"Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245
қаулысына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
"Жинақтаушы зейнетақы
қорларына аударуға жататын
міндетті зейнетақы
жарналарының сомасы туралы
хабарлама нысанын
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2003 жылғы 28 тамыздағы
N 347 бұйрығымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
ХАБАРЛАМА
20 _ ж. "___" _________ N ______
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасы
Заңының
22-4-бабына сәйкес
____________________________________________________ Салық комитеті
(облыс, қала, аудан)
Сізді _____________________________________________________________
(агенттің толық атауы
___________________________________________________________________
немесе аты-жөні, СТН-і)
______________________________________________________________ үшін
(кезең)
мынадай мөлшерде ___________________________________________________
(санмен және жазбаша)
___________________________ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті
зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бары туралы хабардар
етеді.
Осыған байланысты сізге _____________________________________
(облыс, қала, аудан)
______________ Салық комитетіне 20 ____ ж. "______" _______________
(осы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде)
дейінгі мерзімде әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің
жалпы сомасын көрсетумен жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін
табыс ету қажет.
Сізге бір уақытта әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша
оларды банкке табыс ету үшін олардың пайдасына міндетті зейнетақы
жарналары бойынша берешек өндіріліп жатқан жеке тұлғалардың
тізімдерін қалыптастыру қажет, оны табыс етпеген жағдайда
_____________________________________
(облыс, қала, аудан)
Салық комитеті банк шоттары бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Бұл ретте Сізге аталған
Заңның
22-4-бабымен белгіленген
тәртіпте және шарттарда өсімақы есептеледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіз салық қызметі
органдарының лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне)
салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға
құқылысыз.
Салық комитетінің Төрағасы
_____________________________________
(аты-жөні, қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым
_____________________________________
(агенттің аты-жөні, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке жіберілді
_____________________________________
(жіберу және алу фактісін растаушы құжат)