Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1344 қаулысының 1-тармағына сәйкес Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Үздік ғылыми зерттеулер үшін сыйлықтар беру және жас ғалымдарға үздік ғылыми жұмыстары үшін сыйлықтар берудің тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 2000 жылғы 27 мамырдағы N 500 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1168 тіркелген, өзгерістер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі N 761 бұйрығымен енгізілген - тіркеу N 1668) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Ереженің 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында айтылған сыйлықтарды тағайындауды Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі - Ұлттық ғылым академиясы), ал 3), 4) тармақшаларында айтылған сыйлықтарды - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүзеге асырады.";
6-тармақта "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)" деген сөздер "Министрліктің" деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"12. Сыйлық алуға ұсынылған материалдар осы ереженің 2-1-тармағына сәйкес Министрліктің Ғылым департаментіне (бұдан әрі - Департамент), Ұлттық ғылым академиясына, конкурс туралы хабарландыруға сәйкес ұсынылады. Конкурстық құжаттар тапсыру орнында тіркеледі және қабылдау мерзімі аяқталған соң қарау үшін Конкурстық комиссияға беріледі.";
14-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Конкурстық материалдарды қарау және сыйлықтарды тағайындау мәселесі жөніндегі ұсынымдық шешімдерді дайындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің және Ұлттық ғылым академиясы президентінің бұйрықтарымен Конкурстық комиссиялар құрылады.";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық комиссияларды төрағалар - Білім және ғылым министрі және Ұлттық ғылым академиясының президенті басқарады";
16-тармақта:
үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Секциялардың, Қазақ білім беру академиясының ұсынымдық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.";
22-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"22. Конкурстық комиссия осы Ереженің 2-1-тармағына сәйкес Департаментке, Ұлттық ғылым академиясына мынадай материалдар ұсынады: Конкурстық комиссияның хаттамасын, дауыс берген бюллетеньдер салынған Конкурстық комиссияның мүшелері қол қойып жабылған конверт, секциялардың, Қазақ білім академиясының сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстар бойынша тиісті қорытындылары, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттар.";
23-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"23. Департамент, Ұлттық ғылым академиясы сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстарды тиісті шешімдердің жобаларымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітуге ұсынады.";
26-тармақ "Министрі" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы президенті" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшада:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Сыйлық алу конкурсына ұсынылған материалдар ҚР Ұлттық ғылым академиясына (бұдан әрі - Ұлттық ғылым академиясы) тапсырылады, онда конкурс құжаттары тіркеледі және қабылдау мерзімі аяқталған соң, қарау үшін Конкурстық комиссияға жіберіледі.";
14-тармақта:
бірінші абзацта "Министрліктің" деген сөз "Ұлттық ғылым академиясы президентінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі" деген сөздер "Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
үшінші абзацта "жұмыстарды" деген сөзден кейін "Ұлттық ғылым академиясының ғылым бөлімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын, бұдан әрі мәтін бойынша;
16-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық комиссия конкурс талаптарына сәйкес материалдарды жұмыстардың ғылыми маңыздылығын бағалау үшін секцияларға жіберіледі";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Секциялардың ұсынымдық шешімдері Конкурстық комиссияға беріледі.";
22-тармақтағы "Департаментке" деген сөз "Ұлттық ғылым академиясына" деген сөздермен ауыстырылсын, "және Ұлттық ғылым академиясының" деген сөздер алынып тасталсын;
23-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"Ұлттық ғылым академиясы сыйлықтар беруге ұсынылған жұмыстарды тиісті шешімдердің жобаларымен бірге министрдің бұйрығымен бекітуге ұсынады.";
және мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сыйлықтар жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыстары үшін жас ғалымдарға Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысында тапсырылады";
26-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген сөздер "Ұлттық ғылым академиясының президенті" деген сөздермен ауыстырылсын.