Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы N 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2520

Жаңартылған

     "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы министрлігінің
                                       Салық комитеті Төрағасының
                                         2003 жылғы 28 тамыздағы
                                             N 347 бұйрығымен
                                                 бекітілген

       Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
        міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
                         ХАБАРЛАМА

      Ескерту: Нысан жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 659   бұйрығымен .

20 __ ж. "____" __________                           N ______

     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының  22-4-бабына  сәйкес
___________________________________________ бойынша Салық комитеті
            (облыс, қала, аудан)

Сізді _____________________________________________________________
                      (агенттің толық атауы
___________________________________________________________________
               немесе аты-жөні, СТН-і, мекен-жайы)
20__ ж. ___ _____________ жағдай бойынша __________________________
___________________________________________________________________
                      (санмен және жазбаша)

мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналары бойынша берешегіңіздің бары туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты Сізге ___________________________________________
                                   (облыс, қала, аудан)

_____________ бойынша Салық комитетіне осы хабарламаны алған күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша
берешек олардың пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы
қорлары салымшыларының тізімдерін және әрбір жинақтаушы зейнетақы
қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсетумен жинақтаушы
зейнетақы қорларының тізімдерін табыс ету қажет.
     Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек олардың
пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары
салымшыларының тізімдері табыс етілмеген жағдайда _________________
                                              (облыс, қала, аудан)
____________________________________________ бойынша Салық комитеті
агенттің банк шотындағы(тарындағы) барлық шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
     Банк шоттары болмаған жағдайда ______________________________
                                          (облыс, қала, аудан)
____________________________________________ бойынша Салық комитеті
агенттің қолма-қол ақшасына өндіріп алады.
     Бұл ретте, Сізге көрсетілген Заңның  22-4-бабында  белгіленген
тәртіпте және шарттарда өсімпұл есептеледі.
     Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының
заңды талаптары орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне
сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
     Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық
қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне
(әрекетсіздігіне) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе
сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.

Салық комитетінің Төрағасы ________________________________________
                                     (аты-жөні, қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым _________________________________________________
                          (агенттің аты-жөні, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды ______________________________________
                              (салық қызметі органының лауазымды
___________________________________________________________________
               тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)

Хабарлама агентке жіберілді _______________________________________
                        (жіберу және алу фактісін растаушы құжат)