Қазақ-түрiк лицейлерiнде бiлiм алушылардың құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, қазақ-түрiк лицейлерiнде оқу-тәрбие процесiн жетiлдiру және оқыту сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 708
бұйрығына
(1216 - нөмiрмен тiркелген, 2000 жылғы қыркүйектегi "Шығармашылық педагогика" журналының N 4 санында жарияланған;
1632
нөмiрмен тiркелген, 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 595 бұйрығына толықтырулар енгiзiлген;
2053
нөмiрмен тiркелген, 2002 жылғы 3 қазандағы N 713 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырылар енгiзiлген) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы интернаттық ұйымдардың қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы ережесiнде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қазақ-түрiк лицейi жанындағы интернат - қазақ-түрiк лицейi орналасқан жерiнен тыс тұратын балаларға жататын орын бере отырып, тереңдете, элиталық бiлiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесi ұйымының құрылымдық бөлiмшесi.";
19-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақ-түрiк лицейiнде оқу жұмыстық мамандандырылған оқу бағдарламаларының және жекелеген пәндердi тереңдете оқытудың оқу жоспарының негiзiнде жүзеге асырылады. Оқыту мемлекеттiк, орыс, ағылшын және түрiк тiлдерiнде жүргiзiледi.";
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы лицейлерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы ережесiнде:
3-тармақ ". Лицей" деген сөзден кейiн "6-шы сынып базасында ұйымдастырылатын қазақ-түрiк лицейлерiн қоспағанда, тек" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Конкурс нәтижелерi бойынша қазақ-түрiк лицейiне оқуға қабылданған басқа қалалардан келген бiлiм алушылар қазақ-түрiк лицейiнiң жанындағы интернатында асыраумен қамтамасыз етiледi.";
20-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақ-түрiк лицейiнде бiлiм беру процесi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органмен бекiтiлген және жекелеген пәндердi тереңдете оқытуды көздейтiн типтiк оқу бағдарламаларының және оқу жоспарының негiзiнде әзiрленген жұмыстық мамандандырылған оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспары" бойынша жүзеге асырылады.
Жұмыстық мамандандырылған оқу бағдарламаларын және жұмыстық оқу жоспарын қазақ-түрiк лицейiнiң басшылығы бекiтедi. Қазақ-түрiк лицейлерiнде оқыту мемлекеттiк, орыс, ағылшын және түрiк тiлдерiнде жүргiзiледi.";
30-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақ-түрiк лицейлерiнде оқу-тәрбие процесiн жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Түрiк Республикасынан, сондай-ақ басқа шетел мемлекеттерiнен оқытушылар мен шеберлер тартылуы мүмкiн. Тартылған педагогикалық қызметкерлердiң көрсетiлген санатының еңбек ақысын түрiк тараптары жүзеге асырады.".
2. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (М.М.Қүзембаев) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге, кейiн бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға ұсынсын.