Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2548

Жаңартылған

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қорына
қатысудың үлгі шартын
бекіту туралы"
2003 жылғы 24 қыркүйектегі
N 345 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қорына қатысудың үлгі шарты

Алматы қаласы                     "___"___________ 2003 жыл

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ (бұдан әрi - Қор) Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын Бас директор  ___________ арқылы және Сақтандыру ұйымы (бұдан әрі - сақтандыру ұйымы - қатысушы) Жарғы негiзiнде iс-әрекет жасайтын Төраға ___________ арқылы, бұдан әрі Тараптар деп аталады, мына төмендегiлер жайында Шартты жасады:

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Осы Шарттың мәні сақтандыру ұйымының - қатысушының Заң және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу арқылы Қорға қатысуы, шартты міндеттемелерді қалыптастыруы, сондай-ақ осы Шартта айқындалған сақтанушылардың құқықтарын қосымша қорғау бойынша өзіне міндеттемелер қабылдауы болып табылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

2-тарау. Міндетті жарналарды төлеу тәртібі

      2. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор белгілеген міндетті жарналар ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде міндетті жарналарды төлеуге міндетті.

      3. Сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті жарналардың сомасын уәкілетті орган бекіткен есептеу әдістемесіне сәйкес дербес есептейді.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен .

      4. Сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті жарналарды есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына төлейді.

2-1-тарау. Қосымша жарналарды төлеу тәртібі

       Ескерту. 2-1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4-1. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор белгілеген қосымша жарналар ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде қосымша жарналарды төлейді.
      4-2. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қосымша жарнаның сомасын есептеуді уәкілетті органмен бекітілген есептеу әдістемесіне сәйкес дербес жүзеге асырады.
      4-3. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қосымша жарналарды төлеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қордың шотына есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей әр тоқсанның қорытындысы бойынша дербес жүзеге асырады.

3-тарау. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі

      5. Сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Заңда белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлеуге міндетті.

      6. Қордың сақтандыру ұйымы - қатысушысы төтенше жарналарды Қордан төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламаны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде төлейді. Төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламада сақтандыру ұйымы - қатысушы төлейтін төтенше жарна мөлшері болуы тиіс.

      7. Қор төтенше жарналарды мерзімді төлемдер түрінде төлеу мүмкіндігін белгілей алады. Мұндай жағдайда сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді. Мерзімді төлемдерді төлеу тәртібі шарт тараптарының қосымша келісімінде айқындалады.

      8. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға төтенше жарналарды төлеген кезде осы сақтандыру ұйымы - қатысушының шартты міндеттемелері ол төлеген төтенше жарналар сомасына азаяды.

4-тарау. Шарттың міндеттемелерін қалыптастыру

      9. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор алдында өзінің шартты міндеттемелерін Қор белгілеген шартты міндеттемелер ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде қалыптастыруға және есебін жүргізуге міндетті.

      10. Сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелер мөлшерін уәкілетті орган бекіткен есептеу әдістемесіне сәйкес дербес есептейді.
      Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен .

      11. Сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша өз бетімен әрбір тоқсанда қалыптастырады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 74 қаулысымен .

5-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру
ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру
шарттарын жасау тәртібі. Кепілдік және өтемақы
төлемдерін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі

      Ескерту: 5-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен .

      12. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, тәртіппен және шарттармен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

      13. Қор кепілдік және өтемақы төлемдерін Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен әрі шарттармен жүзеге асырады.

6-тарау. Кепілдік төлемін жүзеге асырудан
бас тарту жағдайлары және негіздемелері

      Ескерту: 6-тарау (16-17-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен .

7-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру
ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру
шарттарын жасау тәртібі және талаптары

      Ескерту: 7-тарау (18-21-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен .

8-тарау. Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту: 8-тарау (22-23-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен .

9-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру
ұйымының міндеттемелерін орындаған Қорға
кредитор құқықтарының көшуі

      Ескерту: 9-тарау (24-26-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен .

10-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      27. Қор:
      1) сақтандыру ұйымы - қатысушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген тәртіппен міндетті, қосымша әрі төтенше жарналарды төлеуге талап етуге;
      2) уәкілетті органнан сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың қаржылық жай-күйі, сақтандыру ұйымы - қатысушы жасаған міндетті сақтандыру шарттарының саны туралы және сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер мен Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қоспағанда, басқа да қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;
      3) сақтандыру ұйымдарының тек жазбаша келiсiмiмен ғана олардың қызметi туралы ақпаратты жария етуге құқылы;
      4) уәкілетті орган берген ақпаратқа сәйкес міндетті жарналарды және шартты міндеттемелерді, сондай-ақ қосымша жарналарды есептеудің дұрыстығын айқындауға құқылы.
      Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.02.25. N 47 , 2006.09.23. N 220 , 2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен .

      28. Қор:
      1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру жөніндегі заң актісіне сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасауға;
      2) сақтандыру ұйымдары - қатысушыларға өзінің жылдық балансын және қатысу шартына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті ұсынуға;
      3) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тіліндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің жылдық балансын жариялауға;
      4) сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібіне, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелерді қалыптастыруына бақылау жасауға;
      5) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жасауға;
      6) аудит жүргізуге;
      7) сақтандыру ұйымдарының оған мәлім болған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзу фактілері жөнінде уәкілетті органға хабарлауға;
      8) осы Шартта белгіленген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде өтемақы төлемдерін жасауға;
      8-1) сақтандыру ұйымы - қатысушының сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты болған шығыстарды Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеуге;
      9) өзінің қызметін жүзеге асыру барысында оған мәлім болған сақтандыру ұйымының қызметі туралы барлық ақпаратты тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті.
      Ескерту: 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.03.25. N 71 , 2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      29. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген өзге құқықтарға ие болады және өзге міндеттерді көтереді.

      30. Сақтандыру ұйымы - қатысушы:
      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тіліндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға;
      2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жасауға қатысты ақпаратты алуға;
      3) Қордан жылдық балансты және Қордың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынуын талап етуге құқылы.

      31. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қатысу шартына сәйкес:
      1) міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұлдызынан кешіктірмей, Қорға осы Үлгі шарттың 1-қосымшасына сәйкес сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар , қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметті ұсынуға;
      2-1) өткен қаржы жылы аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, осы Үлгі шарттың 2-қосымшасына сәйкес өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің жалпы есептелген сомасы туралы мәліметті, сондай-ақ Қордың міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет басқа ақпаратты ұсынуға;
      3) Қорды өзінің төлем қабілетсіздігі туралы және уәкілетті мемлекеттік органның санкцияларды қолдану фактілері туралы хабардар етуге;
      4) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру жөніндегі заң актісіне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылуы туралы Қорды хабардар етуге;
      5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы Қорды шағым-талапты беруі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімді қабылдауы туралы Қорды хабардар етуге;
      6) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шарттарын қолдануының өтпеген мерзіміне жасауға және Қор мен тарату комиссиясына мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпаратты беруге міндетті;
      7) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысынан (сақтандырылғаннан, пайда алушыдан) сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін төлеу туралы хабарламасын (өтінішін) қабылдауға және сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асыруға міндетті.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004.03.15. N 74 , 2006.03.25. N 71 , 2006.09.23. N 220 ,  2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен .

      32. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген өзге құқықтарға ие болады және өзге міндеттерді көтереді.

11-тарау. Қатысу шартының қолданылуы

      33. Қатысу шарты сақтандыру ұйымы - қатысушыға Қорға (қол қойған кезден бастап, егер сақтандыру ұйымы-қатысушының шартты жасаған кезде Қорға қатысуы қажет сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болса) қатысуы қажет сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны берген кезден бастап күшіне енеді.

      34. Қатысу шарты мынадай жағдайларда тоқтатылады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңында көзделген жалпы негіздерде;
      2) Қорға қатысу және міндетті сақтандырудың міндетті сақтандыру шарттарының осы түрлері бойынша жасалған қолданысын тоқтату міндеті жүктелген сақтандыру ұйымына міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті сақтандырудың түрлері бойынша сақтандыру қызметінің Қорын сақтандыру ұйымы - қатысушы тоқтатқан жағдайда.

      35. Алу үшін Қорға қатысуы қажет сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы - қатысушы осы Шартты бұзуды талап етуге құқылы емес.

12-тарау. Қатысу шартын бұзғаны
үшін тараптардың жауапкершілігі

      36. Міндетті, қосымша не төтенше жарналарын төлеу бойынша міндеттемелерін уақтылы орындамаған жағдайда, сақтандыру ұйымы - қатысушы төлеу күнін қосқанда, мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      37. Міндетті, қосымша не төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сақтандыру ұйымы - қатысушы осы Шарттың 36-тармағында көзделген міндетті, қосымша не төтенше жарнаның сомасын, тұрақсыздық айыбын төлейді.
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      38. Егер осы Шарттың 36-тармағында көзделген тұрақсыздық айыбының сомасынан асатын мөлшердегі төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау не орындамау үшінші тұлғалардың алдындағы Қордың жауапкершілігіне апарып соқтырса, онда сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға тұрақсыздық айыбының сомасынан асатын бөлікте өтеуін төлейді.

      39. Сақтандыру ұйымы - қатысушы осы Шартты бірнеше мәрте бұзған жағдайда Қор сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның тоқтата тұруын не пікірін қосқанда, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда қарастырылған сақтандыру ұйымы - қатысушыға инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған әсер етудің шектеулі шаралары мен санкцияларды қолдану туралы уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруге құқылы.

      40. Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған тәртіптегі Заңмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды ұсынуға Қор жауапкершілікте болады.

13-тарау. Ерекше шарттар

      41. Тараптардың бірде-біреуі шарт бойынша міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмауына, егерде ол осы шартты жасағаннан кейін пайда болатын осы шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындауы мүмкін болмайтын дүлей күштің: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттардың, сондай-ақ соғыс, әскери күштер, мемлекеттік өкімет органдарының актілері мен іс-қимылдарының салдарынан болып табылатын болса, жауапкершілікте болмайды.

      42. Егер осындай міндеттемелердің кез келгені осы шартта белгіленген мерзімде міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер етсе, онда бұл мерзімдер сәйкес міндеттемелердің қолданылу уақытына өлшемді түрде өзгереді.

      43. Осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын жақтар өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін міндеттемелердің басталуы және тоқтатылуы туралы басқа тарапқа тез хабарлауы тиіс. Өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін міндеттемелердің басталуы және тоқтатылуы туралы басқа тараптың хабар беру мерзімі үш айдан аспауы тиіс.

      44. Осы шарт бойынша сақтандыру ұйымы - қатысушының құқықтары мен міндеттері үшінші тұлғаға берілмейді.
      45. Осы Шарт бойынша барлық ақпаратты Тараптар ауыстыру түріндегі жазбаша хабарламамен береді.
      46. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімдермен ресімделеді және екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қояды.

14-тарау. Дауларды шешу

      47. Осы Шарт бойынша туындаған даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Егер Тараптар келісімге келе алмаған кезде даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген  заңнамасына сәйкес шешіледі.

      48. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данадан 4 (төрт) дана етіп жасалған, әрқайсысының заң күші бірдей.

15-тарау. Тараптардың мекен-жайы,
банктік деректемелері және тараптардың қолы

      Қор:  _______________________________________________________

      Cақтандыру ұйымы-қатысушы:  _________________________________

            Қор:                      Сақтандыру ұйымы - қатысушы:
      Бас директор              Төраға
      ____________               ___________________________

                                             Сақтандыру төлемдеріне
                                               кепілдік беру қорына
                                            қатысудың үлгі шартының
                                                    1-қосымшасы

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 220 қаулысымен, өзгерту енгізілді -  2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар , қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметтер

___________________________________________________________
(сақтандыру ұйымының атауы)

                     20___ жылғы ____ тоқсан үшін

                                           (теңгемен, тиынмен)

Мін-
детті
сақ-
тан-
дыру
сыны-
бының
атауы

"Сақтан-
дыру
сыйлық-
ақылары
түрінде-
гі
кірістер
701 41
шоты
бойынша
кредит-
тік
айналым-
дар

"Сақтан-
дыру
сыйлық-
ақылары
түрінде-
гі кіріс-
тер" 701
41 шоты
бойынша
дебеттік
айналым-
дар

Қазақ-
стан
Респу-
блика-
сының
рези-
дент-
тері-
мен
"Қайта
сақ-
танды-
рушы-
лармен
есеп
айыры-
су"
671 42
шоты
бойын-
ша
кредит
тік
айна-
лымдар

Міндетті
жарна-
лардың есептел-
ген
сомасы

Шартты
міндет-
темелер-
дің есеп-
телген
сомасы

Қорға
қатыс-
қаннан
бастап
кезеңде
есеп
телген
шартты
міндет-
теме-
лердің
жалпы
сомасы
(өсіп
отыратын нәтиже-
сімен)

Қосымша
жарна-
лардың
есептел-
ген
сомасы

                                           Сақтандыру төлемдеріне
                                      кепілдік беру қорына қатысудың
                                         үлгі шартының 2-қосымшасы

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 220 қаулысымен .

     Жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру
     сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің жалпы
           есептелген сомасы туралы мәліметтер     ___________________________________________________________
                   (сақтандыру ұйымының атауы)

                          20___ жылға

                                              (мың теңгемен)

Міндетті сақтандыру сыныбының атауы

Жасалған сақтандыру шарттарының саны (бірлікпен)

Сақтандырылған объектілер саны (бірлікпен)

Сақтандыру/ қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар