Уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2549. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 276 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2014 № 276 бұйрығымен.

      Келісілген        
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі     
_______________    
3 қазан 2003 ж.    

      Қазақстан Республикасының "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңына   сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың Ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитеті заңнамалықпен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ресми ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитетінің төрағасы Ә.Қ.Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасының  
индустрия және сауда    
Министрлігінің       
2003 жылғы 17 қыркүйектегі
N 277 бұйрығымен бекітілген 
"Уәкілетті органға мұнай   
өнімдерін өткізу мен    
өндірудің көлемдері туралы 
ақпаратты автоматты түрде  
беруді қамтамасыз ететін  
бақылаушы есептеу аспаптарын
қолданудың Ережелерін бекіту
туралы"           

Уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен
өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты
түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу
аспаптарын қолданудың Ережелері

      Уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың осы Ережелері (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңын (әрі қарай - Заң) орындауға, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізу мен өндіруді бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру мен өткізуі уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптары (әрі қарай - есептеу аспаптары) болған жағдайда мүмкін.

      2. Уәкілетті орган ретінде Заңмен анықталған, өз құзыреттілігі шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған мемлекеттік орган болып табылады.

      3. Есептеу аспаптары ретінде мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы қажетті ақпаратты үздіксіз өлшейтін және ара қашықтыққа беретін, өңдейтін, сақтайтын және беретін (индикаттау), арнайы аспаптар пайдаланылады.

2. Есептеу аспаптарын қолдану тәртібі

      4. Есептеу аспаптарын орнатуды мұнай өнімдерін өндірушілер жүзеге асырады.

      5. Есептеу аспаптарын орнатуда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органының нормативті құжаттарының келесі талаптары сақталады:
      1) есептеу аспабы түрін бекіту мақсатында сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтуі тиіс және оның түрі Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі тиіс;
      2) есептеу аспабы заңнамалықпен белгіленген тәртіпте салыстырып тексерілуі тиіс.

      6. Мұнай өнімдерін өндірушілер уәкілетті органға мұнай өнімдерін өткізу мен өндірудің көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз етуі қажет.

      7. Есептеу аспаптарынан алынған ақпарат уәкілетті органның мұнай өнімдерін өндіру мен айналымының біртұтас электрондық деректер базасына енгізіледі. V042751

      8. Есептеу аспаптарының жоқтығы және (немесе) жарамсыздығы жағдайында мұнай өнімдерін өндірушілермен мұнай өнімдерін өндіру мен өткізу жүзеге асырылмайды.