"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы N 271-II Заңына сәйкес және жолаушыларды, теңдеме жүк пен жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінің және беруден бас тартудың тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесі және беруден бас тарту негіздері (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 30 қазандағы
N 502 бұйрығымен
бекітілген
Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру
ережесі және беруден бас тарту үшін негіздер
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер азаматтық әуе кемелерімен жолаушыларды, теңдеме жүк және/немесе жүкті әуеде тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында халықаралық және ішкі авиамаршруттарда тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және беруден бас тарту негіздері тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) авиациялық маршрут - үстінен авиатасымалдау пункттері арасында әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер үсті географиялық бейнесінің қиюласуы немесе географиялық сипаттамасы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;
2) жүк құжаттамасы - жүкті тасымалдау шарттары, жөнелтілетін салмақ, жөнелту және тағайындау пункттері көрсетілген тасымалдаушының маршруты бойынша жүкті тасымалдаудағы жүкті жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы шартты растау үшін қолданылатын, алдын ала сәйкестендіріліп басылған тасымалдаушының құжаты;
3) шартты авиамаршрут - осы авиамаршрутқа куәлігі бар Қазақстан Республикасының тағайындалған тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын халықаралық авиамаршрут немесе Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын ішкі авиамаршрут;
4) тұрақты емес (чартерлік) рейсті орындауға тапсырыс беру - тұрақсыз ұшуды орындауға құқық беретін рұқсатты алу үшін қажетті мәліметтері бар құжат;
5) көмек көрсетуге арналған тасымалдар - табиғи апат немесе төтенше жағдайларда (апат, эпидемия және т.б.) көмек көрсету мақсатында қызметкерлерді және керек-жарақтарды тасымалдау үшін гуманитарлық мақсатта орындалатын тұрақсыз рейстер, санитарлық рейстер, сондай-ақ, қалпына келтіру апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жасалатын ұшулар;
6) туристік чартерлі рейс тұрақты емес рейс болып табылады және ол авиакомпаниямен фрахталау туралы келісім негізінде туроператордың (фрахта алушының) өтінімі бойынша құрылады. Осы келісімге сәйкес фрахта беруші фрахта алушыға бір немесе бірнеше рейсте шарттық желілер бойынша жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше әуе кеменің толық немесе жартылай сыйымдылығын төлеуі тиіс.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 4 бұйрығымен .
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық әуе кемелерінің тұрақсыз ұшуларын орындау мәселелері жөнінде заңнаманы және нормативтік кесімдерін сақтауды реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Азаматтық авиация комитеті) жүзеге асырады.
2. Қазақстандық азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларына тұрақты емес ұшуларды
орындауға арналған рұқсаттарды беру
шарттары және тәртібі
4. Қазақстандық азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларының ішкі және халықаралық тұрақты емес ұшулары заңнамада белгіленген тәртіппен Азаматтық авиация комитеті берген жолаушылардың, багаждың, жүктің және почтаның әуе тасымалына арналған қолданылып жүрген лицензиясы бар болғанда және осы Ережеге сәйкес Азаматтық авиация комитеті берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
5. Азаматтық авиация комитетінің тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған рұқсаттары азаматтық әуе кемесінің қазақстандық пайдаланушылары Азаматтық авиация комитетіне бағытталған тапсырыстың негізінде беріледі, онда мынадай деректер болуы тиіс:
пайдаланушының, заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
пайдаланушы куәлігінің нөмері мен қолданылу мерзімі;
әуе кемесінің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің нөмірі мен берілген күні;
әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы сертификатының нөмірі мен қолданылу мерзімі;
пайдаланушының жолаушылар, үшінші тұлғалар, экипаж алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру куәлігі және әуе кемесін сақтандыру куәлігінің нөмірлері мен қолданылу кезеңдері;
ХААҰ үш әріпті коды және рейс нөмірі;
ұшу күні;
әуе кемесінің үлгісі;
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру және шығу нүктелерімен ұшудың толық бағыты;
жалдаушы ұйымның атауын көрсетумен ұшу мақсаты;
ұшу бағыты әуе кеңістігінде өтетін шетел мемлекеттері авиациялық билік орындарының рұқсаттары;
азаматтық әуе кемелерінің қазақстандық эксплуатанттарының туристік чартерлі рейстеріне бекітілген байланыс арналары бойынша келесі құжаттардың көшірмесі берілуі тиіс:
туроператордың (фрахта берушінің) чартерлік рейсті ұйымдастыру мақсатқа сай екендігінің туристік қызмет саласындағы басқару мемлекеттік органның кепілдемесі (қорытындыламасы);
рейстің фрахта берушісінің туроператорлық қызметпен айналысуына байланысты лицензиясы.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 4 бұйрығымен .
6. Қазақстандық пайдаланушыдан немесе оның уәкілетті өкілінен тапсырыс белгіленген байланыс арналары арқылы Азаматтық авиация комитетінің атына жіберілу тиіс:
коммерциялық емес мақсатта орындалатын тұрақты емес ұшулар үшін - тұрақты емес ұшуларды орындау күніне дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кем емес;
коммерциялық әуе тасымалы мақсатында орындалатын тұрақты емес ұшулар - тұрақты емес ұшуларды орындау күніне дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кем емес;
бірнеше өзара байланысты ұшулар (4 және одан да көп ұшулардан) үшін - тұрақты емес ұшуларды орындау күніне дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес.
7. Қазақстандық пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған тапсырыста көрсетілген мәліметтердің растығына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапты атқарады.
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
азаматтық әуе кемелерінің шетел мемлекеттерінің пайдаланушыларымен тұрақты емес ұшуларды
орындауына рұқсат берудің талаптары мен тәртібі
8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық әуе кемелерінің шетел мемлекеттерінің пайдаланушыларымен тұрақты емес ұшулар Азаматтық авиация комитетінің рұқсаттарында белгіленген шарттармен орындалады.
Азаматтық авиация комитетінің тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған рұқсаттар шетел мемлекеттерінің тиісті авиациялық әкімшілігі немесе олардың уәкілетті органдары немесе шетел мемлекеттерінің әуе кемелерін тікелей пайдаланушылар немесе олардың уәкілеттік өкілдері жіберген өтінімнің негізінде беріледі.
9. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі азаматтық әуе кемесін шетелдік пайдаланушымен тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыруға арналған өтінімдер Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында (AIP) жарияланған белгіленген арналар бойынша Азаматтық авиация комитетіне жіберіледі.
10. Шетелдік пайдаланушысының Азаматтық әуе кемесінің тұрақты емес ұшуды жүзеге асыруға арналған өтінімде мынадай деректер болуы тиіс:
пайдаланушының, заңды немесе жеке тұлғаның атауы мен нақты мекен-жайы;
ХААҰ коды және рейс нөмірі;
әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы, әуе кемесінің тіркелген мемлекеті;
әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және олардың азаматтығы;
ұшу мақсаты;
жолаушылардың/жүктердің болуы;
жолаушыларды/жүктерді жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу пункттері;
ұшу бағытындағы әуе трассаларды, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/кеңістігінен кіру/шығу нүктелерін көрсетумен әуе кемесі қозғалысының күні, толық бағыты және кестесі;
жүк жөнелтуші (толық атауы, мекен-жайы, телефон, факс);
жүк қабылдаушы (толық атауы, мекен-жайы, телефон, факс);
навигациялық және байланыс жабдықтың түрі;
бортта қарудың, қару-жарақтың, фотоаппаратураның болуы;
әуежайлық және аэронавигациялық қызметтерін төлемдердің болжанған нысаны;
лауазымды тұлғаның қолы, телефоны.
11. Өтінімдегі мәліметтерді растау үшін, байланыстың белгіленген арналары арқылы мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:
үш әріпті кодты беру туралы ХААҰ хатының көшірмесі (болған жағдайда);
пайдаланушы куәлігі;
әуе кемесінің тіркелгені туралы куәлік;
әуе кемесінің ұшу жарамдылығы туралы куәлік;
үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру полисі;
жүк құжаттамасы (Азаматтық авиация Комитеті).
БҰҰ тізімі бойынша жіктелуі көрсетіліп, тізімдемесі "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулар" ХААҰ-Doc 9284-AN/905 басылымымен (бұдан әрі - "Техникалық нұсқаулар") анықталған бортындағы қауіпті жүкпен жүйелі емес ұшуды жүзеге асырудың өтінімін берген кезде пайдаланушы қосымша төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:
әуеде қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығы бар пайдаланушы сертификатын;
ХААҰ-ның белгіленген нормалары мен ережелеріне сәйкес жүктің оралуы және таңбалануы туралы жүк жөнелтушінің кепілдік хаты.
12. Шетелдік пайдаланушы тапсырысы мына мерзімдерге дейін түсуі тиіс:
көмек көрсету мақсатындағы жүйелі емес әуе тасымалын орындау мақсатындағы жүйелі емес ұшу үшін - ұшуды орындауға дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
коммерциялық әуе тасымалын орындау мақсатындағы жүйелі емес ұшу үшін - ұшуды орындауға дейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;
өзара байланысты бірнеше жүйелі емес ұшулардың (төрт және одан да көп ұшулар) серияларын орындау үшін - бірінші ұшуды орындауға дейінгі 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
тұрақты емес ұшулардың қалған түрлері үшін - ұшуды орындауға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес.
13. Азаматтық авиация комитеті азаматтық әуе кемесінің шет елдік пайдаланушысымен тұрақты емес ұшуды жүзеге асыруға тиісті өтінімінің дұрыс ресімделуін және бар құжаттың осы Ереженің 11-13 тармақтарына сәйкес толық болуын тексереді, қажет болған кезде Қазақстан Республикасының әуежайларымен қону, ұшу, әуе кемесін қабылдау мен қызмет көрсету шарттары, сондай-ақ "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемесіне аэронавигациялық қызмет көрсетудің төлем шарттарын жүргізеді.
4. Шетел немесе қазақстандық пайдаланушысының
азаматтық әуе кемесінің тұрақты емес ұшуларды
орындауға арналған рұқсат беруден
бас тарту үшін негіздемелер
14. Шетел немесе қазақстандық пайдаланушысының азаматтық әуе кемесі тұрақты емес ұшу орындауға Азаматтық авиация Комитеті рұқсат беруден бас тарту үшін негіздемелер мыналар болады:
1) Қажетті мәліметтерді толық емес (дәл емес) көрсетіп немесе осы Ережелермен белгіленген мерзімдерді сақтамай өтініш беру;
2) Өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды көрсетпеу және/немесе толық емес көрсету;
3) Келісілген әуе маршруты бойынша тұрақты емес ұшуларды орындауға өтініш беру, тұрақты емес ұшулардың келесі түрлерін қоспағанда:
көмек көрсету үшін тасымалдауды;
бір ұйым немесе тұлға әуе кемесін жалдау (чартер) келісіміне
сәйкес орындалатын жеке мақсаттардағы чартерлік рейстерді
немесе біржолғы чартерлік рейстерді, тек қана жеке
мақсаттарда қызметкерлер мен жүкті тасымалдау үшін, бұл кезде
шығынды толығымен осы ұйым (жеке тұлға) жабады, ал жолданған
ыдыс қоғамға қайта сатуға жатпайды;
салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын біржолғы ұшулар
бір ұйым немесе тұлға әуе кемесін жалдау (чартер) келісіміне
сәйкес орындалатын жеке мақсаттардағы чартерлік рейстерді
немесе біржолғы чартерлік рейстерді, тек қана жеке
мақсаттарда қызметкерлер мен жүкті тасымалдау үшін, бұл кезде
шығынды толығымен осы ұйым (жеке тұлға) жабады, ал жолданған
ыдыс қоғамға қайта сатуға жатпайды;
салон түріндегі әуе кемелерінде орындалатын біржолғы ұшулар;
4) егер қандай да бір мемлекеттің бағыты бойынша пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген Қазақстан Республикасының әуе кемесінде жолаушыларды/жүктерді коммерциялық мақсатта тасымалдасу тұрақты емес ұшумен орындаса;
5) егер бағыты бойынша Қазақстан Республикасынан пайдаланушысы үшінші мемлекетте тіркелген қандай да бір мемлекетке әуе кемесінде жолаушыларды/жүктерді коммерциялық мақсатта тасу тұрақты емес ұшумен орындаса;
6) егер Қазақстан Республикасы аумағындағы пункттер арасында әуе кемесінің шетелдік пайдаланушысы жолаушыларды/жүктерді коммерциялық мақсатта тасу тұрақты емес ұшумен орындаса.
Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 тамыздағы N 139 бұйрығымен .
5. Рұқсат қағаздарын ресімдеу және олардың мүдделі
ұйымдарға берілуін қамтамасыз ету
15. Шетелдік пайдаланушының әуе кемесінің тұрақты емес ұшуын жүзеге асыруға арналған рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді және Азаматтық авиация комитеті төрағасы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді. Рұқсаттың нөмірі осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес аббревиатуралары ағылшын тілінде, рұқсаттың реттік нөмірі мен берілген күні көрсетілгенде шетелдік пайдаланушының әуе кемесін тіркеген мемлекетінің реттік коды берілгеннен кейін ресімделеді.
16. Пайдаланушының әуе кемесінің тұрақты емес ұшуын жүзеге асыруға арналған рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді және Азаматтық авиация комитеті төрағасы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді. Рұқсат номері осы ережелердің 2 қосымшасына, ағылшын тілінде авиациялық әкімшілік атауының аббревиатурасына, рұқсаттың реттік номері мен берілген күніне сәйкес әуе кемесін пайдаланушыны тіркейтін мемлекеттің реттік кодын бірізді беру жолымен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы
N 502 бұйрығымен бекітілген
"Тұрақты емес ұшуларды орындауға
рұқсат беру ережесі және беруден
бас тарту үшін негіздерге"
1-қосымша
Тұрақты емес ұшуды орындауға арналған рұқсат
______ жылғы " ___ " ___________ N ___ шығыс құжатқа
Тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат берілді:
___________________________________________________________________
(рейстер нөмірі, пайдаланушының атауы, әуе кемесінің типі
___________________________________________________________________
(негізгі және резервтік), әуе кемесінің тіркеу нөмірі
___________________________________________________________________
(негізгі және резервтік), ұшудың күні, толық маршруты,
___________________________________________________________________
әуе кеңістігіне/нен кіру мен шығудың нүктелері және уақыты)
Рұқсат N ______________________________
(рұқсаттың нөмірі көрсетіледі)
Ұшудың мақсаты _______________
Ерекше жағдайлар __________________________________________________
(әуежайлық пен аэронавигациялық алымдарды төлеудің әдісі
мен нысаны көрсетіледі)
Уәкілетті органның басшысы
__________________________
___________________
(қолы)
2003 жылғы "___"__________
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы
N 502 бұйрығымен бекітілген
"Тұрақты емес ұшуларды орындауға
рұқсат беру ережесі және беруден
бас тарту үшін негіздерге"
2-қосымша
Мемлекеттер тізбесі және олардың шетел әуе кемелерімен
тұрақты емес әуетасымалдарын орындауға рұқсат беру кезінде
қолданылатын реттік нөмірлері
____________________________________________________________________
Код | Мемлекет | Код | Мемлекет
____________________________________________________________________
001 Австралия 030 Гвинея Бисау
002 Австрия 031 Грузия
003 Әзербайжан 032 Босния мен Герцеговина
004 Алжир 033 Греция
005 Албания 034 Гонконг
006 Ангола 035 Дания
007 Египет 036 Джибути
008 Аргентина 037 Заир
009 Армения 038 Замбия
010 Ауғанстан 039 Зимбабве
011 Бангладеш 040 Израиль
012 Бахрейн 041 Үндістан
013 Беларусь 042 Индонезия
014 Бельгия 043 Иордания
015 Бенин 044 Ирак
016 Піл сүйегі жағалауы 045 Иран
017 Бирма 046 Ирландия
018 Болгария 047 Исландия
019 Боливия 048 Испания
020 Бразилия 049 Италия
021 Буркина-Фасо 050 Йемен
022 Бурунди 051 Камерун
023 Ұлыбритания 052 Кампучия
024 Венгрия 053 Канада
025 Венесуэла 054 Катар
026 Вьетнам 055 Кения
027 Габон 056 Кипр
028 Гана 057 ҚХР
029 Гайана 058 КХДР
059 Колумбия 102 Сенегал
060 Конго 103 Сомали
061 Куба 104 Сингапур
062 Қырғызстан 105 Сирия
063 Кувейт 106 Словения
064 Лаос 107 Сейшель
065 Латвия 108 Судан
066 Либерия 109 Суринам
067 Ливан 110 АҚШ
068 Ливия 111 Сьеррар-Леоне
069 Литва 112 Тәжікстан
070 Люксембург 113 Таиланд
071 Мадагаскар 114 Танзания
072 Малайзия 115 Того
073 Мали 116 Тунис
074 Мальта 117 Турция
075 Марокко 118 Түрікменстан
076 Мавритания 119 Уганда
077 Македония 120 Өзбекстан
078 Мексика 121 Уругвай
079 Мозамбик 122 Украина
080 Монғолия 123 Филиппины
081 Намибия 124 Финляндия
082 Непал 125 Франция
083 Нигер 126 ГФР
084 Нигерия 127 Чад
085 Нидерланды 128 Чили
086 Никарагуа 129 Чехия, Словакия
087 Норвегия 130 Швейцария
088 Жаңа Зеландия 131 Швеция
089 БАЭ 132 Шри-Ланка
090 Оман 133 Эквадор
091 БҰҰ 134 Эстония
092 Парагвай 135 Эфиопия
093 Пәкістан 136 Оңтүстік Корея
094 Палестина 137 Югославия
095 Перу 138 Ямайка
096 Польша 139 Жапония
097 Португалия 140 Лихтенштейн
098 Ресей 141 Молдова
099 Руанда 142 Резерв
100 Румыния 143 Резерв
101 Сауд Аравиясы 144 Резерв
___________________________________________________________________
Ескерту: резерв осы Тізбеге кірмеген мемлекетке кезекті кодты беруді көздейді.