Қазақстан Республикасында балаларға амбулаториялық-емханалық көмекті одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қазандағы N 760 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2561

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасында балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетудің сапасын арттыру және одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар туралы Ереже бекітілсін.
      2. Облыстық және Алматы және Астана қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары осы бұйрықты назарға және орындауға алсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 17 қазандағы   
N 760 бұйрығымен       
бекітілген          

Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек
көрсететін ұйымдар туралы
Ереже

      Осы бұйрық "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және амбулаториялық жағдайда емдеу-алдын алу көмегін көрсететін медицина ұйымдары қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін белгілейді. K090193

1. Жалпы ережелер

      1. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін балаларды алдын алуға, аурушаңдықтың, балалар мүгедектігінің, нәрестелік және балалар өлімінің деңгейін төмендетуге бағытталған қолжетімді және сапалы бастапқы медициналық-санитарлық, білікті және мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

      2. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек перзентханадан шыққан күннен бастап 14 жасты қоса алғанда (14 жас, 11 ай, 29 күнге дейін):
      1) қалалық балалар емханасында, емхананың балалар бөлімшесінде;
      2) орталық аудандық аурухананың балалар консультациясында (қалалық емханада);
      3) ауылдық учаскелік ауруханаларда (АУА), ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда (АДА), отбасылық дәрігерлік амбулаторияларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде (ФАП) және фельдшерлік пункттерде (ФП);
      4) облыстық, қалалық (өңірлік) консультативтік-диагностикалық емханада (орталықта), аттас емханалардың балалар бөлімшесінде;
      5) балаларға амбулаториялық қабылдау жүргізетін мамандандырылған медицина ұйымдарында;
      6) білім беру ұйымдары мен басқа да ведомстволардың медицина пункттерінде (кабинеттерінде) жүзеге асырылады.

      3. Амбулаториялық-емханалық көмек учаскелік қағидат бойынша ұйымдастырылады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы учаскелік педиатрдың лауазымы қалалық жерлердегі сияқты, ауылдық орындарда да 800 балаға дейінгі жүктемемен жүргізіледі. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда учаскелік педиатр емханада бір сағаттың ішінде 4 баланы, үйінде 2 баланы қабылдайды.

      4. Балаларға медициналық көмек көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдардың оңтайлы жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 8-ден 20-ға дейін, демалыс күндері сағат 14-ке дейін.

      5. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медицина ұйымдары басқа емдеу-алдын алу ұйымдарымен, барлық мүдделі ведомстволармен тығыз байланыста жұмыс істейді. V095948

      6. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда жұмыстың жаңа үлгілері мен әдістерін енгізу регламенттеуші құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарының медицина қызметкерлері кем дегенде бес жылда бір рет педиатриялық практика бойынша біліктілігін арттырады.

      8. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын ауданның (қаланың, облыстың, республиканың) бас педиатры үйлестіреді.

      9. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медицина ұйымдары өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

2. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері

      10. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
      1) балалардың арасында, олардың жатырдағы кезеңдерін қоса алғанда аурулардың алдын алу;
      2) ауруларды ерте анықтау және емдеуді уақытында бастау, емдеудің барлық кезеңдерінде сақтау және оны сауыққанша жүзеге асыру;
      3) мүгедектіктің алдын алу және балалардың арасында өлімді болдырмау;
      4) толыққанды психикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында дені сау баланы тәрбиелеу болып табылады.

3. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін ұйымдастыру

      11. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар мынадай жолмен:
      1) жүкті әйелдерге босанғанға дейінгі патронаж жүргізуді;
      2) осы Ереженің 8 -қосымшасына сәйкес балаларды есепке алу және дені сау және науқас балаларды жасына, даму ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына қарай кешенді бағалай отырып, диспансерлеуді;
      3) балаларды егуді;
      4) осы Ереженің 6 7 -қосымшасына сәйкес білім берудің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарына түсуге балаларды дайындауды;
      5) жұқпалы аурулардың алдын алуды;
      6) осы Ереженің 5 -қосымшасына сәйкес құнарлы тамақтану, күтім, шынықтыру, сауықтыру және балалардың, олардың ата-аналарының және отбасы мүшелерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі гигиеналық тәрбиелеу мен дағдыландыру мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;
      7) балалар жасындағы ауруларды бірігіп қарау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДСҰ) бағдарламасын енгізуді жүзеге асыратын алдын алу жұмыстары қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.

      12. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда:
      1) науқас балаларды ерте анықтаумен;
      2) уақытында тексеру және емдеуді бастаумен;
      3) тексеру мен емдеудің барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты сақтаумен;
      4) осы Ереженің 9 -қосымшасына сәйкес бастапқы және жедел медициналық жәрдем көрсетумен (үйде көрсеткенде дәрі-дәрмек және медициналық заттардың Тізімімен қолдануға рұқсат етіледі);
      5) аурудың жіті нысандары бар балалардың толық сауығуына дейін бақылаумен және емдеумен;
      6) бастан кешкен жіті аурулары мен созылмалы ауруларының болуына байланысты диспансерлік есепте тұрған балалар мен мүгедек-балаларды қалпына келтіріп емдеу және оңалтумен;
      7) анаға (әкеге) немесе өзге де адамға күтім бойынша ауру парағын бере отырып, науқас баланың сауығу процесін тездету үшін қолайлы жағдай жасаумен қамтамасыз етіле отырып, емдеу-алдын алу жұмыстары жүзеге асырылады.

      13. Осы Ережеге 1 -қосымшаға сәйкес бастапқы медициналық-санитарлық, білікті, мамандандырылған көмек көрсетуді жүзеге асыратын қалалық дербес балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін барынша жетілдірілген медицина ұйым болып табылады.

      14. Осы Ережеге 2 -қосымшаға сәйкес аудандық, орталық аудандық аурухананың, аз қуатты аумақтық қалалық емхананың құрамында бастапқы медициналық-санитарлық және білікті медициналық көмек көрсетілетін, мамандандырылған көмек ұйымдастырылатын балалар консультациясы ұйымдастырылады.

      15. АУА, ОДА, АА осы Ережеге 3 -қосымшаға сәйкес балаларға амбулаториялық көмек жүзеге асырылады.

      16. ФАП, ФП осы ережеге 4 -қосымшаға сәйкес балаларға амбулаториялық дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі.

      17. Қалалардың, облыстардың, республикалардың консультативтік-диагностикалық емханаларында, атаулары бірдей медицина ұйымдарының бөлімшелерінде және мамандандырылған медицина ұйымдарында консультациялық қабылдау және уәкілетті немесе жоғарыдағы органдар бекіткен олардың осы Ережеге 10 -қосымшаға сәйкес қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, бейін бойынша балаларды медициналық тексерудің барлық түрлері жүргізіледі.

      18. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының медициналық пункттерінде (кабинеттерінде) ауруханадан тыс бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
1-қосымша         

Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) қызметі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қалалық балалар емханасы жеке немесе медициналық бірлестіктің, емхананың құрамында балалар бөлімшесі (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) ретінде ұйымдастырылады.

      2. Қызмет көрсету ауданындағы қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) 14 жасқа дейінгі (14 жас 11 ай 29 күн) балаларға емдеу-алдын алу көмегімен қамтамасыз етеді.

      3. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) қызмет көрсету ауданындағы балалардың ұсынылған саны - 20000 балаға дейін.

      4. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) қызмет көрсету ауданын бағыныстылығына қарай денсаулық сақтау органы белгілейді.

      5. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуде қалалық балалар емханасының рөлін алмастыратын медициналық бірлестіктің, емхананың құрамында ұйымдастырылған қалалық емхананың балалар бөлімшесінің қызметі осы Ережемен реттеледі.

2. Қалалық балалар емханасын (қалалық емхананың балалар бөлімшесін) басқару

      6. Қалалық балалар емханасын оның барлық қызметіне тікелей басшылық жасайтын бас дәрігер басқарады.

      7. Қызметті жоспарлау, қаржыландыру, штаттарды белгілеу, медициналық жабдықтармен, шаруашылық мүккәмалдарымен жарақтандыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтері мен заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

      8. Қалалық емхананың (медициналық бірлестіктің) бас дәрігерінің медицина немесе балалық және босандыру жөніндегі орынбасары (балалар бөлімшесінің меңгерушісі) ұйымның бас дәрігеріне бағынады және қызмет көрсету аумағында балаларды амбулаториялық-емханалық көмекпен қамтамасыз етеді.

3. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) құрылымы

      9. Қалалық балалар емханасында мынадай құрылымдық бөлімшелер қарастырылады:
      1) бөлек кіру есігі бар фильтр және бокстары бар изоляторлар;
      2) жедел бөлімшелер (анықтама бюросы, шақыруларды қабылдау бойынша диспетчерлік бөлім, тіркеу орны, медициналық статистика кабинеті және басқалар);
      3) әкімшілік-шаруашылық, қаржылық-экономикалық қызмет (жеке ұйымдарда), гардероб, күтуге арналған холдар және басқа да қосалқы үй-жайлар;
      4) алдын алу бөлімшесі (алдын алу егулері кабинеті, дені сау баланы тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі кабинет);
      5) педиатрия бөлімшесі (учаскелік дәрігерлер кабинеті);
      6) білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі - мектеп бөлімшелерінде) балаларға емдік-алдын алу көмегін көрсету жөніндегі бөлімше;
      7) консультативтік бөлімше (маман-дәрігерлер кабинеттері);
      8) қалпына келтіріп емдеу және оңалту бөлімшесі (физиотерапиялық, емдік дене шынықтыру, массаж жасау (механикалық, қолмен), емшара, ауызбен регидратациялау кабинеті бар күндізгі стационар, сумен емдеу, балшықпен емдеу кабинеттері және басқалар); Қараңыз.V095853
      9) диагностикалық бөлімше: клиникалық және биохимиялық зертханалар, сәулелік диагностика кабинеттері (рентген, ультрадыбыстық сәулелеу), функционалдық диагностика (электрокардиография, энцефалография) және басқалар;
      10) сүт тарататын пункттері бар балаларға арналған сүт асханасы (балаларға арналған сүт асханасы жеке ұйымдар болуы да мүмкін). V074683

      10. Қалалық (медициналық бірлестіктегі, орталықтағы) емхананың балалар бөлімшесінде өте қымбат тұратын аппараттармен және жабдықтармен жарақтандыруды талап ететін диагностикалық бөлімше мен қалпына келтіріп емдеу және оңалту бөлімшесінен басқа, балаларға педиатрия кадрлары бастапқы медициналық-санитарлық, білікті және  мамандандырылған амбулаториялық-емханалық (барлық мамандық бойынша) көмек көрсететін қалалық балалар емханасының барлық құрылымдық бөлімшелері құрылуы мүмкін.
      Қалалық емхананың (медициналық бірлестіктегі, орталықтағы), аудандық, орталық аудандық аурухананың құрамында балалар консультациясын ұйымдастырғанда консультативтік бөлімше (мамандар кабинеті), қалпына келтіріп емдеу және оңалту бөлімшесі, сондай-ақ балаларға қызмет ету үшін бөлінген және педиатриялық қызмет мамандығы бойынша арнайы дайындығы бар жалпы бейін дәрігерлер емдеу-диагностикалық, консультативтік көмек көрсететін диагностикалық бөлімше барлық медициналық ұйым үшін жалпы болып табылады.
      Әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтер барлық медициналық ұйым бойынша жалпы болып табылады.

4. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) жұмысын ұйымдастыру

      11. Қалалық балалар емханасы қызмет көрсету ауданының балалары арасында мынадай жолдармен алдын алу іс-шараларының кешенін жүзеге асырады:
      1) скринингтік тексеру әдістерін пайдалану арқылы балаларды ағымдық, кезеңдік тереңдетілген алдын алу медициналық тексерулер;
      2) дені сау балаларды, сауыққандарды және созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды аурудың асқынуынан тыс динамикалық медициналық бақылау, балаларды үйде емдеу, педиатрдың, мамандардың кейіннен сауықтыру іс-шараларын жүргізе, жұқпаның созылмалы ошақтарын тазарта отырып, қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) алдын алу қабылдауы;
      3) ДДСҰ бағдарламасы бойынша балалар жасындағы ауруларды бірігіп қарау;
      4) белгіленген мерзімдерде алдын алу егулері және егуден кейінгі әрбір асқынуды жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына хабарлау;
      5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесе отырып, эпидемияға қарсы іс-шаралар (байланыста болған науқастарды, жұқпалы аурулармен ауырғандарды байқау, ол туралы шұғыл хабар беру, аулалық тексерулер және басқалар);
      6) аялық аурулары бар қатерлі топтағы балаларды шынықтыратын, жалпы нығайтатын емшаралар;
      7) санитарлық-ағарту жұмыстары, тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес жекелеген санаттағы балаларды арнайы өнімдермен және емдік тамақтандырумен тегін қамтамасыз ету;
      9) емханаға жасөспірімдерді (15 жасқа толған балалардан бастап) ересектерге қызмет көрсететін емханалардың жасөспірімдер кабинетіне ауыстыру.

      12. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) балаларға емдік-диагностикалық көмекті мынадай жолдармен:
      1) дәрігердің, медбикенің науқас баланы үйде белсенді тексеруімен;
      2) сауығу кезеңінде науқас балаларды учаскелік педиатрлардың қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) қабылдауымен;
      3) мамандарда консультативтік қабылдау жүргізумен;
      4) бөлімше меңгерушілерінің, бас дәрігердің орынбасарының консультацияларымен, консилиуммен;
      5) үйдегі стационарларды, күндізгі стационарларды ұйымдастырумен;
      6) емдік-диагностикалық емшараларды, оның ішінде қалпына келтіріп емдеу, оңалтуды жүргізумен;
      7) балаларды аурухана стационарларына емдеуге жіберумен;
      8) қолданыстағы ережеге сәйкес тікелей науқас баланы күтуді жүзеге асыратын анаға немесе өзге де адамға ауру парағын берумен;
      9) науқастарды іріктеу және санаторийлар мен оңалту орталықтарына, білім берудің арнайы ұйымдарына қалпына келтіріп емдеуге, медициналық оңалтуға жіберумен қамтамасыз етеді. Қараңыз.V095853

      13. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) білім берудің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз етеді.

      14. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) дәрігерлердің, орта және кіші медицина қызметшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      15. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) алдын алудың, диагностика мен емдеудің жаңа әдістеріне, сондай-ақ жоғарыдағы денсаулық сақтау органдарымен келісілген балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа ұйымдастыру нысандарына сынау жүргізеді және енгізеді.

      16. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) қатаң есептілік бланктерін (еңбекке жарамсыздық парақтары, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтамалар және басқа да бланктер) алады және олардың сақталуын, медициналық және басқа да құжаттарды архивте сақтауды қамтамасыз етеді.

      17. Балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) бағыныстылығы бойынша жоғардағы басқару органы бекітетін оның құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлердің функционалдық міндеттері туралы ережені әзірлейді.

      18. Қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) ұйым басшысымен бекітілген ереженің негізінде нәресте өлімін талдау, ұзақ және тұрақты мерзімге екпеден медициналық босатуды анықтау жөніндегі Комиссия, медбикелер Кеңесі ұйымдастырылады.

      19. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) тұтасымен бөлімшелер (оның ішінде есептегі отбасылық дәрігерлік амбулаториялар туралы) мен бүкіл ұйым қызметіне нормативтік актілермен белгіленген мерзімдерде талдау жасайды және ұжым, халық алдында есеп жүргізеді, сондай-ақ жоғардағы басқару органына шұғыл және өзге де ақпаратты береді.

      20. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілікті ұсынады.

5. Басқа ұйымдармен, ведомстволармен өзара
қарым-қатынастар, байланыстар

      21. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) қызметінің барлық бағыттары бойынша тығыз байланыста жұмыс істейді және мамандандырылған және басқа да мүдделі медицина ұйымдарымен, басқа ведомстволардың органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ отандық және халықаралық қайырымдылық ұйымдарымен ынтымақтасады. V095948

6. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың
балалар бөлімшесінің) құқығы

      22. Жеке ұйым болып табылатын қалалық балалар емханасының жеке балансы, атауы белгіленген дөңгелек (елтаңбасы бар) мөрі және мөр табаны болады.

      23. Жеке ұйым болып табылатын қалалық балалар емханасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төрелік және аралық соттарда қуынушы және жауап беруші ретінде сөз сөйлейді.

      24. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) қаланың отбасылық дәрігерлік амбулаториясына (жалпы дәрігерлік практика дәрігеріне) емдеу-алдын алу көмегінің сапасын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру-әдістемелік, консультативтік көмек көрсетеді.

      25. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес балаларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. Қараңыз K090193

7. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың
      балалар бөлімшесі) медицина қызметшілерінің
жұмысын ұйымдастыру

      26. Қалалық балалар емхананың (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) қызметіндегі емдеу-алдын алу жұмысын қамтамасыз етуші барлық медицина қызметкерлері емхананың бас дәрігерімен тағайындалады және жұмыстан босатылады, оған, сондай-ақ тікелей рангасы бойынша жоғарғы лауазымды адамға бағынады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      27. Бас дәрігер дара басшылық негізінде қалалық балалар емханасына басшылықты жүзеге асырады және балаларға медициналық ұйымдарда көрсетілетін барлық емдеу-алдын алу көмегінің уақыттылығын, қолжетімділігі мен сапасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның әкімшілік-шаруашылық және қаржылық қызметін тұрақты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      28. Қалалық балалар емханасының бас дәрігерін тағайындауды және жұмыстан шығаруды жоғарыдағы денсаулық сақтау органы жүргізеді және тікелей оның қарауында болады.

      29. Қалалық балалар емханасының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес бас дәрігер:
      1) қалалық балалар емханасында, үйде, мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарында осы заманның талаптарына, ғылым мен техника деңгейіне сәйкес балаларға емдеу-алдын алу көмегінің барлық айқындамаларын ұйымдастыру мен орындауды, балалардың денсаулығын сақтауға арналған құқықтарын қорғауды;
      2) стационарлармен, әйелдер консультацияларымен, перзентханалармен, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен, интернаттармен және басқа да мүдделі ведомство ұйымдарымен және органдарымен қалалық балалар емханасының жұмыстағы сабақтастығын;
      3) қалалық балалар емханасын осы заманғы медициналық жабдықтармен, құрал-саймандармен, аспаптармен, ұйымдастыру техникасының құралдарымен және заттарымен жарақтандыруды, оларды тиісінше ұстауды және пайдалануды, сондай-ақ бюджеттен қаржы бөлу шеңберінде емхана үй-жайларына уақытындағы алдын алу, ағымдық және күрделі жөндеу жасауды;
      4) бюджеттен қаржы бөлуді, дәрі-дәрмектерді, басқа да ақшалай және материалдық құндылықтарды сақтауды, орынды және үнемдеп пайдалануды;
      5) азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын уақытында қарауды, олардың әрқайсысы бойынша нақты шаралар қабылдауды, белгіленген күндері және сағатта қызметкерлер мен халықты жеке қабылдауды;
      6) белгіленген тәртіппен денсаулық сақтауды басқару органдарының алдында өзінің жұмысы туралы есеп беруді және халықтың алдында жылына кем дегенде 2 рет қызмет көрсету аумағында балалардың денсаулық жағдайын жақсарту бойынша істелген жұмыс туралы сөз сөйлеуді;
      7) штат лауазымдарын уақытында және толық жиынтықтауды, медицина және басқа да кадрларды ұтымды пайдалануды;
      8) еңбекке жарамсыздық парақтарын, дәрілік заттарды және кейбір санаттағы балаларға арнайы балалар мен емдік тағам өнімдерін жазу үшін рецептік бланктерді және қатаң есептегі басқа да бланктер мен құжаттарды есепке алуды, сақтауды және беруді;
      9) мемлекеттік органдардағы, соттық және төрелік инстанциялардағы, қоғамдық және басқа ұйымдардағы емханаларға қызметкерлерді жалдау және жұмыстан шығару, көтермелеу, сөгіс беру, бұйрықтар шығару, несиелерді иелену, шарттар жасау, ұсынымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген шекте басқа да іс-қимылдарды қамтамасыз етеді.

      30. Қалалық балалар емханасының басшысы болмаған жағдайда оның функцияларын бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасары (қалалық емхананың балалар бөлімінің меңгерушісі) орындайды.

      31. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) міндеттеріне сәйкес бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасары (қалалық емхана бас дәрігерінің медицина немесе балалар мен босандыру бөлімі жөніндегі) және оның тікелей басшылығымен бөлімшенің меңгерушісі жұмыстың басшылық ететін учаскесі бойынша:
      1) қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесі), учаскеде, мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарында өткізілетін алдын алу және емдеу-диагностикалық және сауықтыру іс-шараларының жоспарларын, сондай-ақ қызметшілердің жұмыс кестелерін әзірлеуді және олардың сапалы орындалуын бақылауды;
      2) бағыныстағы қызметкерлердің емдеу-алдын алу жұмыстарына тікелей басшылықты;
      3) қалалық балалар емханасындағы (қалалық емхананың балалар бөлімшесіндегі), үйдегі, науқастарға консультативтік көмекті, консилиумді ұйымдастыруды және оларға қатысуды;
      4) жасөспірімдерді ересектерге қызмет көрсететін қалалық емхананың жасөспірімдер кабинеттеріне ауыстыруды ұйымдастыру мен қатысуды;
      5) балалар мен олардың отбасы мүшелерінің арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді;
      6) балаларды санаторийлық, оңалту емдеуіне іріктеуді және балалық шақтан мүгедек-балаларға медициналық қорытындыларды ресімдеуді, дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ДКК) жұмысына қатысуды;
      7) үйде науқас балаларды күту бойынша еңбекке жарамсыздық парақтарын берудің негіздемелілігін бақылауды;
      8) емхананың жұмысына жаңа әдістер мен алдын алу, диагностика мен емдеу құралдарын сынау мен енгізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсетудің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың және жұмыстың алдыңғы қатарлы тәжірибесінің жаңа ұйымдастырушылық нысандарын;
      9) қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) қызметкерлерінің жоғардағы органдардың бұйрықтарын, өкімдердің, нұсқамалық-әдістемелік нұсқамаларды уақытында хабардар етуді;
      10) учаскелік педиатрларға, қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) басқа да бөлімшелерінің дәрігерлеріне, мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарының балаларды медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ететін дәрігерлеріне ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді;
      11) басшылық ететін жұмыс учаскесі бойынша сапалы көрсеткіштерді талдауды жоғардағы басшылық етуші органдарға статистикалық және қаржылық есептерді уақытында ұсынуды және растығын қамтамасыз етуді;
      12) қабылданатын адамдарды таныстыру нұсқамаларын жүргізуді, оларды лауазымдық нұсқаулықтармен, ішкі еңбек тәртібі ережесімен, еңбекті қорғау және қауіпсіздігі техникасымен, өртке қарсы қауіпсіздікпен таныстыруды;
      13) тікелей қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) дәрігерлер мен орта медицина қызметшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді, сондай-ақ тиісті мамандандыру және біліктілікті жетілдіру курстарына уақытында жіберуді бақылауды;
      14) дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің иммундаудың алдын алу бойынша оның сапасын қамтамасыз ету мақсатында олардың жұмысына талдау жүргізу;
      15) медициналық этика, деонтология мәселелері бойынша тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, қызметкерлерді көтермелеуге ұсынуды және еңбек тәртібін бұзған және жұмыстарын қанағаттанарлықсыз орындаған адамдарға жаза қолдану туралы ұсыныстарды енгізуді;
      16) қалалық балалар емханасындағы (қалалық емхананың балалар бөлімшесіндегі) аппараттар мен жабдықтарды ұтымды пайдалануды және сауатты техникалық пайдалануды, емхананың үй-жайларын тиісінше ұстауды және пайдалануды;
      17) бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруді, олармен, әйелдер консультацияларын, жасөспірімдер кабинеттерін қоса алғанда бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, сондай-ақ перзентханалардың, ауруханалардың, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек станцияларының, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталықтардың, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының және басқа да емдеу-алдын алу ұйымдарының, органдарының және білім беретін ұйымдардың арасындағы жұмыстағы сабақтастықты;
      18) қалалық балалар емханасын (қалалық емхананың балалар бөлімшесін) қажетті дәрі-дәрмектермен, вакциналармен, таңу материалдарымен және құрал-саймандармен;
      19) белгіленген күндер мен сағаттарда қызметкерлер мен халықты қабылдауды;
      20) қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) медицина кадрларын іріктеу мен ұтымды пайдалануға қатысуды, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және аттестациялаудың перспективалық жоспарларын әзірлеуді және жүзеге асыруды;
      21) медбикелер мен жас мамандардың кеңестеріне әдістемелік басшылықты (бас дәрігердің орынбасары басшылық етеді, бөлімшелердің меңгерушілері олардың жұмыстарына қатысады);
      22) өзінің өкілеттілігі шеңберінде бұйрықтардың және басқа да құжаттардың жобаларын дайындауды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен осы ережені өзінің қызметінде басшылыққа алуды қамтамасыз етеді.

      32. Қалалық балалар емханасы (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) педиатриялық бөлімшенің меңгерушісі учаскелік педиатрлар мен учаскелік медбикелердің жұмысына басшылық етеді, оларға ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, олардың қызметін, емхананың басқа да бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Мектепке дейінгі-мектеп бөлімшелері болмаған жағдайда, білім беру ұйымдарында балаларды санитарлық-медициналық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды, оның ішінде мектепке дейінгі-мектеп жасындағы балаларды жыл сайынғы медициналық тексеруді ұйымдастырады және олардың нәтижелерін бағалайды, дене тәрбиесі мен балаларды шынықтыру және жазғы сауықтыру іс-шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді.

      33. Қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы балаларға емдік-алдын алу көмегін көрсету жөніндегі бөлімше ұйымдастырылған жағдайда осы ұйымдардың балаларға медициналық қызмет көрсетуін бақылау функциясы мектепке дейінгі мектеп бөлімшесінің меңгерушісіне жүктеледі.

      34. Мектепке дейінгі - мектеп бөлімшесінің меңгерушісі мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарындағы дәрігер-педиатрлар мен медбикелердің жұмысына басшылық етеді және 31-тармақта көрсетілген меңгерушілердің жалпы функцияларынан басқа мыналарды:
      1) басқару органдарымен және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарымен өзінің қызметін жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді келісуді;
      2) мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарына баратын балаларды жоспарлық диспансерлеуді және балалардың денсаулық жағдайын талдауды;
      3) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды жыл сайын медициналық тексерудің нәтижелерін бағалауды;
      4) тәрбиеленушілер мен мектеп оқушыларының арасында қажетті алдын алу және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруды, олардың тиімділігін бағалауды;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесе отырып, мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарына дұрыс режим мен құнарлы тамақтануды ұйымдастыруға қатысуды;
      6) дене тәрбиесі мен балаларды шынықтыру және жазғы сауықтыру іс-шараларын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырудағы үйлестіру мен әдістемелік көмекті;
      7) қаладан тыс шығатын мектепке дейінгі мекемелердің, мектеп оқушыларының жазғы сауықтыру лагерлердің медицина қызметкерлерін жиынтықтауға қатысуды және осы ұйымдардың медициналық қызметтерін жүйелі түрде тексеруді;
      8) ата-аналардың, тәрбиешілердің, педагогтардың арасында санитарлық-ағартушылық жұмысты ұйымдастыруды;
      9) мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарындағы медицина кадрларының біліктілігін жүйелі түрде арттыруды ұйымдастыруды;
      10) мектепке дейінгі және білім беретін жалпы білім беру ұйымдарының жұмысын талдауды қамтамасыз етеді.

      35. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) маман-дәрігері өзінің мамандығы бойынша бекітіліп берілген аумақтағы балаларға медициналық көмек көрсетеді. Осы мақсатта маман-дәрігер:
      1) емханада, қажет болған жағдайда учаскелік педиатрдың, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлерінің жіберуі бойынша үйде және стационарларда бейін бойынша консультативтік, емдеу-алдын алу көмегін жүзеге асырады;
      2) ағымдық, кезеңдік тереңдетілген медициналық тексерулерге қатысады, балаларды диспансерлеуді жүзеге асырады, диспансерлеу мен емдеудің тиімділігін зерттейді;
      3) дәрігерлердің консилиумдарын ұйымдастырады және оның жұмысына қатысады;
      4) белгіленген тәртіппен медициналық құжаттарды жүргізеді;
      5) аурулардың алдын алу жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;
      6) өзінің мамандығы бойынша жұмысқа қажетті медициналық аппаратураға, дәрі-дәрмектерге, құрал-саймандар мен жабдықтарға өтінім әзірлейді;
      7) қолданыстағы заңнама белгілеген тәртіппен науқас баланы күту бойынша еңбекке жарамсыздық парағын жазады;
      8) жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады, өзінің мамандығы бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысқа, сондай-ақ дәрігерлік, медбикелік конференцияларының жұмысына қатысады;
      9) практикаға бейін бойынша аурудың алдын алудың, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізеді;
      10) қалалық балалар емханасының және басқа да мүдделі ұйымдардың дәрігерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді, білім беру ұйымдарында балаларды сауықтыруға қатысады;
      11) бағыныстағы орта және кіші медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық етеді.

      36. Бас (бөлімшенің аға медбикесі) медбике қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін орта және кіші медицина қызметшілерінің емдеу-алдын алу жұмыстарына басшылық етеді және мыналарды:
      1) емхананың (бөлімшенің) орта және кіші медицина қызметшілерінің, оның ішінде білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасау, жұмыстың ұтымды кестесін әзірлеуді және оларды дұрыс қоюды, олардың емхананың ішкі тәртібін орындауын қамтамасыз етуін, дәрігердің қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) және үйдегі емдік және диагностикалық тағайындауларын, эпидемияға қарсы барлық қажетті іс-шараларды және лауазымдық міндеттерді, білім беру ұйымдарын медицина қызметшілерімен жиынтықтауға қатысуды;
      2) қалалық балалар емханасына (қалалық емхананың балалар бөлімшесіне), білім беру ұйымдарына жұмысқа жаңадан қабылданатын орта медицина қызметкерлерін алғаш таныстыруды, емхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылауды;
      3) медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді, бактериялық препараттарды, таңу материалдарын, арнайы есепке алу бланктерін (еңбекке жарамсыздық парақтарын, кейбір санаттағы науқас балаларға дәрілер жазуға арналған рецептердің бланктері мен басқа да материалдық құндылықтар) уақытында жазуды, дұрыс есепке алуды, бөлуді (алуды), жұмсауды;
      4) қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) тек орта медицина қызметкерлері ғана жұмыс істейтін тіркеу орнының, анықтама-ақпарат қызметінің, емшара және басқа да кабинеттердің нақты жұмысын ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық жай-күйін бақылауды;
      5) әйелдер консультациялары, перзентханалары, стационарлары, жедел және кезек күттірмейтін көмектері, білім беру ұйымдары бар қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) жұмысындағы сабақтастықты бақылауды, сондай-ақ оларда медицина құжаттамаларын жүргізуді және алдын алу екпелерін, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды;
      6) бөлімше меңгерушілерімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының медицина қызметшілерінің жұмысын жоспарлық тексеруді, балалардың денсаулығын сақтау мәселесі бойынша олардың қызметіне талдау жасауды;
      7) халықпен санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді;
      8) орта және кіші медицина қызметкерлерін жалдау және жұмыстан шығару мәселелеріне қатысуды, оларды көтермелеуге ұсынуды және тәртіптік жаза қолдануды;
      9) емхана (бөлімше) басшыларымен бірлесе отырып, емхананың (бөлімшенің), білім беру ұйымдарының (медбикелік конференциялар, аралас мамандықтарды игеру, біліктілігін арттыру курстарына жіберу) орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ арнайы кіші медицина қызметшісін даярлау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді;
      10) қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесі) медбикелері (бас медбике) кеңесі жұмысына басшылықты, оның жұмысына (аға медбике) қатысуды жүзеге асырады.

      37. Қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) мектепке дейінгі және мектеп бөлімшесі ұйымдастырылған жағдайда мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің балаларына медициналық қызмет көрсету жөніндегі орта және кіші медицина қызметіне басшылықты жүзеге асыру осы бөлімшенің аға медбикесіне жүктеледі.

      38. Учаскелік дәрігер-педиатр қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде), үйде балалармен негізгі алдын алу жұмыстарын орындайды, балалардың оңтайлы физикалық және нервтік-психикалық дамуын қамтамасыз ету үшін отбасы деңгейінде эпидемияға қарсы іс-шараларды және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді және ол үшін:
      1) әйелдер консультациясымен тұрақты байланысты, жүкті әйелдерді бақылаудағы (әсіресе "қатерлі" топтағы) сабақтастықты жүзеге асырады; босанғанға дейінгі емдеуді кем дегенде (жүктілігі бойынша есепке алу кезінде және жүктіліктің соңғы үш айында) 2 рет жүргізеді;
      2) медбикемен бірлесе отырып, бастапқы емдеуді жаңа туған нәрестені (қатер тобындағы жаңа туған нәрестелерді - бірінші тәулікте) перзентханадан шығарғаннан кейін алғашқы 3 күнде патронаж жүргізеді;
      3) кейінгі емдеулерді (туу кезеңі бойы кем дегенде 3 рет) жүзеге асырады, учаскелік медбикенің жаңа туған нәрестенің үйіне баруын бақылайды;
      4) балаларды емханада алдын алу қабылдауын жүргізеді, балалардың физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалайды, оларға режим, құнарлы тамақ, аялық аурулардың алдын алу іс-шараларын тағайындайды;
      5) алдын алу екпелерінің жылдық жоспарын әзірлейді, балаларды екпенің алдында тексереді, рұқсатты ресімдейді немесе одан медициналық босатуды негіздейді, екпеден кейін баланы қадағалайды;
      6) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес алдын алу байқауын жүзеге асырады, балаларды басқа дәрігер-мамандардың консультациясына және қажетті зертханалық зерттеулерге жібереді;
      7) диспансерлік есепке алынған балаларды динамикалық бақылауды жүзеге асырады, басқа маман-дәрігерлермен бірлесе отырып, оларды сауықтыруды және диспансерлеу тиімділігінің талдауын жүргізеді;
      8) балаларды білім берудің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарына түсердің алдында тексеруді, қажетті сауықтыру және алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады;
      9) денсаулық жағдайы бойынша санаторийлық, оңалту емдеулерін қажет ететін балаларды іріктеуді және есепке алуды жүргізеді;
      10) шақыру жасалған күні бір жастан асқан балалардың үйіне барады және оларға сауыққанға немесе ауруханаға жатқызғанға дейін қажетті кезеңдік емдеу көрсетеді;
      11) шақыру жасалған сәттен бастап, алғашқы үш сағаттың ішінде бір жасқа толмаған балалардың үйіне барады, үйде сауыққанға немесе ауруханаға жатқызғанға дейін бақылайды;
      12) белгіленген тәртіппен стационарға емдеуге жібереді, қажет болған жағдайда баланы жедел ауруханаға жатқызуға барлық шараларды қабылдайды;
      13) стационардан шығарғаннан, "жедел жәрдем" шақыруынан кейін активтің беруі бойынша балалардың үйіне барады;
      14) қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) басшыларын ауруы асқынған балалар туралы, сондай-ақ ауруы емдеуге қиындық туғызған немесе диагнозы анықталмаған балалар туралы хабардар етеді;
      15) санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесе отырып, жұқпалы ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларының кешенін жүргізеді, белгіленген тәртіппен анықталған жұқпалы аурумен ауыратын науқастар мен жұқпалы ауруға күдіктілер немесе екпеден кейінгі асқынудың әрбір жағдайы туралы хабардар етеді;
      16) өзінің біліктілігін жүйелі түрде арттырады;
      17) дені сау баланы дамыту мен тәрбиелеу және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмысын жүргізеді;
      18) белгіленген нысан бойынша медициналық құжаттамаларды жүргізеді;
      19) учаскелік медбикенің жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
      20) өзінің учаскесінде санитарлық активті ұйымдастырады және оны санитарлық-алдын алу іс-шараларына тартады;
      21) ДДСҰ бағдарламасы бойынша балалар жасындағы ауруларды бірігіп қарау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
      22) балалардың денсаулығы жағдайының, олардың аурушаңдығы талдауына негізделген жұмыс жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
      23) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен науқас балаларды күту бойынша еңбекке жарамсыздық парақтарын береді.

      39. Қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) учаскелік медбикесі учаскелік дәрігер-педиатрдың басшылығымен жұмыс істейді және:
      1) дені сау баланы дамыту және тәрбиелеу жөніндегі алдын алу жұмысын;
      2) дәрігердің тағайындауы бойынша науқас балаларға үйде медициналық көмек көрсетуді;
      3) отбасы деңгейінде халықпен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;
      4) белгіленген нысан бойынша жұмысты есепке алуды;
      5) өзінің аумақтық учаскесінде жүкті әйелдерге босанғанға дейін 3 рет патронаж жүргізуді, жүкті әйелдің денсаулық жағдайының бұзылуына белсенді түрде әсер етуді және бұл туралы жедел әйелдер консультациясының акушер-гинекологына және учаскелік дәрігер-педиатрға уақытында хабарлауды;
      6) учаскелік дәрігер-педиатрмен бірлесе отырып, материалдық-тұрмыстық, отбасы өмірінің мәдени-гигиеналық жағдайына, оның психологиялық климатына мән бере отырып, жаңа туған нәрестелерді перзентханадан шығарғаннан кейін алғашқы үш күнде (қатер тобындағыларды - алғашқы тәулікте) барып, қарауы;
      7) дені сау және науқас балаларды бақылаудың жүйелілігін қамтамасыз етуді, оның жағдайы туралы хабардар етуді;
      8) ата-аналардың емдік тағайындауларды орындауын бақылауды;
      9) мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларға алдын алу екпелерін ай сайын жоспарлау жасауды, балаларды емханаға екпеге шақыруды;
      10) дәрігер үйге тағайындаған емдік емшараларды орындауды;
      11) балаларды медициналық тексеру кезінде дәрігерге көмек көрсетуді (антропометрия жүргізуді, рецептерді, анықтамалар, жолдамалар, еңбекке жарамсыздық парақтарын, көшірмелерді жазуды, қабылдауға кезекті бақылауды);
      12) дені сау баланы дамыту мен тәрбиелеу және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша учаскелерде және қалалық балалар емханасында (қалалық емхананың балалар бөлімшесінде) ата-аналармен әңгімелер өткізуді, денсаулық бұрышын, санитарлық-ағарту көрмелерін ұйымдастыруға қатысуды;
      13) өзінің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды, медбикелер кеңесінің жұмысына қатысуды жүзеге асырады.

      40. Дені сау бала кабинетінің медбикесі (фельдшері) дені сау баланы тәрбиелеу, ерте жастан салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында:
      1) балаларды күту, дені сау баланы тәрбиелеу, санитарлық-гигиеналық үйрету және құнарлы тамақтандыру, аурудың алдын алу, білім беру ұйымдарына түсуге дайындау жөніндегі жеке, топтық әңгімелер мен практикалық сабақтарды жүргізеді;
      2) қалалық балалар емханасының (қалалық емхананың балалар бөлімшесінің) басшылығы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу жөніндегі қажетті жұмыс құжаттарын және нұсқамалық-әдістемелік материалдарды есепке алуды жүргізеді, дені сау бала кабинетін ресімдеуді жүргізеді.

      41. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балаларға емдеу-алдын алу көмегін көрсететін дәрігер-педиатр:
      1) жаңадан түскен балалардың барлығын, оларға бейімделудің қолайлы ағымына бағытталған медициналық-педагогикалық іс-шаралар кешенін тағайындай отырып, тексеруді;
      2) балаларды жоспарлық алдын алу медициналық тексеруді, екпелердің алдына балаларды тексере отырып, алдын алу екпелерін жасауды;
      3) міндетті түрде балаларды алдында тексеріп, алдын алу екпесін егеді және баланы екпені еккен кейінгі мерзімде қадағалайды;
      4) науқас балалардың диспансерлік тобын бақылауды және қалпына келтіріп емдеу мен оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
      5) дене тәрбиесі және балаларды шынықтыруды ұйымдастыруды медициналық бақылауды;
      6) жарақаттанушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты, жарақаттың барлық жағдайларын есепке алуды және талдауды;
      7) медициналық құжаттарды жүргізуді;
      8) балалардың денсаулық жағдайы, олардың арасындағы аурушаңдық жөніндегі талдауды және оның алдын алу жөніндегі қолданылған шаралар туралы бағыныстылығы бойынша бөлімше меңгерушісін хабардар етуді;
      9) өзінің және орта медицина қызметшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты, тамақтандыруды, сауықтыру іс-шаралары, аурулардың диагностикасы, медицина және педагогика қызметшілерімен санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режим мәселелері жөніндегі сабақты;
      10) білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының ата-аналарымен және қызметшілерімен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүзеге асырады.

      42. Балалар бақшасының медбикесі (фельдшері) мынадай іс-шараларды жүргізеді:
      1) балаларды күнде таңертең қабылдайды;
      2) дәрігердің тағайындауы бойынша шынықтыру, алдын алу егулері, диагностикалық сынамалар, антропометрия, зертханалық зерттеулер үшін материалдар алу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді және басқа да медициналық тағайындауларды орындайды;
      3) ауырған балаларды оқшаулауды, сондай-ақ жұқпалы аурумен ауырған науқастармен байланыста болған балаларға тексеру, термомерия және өзге де іс-шараларды жүргізеді, ағымдық дезинфекция жүргізуді ұйымдастырады;
      4) жіті ауру немесе жарақат алған жағдайда балаларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, жарақаттанушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
      5) балалар мен ата-аналардың, ұйым қызметкерлерінің арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;
      6) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді, ұйым қызметшілерін медициналық тексеруді бақылауды жүзеге асырады;
      7) дәрі-дәрмектерге, бактериялық препараттарға, дезинфекциялық құралдарға, медициналық бұйымдар мен аппаратураға өтінім әзірлейді, оларды есепке алуды, сақтауды және уақытында толықтыруды жүргізеді;
      8) белгіленген тәртіппен медициналық құжаттамаларды ресімдейді;
      9) өзінің біліктілігін арттырады, медбикелердің Кеңесінің жұмысына қатысады.

      43. Жалпы білім беру ұйымдарында емдеу-алдын алу көмегін көрсететін дәрігер-педиатр:
      1) мектеп оқушыларын медициналық тексеруді ұйымдастыруды және уақытында жүргізуді, дене тәрбиесі сабағы үшін әрбір оқушының денсаулық жағдайын (басқа дәрігер-мамандардың мәліметтерін есепке ала отырып) және медициналық тобын анықтауды және емдік-сауықтыру іс-шараларын тағайындауды;
      2) негізінде мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірленетін мектеп оқушыларын медициналық тексерудің нәтижелеріне талдау жүргізуді;
      3) мектепте дене шынықтыру жүргізуді, сондай-ақ оқу жұмысының режимін, еңбекке үйретуді, оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды және санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізуді медициналық бақылауды;
      4) мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын есепке ала отырып, олардың кәсіби бағдары жөніндегі жұмысты;
      5) ауыстыру және мектеп бітіру емтихандарынан босатылуды қажет ететін оқушыларды анықтауды және тиісті комиссияға олардың материалдарын қарауға ұсынуды;
      6) білім беру ұйымдарында амбулаториялық қабылдауды және қажет ететіндерге медициналық көмек көрсетуді;
      7) білім беру қызметшілерінің, ата-аналардың және оқушылардың арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын;
      8) науқастардың диспансерлік тобын және оларды сауықтыруды, оның ішінде тікелей білім беру ұйымдарын жүйелі түрде бақылауды;
      9) бағыныстылығы бойынша бөлімшенің меңгерушісін және білім беру ұйымдарының басшылығын оқушылардың денсаулығы жағдайы, олардың аурушаңдығы және мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жөніндегі мәліметтердің нәтижелері туралы хабардар етуді;
      10) жарақаттанушылықтың алдын алу, жарақаттың барлық жағдайларын есепке алу және талдау жөніндегі жұмысты;
      11) белгіленген тәртіппен медициналық құжаттарды ресімдеуді;
      12) өзінің кәсіби біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ бағыныстағы орта медицина қызметшісінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

      44. Білім беру ұйымдарында емдеу-алдын алу көмегін көрсету жөніндегі орта медицина қызметшісі (фельдшер, медбике) дәрігер-педиатрдың басшылығымен оның барлық тағайындауларын орындайды:
      1) мектеп оқушыларына медициналық тексеру жүргізуде және барлық тағайындалған ұсынымдарды орындауда дәрігерлерге медициналық, оның ішінде тереңдетілген көмек көрсетеді;
      2) дәрігердің бақылауымен алдын алу екпелерін жүргізеді;
      3) белгіленген тәртіппен медициналық құжаттарды ресімдейді;
      4) педагогика қызметшілеріне дәрігер-мамандардың ұсынымдарымен медициналық тексеру нәтижелерін хабарлайды;
      5) тамақтандыруды ұйымдастырудың сапасын, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің гигиеналық жағдайларын, еңбекке тәрбиелеуді ұйымдастыруды, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауды, азық-түлік блогына санитарлық талаптарды орындауды, азық-түлік блоктары қызметшілерінің міндетті медициналық тексеруді өтуін, мектеп қызметшілерінің міндетті медициналық тексеруді уақытында және толық өтуін бақылайды;
      6) жұқпалы аурулармен ауырған науқастармен байланыста болған балаларды бақылайды;
      7) оқушылармен санитарлық үйірмелер жүргізеді, санитарлық постар дайындауды, санитарлық посттардың жарыстарына қатысуды жүзеге асырады;
      8) жарақаттанушылықтың алдын алу, жарақаттың барлық жағдайларын есепке алу және талдау (дәрігермен бірлесе отырып) жөніндегі жұмысты;
      9) медициналық мүккәмалдарды, дәрі-дәрмектерді, егу материалдарын есепке алады және сақтайды, оларды уақытында толықтыруды бақылайды;
      10) белгіленген тәртіппен өзінің біліктілігін арттырады.

      45. Басқа құрылымдық бөлімшелердің медицина қызметкерлерінің қызметі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларына сәйкес ұйымдастырылады.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
2-қосымша         

Аудандық, орталық аудандық ауруханаларының,
қалалық емхананың балалар консультациясы туралы ереже

      1. Балалар консультациясы аудандық (орталық), учаскелік аурухананың, қалалық балалар емханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның қызметінің таралу аумағындағы балаларды ауруханадан тыс емдеу-алдын алу көмегімен қамтамасыз етеді.

      2. Аудандық, аудандық орталық ауруханалардың, қалалық емханалардың балалар консультациясының (бұдан әрі - балалар консультациясы) міндеттеріне:
      1) балаларды жасына сәйкес психофизикалық дамыту үшін тиісті күтім, режим, тамақтану, шынықтыру және тәрбиелеумен қамтамасыз етуде алдын алу жұмыстарын жүргізу;
      2) балаларды ауруханадан тыс педиатриялық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық (орталық) аурухананың жалпы емханасында мамандармен бірлесе отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыру;
      3) аурулардың жаппай алдын алуды жүзеге асыру;
      4) балаларға санитарлық-гигиеналық дағдыларды және олардың ата-аналарына білімді дағдыландыру кіреді.

      3. Балалар консультациясы міндеттерін жүзеге асыру үшін:
      1) босануға дейінгі емдеуді жүргізуді;
      2) белгіленген тәртіппен жаңа туған және кейінгі жасында баланы емдеуді;
      3) білім берудің мектепке дейінгі, жалпы білім беру және интернат ұйымдарында, Балалар үйлерінде (ауданда бұндайлар болса) медициналық-санитарлық көмекке басшылық жасау немесе осы ұйымдардың штат қызметкерлері болмаған жағдайда оны жүзеге асыруды; балалар консультациясы мен білім беру ұйымдарының қызметіндегі сабақтастықты құруды;
      4) кезеңдік жоспарлық және ағымдық медициналық тексерулер арқылы балалардың денсаулығы жағдайы мен физикалық дамуын жүйелі түрде бақылауды;
      5) науқастың денсаулық жағдайы тұрақты жақсарғанға дейін науқас балаларды үйде белсенді қарау арқылы, ауруының түріне қарамастан, жіті жұқпалы аурулармен ауырған және солармен байланыста болған ерте жастағы балаларды (3 жасқа дейінгі) - суыққанға дейін, жасына қарамастан (белсенді барулардың жиілігін аурудың түрі мен ауырлығына қарай педиатр белгілейді) динамикалық бақылауды;
      6) үйге келген жағдайда жалпы ауыр жағдайдағы науқас ерте жастағы және ересек балаларға шұғыл көмек көрсетуді;
      7) алдын алу егулерін уақытында жүргізуді;
      8) уақытында консультация ұйымдастыруды және жалпы емхана мамандарында балаларды емдеуді;
      9) қызмет көрсету аумағында туындаған қолайсыз эпидемиялогиялық және басқа да жағдайларда аулаларды аралауды;
      10) ерте жастағы (3 жасқа дейін) балаларды және диспансерлік есепте тұрған науқас балаларды, сондай-ақ сауығу сатысында қайтадан ауырған балаларды алдын алу қабылдауын;
      11) ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушерлік пункттердің жалпы емханасының мамандары жіберген балаларды консультативтік қабылдауды;
      12) балаларға арналған сүт асханасының жұмысын басқаруды, арнайы балалар тағамдарын бөлуді;
      13) балалардың, ата-аналар мен басқа да отбасы мүшелерінің арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді, мұғалімдерді, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметшілерін, көпшілікті балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі іске тартуды;
      14) санитарлық активті құруды және оның жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
3-қосымша         

Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда, ауылдық учаскелік амбулаторияда емдеу-алдын алу көмегін көрсету ережесі

      1. Амбулатория (ауылдық дәрігерлік амбулатория, Отбасылық дәрігерлік амбулатория) жеке ұйым болып табылады немесе учаскелік аурухананың құрамына енеді. Ірі ауылдық елді мекендерде учаскелік аурухананың құрамында балалар консультациясы ұйымдастырылады.

      2. Амбулаторияларда учаскеде істейтін дәрігерлердің біріне дені сау балаларды қабылдау және науқас балаларды бөлек қабылдауға арнайы уақыт бөлінеді.

      3. Дәрігерлік учаскеге бекітіліп берілген жақын ауылдың балаларын алдын алу қабылдауға әдетте айдың 2-3 күні бөлінеді.

      4. Дені сау балаларды алдын алу дәрігерлік қабылдаулар амбулаторияның емдейтін медбикесінің немесе фельдшерінің қатысуымен жүргізіледі.

      5. Ауыл балаларына медициналық қызметті ұйымдастыруды жақсарту үшін ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулаторияға әзірленген, ерте бастан хабардар етілген кесте бойынша тоқсанына 1-2 рет орталық аудандық аурухананың педиатрлары баруы қажет.

      6. Амбулаторияда ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша мынадай емдеу-алдын алу іс-шаралары:
      1) тікелей амбулаторияда, үйде білікті медициналық ауруханадан тыс көмек көрсету;
      2) балалар арасында аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      3) оған бағынатын фельдшерлік-акушерлік пункттердің қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету және оларды бақылау;
      4) реттеуші құжаттарға сәйкес практикаға осы заманғы әдістер мен амбулаториялық жағдайларда алдын алу, диагностика, емдеу құралдарын енгізу жүргізіледі.

      7. Амбулаторияның дәрігерлік учаскесіндегі балаларға қызмет көрсетуге жауапты дәрігер:
      1) ерте жастағы, әсіресе бірге толмаған барлық балаларды мезгіл-мезгіл дәрігерлік тексеруді;
      2) амбулаторияға бекітіліп берілген ауылдардағы ерте жастағы балаларды үздіксіз алдын алу бақылауын;
      3) науқастар мен әлсіз балаларды белсенді түрде анықтауды, жүйелі түрде бақылау және сауықтыру мақсатында оларды диспансерлік есепке алуды;
      4) балаларды алдын алу егулерімен уақытында және толығымен қамтуды ұйымдастыруды;
      5) білім берудің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы балаларды медициналық-санитарлық қызметпен қамтамасыз етуді, балалардың жүйкелік-психикалық және физикалық дамуын бақылауды, қажетті сауықтыру іс-шараларын жүргізуді;
      6) ауырған, әсіресе ерте жастағы балаларды белсенді түрде анықтауды және оларға білікті, бастапқы медициналық көмекті уақытында көрсетуді және қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етуді;
      7) орындарға жүйелі түрде (кесте бойынша) шыға отырып, балаларды медициналық-санитарлық қызмет көрсету мәселесі бойынша фельдшерлік-акушерлік пункттерге практикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмекті, қажетті ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді;
      8) балалардың денсаулығын сақтау, сыртқы орта мен отбасы тұрмысын сауықтыру мәселесі бойынша балалар мен ересектердің арасында кең санитарлық насихатты ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

      8. Амбулаторияларға шығар кезінде педиатр дәрігерлік учаскенің дәрігермен немесе фельдшерімен бірге мынадай жұмыстарды орындайды:
      1) жеке және психикалық дамуында белгілі бір кемшіліктеріне байланысты шақырылған балаларды алдын алу қабылдауын жүргізеді;
      2) асқынған босану немесе дамуында байқалған кемшіліктері не дамыған патологиясы бар ауыр жүктілік кезінде туған нәрестелерді бірлесіп емдеуді жүзеге асырады;
      3) барынша күрделі амбулаториялық немесе стационардағы науқастарға кеңес береді;
      4) емдеу жұмысы мен алдын алу егулерінің сапасын талдайды, созылмалы аурулары бойынша есепте тұрған балаларды және жіті аурулардан кейін сауыққандарды диспансерлік бақылайды;
      5) учаскелік аурухананың стационары болған жағдайда балаларды диагностикалау мен онда емдеудің сапасын талдайды, жекелеген балаларды одан әрі тексеру және емдеу үшін орталық аудандық ауруханаға (қалалық ауруханаға) ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
      6) балалар мен олардың ата-аналары шоғырланған білім беру ұйымдары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;
      7) учаскедегі бар мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге барады, таңдап алынған 1-2 фельдшерлік пункттің жұмыстарын талдайды;
      8) педиатрдың ұсынған ескертулері мен ұсыныстарына аудандық педиатрлар мен ұйымдастыру-әдістемелік кабинеті қорытынды жасайды және тиісті ұйымдастыру шараларын қабылдау үшін мезгіл-мезгіл аудандық конференцияларда, орталық аудандық ауруханалардың медициналық кеңестерінде тыңдайды.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
4-қосымша          

Фельдшерлік-акушерлік (фельдшерлік) пункттерде
балаларға дәрігерге дейінгі емдеу-алдын алу көмегін
көрсету ережесі

      1. Балалар мен жүкті әйелдер арасында уақытындағы және сапалы емдеу жұмысы, уақытындағы және толық жиынтықтағы алдын алу іс-шаралары фельдшерлік-акушерлік пункттердің жағдайында балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шаралар жүйесіндегі басты міндет болып табылады.

      2. Міндеттерге сәйкес ФАП-та (ФП) белсенді түрде тікелей үйге бару арқылы ерте жастағы балаларды бақылауды жүзеге асырушы емдеу медбикесінің лауазымын енгізу міндетті болып табылады.

      3. ФАП (ФП) алдын алу жұмысы мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
      1) босанғанға дейінгі емдеу мен белгіленген мерзім бойынша ерте жастағы балаларды, сондай-ақ қажеттілігіне қарай емдеу;
      2) белгіленген мерзімдерге сәйкес егулерді негізделген жоспарлау және жүргізу (қосымша фельдшерлік-акушерлік пункттерден шалғай елді мекендерде ұйымдастырылған егу пункттерінде егулер жүргізуге жол беріледі);
      3) санитарлық активті емдеуді ұйымдастыру және кеңінен тарту;
      4) білім берудің мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының жұмысын, санитарлық жағдайын және оларда тәрбиеленушілер мен оқушылардың дене тәрбиесін жүйелі түрде бақылау;
      5) ұйымдастырылған топтардағы балаларға алдын алу тексеруін жүргізу, балаларға гигиеналық дағдыларды үйрету, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру;
      6) ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуындағы кемшіліктерді ерте анықтау және белгіленген тәртіпте тиісті ұйымдарда оларды уақытында түзету көмегін көрсету мақсатында оларды скринингтік тексеру;
      7) диспансерлік есепте тұратын балаларды белсенді түрде қарау және созылмалы аурулардан зардап шегуші балалардың, сондай-ақ әсіресе стационардан шығарғаннан кейінгі бірінші жылдары сауыққандардың дәрігерлік тағайындауларды орындауларын бақылау;
      8) учаскелік дәрігер-терапевтің және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мамандарының басшылығымен эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу (алдын алу егулері, жұқпалы және басқа да аурулармен ауырған науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау және бақылау, шұғыл хабарларды уақытында хабарлау және басқалар);
      9) санитарлық-ағарту жұмыстары, балаларды гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

      4. Балаларға медициналық-санитарлық қызмет көрсету жүйесіндегі ФАП (ФП) алдын алу бағыты рұқсат етілмеген мекеме болып табылады, соған байланысты балаларды, әсіресе ерте жастағыларды емдеуге фельдшерлік, фельдшерлік-акушерлік пункттердің қызметкерлеріне жол берілмейді.

      5. Ауырған балаларды фельдшерлік-акушерлік пункттің қызметкерлері:
      1) науқас балаларды уақытында белсенді түрде анықтауды;
      2) шұғыл жағдайларда қажетті кезек күттірмейтін көмек көрсетумен;
      3) ауырып қалған балаға дәрігер шақырумен немесе тиісті стационарға уақытында жатқызуды (учаскелік немесе аудандық ауруханаға);
      4) ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін тексеруден кейін үйде емдеуге қалдырылған науқас балаларды толық сауыққанша бақылауды және дәрігердің тағайындауын орындауды қамтамасыз етеді.

      6. Балаларды медициналық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі орта медицина қызметшісінің барлық жұмысы аудандық балалар емханасының, ауылдық аурухананың немесе дәрігерлік амбулаторияның медициналық пунктке бекітіліп берілген учаскелік педиатрының басшылығымен жүзеге асырылады.

      7. Аудандағы балаларды дәрігерлік бақылау үшін фельдшерлік-акушерлік пункттердің қызметін белгілеген күні медициналық учаскеге бекітіліп берілген педиатрлардың жүйелі түрде шығулары ұйымдастырылады. ФАП-қа (ФП) шығар кезде дәрігер:
      1) белгіленген мерзімдерде ерте жастағы дені сау балаларды алдын алу қабылдауын және денсаулығы бойынша диспансерлік бақылауда тұрған балаларға тексеру жүргізеді;
      2) жаңа туған нәрестелерді және аурудың жоғары қаупі бар балаларды іріктеп үйде қарайды;
      3) балалардың дамуын, емшекпен дұрыс қоректендіруді және тамақтандыруды, дене тәрбиесін, алдын алу егулерін уақытында жүргізуді бақылайды;
      4) медициналық пунктке келген күні емдеуші медбикесімен (акушеркамен, фельдшермен) бірлесе отырып, науқас балаларға шақыруларға қызмет етеді;
      5) мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға тереңдетілген тексерулер жүргізеді;
      6) фельдшерлік-акушерлік пункттің қызметшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және аналардың арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;
      7) фельдшерлік-акушерлік пункттің медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып балалармен алдын алу жұмыстарының жоспарын әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
      8) медицина училищелерінде емдеуші қызметкерлердің біліктілігін арттырудың арнайы циклдарында оларды оқытуға көңіл бөледі.

      8. Аудандардағы фельдшерлік-акушерлік пункттердің жұмысын жақсарту үшін фельдшерлік-акушерлік пункттердің жұмыстары, олардың жұмыстарында анықталған кемшіліктер талқыланатын фельдшерлер мен акушерлердің кеңесі құрылады, біліктілікті арттыру мәселелері шешіледі, істелген жұмыстардың есебі тыңдалады.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
5-қосымша          

Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымда санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу туралы ереже

      1. Санитарлық-ағарту жұмысы балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың барлық емдеу-алдын алу қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және жеке түрде оның жоспары мен есептеріне енгізіледі.

      2. Санитарлық-ағарту жұмысының негізгі міндеттері:
      1) балалардың денсаулығын қорғау бойынша халықтың арасында гигиеналық білімді тарату;
      2) салауатты өмір салтына сәйкес балалардың дамуына оңтайлы жағдай жасау және олардың мінез-құлқын қалыптастыру үшін қажетті гигиеналық дағдыларға ата-аналарды дағдыландыру;
      3) балалардың алдын алу тексерулеріне қатысуға, медициналық көмекті уақытында алуға, дәрігерлік тағайындамаларды орындауға халықтың дайындығын қалыптастыру;
      4) балаға күтім жасау мен оның тәрбиесін қамтамасыз ететін балалар емханасының, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердің медициналық емес қызметкерлерін санитарлық ағарту.

      3. Санитарлық-ағарту жұмысына балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін барлық ұйымдардың дәрігерлері мен орта медицина қызметшілері қатысады. Бұл ретте ай сайын, жұмыс уақытының 4 сағаттан кем емес мерзімін олар көпшілік және топтық үлгідегі: аналар мектептері жұмысына, денсаулық университетінің және т.б., санитарлық-ағарту жұмысын өткізуге жұмсауға міндетті.

      4. Қалалық балалар емханасының бас дәрігері қызмет көрсететін аумақтағы халықпен санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуге басшылықты жүзеге асырады:
      1) оның бағытын және мазмұнын белгілейді;
      2) санитарлық-ағарту жұмысын жоспарлайды;
      3) санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуде дәрігерлерге үнемі көмек көрсетеді;
      4) балалар емханасын халықпен санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу үшін қажетті барлық әдістемелік, көрнекі және басқа да материалдармен қамтамасыз етеді;
      5) балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар санитарлық-ағарту ресімделуін ұйымдастырады және экспозицияларға ағымдағы бақылау жасайды;
      6) бала денсаулығын сақтау жөніндегі халықты гигиеналық тәрбиелеу саласында емхананың медицина қызметшілерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      7) лекторлар тобының жұмысын ұйымдастырады;
      8) халыққа өткізілетін санитарлық-ағарту жұмысының сапасын бақылайды.

      5. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың басшылары салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен, мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының органдарымен қызмет істейді, халықпен санитарлық-ағарту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қажетті әдістемелік көмекті алады және санитарлық ағарту саласындағы медицина қызметшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты, санитарлық-ағарту жұмыстың практикалық жүзеге асыру үшін материалдар алады.

      6. Қалалық балалар емханасының бөлімше меңгерушілері бөлімшенің барлық медицина қызметшілерімен санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді және оның сапасына жауап береді:
      1) бөлімшенің санитарлық-ағарту жұмысын жоспарлайды; аталған бөлім бойынша дәрігерлердің, мейірбикелердің жеке жоспарларын бақылайды;
      2) бөлімшенің әкімшілік кеңестерінде санитарлық-ағарту жұмысының жағдайын талқылауды ұйымдастырады;
      3) таңдамалы тәртіп бойынша лекциялардың, әңгімелердің және басқа да санитарлық-ағарту шараларының ғылыми-медициналық және әдістемелік деңгейлеріне қатысты сапасына тексеру жүргізеді.

      7. Балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың педиатр-дәрігерлері мен басқа да мамандары:
      1) ата-аналармен жеке әңгімелер;
      2) ауызша әдістемелік медициналық-гигиеналық деректерді бекіту, сонымен қатар өз беттерінше оқу үшін санитарлық-ағарту материалдарын (брошюраларды, жаднамаларды, буклеттерді, парақтарды және т.б.) ата-аналарға беру (дәрігерлік қабылдауда);
      3) мектепке дейінгі мекемелердің және мектептердің ата-аналарымен және медициналық емес қызметшілерімен жалпы гигиеналық тақырыптарға лекциялар мен әңгімелер;

      8. Орта медицина қызметшісінің санитарлық-ағарту жұмысына мыналар кіреді:
      1) емханада және үйде ата-аналармен жеке, топтық әңгімелер өткізу;
      2) санитарлық газеттер, денсаулық бұрыштарын және тағы басқа (дәрігермен бірлесіп) дайындау және шығару.

      9. Мектепке дейінгі мекемелердің және мектептердің медицина қызметшісі осы мекемелердің медициналық емес қызметшілерінің және ата-аналардың арасында дені сау бала өсіру және тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған санитарлық-ағарту жұмысын өткізеді.

      10. Халықпен санитарлық-ағарту жұмысына қатысуға қоғамды кеңінен қамту мақсатымен әрбір учаскелік дәрігер-педиатр учаскеде жалпы санитарлық актив құрады.

      11. Санитарлық-ағарту жұмысын жоспарлау санитарлық-ағарту жұмысының түрін, тақырыбын, өткізетін орнын және мерзімін, орындаушылардың аты-жөнін көрсететін жылдық және айлық жоспар-кестелер негізінде жасалады.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
6-қосымша          

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға түсуге
педиатриялық учаскеде дайындау туралы ереже

      1. Балаларды мектепке дейінгі мекемелерге (яслиге, ясли-бақшаға, бала-бақшаға) түсуге дайындауды учаскелік балалалар дәрігері, учаскелік мейірбике, дені сау бала кабинетінің фельдшері немесе мейірбикесі жүзеге асырады және негізгі екі бөліктен тұрады: жалпы және арнайы дайындық.

      2. Жалпы дайындық - бұл үйлесімді физикалық және жүйке-психикалық дамуына, денсаулығының оңтайлы жағдайы мен баланың мектепке дейінгі мекемеге түсуіне дұрыс дайындық негізі болып табылатын отбасылық тәрбиемен қамтамасыз ету мақсатында педиатриялық учаскеде балаларға жаңа туған мерзімінен бастап жүйелі қызмет көрсету бойынша жалпыға бірдей іс-шараларды жүргізу.

      3. Арнайы дайындық баланың 3 айлық мерзімінен басталады және мынадай шараларды қамтиды:
      1) балаларды мектепке дейінгі мекемеге түсуге дайындау және дұрыс физикалық тәрбие беру мәселесі бойынша тақырыптық әңгімелер арқылы дені сау бала кабинетінің медициналық қызметшісінің, учаскелік мейірбикенің, учаскелік балалар дәрігерінің ата-аналармен ай сайын санитарлық-ағарту жұмысы;
      2) учаскелік балалар дәрігерінде, басқа да мамандарда мектепке дейінгі мекемеге түсуге екі ай қалған мерзімде балаларды диспансерлеу, зертханалық зерттеулер өткізу;
      3) денсаулығы (денсаулығы жағдайының топтары бойынша) және соңғы диспансерлеудің қорытындысы деңгейіне байланысты балаларды емдеу және сауықтыру;
      4) мектепке дейінгі мекемеге түсуге 1-2 ай қалғанда, иммунитетті қорғау механизмдерін көтеруге бағытталған, оның ішінде жалпы және жергілікті шынықтыру шаралары, емдік демалу гимнастикасы элементтерін және дене шынықтыру сақтарын (үйде) енгізу, баланың мұрын арқылы демалуға үйрету, ультракүлгін қыздыру курсын, аскорбин қышқылы препараттарын, В тобының витаминдерін, итмұрын, интерферон препараттарын тағайындау, жедел ауруларды (ЖРВИ, тұмау және т.б.) алдын алу;
      5) баланы мектепке дейінгі мекемеге түсуге дайындау бойынша жұмыс нәтижесіне сәйкес құжаттарды дайындау: дайындықтың басталуы және аяқталуы туралы баланың дамуы туралы; диспансерлеу қорытындылары және өткізілген сауықтыру туралы құжатына жазу; жіті аурулардың, созылмалы ошақтардың асқынуының және аялық жағдайлардың алдын алу үшін сауықтыру-емдеу шараларын, жеке тіл табысу, физикалық тәрбиелеу, тамақтану, режим бойынша учаскелік балалар дәрігерінің үйрену мерзіміне арналған міндеттің ұсыныстарымен белгілі кесте бойынша балалар мекемесі үшін ауру туралы тұжырым құрастыру;
      6) балалардың үйрену мерзімінде өзара мәлімет алмасу арқылы дайындау және жүргізу бойынша мектепке дейінгі мекемені және қалалық балалар емханасының жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

      4. Жіті аурумен ауырған жағдайда клиникалық сауыққаннан соң баланы екі аптадан кейін ғана балалар ұжымына жіберуге болады.

      5. Балаға мектепке дейінгі мекемеге түсуге бір ай бұрын мерзімде алдын алу егулерін жасауға болмайды.

      6. Егер бала мектепке дейінгі мекемеге 2 немесе 3 жаста алғашқы рет барса учаскелік балалар дәрігері баланың алғашқы жылдан басталған жалпы және арнайы дайындықтары жөніндегі барлық шараларды жалғастырады.

      7. "Қатер" тобындағы, сонымен қатар созылмалы және туа ауру болған, балаларды балалар мекемесіне жіберу туралы мәселе әрі баланың жағдайына байланысты тиісті дәрігер мамандарды қатыстырумен комиссиялы жеке түрде шешіледі.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
7-қосымша          

Балаларды мектепке түсуге педиатриялық учаскеде
дайындау туралы ереже

      1. Мектепке түсуге уақытына айқындалған науқастарды барынша сауықтыру мақсатында дәрігер-мамандардың (отоларинголог, офтальмолог, невропотолог, стоматолог, хирург, ортопед, ал айғақтары бойынша: фтизиатр, кардио-ревматолог, эндокринолог, дермато-венеролог) қатысуы арқылы кешенді тереңдетілген медициналық тексеру 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға жүргізіледі.

      2. Мектепке ресімдеу алдында дәрігер-педиатр және басқа да дәрігер-мамандар балаларды қайта тексереді, жүргізілген емдеудің тиімділігін, балалардың жағдайын және олардың мектепке функционалдық дайындығын бағалайды, сондай-ақ жүйкелік-психикалық және физикалық жағдайын бағалау және денсаулық тобын және дене тәрбиелік тобын белгілеу жүргізіледі.

      3. Барлық балаларға антропометрия, қанның, зәрдің клиникалық талдауы, ішек құрты жұмыртқаларына нәжістің талдауы жүргізіледі.

      4. Мектепке түсетін балаларды диспансерлік бақылаудың барлық мәліметтері нақты анамнездерімен, денсаулық жағдайы туралы қорытындысы мен мектеп жағдайында баланы одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымдарымен баланың оқу жылының басында мектепке берілетін медициналық картасында көрсетіледі.

      Ескерту: баланың медициналық картасы біртіндеп Бала денсаулығы паспортына ауыстырылады (N 026/у есеп нысаны).

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
8-қосымша          

Балалардың денсаулық жағдайын кешендік бағалау
жүргізу ережесі

      1. Балалардың денсаулық жағдайын кешендік бағалауды декретивті жастағы балаларды алдын алу тексеруі кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымдардың дәрігер-педиатрлары жүргізеді.

      2. Балалардың денсаулық жағдайын кешендік бағалау кезінде мынадай белгілер анықталады:
      1) ағзалар мен жүйелердің функционалдық жағдайы;
      2) ағзаның төзімділігі мен реактивтілігі;
      3) физикалық және жүйкелік-психикалық дамудың деңгейі мен үндестілігі;
      4) созылмалы ауруларының, туа біткен патологиясының болуы.

      3. Балалар денсаулық жағдайы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
      1) бірінші топ - денсаулығының барлық белгілері бойынша кемшіліктері жоқ: бақылау кезеңінде ауырмаған, сондай-ақ денсаулық жағдайына әсер етпейтін аз-маз кемшілігі бар, түзетуді талап етпейтін балалар;
      2) екінші топ - созылмалы патология туу қаупі бар және жоғары аурушаңдыққа бейім балалар. Ағзалар мен жүйелердің морфологиялық пісіп-жетілуі дәрежесімен түсіндірілетін функционалдық ауытқуы бар бұл балалар, ауыр акушерлік және геналогиялық анамнезі бар бір жасқа толмаған балалар, жиі ауыратын немесе оңалту кезеңінің жағымсыз ағымы бар бір ауыр ауруды басынан кешкен балалар және басқалар;
      3) үшінші топ - созылмалы патологиясы бар мынадай кіші топтарға бөлінетін науқас балалардан тұрады:
      компенсация жағдайындағы созылмалы патологиясы бар науқас балалар;
      субкомпенсация жағдайындағы созылмалы патологиясы бар науқас балалар;
      декомпенсация жағдайындағы созылмалы патологиясы бар науқас балалар.

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
9-қосымша          

Педиатрдың үйде медициналық көмек көрсетуі үшін дәрілік заттар мен медициналық заттардың тізбесі
(дәрігерге арналған жиынтық)

___________________________________________________________________
Р.б.|    Дәрілік заттар мен медициналық        | Жиынтыққа енетін
N  |          заттардың атауы                 | заттардың көлемі
___________________________________________________________________
1.      1,0 мл инъекция үшін андреналин          2 ампула
2.      1,0 мл седуксен (реланиум, гомк)         2 ампула
3.      50% 1,0 мг Анальгин                      3 ампула
4.      1,0 мг левомицитин сукцинат              2 сауыт
5.      0,5% 1,0 мл новокаин                     2 ампула
6.      30 мг 1,0 мг преднизолон                 3 ампула
7.      1,0% 1,0 мл димедрол                     3 ампула
8.      2,5% 1,0 мл аминазин                     2 ампула
9.      0,25 гр парацетамол
10.     70 градустық спирт 20,0 мл               1 сауыт
11.     N 10 эффералган балауыздары (немесе
        басқа да қызуды түсіретін  балауыздар)   1 орам
12.     Мақта 25,0 гр                            1 пакет
13.     Бинт 10х5                                1 дана
14.     Медициналық термометр                    1 дана
15.     2,0 мл шприц                             1 дана
16.     5,0 мл шприц                             1 дана
17.     10,0 мл шприц                            1 дана
18.     10% 1,0 мл аммиак ерітіндісі             3 ампула
___________________________________________________________________

Балаларға амбулаториялық-  
емханалық көмек көрсететін  
ұйымдар туралы Ережеге   
10-қосымша          

Қалалық (облыстық, республикалық) медициналық бірлестіктің (аурухананың), қалалық (өңірлік) консультативтік- диагностикалық емхананың (орталықтың) балалар консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру ережесі

      1. Балалар консультативтік-диагностикалық бөлімшесі қала (облыс, республика) балаларының барлық мамандандырылған консультативтік көмектің түрлеріне қажеттіліктерін есепке ала отырып, құрылады.

      2. Балалар консультативтік-диагностикалық бөлімшесі қалалық (облыстық, республикалық) медициналық бірлестіктің (аурухананың), қалалық (өңірлік) консультативтік-диагностикалық емхананың (орталықтың) құрылымдық бөлімшесі (халықтың саны 250 мыңнан артық ірі қалаларда заңды тұлға ретінде жеке балалар консультативтік-диагностикалық емханасын ұйымдастыру ұсынылады) болып табылады.

      3. Балалар консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің құрамында:
      1) жеке кіру есігі бар фильтр;
      2) жедел бөлімі;
      3) емдеу-алдын алу бөлімшесі (мамандардың: балалар хирургының, балалар невропатологының, балалар пульмонологының, иммунологтың, балалар гастроэнтерологының, балалар кардиологының, балалар нефрологының, балалар гематологының, балалар урологының, балалар эндокринологының, балалар аллергологының, балалар ортопедінің, балалар отоларингологының, балалар окулисінің, балалар гинекологының кабинеттері мен басқалардан) құрылады.
      4) қосалқы-диагностикалық бөлімшелер:
      сәулелік диагностика бөлімшесі - компьютерлік томография кабинеті (КТК), ультрадыбыстық зерттеулер (УДЗ), рентген зерттеулері, магниторезонансты томография (МТТ), эндоваскулярлы зерттеулер (ЭВЗ) және басқалар;
      функционалдық диагностика бөлімшесі (кабинеті) - уродинамикалық зерттеу, нейрофизиологиялық зерттеулер, тыныс алу мүшелерін зерттеу, жүрек-қан тамыры жүйесін зерттеу және басқалар;
      эндоскопиялық кабинеттер - ларинго-бронхологиялық зерттеулер, цитоскопиялар, фиброгастродуоденоскопиялық (ФГДС), колонскокопия және басқалар;
      зертхана - клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық серология, гематология, бактериология, гистологиялық және басқалар.

      4. Балалар консультативтік-диагностикалық бөлімшесі тексеру мен емдеудің осы заманғы медициналық технологияны қолдана отырып, консультативтік-диагностикалық және емдеу көмегін жүзеге асырады:
      1) динамикалық бақылау процесінде мамандардың жоғары біліктілігін талап ететін аурудың ауыр нысандарымен ауыратын науқастарды қарауды қамтамасыз етеді;
      2) консультацияның және емдеу жөніндегі ұсынымдардың нәтижесі бойынша медициналық қорытынды береді;
      3) санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.

      5. Қызметті, қаржыландыруды, штаттарды жоспарлау, балалар консультативтік-диагностикалық бөлімшесін медициналық аппаратурамен, құралдармен, шаруашылық бұйымдарымен және жабдықтармен жарақтандыру қолданыстағы нормативтерге сәйкес және белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      6. Балалар консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің қызметіне басшылық пен үйлестіруді қалалық (облыстық, республикалық) медициналық бірлестіктің (аурухананың) басшысының емхана ісі жөніндегі орынбасары немесе қалалық (өңірлік) консультативтік-диагностикалық емхананың басшысының медицина ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.