________
N 1-АП нысанды карточканың тіркелу күні "___"_____________200___ж.
материалдың /хаттаманың/ істің нөмірі _______"___"________200__ж.
(қажеттісінің асты сызылсын) басталу күні
құқық бұзушылықтың біліктілігі ҚР ӘҚтК ________бб. _______б._____т.
өндіріп алудың түрі _______________________________________________
орындалу күні "___" _______________200___ж.
салынған айыппұлдың сомасы _________________________________ теңге.
өндірілген айыппұлдың сомасы _________________________________теңге
төлеу күні "____"________________200__ж.
Аты-жөні _______________________________
хабарламаны жіберген қызметкер
Жауапты лауазымды тұлғаның қолы ___________________________________
Күні "___" ________________________200__ж.
ҚСжАЕКБ қызметкерінің аты-жөні______________________
Лауазымы____________________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған
деректер банкін жүргізу жөнінде"
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Нұсқаулыққа 4-қосымша
Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік
өндіріп алудан босату туралы хабарлама
"___" __________200___ж.
___________________________________________________________________
хабарламаны жіберген органның атауы
Тегі, _____________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________
Туған күні "___" ______________19____ж.
Туған жері ________________________________________________________
___________________________________________________________________
(қысқартусыз)
Тұрғылықты мекен-жайы _____________________________________________
___________________________________________________________________
(қысқартусыз)
материалдың /хаттаманың/ істің нөмірі _______"___"________200__ж.
(қажеттісінің асты сызылсын) бастау күні
құқық бұзушылық біліктілігі ҚР ӘҚтК ________бб. ______б. _______т.
өндіріп алудың түрі_______________________________________________
әкімшілік жауаптылықтан немесе әкімшілік өндіріп алудан босату күні
(қажеттісінің асты сызылсын) "___"_______________200___ж.
200__жылғы "___" _____________
_______________________________________ негізінде
Аты-жөні _________________________________
хабарламаны жіберген қызметкер
Жауапты лауазымды тұлғаның қолы ___________________________________
Күні "___" ________________________200__ж.
ҚСжАЕКБ қызметкерінің аты-жөні _________________________
Лауазымы _______________________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған
деректер банкін жүргізу жөнінде"
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 67 бұйрығымен бекітілген
Нұсқаулыққа 5-қосымша
Қызметте пайдалану үшін
СҰРАНЫМ
әкімшілік жауапқа тарту туралы
РҚАО-ның ескертуі: Қосымша қызмет бабында пайдалануға арналғандықтан Деректер базасына енгізілмейді.