Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2599.

Жаңартылған

      Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес, әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн берудiң бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлеу мақсатында, бұйырамын:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 ақпандағы N 58-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса берiлiп отырған Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөнiндегi департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында белгiленген тәртiппен жариялануын қамтамасыз етсiн;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң, "Қазаэронавигация" РМК-ның назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникациялар
      министрі
      2003 жылғы 21 қазан

Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу және 
бәсекелестікті қорғау жөнiндегi
агенттігі төрағасының 2003 жылғы
5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығымен
бекiтiлген         

Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін
қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар
ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту
Ережесі

      Ескерту: Тақырыбына өзгертулер енгізілді және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген", "белгілеуге", "белгілеудің", "белгіленіп отырған" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген", "бекітуге", "бекітудің", "бекітіліп отырған" деген сөздермен ауыстырылды, «,Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне,», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің,» деген сөздер алып тасталсын - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 79-НҚ, 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ, 2009 жылғы 23 ақпандағы N 58-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз), 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      2. Осы Ереже әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      әуе кемелерін пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе өздерінің осы саладағы қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;
      әуе кемесіне тиеу коэффициенті – әуе кемесіндегі отырғызу орындарының санына тасымалданатын жолаушылардың санының қатынасы;
      құзыретті орган - өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін және әуе кеңiстiгiн пайдалануды үйлестіру мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      мерзiмi өткен кредиторлық берешек - төлем мерзiмдерi туралы шартқа сәйкес әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйымы алдындағы қаржылық мiндеттемелерiнiң, ақшалай қарыздарының белгіленген мерзiмде атқарылмаған сомасы;
      өтеу кестесi - әуе кемелерiн пайдаланушының, әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның бiрiншi басшысының қолымен расталған, әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның алдында әуе кемелерiн пайдаланушының мерзiмi өткен кредиторлық берешегiн өтеу кестесi;
      өтініш беруші – уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінімді ұсынған әуе кемесін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигация ұйымы;
      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      уақытша төмендету коэффициенті – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      шартты-ауыспалы шығындар – реттеліп көрсетілетін қызметтер көлеміне тәуелді реттелетін қызметтер ұсынуға байланысты субъектінің шығындары.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.06.07 № 162-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекіту принциптерi

      4. Уақытша төмендету коэффициенттерi мемлекет, әуе кемелерiн, әуежайларды пайдаланушылар немесе аэронавигациялық ұйым үшiн осы шараның экономикалық тиiмдiлiгi мен мақсаттылығын есептеу негiзiнде белгiленедi.
      Уақытша төмендету коэффициентiн бекітудің экономикалық тиiмдiлiгi реттеліп көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң, әуежай немесе аэронавигациялық ұйымның және әуе кемелерiн пайдаланушы табыстарының артуымен, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiмен және мемлекеттiк бюджетке түсетiн табыстың көбеюiмен белгiленедi.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

      5. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерiне уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітудің мақсаттылығы мынадай өлшемдердiң бiреуiне сәйкес жағдайда белгiленедi:
      1) белгiлi бiр кезеңге арналған өтiнiмде көрсетiлген әуе кемелерiне жерде қызмет көрсетудiң жоспарланған тұтыну көлемi өткен жылдың осы кезеңiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтердi нақты тұтыну көлемiнен жоғары болғанда;
      2) әуежайдың iске қосылмаған немесе әлсiз iске қосылған қуатын пайдалану мүмкiндiгi;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген өлшемге жатқызылған, субсидияланатын авиакомпанияны қоспағанда, әуе кемесін тиеу коэффициенті 0,5-тен кем құрайды.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 79-НҚ, 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.06.07 № 162-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      6. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту мақсаттылығының негiзгi критерийлерi:
      1) әуе кемелерiнiң ұшу жиiлiгiнiң өсуi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде жаңа бағыттарды тарту;
      2) iске қосылмаған немесе әлсiз iске қосылған әуе трассаларын пайдалану мүмкiндiгi болып табылады.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

      7. Уақытша төмендету коэффициенттерiн пайдалану кезiнде әуежайлар және (немесе) аэронавигациялық ұйым алған табыстар тиiстi реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсетумен байланысты шартты-ауыспалы шығындарды жабуға тиiс.
      Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша шартты-ауыспалы шығындардың тізбесі осы Ережеге 3-қосымшада келтірілген.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ, 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      8. Осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уақытша төмендету коэффициенттері ұсынылатын жағдайды қоспағанда, әуе кемелерiн пайдаланушы үшiн уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту әуежайдың және (немесе) аэронавигациялық ұйымның алдында қызметтерге ақы төлеу бойынша мерзiмi өткен кредиторлық берешегi болмаған жағдайда немесе кредиторлық берешегiн өтеу кестесiне сәйкес өтеген жағдайда жүргiзiледi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.06.07 № 162-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      9. Уақытша төмендету коэффициенттері шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң бір күнтізбелік жылдан аспайтын белгілі бір уақытқа қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекітудің тәртiбi

      10. Уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітудi әуе кемелерiн пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым (бұдан әрi - өтiнiм берушi) Ереженiң 1-қосымшасына сай өтiнiмдер мен негiздеушi құжаттарды ұсынған жағдайда, мынадай талаптарды орындай отырып, уәкiлеттi орган жүргiзедi:
      негiздеушi құжаттардың әрбiр парағына бiрiншi басшы, ал қаржы құжаттарына - және бас бухгалтер қол қояды. Бұл жағдайда факсимильдiк қол жарамсыз деп танылады. Бiрiншi басшы мен бас бухгалтер ұсынылған ақпараттың дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап бередi;
      өткен кезең үшiн қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекітудi сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуден күтiлiп отырған нәтижелер ұсынылады.

      11. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуге өтiнiм түскен күннен бастап 5 жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылған өтiнiмдi қарауға қабылдау туралы не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы өтiнiм берушiнi жазбаша түрде хабардар етуге тиiс.

      12. Осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартады.
      Ескерту: 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      13. Уәкiлеттi органның өтiнiмдi қарауға қабылдағаны туралы хабарлама алғаннан кейiн өтiнiм берушi 5 жұмыс күнiнiң iшiнде осы өтiнiмдi қарау үшiн құзыреттi органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне хабарламаны қоса тiркей отырып жiбередi. Әуе кемелерiн пайдаланушы, жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк органдардан басқа, өтiнiмдi қорытынды ұсыну үшiн әуежайларға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға жолдайды.
      Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, әуежай және аэронавигация ұйымы коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялағаны үшiн заңнамада белгiлеген тәртiппен жауап бередi.

      14. Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган құзыреттi органнан, әуежайдан, аэронавигациялық ұйымнан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
      Сонымен бiрге, өтiнiмдi қарау мерзiмi сұратылған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатыла алады, бiрақ 10 күннен аспауға тиiс.

      15. Құзыреттi орган әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым өтiнiм берушiден өтiнiмдi алған күннен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде уәкiлеттi органға уақытша төмендету коэффициентiн бекітудің мақсаттылығы мен ұсынылған деңгейiнiң негiздемесi не оны бекітудің мақсатсыздық негiздемесi көрсетiлген қорытынды ұсынбаған жағдайда, өтiнiмдi уәкiлеттi органда қарау мерзiмi тиiстi қорытындылар алғанға дейiн тоқтатыла тұрады, бiрақ ол 5 жұмыс күннен аспауға тиiс.
      Құзыреттi орган әуежай және аэронавигациялық ұйым қорытындыларды, сондай-ақ сұратылған қосымша ақпаратты бекітілген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган жазбаша хабарлама арқылы уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуден бас тартуға не уақытша төмендету коэффициентiн бекіту туралы экономикалық тиiмдiлiктi бағалау негiзiнде дербес шешiм қабылдауға құқылы.
      Уақытша төмендету коэффициентiн бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган құзыреттi органға, әуе кемелерiн пайдаланушыға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға жiберiлетiн тиiстi дәлелденген қорытынды шығарады.
      Уәкiлеттi орган әуе кемелерiн пайдаланушының бастамасы, не мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша қосымша ақпарат алған кезде өтiнiмдi қарау мерзiмiн 5 жұмыс күнiнен аспайтын уақытқа ұзартуға құқылы.

      16. Уәкiлеттi орган әуе кемелерiн пайдаланушы ұсынған негiздеушi құжаттардың сараптамасын ескере отырып, құзыреттi орган әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым ұсынған қорытындылардың негiзiнде өтiнiм қарауға қабылданған сәттен бастап 30 жұмыс күнiнiң iшiнде шешiм қабылдайды. Осы Ереженiң 14 және 15-тармақтарында көзделген жағдайларда шешiм қабылдау мерзiмi тоқтатыла тұрады не көрсетiлген тармақтарға сәйкес ұзартылады.

      17. Уәкiлеттi орган құзыреттi орган және әуежай, аэронавигациялық ұйым, әуе кемелерiн пайдаланушылар өкiлдерiнiң және тәуелсiз сарапшылардың қатысуымен кеңес өткiзуге құқылы.

      18. Өткiзiлген сараптама қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн бекіту туралы не оларды бекітуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту туралы шешiм уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығы түрiнде қабылданады.
      Уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту туралы уақытша төмендету коэффициенті құзыреттi органға, әуе кемелерiн пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға бұйрық қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кем дегенде 5 күнтiзбелiк күн бұрын жiберiледi.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 

      19. Әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым тоқсан сайын уәкiлеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес әрбiр әуе кемелерiн пайдаланушы жөнiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданып нақты реттеліп көрсетiлген қызмет көлемдерi туралы ақпарат ұсынады.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

4. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін
қызметтерiнiң  тарифтерiне (бағаларына, алымдар
ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн
қолдану тәртiбi

      Ескерту: 4-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

      20. Әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітілген, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасында жасалған шарт (шартқа толықтыру) негiзiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданады. Осы шарт (шартқа толықтыру) уақытша төмендету коэффициенттерiнiң қолданылу кезеңiн және әуе кемесiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйым реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тұтынудың мәлiмделген көлемiн, тиiстi уақыт мерзiмi iшiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданбастан аталған қызметтердi тұтынудың нақты орындалған көлемiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеу түрiнде орындамағаны үшiн жауапкершiлiк көздейдi.
      Әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасындағы шарт (шартқа толықтыру) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртiппен осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген бұйрықтың күшiне енген күнiнен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалуға тиiс.
      Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

5. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар
ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн
алып тастау тәртiбi

      Ескерту: 5-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.

      21. Уақытша төмендету коэффициентiнiң қолданысы бекітілген мерзiм өткеннен кейiн, сондай-ақ уәкiлеттi орган әуежай мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiне жаңа тарифтер бекiткен сәттен бастап тоқтатылады.
      Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.

      22. Бекітілген уақытша төмендету коэффициентi бекітілген мерзiм аяқталғанға дейiн немесе мынадай жағдайлардың бiреуi болған кезде:
      1) уақытша төмендету коэффициентiн одан әрi қолданудың экономикалық мақсатсыздығы жағдайында;
      2) әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйым алдындағы мерзiмi өткен кредиторлық берешегiнiң пайда болған немесе өтеу кестесiн орындамаған жағдайда;
      3) осы Ереженiң 5, 6-тармақтарында бекітілген өлшемдерге сәйкес келмеген,;
      4) бұйрықта және осы Ереженiң 20-тармағына сәйкес жасалған шартта (шартқа толықтыруда) көзделген жағдайларды орындамаған жағдайда алып тасталынады.
      Ескерту: 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      23. Осы Ереженiң 22-тармағында көрсетiлген жағдайлар пайда болған кезде, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға үш жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынады.
      Ескерту: 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      24. Құзыреттi орган, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгінiң Салық комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкiлеттi органға уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы ұсыныспен, сонымен бiрге мұндай алып тастаудың қажеттiлiгiн негiздейтiн құжаттарды ұсына отырып, жүгінуге құқылы.
      Бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.

      25. Уәкiлеттi орган бекітілген мерзiм аяқталғанға дейiн уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы шешiм қабылдаған кезде, құзыреттi органнан әуежай және аэронавигациялық ұйымнан қорытынды үшiн жүгiнуге құқылы, сондай-ақ әуе кемелерiн пайдаланушыдан ақпарат сұратады .
      Ұсынылған қорытындыларды ескере отырып, уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау жөнiндегi негiздеушi құжаттарға материалдарды алған сәттен бастап 10 жұмыс күнiнiң iшiнде сараптама жүргізеді.
      Көрсетiлген ұйымдар мен мемлекеттiк органдар сұратылған сәттен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде қорытындылар ұсынбаса, бар қорытындыларды ескерiп, уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн алып тастау жөнiнде негiздеушi құжаттарға 10 жұмыс күнiнiң iшiнде сараптама жүргiзедi.
      Ескерту: 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      26. Жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы бұйрық түрiндегi шешiмдi құзыреттi органға, әуежайға және аэронавигациялық ұйымға уәкiлеттi органның бұйрығы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабарлама жолдай отырып, қабылдайды.
      Уақытша төмендету коэффициентiнiң қолданысын тоқтату туралы ақпаратты әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкiлеттi органның бұйрығы қолданысқа енгiзiлген күнге дейiн 5 күнтiзбелiк күн бұрын әуе кемелерiн пайдаланушының назарына жеткiзуге тиiс.
      Ескерту: 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      27. Уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда уәкiлеттi орган уәждемелi қорытынды шығарады және құзыреттi органға, әуежайға және аэронавигациялық ұйымға, сондай-ақ осындай ұсыныс жасаған тұлғаға жiбередi.

Әуежайлар мен аэронавигация     
қызметтерiнiң тарифтерiне      
(бағаларына, алым ставкаларына)  
уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекіту ережесiне        
1-қосымша          

      Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .           

Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту үшiн өтiнiм
берушi ұсынатын материалдар

      1. Әуежайлардың немесе аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі, сондай-ақ оны ұсыну кезеңіне көрсетiлген уақытша төмендету коэффициентiн алуға өтiнiм (еркiн түрде).

      2. Өтiнiм берушiнiң толық атауы (жеке немесе заңды тұлға), мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (заңды тұлға), жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға).

      3. Уақытша төмендету коэффициентiнiң сұралып отырған деңгейiнiң есебiн қоса, бекітудің мақсаттылығы (экономикалық және техникалық аспектiлерi) туралы анықтама-негiздеме.

      4. Өтiнiм берушiнiң баланс көлемiндегi қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдауы және алдағы кезеңге (тоқсан, жарты жыл, жыл) түсiндiрме жазба.

      5. Сұралып отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды ескере отырып және ескерусiз, өткен жылдың (тоқсан, жарты жыл, 9 ай, жыл) және өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғандағы салық мiндеттерiнiң (салық түрлерiнiң бөлiгiнде) өсу (сақталу) динамикасы туралы анықтама-негiздеме.

      6. Ағымдағы айдың бiрiншi күнiне әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйым арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi. Несиелiк берешегi бар болған жағдайда - әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым алдындағы мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегiн өтеу кестесi.

      7. Әуежай немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тоқсандарға бөлумен тұтынудың заттай және құндық көрсеткiштердегi нақты (алдағы төрт аяқталған тоқсан және алдағы күнтiзбелiк жыл) және жоспарланған мәлiмделген көлемдерi. Тұтыну көлемдерi табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбiр қызметi бойынша көрсетiлуi қажет.

      8. Егер өтiнiм берушi әуежай немесе аэронавигациялық ұйым болған жағдайда - әуежай немесе аэронавигациялық ұйымның сұралып отырған кезеңде тоқсандарға бөлумен уақытша төмендету коэффициентiн қолданып және қолданусыз әуе кемелерiн пайдаланушыға реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсету бойынша табыстары, шығыстары деңгейiнiң болжалды көрсеткiшi.
      Егер өтiнiм берушi әуе кемелерiн пайдаланушы болған жағдайда - әуе кемелерiн пайдаланушының жоспарланған кезеңге тоқсандарға бөлумен уақытша төмендету коэффициентiн қолданып және қолданусыз әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйымның қызметтерiн тұтынудан түскен табыстары деңгейiнiң болжалды көрсеткiшi.
      Бұлай болғанда, өтiнiм берушi табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбiр қызметтерi бойынша барлық есептерiн алып келуi қажет.

Әуежайлар мен аэронавигация    
қызметтерiнiң тарифтерiне     
(бағаларына, алым ставкаларына)  
уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекіту ережесiне         
2-қосымша            

      Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .                   

Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін
қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алым
ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерiн бекіту кезiнде әуежайлар мен
аэронавигациялық ұйымның тоқсан сайын ұсынатын
материалдары

      1. Уақытша төмендету коэффициентi бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсету бойынша әуе кемелерiн пайдаланушымен жасасқан шарттар туралы ақпарат.
      2. Әрбiр әуе кемелерiн пайдаланушы бойынша уақытша төмендету коэффициентi бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердiң нақты орындалған көлемi.
      3. Уақытша төмендету коэффициентiн бекіту нәтижесiнде әуежай мен аэронавигациялық ұйымның әрбiр әуе кемелерiн пайдаланушы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетуден түскен қосымша табыстарының немесе шығындарының көлемi.

      Ескерту: Материалдар әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес реттелетiн әрбiр қызметi бойынша ұсынылуы қажет.

Әуежайлар мен аэронавигация       
қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, 
алым ставкаларына) уақытша төмендету  
коэффициенттерін бекіту ережесіне   
3-қосымша               

      Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шартты-ауыспалы шығындардың тізбесі

Қызметтердің атауы

Шығыс баптары

1

Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын (қабылдау мен шығаруын) қамтамасыз ету қызметтері


1.1

Өндірістік-диспетчерлік қызметтің арнайы техникасын ұстау және пайдалану

Материалдық шығындар

1.2

Арнайы техниканы ұстау және пайдалану

Материалдық шығындар

1.3

Ұшу – қонуда жарық техникасымен қамтамасыз ету

Материалдық шығындар

1.4

Авариялық құтқару жұмыстары қызметтері

Материалдық шығындар

1.5

Авариялық - қону жолағын ағымдағы жөндеу

Жөндеу

2

Авариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері


2.1

Әуежайдағы өткізу және объектішілік режимдерді жүзеге асыру

Материалдық шығындар

2.2

Тұрақтағы әуе кемелерін тұрағын күзету

Материалдық шығындар

3

Әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру


3.1

Тұрақ орнын ұстау

Материалдық шығындар

3.2

Тұрақ орнын жарықтандыру

Материалдық шығындар

3.3

Тұрақ орнын ағымдағы жөндеу

Жөндеу

4

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) беру


4.1

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) ұстау

Материалдық шығындар

4.2

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) ағымдағы жөндеу

Жөндеу